Пікір жазғандар



бет40/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Атқарушылық стиль – ережелер және жалпы қабылданған нормалар бойынша іс-әрекет.

Заңнамалық стиль – проблемаларды шешуге жаңа жолдар жасау.

Бағалаулық стиль – «тәртіпке келтіретін» дайын жүйелер- мен жұмыс. Бұл типтегі адамдар проблеманы талдайды, сы- найды және жетілдіреді.

Интеллектуалдық қабілеттердің жоғары байқалулары- ның арасынан интеллектуалды дарындық типтері атап көрсеті- леді.



Саналаушылар – интеллект коэффициенті 135 балдан жо- ғары (Д. Векслер шкаласы бойынша норма – 100-115 балл).

Керемет оқушылар – оқу жетістіктерінің жоғары көрсет- кіштері бар адамдар.

Креативтер – шығармашылық, айрықша идеяларды көп мөлшерде туғызатын және күрделі проблемаларды шешуде қажеттілікке мұқтаж адамдар.

Біліктілер – кәсіби білімдердің үлкен көлемі және практика- лық жұмыс тәжірибесі бар адамдар.

Таланттылар – қоғамдық мәнді формаларда танымға ие болған аса интеллектуалды жетістіктері бар адамдар.

Ақылдылар – «күнделікті» өмірді талдау мен болжауға бай- ланысты айрықша интеллектуалдық мүмкіндіктері бар адам- дар.

Интеллект табиғаты мен құрылымын сипаттау қорытын- дысында психологиядағы интеллектуалдық қабілеттер тұтас- тай алғанда тұлғаның жалпы қабілеттерінің бірі ретінде айты- латынын атап көрсету керек. Бірақ бұл санатқа басқа да, тұл- ға қабілеттерінің «ранг бойынша» қорытылу дәрежесіне ұқсас

креативтік, оқуға бейімділік, рефлексивтілік кіреді. Іс-әрекетте олар интеллекпен, интеллектуалдық іс-әрекеттің жаңа ерекше- ліктері негіз құра отырып, ажырамас байланыста болады. Бас- қарулық іс-әрекет үшін жалпы қабілеттердің түзілу кешенді- лігі әлдеқайда мәнді. Интеллект жалпы қабілеттердің бірі бо- лып табылатындықтан, соңғылары оған ықпал етеді, мұны же- текшінің практикалық интеллектісін сипаттау кезінде ескеру қажет.
Интеллект және басқару іс-әрекетінің тиімділігі
60-жылдардың басында басқару іс-әрекеті мен интелектіні байланыстыратын негізгі және бастапқы заңдылық анықталды. Америкалық психолог Е. Гизелли тура емес (ұзақ уақыт бойы солай есептелінген және осы саладағы зерттеулерді құрсау- лаған) қисық сызықты тәуелділік бар екенін байқады. Өте жо- ғары интеллект бар жетекшілер емес, оның байқалуының қандай да бір оңтайлы дәрежесі бар жетекшілердің іс-әрекеті әлдеқайда табысты болып есептеледі. Бұл нәтижелердің кенеттігі осы саладағы жаңа зерттеулерді ынталандырды. Олар қазіргі кез- де хрестоматиялық болған айқындалған тәуелділікті рас- тады [52].

Дегенмен бұл нәтижелер олардың көптігіне және сенімді- лігіне қарамастан, «жақсы жетекші – бұл өте ақылды жетекші» деген күнделікті ұғыммен сәйкес келе бермейді. Ғылыми және эмпирикалық мәліметтердің қарама-қайшылық себептерін айқындау интеллект басқару іс-әрекетінің тиімділігімен байла- нысының мәнін, олардың өзара әсерлесуінің күрделілігін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Ф. Фидлер мен А. Лейстердің «ара- лық факторлар» тұжырымдамасында осы себептердің кейбі- реулері сипатталған. Ол, интеллектің басқару іс-әрекеті табыс- тылығымен тура емес, көбінесе орталанған болып табылаты- нына негізделеді. Іс-әрекет тиімділігіне интеллект ғана емес, көптеген себептер ықпал етеді, ал интеллект оған көптеген аралық айнымалылар, яғни жетекшінің мотивация деңгейі, оның тәжірибесі, басшылармен және өзі басқаратын топпен арақа- тынасы арқылы әсер етеді.

Интеллектуалдық қабілеттер диагностикаланатын тесті- лердің барлығы дерлік теориялық, абстрактілік негізде құры- лады. Менеджердің интеллектуалдық функцияларына қойы- латын талаптарды қолданыстағы тестілер жасалған талаптар- мен салыстыруға болмайды. Сондықтан да нәтижелер қарама- қайшы.

Басқару іс-әрекеті тиімділігінің интеллект деңгейіне қисық сызықты тәуелділігі соңғы уақытта анықталған басқа да себеп- термен түсіндіріледі, мысалы:



  1. интеллект деңгейі мен басқару іс-әрекетінің өтілі ара- сындағы кері байланыстың болуы;

  2. басқару іс-әрекетінің өтілі салыстырмалы түрде аз адам- дарда жоғары интеллектің болуы.

Интеллектуалдық көрсеткіштердің өтіл өсуі кезіндегі тө- мендеуінің екі негізгі себебі бар: психофизиологиялық функ- циялардың, соның ішінде интеллектің табиғи жас ерекше- лік инволюциясы және интеллектуалдық тестілердің көп- шілігі негізделген академиялық білімдер мен машықтар- дың «ұмтылуы». Жетекшінің интеллекті көп дәрежеде тео- риялыққа қарағанда практикалық бола түседі. Басқару іс- әрекетінің жалпы тиімділігіне интеллектің өзі емес, өтіл мен оның туындысы кәсіби және өмірлік тәжірибе көбірек ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет