Конфликтогендер.Зерттеулерге қарағанда, конфликтердiң 80 пайызы қақтығысқан адамдардың еркiнен тыс түзiледi екен. Ол адам психикасына байланысты, ал көбiсi оған мән бере қоймайды. Конфликтердiң пайда болуына септiгiн тигiзетiн кон- фликтогендер бар. «Конфликтоген» сөзiнiң түсiнiгi дау-дамай-
дың өрши түсуi. Конфликтогеннiң негiзiн осылай түсiндiруге болады. Бiз басқа адамдардың сөздерiн, iстерiн көтере алмай ренжiп қаламыз, ал өзiмiз басқа адамдарға қатысты сөздерге, жасалған қимылға мән берiп, ойлана аламыз ба?
Бiздiң адресiмiзге айтылған немесе жасалған конфликтогенді бiр-екі есе артық мөлшерде қайтаруға тырысамыз.
Мысалы: конфликтоген + одан да мықты конфликтоген конфликт. Неге олай?
Адамдар жан-жақты дамыған болып жаралмаған, сондықтан ренiштердi көңiлге алып қалып, есесiн түгелдей қайтару үшiн ызамен жауап бередi. Әрине, ренiштi кешiре бiлу жоғары же- тiстiк және этикамен қоса барлық дiндер мұны құптайды. Бiрақ осындай жетiстiкке барлық адам жете қоймаған, өйткенi өз ар- намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттiлiктерiнiң бiрi болып табылады. Даулы мәселенi шешуде адамның бойын- дағы барлық игi қасиеттерiн өмiр әрекеттерiмен ұштастыруға ұмтыла отырып, жақсы қасиеттердi қалыптастыру үшiн адам- дардың бiрлесiп әртүрлi жаттығулар жасауы, өмiрлiк жағдаят- тарға байланысты пiкiр алмасу, оның дұрыс-бұрыстығын тал- қылау жүйке жұмысының қызметiн нығайтып, түрлi ауру- сырқаудың алдын алуға мүмкiндiк бередi.
Даусыз қарым-қатынас орнатудың ережелерi
ереже. Конфликтоген қолданбаңыз.
ереже. Конфликтогенге конфликтогенмен жауап қайтар- маңыз.
Есiңiзде сақтаңыз! Қазiр тоқтамасаңыз кейiннен тоқтау мүл- дем мүмкiн емес, конфликтогендердiң күшi тез өрши түседi.
Бiрiншi ереженi қолдану үшiн қарым-қатынас жасап отырған адамның орнына өзiңiздi қойып көрiңiз. Сiз осындай сөз естiп жатсаңыз, ренжитiн боларсыз. Басқа адамдардың сезiмдерiн се- зiну, оның ой-өрiсiн түсiну эмпатия деп аталады. Сондықтан осыдан барып 3-шi ереже шығады.
ереже. Сөйлесiп отырған адамға эмпатия көрсетiңiз. Конфликтогенге қарама-қарсы ұғым – эмпатия. Қарым-қа-
тынас кезiнде алдыңыздағы адамға күлiмдеп қарап, оның жағ- дайын түсiнiп, сыйлы ишарат көрсетсеңiз, конфликтогеннiң қай- да кеткенiн бiлмей қаласыз.
Конфликтогеннiң типтерi.
Конфликтогендердi үш типке бөлiп қарастыруға болады:
бiреуден асып түсуге ұмтылу;
агрессияға бой ұру;
эгоизмге бой ұру.
Бұларды жақыннан алып қарасақ, бiреуден асып түсуге ұм- тылу бұйрық беру арқылы көрiнедi.
Дау-дамайды шешудiң негiзгi жолдары. Дау-дамайды шешу- дiң түрлi әдiс- тәсiлдерi екiге бөлiнедi: тура (ашық) және жанама (жасырын).
Тура шешу әдiсi:
өз көзқарасынан таймау;
бағынушылардың көзқарасын ескере отырып, өз әрекетiн қайта қарастыру;
конфликтiнi елеп-ескермеу;
бiрлесе жұмыс iстеп, бiрлесе шешiм қабылдау. Жанама шешу әдiстерi.
Бұлар бiрнеше тiзбектен құралған жасырын әрекеттердi си- паттайды:
сезiмдерiн сыртқа шығару ұстанымы: қазiргi кездегi көр- некi психотерапевтердiң бiрi К. Роджерстiң айтуынша, егер адамға оны толқытып тұрған барлық негативтi сезiмдерiнiң шы- ғуына мүмкiндiк берсе, бұл сезiмдер бiрте-бiрте позитивтi се- зiмдерге айналады.
эмоцияны қайтару ұстанымы.
Дау-дамайды басудың төте тәсiлдерi адамдар арасында тұ- рақты және жағымды қарым-қатынас орнату әлеуметтiк өмiрдiң өзектi мәселесiнiң бiрi. Сондықтан адамдардың бiрiмен-бiрi жалпы тiл табысып, қоғамдық өмiрдi кеңейту жолындағы еңбек әрекетiн дамытып, бүкiл қоғамдық игiлiктер жасауда шексiз маңызды істер бар, әрi мұндай әрекеттер игi мақсат болып табылады.
Дау-дамайда келесi стратегиялар бар:
дау-дамайдың алдыналу немесе профилактика;
дау-дамайды пайда болу кезеңдерiнде басқару;
дауды шешу әдiстерiн қолдану (конструктивтi, деструк- тивтi).
Дау-дамай мен оның салдарын жобалау.
Дау-дамайдың профилактикасы – ең алдымен дау-дамайдың қайнар көзiн құртуға негiзделедi. Дау-дамайды шынайы, нақты түрде басқару үшiн оның қазiргi уақыттағы қай кезеңде өтiп жатқанын анықтау қажет:
1-кезең дискомфорт, қанағаттандырылмаған қарым-қатынас; 2-кезең инцидент, нақты дау-дамайдық жағдаяттың пайда
болуы;
кезең субъектiлердiң оны сезiнуi;
кезең дау-дамайлық қатынас пен iс-әрекеттiң дамуы;
кезең дау-дамайдың аяқталуы, постконфликтi жаңа қаты- настың орнауы немесе оның доғарылуы.
Өйткенi, дау-дамайдың әрбiр даму кезеңiнде өзiнiң ерекше- лiктерi бар, солар арқылы бiз субъектiлердiң позициясын, қа- рым-қатынастар типiн бiле отырып, өз уақытында жағдаятты өзгерте аламыз.
Кейде дау-дамайды қатысушылардың өздерi басқара алады. Тағы бiр жағдайда үшiншi жақтың көмегi керек болады. Ол әдетте татуластырушы, кеңес берушi немесе басшы болуы мүм- кiн.
Дау-дамайдың күрделiлiгiне байланысты оны тек жоғары бiлiктi маман реттей алады. Ол тек конфликтолог, психолог емес, әлеуметтiк жұмыскер де болады.
Клиентпен жұмыс әлеуметтiк жұмыс практикасының негiз- гi орнын алады. Әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарына кө- бiнесе өз мәселесiн өзi шеше алмаған, көмектi қажет ететiн адамдар келедi. Әлеуметтiк ұйымдарға келмес бұрын адам қиын жағдайдан шығу жолын өзi тапқысы келедi, бiрақ ол нәти- жесiз аяқталып, оның тек физикалық, рухани энергиясы кете- дi. Сондықтан ол депрессиямен немесе белгiлi бiр уайым- мен келедi. Жан дүниесiнiң осындай жай-күйiне байланысты оның мiнез-құлығы да әртүрлi болады: момын, өз ойын айт- пайтын, тұйық, эгоист немесе тым сөзшең, мағынасыз күле бередi, т.б.
Әлеуметтiк қызметкер әр клиентпен тiл таба бiлу керек, клиент пен өзiнiң арасында сенiмдi, серiктестiк қарым-қатынас орната бiлуi тиiс. Ең алдымен қызметкер клиентi туралы, оның қоршаған ортасы жайлы ақпарат жинайды.
Клинет әлеуметтiк қызметкерге өзiнiң туысқандары, отбасы, достары немесе ресми тұлғалардың арасындағы қарым-қатынас рөлi туралы ақпарат бередi. Мұндай жағдаятта әлеуметтiк қыз- меткер делдал рөлiн орындап, дауды шешу мақсатында өзiнiң технологиясын құрайды.
Ең алдымен ол дау-дамайға қатысушылардың мүдделерін, мақ- саттарын анықтайды. Ол үшiн әр субъектiмен жеке сұхбат жүргi- зедi. Содан соң белгiлi бiр күштерiн жұмылдырып, барлық қаты- сушылармен бiр үстел басына жиналып мәселенi талқылайды. Әр жақ өзiнiң қажеттiлiктерi мен мүдделері жайлы өз пiкiрлерiн айтады. Екiншi кезең мәселенiң ортақ шешiмiн табу мақсатында пiкiр алысу, талқылау үдерісі жалғастырылады. Егер клиенттiң физикалық жағдайы, денсаулығы нашар болса, әлеуметтiк қыз- меткер оның жағына шығады. Ол өз клиентiнiң құқығымен бірге, басқа адамдардың құқығын, бостандығын шектемей қор- ғай бiлу керек. Дау-дамайдың мазмұны көптүрлi, мәселенi тал- қылау күрделенiп кеткен кезде, әлеуметтiк қызметкер дауға өзi түсiп, тағы бiр субъектiсiне айналып кетуi ықтимал. Жағдаят әлеуметтiк қызметкерден көп эмоционалдық, психикалық энер- гиясын жұмсауды талап етедi. Сондықтан күрделi даумен кез келген әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстей алмайды. Ол үшiн әлеуметтiк қызметкердiң энергиясы жеткiлiктi, ұзақ даулы әңгiмелесуге шыдай алатын қасиетi болуы керек. Әлеуметтiк қызметкердiң бiлiктiлiгi – оның даудың өзiне енiп кетпей, тек сырттай реттей алғандығынан көрiнедi. Дау-дамайдың дамуын реттеу әлеуметтiк қызметкерге алдын ала iс-әрекет жоспа- рын жасауға, қосымша мәлiмет жинауға мүмкiндiк бередi. Сұх- баттасу үдерісінде кейде дайындаған моделден бас тартып, жаңа әрекет ұйымдастыруға тура келедi. Әлеуметтiк қызметкер өз
агрессиясын емес, қайсарлығын, батылдығын көрсете білуi тиiс.
Дау-дамайды реттеу әлеуметтiк қызметкердiң жеке қабiлет- терi мен дағдыларына байланысты. Сұхбаттасуды дұрыс жүргiзу көп қиындықтардан өтуге мүмкiндiк бередi.
Керек кезiнде кешiрiм сұрау, компромисске келу, өкiнiшiн бiлдiру, заңды талаптарға келiсу, ашық болуға шақыру, өз ойын толық жеткiзудi сұрау, қарсы жаққа сыйластықты көрсете бiлу, идея тастау, т.б.
Оппонентпен жұмыс iстеген кезде әлеуметтiк қызметкер оның әртүрлi мiнезiне дайын болып, агрессивтi, эгоистiк немесе ілкі мейiрiмдiлiктi көрсеткенде, оның манипуляциясына түспеу қа- жет. Екiншiден, оны өзiнiң эмоциясын азайтып, мәселеден шығу жолын iздестiруге назарын аударту [11, 12, 13, 14].
Мәселенi талқылау кезiнде қиындықтар туылса, уақытша үзi- лiс орнатып, жағдаятқа сырттан қарап көруi керек. Тәжiрибе көр- сеткендей, қарсы жақ буырқанған эмоциясын көрсетiп, агрессив- тi болса, әлеуметтiк қызметкер оған еш реакция бермей, өз ойы- мен жағдаяттан ауып, басқа нәрсенi ойлап, оппоненттiң жаман сөздерiн, ойша кiшiрейтiп, өзiн-өзi ұстауы керек. Осындай жағ- дайда оппоненттiң талаптарын қанағаттандыруға тағы бiр жол табу үшiн әлеуметтiк қызметкер оған бiрнеше сұрақтар қояды.
«Былай iстесек қалай болады?», «Неге осы шешiмдi қабылда- дыңыз?».
Әлеуметтiк қызметкердiң жұмыс нәтижесiнiң тиiмдi болуы екiталай, бiрақ ол үшiн уайымға түсiп керегi жоқ. Дау-дамайды шешуге көмектесетiн қарапайым сұхбаттасуда қолданылатын ережелер бар. Олар:
қатысушыға өзiн делдал ретiнде рөлiн түсiндiру;
кiнә тақпау;
өзiн ақтамау;
сөздi бөлмеу;
тек шындықты айту;
басқаны тыңдау;
келiсiмге келу (кейде оны құжат жүзiнде бекiту);
дау-дамайды шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |