Пікір жазғандар



бет52/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162
Ахтаева Басқару психол

Басқару шешімдерін қабылдау процесінің операциялық құрылымы
Басқару іс-әрекетінде оның нақты түріне, мазмұнына және иерархиялық деңгейіне қарамастан, іс-әрекеттік құралдардың тұрақты жинағы – шешімдерді дайындауға, қабылдау мен іске асыруға арналған операциялар қатысады. Осы операциялардың негізгілерін қарастырайық.

Белгісіздік жағдайларын тану операциялары. Олар жетекші- ге қажет проблеманы көре білу шеберлігі сияқты сапа мәнін құрайды. Олардың дифференциациясы – оның кәсіби біліктілігі- нің аса маңызды бөлігі.



Селекция, таңдау операциялары жетекшінің тікелей қаты- суын талап ететін және талап етпейтін жағдайларды бөлу үшін негіз болып табылады.

Ұйымдастырушылық операциялар жетекшінің шешім қабыл- дау процесін ұйымдастырудың қандай да бір жалпы формала- рын таңдауында тұр.

Шешімдердің «субъективтілік базисін» қалыптастыру жөніндегіоперациялар шешімдерге тартуға және ұйымдастыру- дың белгілі бір бөлімшелерін қосып беруге тиімді адамдар құрамы мен санын анықтауға арналған.

Таңдау жағдайларын объективтендіруоперациялары жетек- шінің мәселені оған қатысушылар дұрыс түсінетіндей етіп тұ- жырымдауға, қоя білуге тиіс өзіне тән басымдығы болып та- былады. Шешімдердің іске асуы тұжырымдалатын мәселенің оны шешуге тартылатын топ ерекшелігіне сәйкес бейімделуі кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.



Мотивтену операциялары ерікті-мәжбүрлік таңдаудың пси- хологиялық құбылысымен байланыста болады. Ерікті таңдау тиімділігі мәжбүрлікке қарағанда едәуір жоғары. Басқару ше- шімдерін қабылдау процестері ерікті және мәжбүрлік таңдаудың компоненттерін синтездейтін құрама таңдау ретінде көрінеді. Коллегиялық типтегі басқару шешімдерін шығарудың қиынды- ғы мен қарама-қайшылығы осында және олардың көптеген психологиялық ерекшеліктері осыған байланысты. Мұндай тип- тегі шешімдердің тиімділігі, егер шешім шығару мақсаты айты- лып қана қоймай, қабылданатын болса, ал мәжбүрлік реңін жо- ғалтып, еріктіге тасымалданатын болса, едәуір жоғары болады. Жетекші нормативтік мақсатты жалпыға айналдыра және ше- шім шығаруды (мақсаттық орталандыру принципі бойынша) мәжбүрлеу емес, сенім бойынша басқара білуге тиіс. Мұндай жолмен «топтың әлеуетін жібіту» тиімділігіне жетуге болады, бұл оның іс-әрекет табыстылығын арттырудың негізі болып табылады.

Үйлестіру операциялары жүру барысында коллегиялық бас- қару шешімдері жүзеге асатын «шешімдік пікірталастарды» ұйымдастыруға байланысты.

Стратегиялық операциялар. Түбегейлі шешімді іске асыру үшін жетекші негізгі үш стратегияның – авторитарлық, мажо- ритарлық немесе консенсустық стратегияның біреуін қолдануға тиіс.

Постшешімдік операциялар шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға, оны іске асыру үшін мәжбүрлеуге және оның орындалуын бақылауға бағытталған. Бұл операциялар жүйесі – шешім қабылдау процесіне қатысты негізгі үш басқару функ- цияларын, яғни орындауды, мотивті және бақылауды ұйымдас- тыруды нақтылау.

Санкциялау операциялары. Көптеген стратегиялық басқару шешімдерінің қажетті компоненті – жетекшінің оларды жоғары тұрған басшылық алдында негіздеу, оларға санкция алу шебер- лігі.

Полипроцессуалдық үйлестіру операциялары. Жетекші көп- теген мәселелер мен функцияларды қатар (параллель) іске асы- рады. Әрбір шешімнің табыстылығы олардың қаншалықты үй-

лескенімен, басымдықтары бойынша иерархияға тізілгенімен және өзінің кезектілігі бойынша оңтайлы екендігімен анықта- лады.

Басқару шешімдерін қабылдау процестері шешім шыға- рудың жалпы циклі бойынша проблеманы тану мен қоя білу- ден, бақылау мен түзетуге дейін таралады. Олардың жиын- тығы басқару шешімдерін шығару, қабылдау және іске асыру жөніндегі уақытша құрылымдық операциялар болып табы- лады.
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің феноменологиясы
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиын- тығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қой- май, олардың жүру барысын да реттейді.

Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы фе- номенологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі құбылыстар кіреді. Бұл процестер әлеуметтік және ұйымдық тұрғыдан жүзеге асады, сондықтан да олар жалпы көпте- ген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға таралады. Басқа- ру шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феномено- логиясында құбылыстардың негізгі төрт тобын атап көрсе- теді:



  1. Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын, нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар;

  2. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде олардың



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет