Pirls халықаралық зерттеудің МӘні мен мағынасы: бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата22.05.2024
өлшемі1.38 Mb.
#501674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
pirls-haly-araly-zertteudi-m-ni-men-ma-ynasy-bastauysh-synyptarda-o-u-sauattyly-yn-alyptastyru

 
 
 
Кіріспе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Өскелең 
ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керек», – деп, 
болашаққа нық сенім білдірді [1].
Жеткіншек буынның сауаттылық деңгейіне аса көп көңіл бөлуіміз қажет, оның бірден 
бір жолы - бастауыш сыныптарды оқу сауаттылығын қалыптастырып, одан ары дамуына 
ықпал ету. Осы орайда, PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) - халықаралық 
зерттеуі балалардың сауаттылық деңгейі қалыптасуына жол ашады. Бұл зерттеуде бастауыш 
сынып оқушысының қарапайым оқу дағдысы қандай деңгейде екенін анықтау 
қарастырылған. Халықаралық негізгі «PIRLS–2021» зерттеуі негізінде сарапшылардың 
тұжырымдауы бойынша «Оқу сауаттылығы» – бұл адамның өмірде толыққанды 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
87 
қалыптасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әртүрлі жазбаша және сөйлесу 
формасын түсінуі мен терең ойлау, өз мақсаттарына жетуі мен өмірде толыққанды жетістікке 
жету қабілеті деп көрсетіледі. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында 
басты принциптерді қалыптастырады. PIRLS зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге 
бағытталады: 
– білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде 
алынған нәтижелер талдауының нақты өлшеуіштермен белгіленуі; 
– білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және тиімділігі; 
– зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау; 
– ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу. 
– Тәуелсіз елдер нәтижесін, сонымен қатар, білім саясатын жақсарту нұсқауын 
зерттеуге қатысушыларға ұсыну. 
PIRLS зерттеуі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын 
зерттеуге арналған. Зерттеу кезінде білім алушылар жетістігімен қатар бағдарламаға 
қатысатын елдер ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. 
PIRLS зерттеуі мақсаты әртүрлі әлем елдері бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну 
деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесі оқу сауаттылығын ашудағы 
ерекшеліктерін анықтау болып табылады [2]. 
ХХІ ғасыр адамның әлемдік қоғам тәжірибесіне шынайы білім, білік, дағды негізінде 
кірігуін талап етуде. Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген 
дайындықтың маңызды бір бөлігі ретінде қарастырылуда. Сондықтан шынайы ізденістер 
қажет және ол практикамен тығыз байланысуы тиіс. 
Функционалды сауатты адамды қоғамның барлық мәселелеріне өз үлесін қоса 
алатын тұлға деп қарастырсақ болады. Яғни, бүгінгі мектеп, орта және жоғары оқу 
орындарының басты мақсаты - ұлттық құндылыққа негізделген, функционалдық қабілеті 
дамыған болашақтың іскер иесін дайындау [3]. 
Оқу сауаттылығы, қарапайым тілмен айтқанда, бала бойында өзі оқып отырған 
ақпаратын толықтай қабылдау дағдысын қалыптастыру, мәтіннің ішндегі жасырын түрде 
берілген айтылмақ ойды ұғыну. Фунционалдық сауаттылық - жеке тұлғаның бүгінгі 
жаhандану дәуіріне тиесілі әлеуметтік, саяси және экономикалық қажеттіліктерге 
бейімделуі. Ал, бастауыш сыныпта бұл нәтижелер математика, жаратылыстану және тіл 
сабақтары материалдары арқылы кездескен мәселелелерді шешу дағдыларының 
қалыптасуы арқылы дамиды [4]. Сабақ барысында біз түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана аламыз. 
Соның ішінде алдымен мәтінмен дұрыс, сауатты жұмыс жасай алуымыз қажет.
Бастауыш сынып мұғалімі І.К. Жамалова: «Сауаттылық – адамның одан арғы өмірі 
дұрыс өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен жақсы қарым-қатынас жасау, 
тез бейімделу және сол ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық баланың тек 
оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу 
барысында түрлі жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез келген 
ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы» [5].
Еуропаның дамыған елдерінде сауаттылық мәселесіне де көп көңіл бөлінеді. Білім 
беру саласындағы саясатты өзгерту маңызды заманауи үрдіс болып табылады. Егер 
халықаралық зерттеулер оқушыларымыз оқу сауаттылығының төмен деңгейін көрсетсе, 
онда бұл жағдай білім беру саласындағы, оның ішінде білім беруге қатысты саясатты өзгерту 
үшін дәлел болып табылады. Көптеген елдерде балалардың оқуын қолдау саясаты негізінен 
дами бастады, өйткені ел "мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу" - PIRLS (Progress in 
International Reading Literacy Study) жобаларында төмен немесе жеткіліксіз нәтижелерге қол 
жеткізді [6]. 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
88 
Осыған орай, бастауыш сынып оқушыларының қазіргі таңда оқуға деген ынтасы 
әртүрлі мәселелердің жалпы нәтиже көрсеткіші болып табылады. Оқушылардың оқуға 
деген ықыласының төмендеуі кең орын алған. Бұған әсер етуші күш - оқыту барысында 
қолданатын тың әдістемелердің тәжірибеге енбеуі. Біз оқуға деген қызығушылығын ояту 
үшін оқушыларға тек жаңа әдістер мен тәсілдері қолдану арқасында ғана жетістікке жетеміз. 
«Барлық білім мен ғылым, шығармашылық ойдың пайда болуы оқу сауаттылығы 
дамыған тұлғадан көрінеді», - дейді ғалымдар. Себебі, оқу сауаттылығының бірінші көрінісі 
мәселені сыни тұрғыда қарастырумен ерекшеленеді. Оқу сауаттылығы функционалды 
сауаттылықтың негізгі бір қыры болып табылады. Мәтінмен жұмысты жеке тұлғаның 
психологиялық дағдыларын дамытатын тірі шикізат ретінде қарастыру қажет. 
Әлемдік контексте бастауыш сыныптан оқушының оқу сауаттылығын дамыту 
заманауи қоғамға деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде мән берілуде. Алдымен, тілді 
үйреніп, сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейтін азамат даярлау - басты мақсат. Тілді оқыту - 
әртүрлі форматтағы мәтіндермен жұмыс жасау, мәтіннің мазмұнын түсіну арқылы негізгі 
ойын табу, оны қосымша алған білімдерімен байланыстыра алу, жүйелеу, талдау, дәлелдеу 
жұмыстарына машықтандыру оңай іс емес екендігі анық. Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен 
жаңа заманауи технологиялар заманында оқушыларымыз үшін түрлі ғылым саласын жай 
ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен бірге сол біліміңді өмірде 
тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білу – 
аса маңызды іс [7]. PIRLS халықаралық зерттеу жүйесінің басты мақсаты - оқу сауаттылығын 
қалыптастыруда әр ұлттың өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін әлемдік деңгейде сәйкестендіру. 
Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы ерекшеліктерін талдау болып табылады. Бүгінде осы 
бағдарлама бойынша еліміздегі мектептердің қатысуы жағынан көңіл қуантарлық нәтиже 
көрсете алмай отырғаны жасырын емес. Сондықтан бастауыш сыныпта тіл сабақтары 
негізінде бастауыш сынып оқушылары оқу сауаттылығын қалыптастыруда үздіксіз ізденіс пен 
заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Ондағы басты мақсат - жалпы 
білім беретін мектептерде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыс 
жасату. 
Оқушының шығарманы, мәтінді сезіммен қабылдай отырып, құлшыныспен оқуы үшін 
тиімді, қызықты, жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Осындай жұмыстар барысында 
оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін мына әдістерді қолдануға 
болады: көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне 
сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай 
отырып оқу; ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, 
мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау. 
Мәтін – тілді оқытудағы негізгі құрал. Ол оқу, жазу, тыңдау, сөйлеу арқылы жүзеге 
асады. Мәтінмен жұмыс тіл үйренушінің сөздік қорын байыту мен еркін сөйлеуге үйрету 
немесе өз ойын ашық, анық жеткізе білу дағдысын қалыптастыру мақсаттарын 
көздейтіндіктен, тілді оқытуда мәтінмен жұмыс жүргізуде ұтарымыз мол болмақ. Мәтін – 
қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, білім беретін 
материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде 
берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып, жүйеленуін қажет етеді. 
Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-
білуіне, сол арқылы логикалық ойлауының бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған 
байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу 
дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Оқыту мен оқу 
үдерісінде білім алушы теориялық, танымдық ақпаратты мәтін арқылы алады, ал алынған 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
89 
ақпаратты қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы шығармашылық әрекетпен өмірде 
қолданады [8]. 
Мәтіннің мағыналық және құрылымдық аяқталуы, автордың ақпаратқа көзқарасы
ақпараттың нысандылығымен танылатын болса, шығармашыл тұлғаның стандартты емес 
шешімдер қабылдаудағы терең қасиеттерін көрсететін қабілеті. Мектеп оқушыларының 
күнделікті білім алу жағдайында, пәндер бойынша жиынтық бағалау жұмыстарында, 
қорытынды аттестаттау емтихандары мен сыртқы және тәуелсіз бағалау сынақтарында «оқу 
сауаттылығы» 
бағалануы, 
берілген 
мәтіндегі 
ақпаратты 
табу 
біліктілігін 
арттыру үшін мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 
Оқушы тапсырманы орындау барысында мәтінді «көзбен сүзіп» өтіп, оның негізгі 
элементтерін анықтау және қандай да бір болмасын сипаттамаларына қарап мағыналық 
бірлігін (ұқсастықтарды, айырмашылықтарды, себептік-салдарлық қатынастарды, т.б. 
анықтау) табу, ақпаратты салыстырып көру, автордың ойын білу, жауапты дайындау 
барысында әлем туралы өз пайымдауына сүйеніп, өз ойын қорғайтын дәлелдер келтіруді 
меңгеруі қажет. Сондықтан мәтінмен жұмыс жасаудың мақсаты – тілдік-құрылымдық, 
стильдік жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу. 
Білім алушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы 
шығармашылық ізденістерін, өзіндік ой-пікірлерін жетілдіру 
-
игерілген ақпарат арқылы 
сыни ойлауы мен метатанымдық қабілеттерін арттыру. Мәтінмен жұмыс жүргізуде 
теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, мәтіннің және 
шығармашылықтың өзіндік заңдылықтарын сауатты қолдануға негізделген ауызша, 
жазбаша жұмыстар - теориялық ұғымдар негізінде мәтін мен шығармашылық бойынша түрлі 
деңгейдегі тапсырмалармен шығармашылық, ізденушілік бағыттағы өзіндік зерттеу 
жұмыстары. 
Мәтін мазмұнын жан-жақты ашуда белсенді әдістер арқылы топтық, жұптық, жеке 
жұмыс түрлері, тақырыптар бойынша тілдік және мәтіндік талдау, сыни тұрғыдан ойлануға 
байланысты 
жағдаяттық
тапсырмалар,
шығармашылық 
тапсырмалар 
берілсе, 
оқушылардың өзіндік ізденісін де арттыруға мүмкіндік туады. Мәтінмен жұмыс жасау 
барысында тілдік (әңгіме, дәріс, диалогтік оқыту, топтық оқыту, бірлесе оқыту), көрнекілік 
(танымдық, зерттеушілік, сюжеттік, деректі фильмдер, көрсету, презентация) [9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет