Пікір жазғандар



бет83/162
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453967
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162
Ахтаева Басқару психол

2-сурет. Ұйымдағы дау-дамайлар

  1. Сыртқы ортамен дау-дамай – бұл дау-дамайлар көп жағ- дайда кәсіпорын басшылары мен иегерлерінің бәсекелестермен, клиенттермен, жеткізушілермен, өзінің кәсіподағымен дау-да- майлары.


Дау-дамайлық жағдайлар және дау-дамайлық әрекеттер
Ұйымдағы дау-дамайлар белгілі бір дау-дамайлық жағдайдан туындайды, ол оның қатысушыларының тікелей соқтығысуына дейін ұзақ уақыт болуы мүмкін. Дау-дамайлық жағдай ұғымы дау- дамай ұғымымен сәйкес келмейді, өйткені алғышартты сипат- тайды, нақты дау-дамай туындауы үшін, сондай-ақ тараптардың өз мүдделерін қорғау бойынша нақты әрекеттерге негіз болады.

Дау-дамайлы жағдайларда адамдардың әлеуметтік-эконо- микалық, адамгершілік және басқа да қарым-қатынастары шие- ленісіп жатады.

Ұйымдағы дау-дамайлық жағдайға неғұрлым тән белгілер мыналар:


  • тұлғаның ар-намысын ресми және ресми емес жағдайда төмендету;

  • тікелей басшылардың нұсқауларын, өкімдерін орындаудан жалтаруы;

  • ұжым мүшесіне қатысты жағымсыз сөздер айту, тіл тигізіп немесе күш көрсетіп қорлау;

  • жекелеген қызметкерлердің тұйықтығы, немқұрайлы- лығы, жалғызсырауы, жабырқауы.

Дау-дамайлық жағдай екі тарап та әрекет еткенде ғана дау- дамайға ұласады. Мұндай әрекеттер мыналар:

1) ішкі мінез-құлықтық актілер және 2) қарама-қарсы тарап- тың өзіне қарсы деп танылған әрекеттері.



Дау-дамайлық әрекеттер – бұл қарама-қарсы тарапқа өзінің мақсатына жетуге тура немесе жанама кедергі келтіруге бағыт- талған әрекеттер. Олар дау-дамайдың өзінің өту фонын күрт ушықтырады: дау-дамайды күрделендіруі, оның эскалациясына тенденция туындатуы мүмкін.

Ұйымда дау-дамайдың пайда болуына ықпал ететін жағдай- лар мыналар:

− еңбек ұжымдарында сақталатын жағымсыз салттар мен дәстүрлер;

− басшының қарамағындағы қызметкерге сенімсіздігі (ол қарамағындағы қызметкердің өзінің міндеттерін орындау бары- сында тым артық қамқорлығынан көрінуі мүмкін);

− ұжымның бір мүшесінің екіншісіне алдын ала теріс түсі- нілген жағымсыз қатынасы;

− адамдарға тым артық шыдамдылық танытудан байқалатын жұмсақтық қатынас пен бәрін кешірушілік;

− ұйымдарда басшының тым жоғары талап қоюына наразы- лық білдіруінен, тұлғааралық антипатияның байқалуынан көрі- нетін дисфункционалдылықпен сипатталатын ресми емес мик- ротоптардың болуы.

Бұл мейлінше жоғары шағын өндірістік топтарда, бригада- ларда, звеноларда, ауысымдарда және т.с.с. байқалады, яғни, ма- териалдық құндылықтар жасалатын, өндірістің негізгі мәселе- лері шешілетін орындарда болады.

Дау-дамай іс жүзінде барлық жерде көрініп тұрады, өйткені, сырттай байқалады: ұжымдағы шиеленістің жоғары деңгейі; жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі – соның салдары ретінде өн- дірістік және қаржылық көрсеткіштердің, жеткізушілермен, са- тып алушылармен өзара қарым-қатынастың төмендеуі және т.б.

Ұйымдағы дау-дамайлар адамдардың мүдделердің, мінез- құлық нормаларының, құндылықтарының қайшылығынан туын- даған қарама-қайшылық нәтижесі болып табылады. Олардың арасынан, ең алдымен, қарама-қайшылықтардың мынадай ти- пін бөліп алуға болады: ұйымдастыру, өндірістік, іскерлік, ин- новациялық.

Осыған сәйкес ұйымдағы дау-дамайдың негізгі типтерін атап көрсетуге болады:

− ұйымдастыру;

− өндірістік;

− еңбек;

− инновациялық.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет