Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Бала психикасының дамуына көру қабілетіндегі кемшіліктердің әсері туралы айтыңыз.
2. Қылилық пен амблиопия кезіндегі балабақшада жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктеріне сипаттаңыз.
3. Көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы білім беру мазмүлының ерекшеліктерін атаңыз.
4. Жалпы білім беретін мектептердегі көру қабілеті бұзылған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін атаңыз.
§ 21. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
1. Сөйлеу тілі бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық мінездемесі
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға логопедиялық көмек көрсету
3. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектепте педагогикалық жұ-мыстарды ұйымдастыру
4. Жалпы білім беретін мекемелердегі логопедиялық көмек көрсету жұмыстарының ұйымдастырылуы
5. Денсаулық сақтау жүйесіндегі логопедиялық көмек көрсету жұмыстарының ұйымдастырылуы
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың категориясы әр түрлі. Сөйлеу тілінің кемшіліктері пайда болу уақытына қарай бастапқы және екіншілік кемшіліктер түрінде сипатталуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылған балалардың қатарына коммуникативтік және танымдық функциялардың бұзылуымен анықталатын кемшіліктер жатады.
Сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері
1. Биологиялық: негізінен құрсақішілік дамуы және босану кезінде (ұрықтың гипоксиясы, босану кезіндегі зақымдар және т.б.), сондай-ақ туылғаннан кейінгі алғашқы айларда әсер ететін патогендік факторлар (ми инфекциялары, жарақаттар және т.б.).
2. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері - педагогикалық салақтық, баланың сөйлеу қабілетінің дамуының шектен тыс стимуляциясы, айналасындагы адамдардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы және т.б.
Сөйлеу қабілеті бұзылыстарының жіктелуі қазіргі уақытта екі түрге жіктеледі:
Клиникалық-педагогикалық Психологиялық-педагогикалық
Жіктемелер арасында қарама-қайшылықтар жоқ, олар бір-бірін толықтырғандай болады. Бұл жіктемелер балалардың сөйлеу қабілетінің бастапқы бұзылыстарына, яғни құлағының және ой өрісінің мүкістіктері жоқ балаларға арналып жасалған. Клиникалық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті бұзылыстарын барынша дифференциациялайтын белгілеріне негізделіп жасалған. Психологиялық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті кемшілігінің біліну ортақтығына негізделген.
Клиникалық-педагогикалық жіктемеде қарастырылатын барлық сөйлеу қабілеті бұзылыстарын екі топқа бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |