Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет56/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Балалар церебральды салының клиникалық формаларына сипаттама жасаңыз.
2. Балалар церебральды салы кезідегі қимылдық бүзылуларды атаңыз.
3. Балалар церебральды салы кезіндегі бала психикасының дамуындағы ерекшеліктер қандай?
4. Балалар церебральды салы кезіндегі арнайы балабақшаларда жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жүмыстардың мазмұнын ашыңыз.
5. Балалар церебральды салы кезіндегі арнайы мектептердегі педагогикалық процестің ерекшеліктерін атаңыз.
6. Жалпы білім беретін мектептердегі тірек-қимыл аппараты бүзылған балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жүмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.


§25. КҮРДЕЛІ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1. Бала дамуындағы күрделі кемістік туралы заманауи ғылыми көзқарастар


2. Біріккен кемістіктерге ие балалардың жіктемесі
3. Күрделі кемшілігі бар балаларға көмек көрсету жүйесі
Соңғы жылдары күрделі кемістігі бар балалар санының қатары дүние жүзінде көбеюі мен оларды біліктілік тұрғысынан қолдау бойынша ғылыми-әдістемелік нүсқаулықтардың аздығы осы проблемасының көкейкестілігін арттырып отыр. Заманауи практикасы әр түрлі кемістіктердің бірігуі барлық типтегі арнайы мекемелерде кездесетіндігін дәлелдейді. «Күрделі кемістік» түсінігі немесе, қазіргі ғылыми айналымдағы «дамудағы ісүрделі кемістік» ұғымы әдебиеттерде әр түрлі түжырымдалған.
Осы ұғымдар қарастырылған арнайы әдебиеттер мен зерттеулерді жан-жақты талдау негізінде «дамудағы күрделі кемістік» бойынша көп түрлі үғымдар бар екендігін байқатты. Осы үғымның синонимдері болып «дамудың күрделі зақымдануы», «дамудың күрделі аномалиялары», «бірігіп кеткен зақымданулар», «кешенді зақымданулар», «жиынтық кемістіктер» «ауыр және көп зақымданулар» және т.б. табылады.
Н.М. Назарова балалардың күрделі зақымдануына бір тұлғаның басында екі және одан көп бастапқы психикалық және дене кемістіктердің бірігулерін (есту мен көруі бүзылуы, зияты мен есту қабілетінің бұзылысы, есту қабілетінің зақымдануы мен церебралдық паралич, көрудің бұзылуы мен балалар церебральдық параличі және т.б.) жатқызады.
Қазіргі уақытта АҚШ-та балалардың көру мен есту қабілеті зақымдануымен қатар оқытудың «көп кедергілері бар» арнайы бағдарламалары жұмыс істейді. Бүл термин бірнеше зақымдары бар, мәселен ақыл-есі кемістердің көру немесе есту органдары зақымдануларымен бірігіп кетуін білдіреді. Бүл жағдайдағы «кедергі» оқыту міндеттерін қиындатады, өйткені бүл балалар бір кемістікке бағытталған арнайы мекемелерге орналаса алмайды. С.Е. Гайдукевич көптеген зақымдануы бар ауыр форма тұрғысынан интеллектулдық дамуы бүзылған балалардың көру, есту, дене құрлысының жетіспеушілігі мен тәрбиедегі қиындықтарының бірігуін түсіндіреді.
В.Н. Чулковтың пайымдауынша күрделі кемістік дегеніміз баланың әлеуметгік бейімделуіндегі дамуының зақымдануы мен қиындықтарының құрылымын анықтайтын бірдей дәрежедегі екі немесе одан да көп бұзылулардың бірігуі.
«Кемістіктің күрделі құрамы» және «күрделі кемістіп бар балалар» ұғымдарының теңестірілуі дұрыс емес. Л.С.Выготскийдың тұжырымдарына негізделе отырып, М.В. Жигарева әрбір тұрақты бұзылу бастапқы және кейінгі иеархиялық құрылымына ие екендігін анықтайды. Яғни әр кемістік сатылылы: бастапцқы сатысынан және оның салдарынан (кемістіктің екінші сатысынан) ұүрады - бұл әр жеке кемістіктіц күрделі құрамын білдіреді.
Демек, практикалық сұрақтардың дұрыс шешімі күрделі және күрделенген бұзылуларды анықтау барысындағы негіздемені нақты түсінуді талап етеді. Кешенді зақымданулар туралы мәселені аномальдық дамудың күрделі құрылымының негізгі ережелері туралы білімдер контексінде ғана қарастыру мүмкін. Бұзылыстар бірігіп бір-біріне көп қырлы ықпал етеді және өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір зақымданудың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда сапалық және сандық түрғыдан айтарлықтай дөрекі кері салдары болуы мүмкін.
Күрделенген зақымдану - бірқатар бастапқы зақымдануларға ие, бірақ оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып табылатын, аномальдық даму құрылымын анықтайтын, яғни екінші ауытқуға негіз болатын бұзылуды айтады. Сонымен бірге екінші кемістік бастапқы болғанымен айқын көрініс таппаған немесе компенсацияға бағынатын, дейтұрғанмен ол негізгі жетекші кемістікке ықпал етеді.
Бұдан басқа, бірқатар дереккөздерде «көптік зақымданулар» ұғымы қарастырылып, баланың дамуындағы екі-үш немесе одан да көп бастапқы бұзылулардың жиынтығы. Оның әр қайсысы кері ықпалды ауытқуға ие болатындығын білдіреді, мәселен: соқыркерең ақыл-есінің зақымдануымен ұштасуы.
Жоғарыда айтылғандар негізінде мынадай тұжырым жасауға болады: күрделі (кешенді) кемістік дегеніміз әрбірін бөлек алғанда аномальдық дамудың құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы ауыткулардың бірігуі. Зақымданулар бір-біріне көп қырлы ықпал етеді және олар өзара күшейе түседі. Оның соңынан, бөлек бір зақымданулардың қарапайым сомалық қосындысымен салыстырғанда сапалық және сандық тұрғыдан айтарлықтай дөрекілік тұрғысындағы кері салдары болуы мүмкін.
Күрделі кемістіктері бар балалармен коррекциялық-дамытушылық жұмыстарды толыққанды ұйымдастыру үшін осы балалардың жіктемесін жақсы білу қажет. Өйткені коррекциялық-дамытушылық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру дұрыс білімнен талап етіледі.
Күрделі кемістіктерге ие балалардың пайда болу уақыты бойынша жіктемесін алғаш рет жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарында психолог А.В.Ярмоленко жасап ұсынған болатын.
Осы жіктемеге негізделе отырып біз кешенді кемістіктерге ие балаларды екі топқа бөліп қарастыруды үсынамыз:
1. Туа біткен күрделі кемістіктерге ие балалар: мәселен, көру немесе есіту анализаторлары бірдей уақытта туылғаннан зақым алған немесе өте ерте балалық кезеңдегі кешенді кемістіктерге ие балалар.
2. Жүре пайда болған кешенді кемістіктерге ие болған балалар: мұнда бірдей уақытта және әр түрлі уақытта кемістіктері пайда болған балалар жатады.
Күрделі кемістіктері бар адамдардың зақымдану деңгейі бойынша жіктемесі.
1 топ: Екі кемістігі де айқын көрінген. Мұнда күрделі кемістік, баланың әлеуметтік бейімделуіндегі қиындықтары мен аномальдық дамуының құрылымын бірдей дәрежеде анықтайтын екі бұзылуды қамтиды, мысалы: соқыркерең балалар.
2 топ: Күрделенген кемістік болып, бірқатар бастапқы бұзылуларға ие, бірақ оның біреуі негізгісі, жетекшісі болып, екінші бұзылу айқын көрініс таппаған, бірге жүретін сипатқа ие, дейтұрғанмен негізгі, жетекші кемістікке ықпал етеді, мысалы: соқыр нашар еститін балалар.
3 топ: Екі немесе одан көп кемістіктері жеңіл түрде байқалады, бірақ олардың бірігуі тұрақты екінші сатылық ауытқуды шақырады. Бұл топ соңғы жылдары жиі кездесетін топ болып табылады.
Кешенді зақымданулары бар балалардың даму жетістіктеріне сүйене отырып жіктемесін алғаш ұсынған ағылшын ғалымы - С.Везі.
1 топ. Белсенділік танытатын тип. Кейде «Елена Келлер типі»деп аталады. Айтарлықтай дәрежеде жиі байқалатын екі бастапқы кемістікке ие, бірақ, соған қарамастан әлеуметтік-еңбек дағдыларын табысты меңгерген, білім алатын, қоғамға табысты кіріктірілетін интеллектуалдық тұрғыдан сақталған балалар.
2 топ. «Салыстырмалы тұрғыдан бейімделуі жеңіл тип». Кемістіктің бірі айқын байқалатын және екіншісі оны сүйемелдейтін зақымдануларға ие балалар. Оқыту жетекші кемістік бойынша жүргізіледі. Олар еңбек ете алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына ие, білім алуға және қоғамға бейімделуге жақсы икемі бар балалар.
3 топ. «Бейімделуінде қиындықтары бар балалар». Екі сенсорлық кемістігі де айқын байқалмайтын, бірақ осы категориядағы балаларда оқу мен әлеуметтік бейімделуде айтарлықтай қиындықтар тудыратын мінез-құлықтық проблемалары бар, зияты төмен балалар.
4 топ. «Дамуы төмен тип». Бүл балалардың дамуында үлкен медициналық және мінез-құлықтық проблемалар байқалады. Бұл типті түзеу қиынға соғады, тұлғааралық қарым-қатынастарды белгілеуде ерекше қиындықтарды бастан кешіреді.
Көрсетілген жіктемелер баланың дамуының негізгі аясын, атап айтқанда баланың психологиялық-физиологиялық дамуының базалық бағыттары бойынша: баланың денсаулығын сақтау мен дене дамуы, оның танымдық және әлеуметтік дамуын коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды қамтамасыздандыруға мүмкіндік беретін білім беру салаларын қамтиды.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету жұмысының мақсатын анықтауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жүйесінің құрылымын толығымен зерттеу қажет. Күрделі кемістігі бар балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері бойынша бұл балалардың категориясын әлі де болса зерттеу қажет екендігі белгіленген. Статистикалық мәліметгер бойынша арнайы білім беру мекемелеріндеп оқушылар контингентінің 25-35%-ын дамуында күрделі кемшілігі бар балалар құрайтыны белгілі. Осы мэселені алғаш зерттеген Самуил Гридли Хоув, А.Сулливан А.В.Апраушев, Г.П.Бертынь, М.С.Певзнер, А.И.Мещеряков, Т.В.Розанова' И.А.Соколянский т.б. пікірлері бойынша аталған мәселенің өзектілігі анықталады. Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету мәселесінің өзектілігін анықтау үшін «Педагогикалық көмек» түсінігінің терминологиялық статусына назар аударуымыз қажет. С.И.Ожегов сөздіктерінде «педагогикалық көмек» түсінігі педагогика ғылымының талаптарына сай оқыту мен тәрбие туралы ғылым екендігі беріледі, ал «көмек көрсету» сөзі қандай да бір әрекеттің жүзеге асуына көмектесу, қолдау жасау дегенді білдіреді. «Педагогикалық көмек көрсету» баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін ерекше әрекет. Педагогикалық әрекет педагогтың көмегімен орындалатын баланың әлеуметтік құндылықтарды игеруін жүзеге асырудағы әлеуметтік маңызы бар әрекеттің түрі болып табылады. Педагогикалық әрекеттің ерекшелігі нақты жағдайда, яғни дамуында күрделі кемшілігі бар баланың кемшілігін компенсациялау мен коррекциялау процесі.
Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру тарихына көз тастайтын болсақ, алғаш ол соқыркереңдерді оқытуынан басталған. Алғаш рет 1837 жылы Паркинсон атындағы соқырларға арналған мектепке (АҚШ) Лора Бриджмен атты соқыр қыз қабылданды. Оның оқытумен мектеп директоры Самуш Гридли Хоув айналысты. Оның алдында 1825 жылы дүние жүзі соқырларға арналған шрифті құрастыруғаарналған конкурс жарияланды. Соған Луи Брайлъ деген соқыр алты нүктелі шрифті ұсынды. Бұл шрифті ең басты мүмкіншілектері бағаланбады. Лораны оқытуда бірінші рет осы шрифті қолдану мүмкіндігін көрсеткен Самуил Гридли Хоув болды. Кейінен Брайільдік шрифтті дактильдік әріптермен сәйкестендіріп Лора дактильдік-жанасу сөйлеуді менгеріп, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайтын болды. Сонымен Лора оқу, жазу, қарым-қатынас жасауды үйренді.
Кейіннен осы Паркинсон атындағы мектепке соқыр-керең Елена Келлер деген қыз қабылданды. Оның оқытуымен Анна Сулливан деген педагог айналысқан. Кейіннен Елена Келлер өте жақсы мектепті, университетті бітіріп, психология ғылымының докторы атаққа ие болды. Нью-Йоркте үлттық соқыр-кереңдердің орталығын ашты. 1884 жылдан 1913 жылға дейін Е.Келлердің өмірі мен шығармашылығына байланысты мақалалар жарияланды. Жарияланған мақалаларда Бельгиядағы, Франциядағы, Норвегиядағы, Шотландиядағы, Швециядағы соқыркереңдерді оқыту мен тәрбиелеу туралы фактілердің дұрыстығы туралы пікірлерде жарияланды. Германиядағы ғылыми байланыстар негізінде қарым-қатынас орнатқан Ресейліктер соқыркерендерді оқытуда жетістікке жетіп, Нововесьедегі мүгедектерге арналған Приютте 1887-1906 жылдары соқыркереңдерге арналған мектеп ашылады.
Совет одағы кезінде күрделі кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылыми жұмыстардың мазмұны әйгілі психолог А.В.Ярмоленконың еңбектерінде жарияланған. 1923-1937 жылдар арасынд осы бағыттағы ғылыми жұмыстардың мазмұнын Харьковтеп соқыркерең балаларға арналған мектепте қызмет жасаған И.А.Соколянский еңбектерінен көрушізге болады. Осы мектептің тәрбиеленушісі соқыркерең О.И.Скороходованың еңбек жолы да күрделі кемшілігі бар балалардың тәрбиесше арналады. Осындай тәжірибелерді 1947 жылдардан бастап әйгілі психологтар А.Н.Леонтьев, А.И.Мещеряковтар жалғастырды Олар М.В.Ломоносов атындағы Университтеттің психологиялық факультетінде білім алған төрт студентті оқытады. 1971-1977 жылдар арасында осы студештің екеуі А.В.Суворов пен С.А.Сироткин күрделі кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған ғылыми еңбектердің авторлары.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету-әлеуметтік тәртіп пен нормаларды игерудегі іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған баланың әлеуметтік құзіреттілігін көтерудегі педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық көмек көрсетудің пәні дамуында күрделі кемшілігі бар баланы тұлға ретіндегі әлеуметтенуін қамтамасыз ететін, бұзылуларға ұшыраған органдардың әрекетін компенсациялау мен қоғамдағы бейімделуін қалыптастырудағы арнайы білім берудің теориясы мен практикасы.
Педагогикалық көмек көрсетудің мақсаты дамуында күрделі кемшілігі бар баланың қоршаған ортаға бейімделуін, қиындықтарды жеңуін оқыту мен тәрбие процесі арқылы игертуге бағытталған процесті жүзеге асыру. Адам тұлғасының қалыптасуы заңды түрдегі өзгерістерге байланысты құрылады. Қарапайымнан күрделіге қарай өтетін жағдайлар арқылы адамның жалпы дамуы сыртқы факторлар (экологиялық, әлеуметтік, мәдени) мен ішкі факторларға (физиологиялық, генетикалық, психикалық) тікелей байланысты. Күрделі кемшілігі бар балалар психикасының даму кезеңдері қалыпты балалар дамуымен бірдей. Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар туралы коррекциялық-педагогикалық тәжірибелердің көпшілігін соқырмылқау балалармен жүргізілген жүмыстар қүрайды. Соқырмылқау балаларды оқытудың технологиясы туралы эксперимент пен ғылыми негіздемелер соқырмылқау балалардың компенсаторлық жүйелер арқылы даму потенциалын дамудың ерте кезеңдерінен бастап анықтауға болатынын көрсетеді. Күрделі кемшілігі бар балалар арнайы мектептердің эр түріне орналастырылады. Бұл кезде оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне, педагогикалық көмек көрсету жұмыстарына таңдау жасаудың қиындығы анық байқалады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес күрделі кемшілігі бар балалар саралап оқыту түрінде біліп алады. Барлық арнайы мектептерде күрделі кемістігі бар балаларға арналған сыныптар ашылған. Мысалы, саңырау балаларға арналған типтік бағдарламалар бойынша білім беруде бұл балалар қосымша психикалық дамуында кемшіліп бар, ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалармен қатар білім ала алмайды. Күрделі кемшілігі бар балаларға арналған көмекші сыныптар (психикалык дамуында кемшілігі бар балалар, соқырмылқау балалар) құрылады. Мұндай сыныптардағы бала саны көп болмауы тиіс. Арнаулы топтарда алғашқы екі кемшілік топтасқан нашар еститін балалар: саңырау және ақыл-ои дамуы кешеушдеген, саңыраулық және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар білім алады. Немесе көру қабілеті зақымдалған ақыл-ойы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар. Мұндай сынып құрылуы ПМПК мамандарының сараптамасының қорытындысына негізделіп құрылады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған топтар мен сыныптар құрылады. Нашар еститін немесе нашар көретін, сөйлеу тілінде кемшіліктер, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы қатар келген балаларды оқушылар ұжымына қосуда интеграцияланған жұмыстар ұйымдастырылады.
Дамудағы күрделі кемшілікті зерттеудегі аралас пәндердің маңызы өзекті мәселелердің мазмүнына сай дамуында күрделі кемшілігі бар балаларды оқытудың әдіснамалық түрдегі жүйесі психология, педагогика, медициналық блоктағы пәндер, әлеуметттік педагогика пәндерінің қиылысында қарастырылып отыр. Көрсетілген жүмыстарды ұйымдастыру қосымша оқыту мен тәрбиелеудің нақты әдістемелеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, оқытудың технологиясы мен мазмұны модернизацияланады. Өзгертулер мен толықтырулар кемшіліктің пайда болу себептеріне байланысты арнайы педагогиканың салалары (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) негіздеріне сүйеніп жүзеге асырылады.
Күрделі кемшіліктің пайда болу негізін анықтауда орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуы, сенсорлық қабілеттердің бұзылуы, түрлі генетикалық факторлар негіз болатындықтан оларды есепке алу мен түсіну үшін медицина аймағындағы арнайы пәндер невропатология, бала дамуының ерте кезеңінің анатомиясы мен физиологиясы, психопатология, психиатрия, адам генетикасы, офтальмология, отолорингология, педиатрия, сурдология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді. Адамның өзіндік құрылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, өмірлік құндылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандырауға мүмкіндік беретін әлеуметтік ғылымдармен де тығыз байланысты. Қазіргі уақытта дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға коррекциялық көмек көрсету жүйесі өз алдына құрылуда. Арнаулы білім беру мекемелерінде түрлі бағдарламалар, әдістемелік және нормативтік материалдарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізу ұйымдастырылуда.
Аталған ғылыми бағыттың міндеттері төмендегі негізгі мәселелерді құру мен оларды шешуді көздейді:
- дамуында кешенді (күрделі) кемшілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық жағынан жан-жақты зерттеу;
- анализаторлардың бұзылу типологиясын, дамудағы психикалық және дене дамуындағы бұзылуды анықтау мен оларды бекіту;
- күрделі кемшілік кезіндегі оқыту мен тәрбиелеудің объективті заңдылықтарын зерттеу;
- арнаулы білім беру мазмұнындағы оқыту мен тәрбие беру процесінің теориялық негіздемесін жасақтау;
- білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасақтау (бағдарлама, оқу жоспалары).
Күрделі кемшіліктерге жүргізілген клиникалық нейропсихологиялық юрттеулерден (Г.П. Бертынь, М.Г. Блюмина, Е.М. Мастюкова, А.Г. Московкина) күрделі кемшіліктер эндогендік және экзогендік факторлардың әсерінен болатыны белгіленген. Олардың арасында көп кездесетін түрі жүктіліктің бастапқы кезінде кездесетін ауыр түрдегі инфекциялық аурулар қызылша, корь, вирусты тұмау, туа пайда болған токсоплазмоз. Күрделі кемшіліктердің себептеріне ананың қайталанбалы соматикалық ауруларын (диабет, жүрек аурулары) жатқызамыз. Аталған себептердің ішінде маңызды орын алатын түрлері генетикалық факторлармен сипатталатын аурулар, тұқым қуалайтын аурулардың (Маршалл синдромы, Ушера синдромы, Альпорт синдромы, Лоу синдромы) синдромдары. Мұндай кемшіліктердің симпомдарын білу кемшіліктерді диагностикалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Кешенді кемшіліктерді диагностикалау жұмыстары күрделі. Себебі, диагностикалау жұмыстары кезінде баланың сенсорлық қабілетінің дамуын, қимылдық дамуын, сөйлеу тілінің дамуын, танымдық әрекетінің дамуын анықтау керек. Күрделі кемшіліктерді диагностикалауда баланың психикалық дамуындағы кемшіліктерді де есепке алу керек. Дамудағы күрделі кемшіліктерді психологиялық-педагогикалық диагностикалау жұмыстарында арнайы маман жұмысының нақтылығы талап етіледі. Күрделі кемшілік кезінде анықталған кемшіліктердің ішіндегі негізгілеріне аса мән бере отырып, түзету жұмыстарының жүргізілу керектігін Е.М.Мастюкова еңбектерінен көруімізге болады. Мысалы, олигофрения, психикалық дамудың тежелуі кезінде есту, көру, сөйлеу тіліндегі кемшіліктермен қатар келуі мүмкін. Ауытқып дамудағы негізгі кұрылым түрлі неврологиялық және психопатологиялық синдромдармен сипатталады. Мысалы, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер кезінде гидроцефалия синдромының әсерінен тірек-қимыл аппаратының жұмысы баяулайды. Қосымша баланың психикалық жай-күйі нашарлап, аутизм, қозғыштық, невроздық жағдайлар байқалуы мүмкін.
Күрделі кемшілігі бар балалар қоршаған ортадағы жағымсыз факторларға, психикалық депривация жағдайларына тез берілгіш келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет