Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет48/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1.Танымдық қабілеттердің дамуына сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің тигізетін әсері.
2.Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектепте қабылдау жұмыстарында сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді классификациялаудың қай түрі қолданылады?
3. Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзетудегі коррекциялық-педагогикалык жұмыстардың міндеттерін атаңыз.
4. Ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектепте бірінші және екінші деңгейдегі оқыту бағдарламаларын саралау жұмыстары қалайша жүргізіледі?
5. Логопедиялық пункттердің міндеттерін, қызметтерін, ұйымдастырылуын сипаттаңыз.


§ 22. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1. Ой-өрісінің артта қалуындағы кемшіліктердің мінездемесі


2. Интеллектісі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесі
3. Интеллектуалды дамуы бұзылған балаларға білім беру мекемелеріндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстың ұйымдастырылуы
Зиятынын зақымдалу жағдайы - ол жеке түлғаның әлеуметтік кызметтерінін мүмкіндіктерін толық қиындататын психиканың туа немесе ерте даму кезенінде жетілмеуімен шартталған ауытқушылық болып табылады.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларды және жас жеткіншектердің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін шет мемлекеттерінде терең XIX ғасырда зерттеле бастады. Ғылымның түрлі салалары дамуында ауытқуы бар балалардың тіршілік әрекетіндегі әртүрлі өзекті мәселерін зерттеген және әлі де келе жатыр: дәрігерлер, психологгар, генетиктер, әлеуметтенаушылар, псхотерапевтер, юристер, тіпті соңғы уақыттарда - экологтар . Осыған сәйкес бұл топтың мүгедектеріне тән көптеген терминдік сөздіктер пайда болды. Терминологиялық сөздіктердің алуан түрлілігі оның әр даму тарихында әртүрлі көзқарастын болуына байланысты.
Л.С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен.
В.М.Астаповтың пікірінше, «зиятының зақымдалуы - ол орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуының нәтижесінде болатын толық психиканың сапалық өзгеруін» айтамыз. Мұнда тек қана ақыл-ой ғана емес сонымен бірге эмоциялық даму аймағы зардап шегетін дамудың түрі.
Терминалогиялық сөздіктерінің кейбіреулерінде келтірілген мысалдар: олигофрения, психикалық кешеуілдену, психикалық дефект, психиканың жеттік дамымауы, психологиялық жетілмеуі, психикалық субнорма, психикалық тапшылығы, зиятының жетіспеушілігі және т.б. Әрбір терминнің мазмұны осындай түлғалардың психикалық өзіндік ерекшеліктері мен оның себептерінің өзгешеліктерімен немесе баланың психикалық дамуындағы ауытқулардың пайда болуына әсер ететін ойлау әрекетінің механизмдерінің бұзылулары туралы ақпараттармен жинақталған.
Ой-өрісінің жетіспеушілігі бар балаларды зерттеу бірнеше ғасырлардан өтеді. «Ақыл-ой кемістігі» психиатриалық түсініктердің ең көне ұғымына жатады. Ж.Эскироль ақыл-ой кемістіктің туа біткен және жүре пайда болған түрінің арасындағы айырмашылығын сипаттап берген. Туа біткен ақылсыздықта психикалық әрекеттің жеттік дамымауы байқалады, ал жүре пайда болуында - психикалық ыдырауъшың белгілері үстем болып жатады.
Туа біткен ақыл-ой кемістігін анықтаудың маңызды жолы Э.Крепелинның зерттеуі болып табылды. Ол барлық ақылсыздықтың клиникалық формаларын мақсатты түрде бағытталған бір топқа біріктіріп, оларды «олигофрения» (кіші ми) терминимен атады.
Ж. Эскироль - (1812-1880) шәкірттерінің еңбектері ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеу мен емдеу ғылымының дамуына ерекше ықпал жасады. Э.Сеген нақұрыстық пен имбецильдікке анықтама және клиникалық сипаттама беріп, сонымен қатар көп жылдар бойы құрастырған өзінің емдік және педагогикалық коррекциялық жүйесін үсынған.
1952 ж. А.Тредгольд ақыл-ой кемістікті психиканың қалыпты дамудың деңгейіне жете алмау күйі ретінде анықтап, оны диагностикалау үшін критерилерді ұсынды: интеллектуальді (оқытуы бойынша), биологиялық және әлеуметтік. Тредгольд ең бастысы әлеуметтік критерий деп санады. Осыған орай, диагноздың мәнді мақсаты - адамның өзін қоршаған ортаға бейімделуі мен өзінің тәуелсіз екенін ұстану қабілеттілігін бағалау болып табылады.
Психиканың жеттік дамымауының критерилерін өндіру қажет болғандықтан А.Бине және Т.Симон ақыл-ой кемдіктің үш деңгейін ұсынды. 1908 ж баланың жасына сәйкес психикалық дамымауын бағалаудың амалдарын құрастырды. 1914 жылы Р.Штайнер интеллект коэффициент ұғымын анықтады (ІQ).
Тек бір критериге сүйенуге мүмкін болмағандықтан, толық дамымаудын жаңа жолдарын іздеудеуге себепкер болып, Э.Доллом (Е. Doll) ақыл-ойы кемістігінің 6 критериін қарастырды:
1) әлеуметгік құзіреттілігінің жоқтығы;
2) ақыл-ойының жеттік дамымауы;
3) психикалық дамуды тежейтін жалпы дамуының жетілмеуі;
4) қал жағдайының тұрақтылығы;
5) ауытқудың конституциональды шығу тегі;
6) психикалық дамымаудың күйі.
1973ж. Американдық ассоциациясы психикалық жеттік дамымауы бойынша «психиканың жеттік дамымауы» терминін оған сәйкес «даму кезеңдеріне қарай пайда болған мінез-кұлқындағы бейімделуінің жеткіліксіздігі зиятының төмен деңгейлігімен көрінеді» деп анықтады.
Берілген анықтама 3 сэтті ерекшелейді:
1) қалыпты дамумен салыстыру;
2) ерте жастан зиятының жетіспеушілігінің пайда болуы;
3) мінез-құлыктындағы ауытқуы.
Қазіргі таңда барлық шет елдерде (АҚШ, Англия, Германия және т.б.) «олигофрения» кемеліне жетпегеніне байланысты оны алмастыратын жаңа терминдер пайда болуда. Келесі атаулар ұсынылады: «зияты закымдалған», «интеллектуалды мүмкіндіктері шектелген», «ой-өрісінің жетіспеушілігі бар», «дамуынан артта қалған балалар» және т.б. олигофренияның жеңіл деңгейінен күрделі деңгейін бөліп көрсетуге талпыныстар колданады (имбецильдік, нақұрыстық).
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың құрамын бас миының органикалық зақымдануынан жоғары психикалық функциялардың (кабылдауу ерікті зейін, сөздік-логикалық ойлау, сөйлеу) тұрақты түрдегі бұзылуына ұшыраған балалар құрайды.
«Ақыл-ой дамуындағы кемшілік» түсінігі психологиялық-педагогикалық тұрғыда бұзылу симптомдары мен пайда болу уақытысына қарай олигофрения мен деменцияға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет