Пікір жазғандар



бет51/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Метаколлегиялық деңгей. Басқаруды ұйымдастыру жүйе- лерінің көпшілігі әлдеқайда жалпы басқару құрылымдарына қо- сылады. Ұйым жетекшісі онда иерархиялық жоғары тұлға бо- лып табылады, ал басқарудың әлдеқайда жоғары жалпы құры- лымына бір мезгілде оның қатардағы мүшесі ретінде кіреді. Мұндағы шешімдердің өзіндік ерекшелігі төмендегідей туын- дайды:

  1. жалпы (жоғары тұрған) құрылымда қызмет ете отырып, жетекші өзі басқаратын топ қызығуларын, мүдделерін ескеруге тиіс. Жетекшінің онымен тікелей байланысы жоқ, керісінше, оның тобының мүдделерімен жиі сай келмейтін басқа ұйымның ықпалын (кейде қысымын) сезінеді;

  2. бұл шешімдердің негізгі ерекшеліктері олардың маргинал- дық сипатымен байланысқан. Жетекші өз тобының мүдделерін айтуға, сондай-ақ әлдеқайда жалпы ұйымның нормалары мен ережелеріне де бағынуға тиіс. Шешімнің «референттік топта- рының қос еселену» құбылысы туындайды. Бұл позициялар көбінесе антогонистік қатынастарда болады. Бұл шешімдер бас-

қару шешімдерінің бұрынырақ қарастырылған формаларынан сапалы түрде ерекшеленеді. Оларды «маргиналдық шешімдер» ұғымымен белгілейді.

Метаколлегиялық шешімдердің тағы бір маңызды ерекшелігі



  • шешім қабылдау процедурасының өздері қатысатын ұйымдық құрылым шегінен «шығып кетуі». Сараптық шешімдер ұғымы- мен белгіленетін шешімдер формасы олардың тағы бір түрі болып табылады. Консультанттар мен кеңесшілер мазмұндық түрде де, формальды түрде де шешім шығаруға қатысты ұйым- дық құрылымға мүше бола алмайды. Демек, шешімдерді ұйым- дастырудың мұндай процедурасы кезінде топ шегінен шығып кету орын алады.

Шешімдер формалары арасындағы айырмашылықтардың көптігі басқару шешімдерінің сапалы түрдегі деңгейлері ретінде қарастырылады.

Жетекші іс-әрекетінде элиминативтік мінез-құлық деп ата- латын мінездің таңдау процестерімен байланыстағы формасы үлкен орын алады. Оның мәні таңдауды жүзеге асырудағы қажеттіліктің өзінен бас тартудан, шешім қабылдау процесін жүзеге асырудан, оны іс-әрекеттің басқа тәсілдерімен ауыстыра отырып кетіп қалудан көрінеді. Мұндай мінез-құлық табиғи жағ- дайларда іс-әрекет серпіні мен нәтижелеріне және оның субъек- тивтік параметрлеріне (мысалы, қауырттық) күшті ықпал етеді.

Элиминативтік мінез-құлық құралдары негізгі үш топқа бөлінеді: баламалы, баламасыз және жағдайға тәуелділік.

Басқару іс-әрекетінде элиминативтік мінез-құлық байқалу дәрежесі максималды болады. Бұл оның төмендегідей психо- логиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне байла- нысты:



    • шешімдер бөлігінің топтық сипаты (шешімдерді басқа тұл- ғаларға «ауыстыра жүктеу»);

    • іс-әрекет процесіне бақылаудың әлсіздігі;

    • жауапкершіліктің жоғары дәрежесі, ол шешімді айналып өтуге ұмтылуды ынталандырушы болып табылады;

    • жетекші мәртебесінің маргиналдығы;

    • іс-әрекет тиімділігін бағалаудың айқын емес көрсеткіш- тері;

    • іс-әрекеттің үлкен күрделілігі және көптеген шешімдердің объективті қиындығы оларды айналып өту тілегі;

    • алгоритмдену шамасының әлсіздігі;

    • нормативтік нұсқаулар тарапынан әртекті регламенттелуі;

    • іс-әрекет айқынсыздығының үлкен дәрежесі;

    • іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілдерінің жоғары поливариа- тивтілігі.

Таңдау жағдайларымен басқару іс-әрекетіне тән мінез-құ- лықтың элиминативтікке қарама-қарсы тағы бір формасы бай- ланыста болады. Ол іс-әрекеттегі шешімдер санының азаюына емес, көбеюіне соқтырады. Бұл бірнеше себептер бойынша жү- реді:

  1. Шешім қабылдауды іске асырудағы психологиялық квази- тұтынушылықтың болуы. Дербес шешім жетекшісінің іс-әре- кетті жүзеге асырудағы өз рөлін субъективтік бағалауын арт- тырады, сондықтан ол іс-әрекетті ұйымдастырудың тәуекелі төмен және нормативтік-нұсқаулық басқа құралдары пайдалану мүмкіндігі кезінде соған басымдық бере алады.

  2. Қол астындағылар алдында өзінің біліктілік шамасын арт- тыруға ұмтылысы.

  3. Жетекші шешімін қол астындағыларға жүктейтін жағдай- лардың туындауын жасай алады. Ол мұндай жағдайларды соларды тиімді жеңу мүмкіндіктерін азайту үшін көбінесе әдейі күрделендіреді. Мұнда да жетекшінің топтағы өз мәртебесін арттыруға ұмтылысы байқалады.

  4. «Қауырт іс-әрекеттің ерекше құбылысының» жеке сәттері- нің бірі ретіндегі «белсенділік елесін» туғызу. Мұндай квази- белсенділік, әдетте, іс-әрекет пен басқарудың нақты мақсатта- рына жетуге кедергі келтіреді.

Бұл фактілердің барлығы теріс (негативті) болып табылады, өйткені тұтастай алғанда, іс-әрекетті ұйымдастыру мен оның міндеттерінің қисынын көрсетпейді. Іс-әрекеттегі шешім қа- былдау процестерінің рөлін күшейтудің оң (позитивті) себептері де бар. Жетекші орташа норматив «шегінен шығып кеткен» кезде инновациялық реттегі шешімдер қажеттігі пайда болады. Бұл – іс-әрекеттің орташаланған нормативтік тәсілін жетіл- діретін және дамытатын нормативүстілік шешімдер. Олар

басқарудың инновациялық стиліне, жетекшілік функцияларын іске асыруына стандарт емес тәсілге тән. «Басқалар үшін» мә- селе қою басқару іс-әрекетінің негізі болып табылғандықтан, жетекшінің аса маңызды міндеті – тек проблема шешу ғана емес, оны тұжырымдай білу.

Бұл құбылыстардың барлығын максимизацияланған мі- нез-құлық ұғымымен белгілейді. Олар басқару функцияларына шешім қабылдаудың қосымша жағдайларын қосуға алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет