Pirls халықаралық зерттеудің МӘні мен мағынасы: бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата22.05.2024
өлшемі1.38 Mb.
#501674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
pirls-haly-araly-zertteudi-m-ni-men-ma-ynasy-bastauysh-synyptarda-o-u-sauattyly-yn-alyptastyru

 
ЗерттеулерНұсқаулық 
Бірінші мәтін – көркем əдебиет. Әдетте, қызықты оқиғалар, баяндаулар немесе 
ертегілер, екінші мәтін – ақпараттық тақырыпта (көбіне жануарлар турал əңгімелер). Əрбір 
мəтінге шамамен 16 - 19 тапсырма беріледі. Оқушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 
80 минут (екі рет 40 минуттық үзіліспен) беріледі. Тапсырмалардың ашық жəне жабық 
түрлері бар. Бұл тапсырмалар оқушылардың оқыған мəтінін түсіну деңгейі мен сапасын 
бағалауға мүмкіндік береді: 
 
Əдеби оқу тəжірибесін игеруі; 
 
Ақпаратты меңгеруі жəне қолдануы. 
Оқу сауаттылығының негізі мəтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып 
табылады. Бұл оқушылар шығармадан қажетті ақпаратты алуына, нақты мəтіннен қортынды 
шығаруына, негізгі кейіпкерлер əрекеттерін интерпретациялауға, мəтін үлгісін бекітуге жəне
құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі. 
 Эскимостар - солтүстік қиырда өмір сүретін этникалық қауым (ақпараттық мәтін) 
Эскимостар - ең қатал жағдайларда өмір сүреді. Біз олар туралы не білеміз?
Итбалықтар мен морждарды гарпунмен аулайтынын және капюшон кигенін 
қоспағанда, көпшілік бұл аңшылар мен бұғышылар туралы өте аз біледі. Киімдері және 
сауыты жайлы айтатын болсақ, бұл қауым қажеттіліктен жылы және берік киім тігуді біледі. 
Жылылықты ұстауда эскимос киімінің маңызы зор, өйткені эскимос киімі -50 градус 
температураға төтеп береді. Сонымен қатар, олар аңға шыққанда аман қалу үшін киімнен 
өте күшті сауыт жасай алды. Өйткені олар үлкен аңдарды аулағанда, қорғауды қажет етеді. 
Олардың сауыты сүйек пластинкаларынан (әдетте морж тістері немесе азуы) тұратын 
пластинкалы құрылымға ие болады. Бір қызығы мұндай сауыт дизайны жапон 
жауынгерлерінің ежелгі сауытына ұқсайды. Эскимостардың осындай жоғары функционалды 
сауыттарды ойлап табуы олардың таланты мен тапқырлығын көрсетеді. 
«Эскимос» сөзі нәсілшілдікті білдіреді. Жергілікті американдықтар үшін оларды 
«үндіс» деп атау қорлаумен тең. «Эскимо» сөзі француз тілінен аударғанда «дат» деген 
мағына берсе, зерттеушілер олардың «ет жегіш» немесе «шикі жегіш» екендігі туралы келісе 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(94), 2023
92 
алмайды. Жалпы қабылданған саяси тұрғыдан дұрыс атау - инуит сөзі (олардың көпшілігі бұл 
сөзді өздері қолданады). 
Инуиттер әрқашан тамаша аңшылар болған. Нарвал, морж, итбалық және әртүрлі 
құстар мен балықтарды жейді. Ақ аюлар да олардың мәзірінде анда-санда пайда болады. 
Тамақты дайындаудың көптеген дәстүрлі әдістерін - кептіру, қайнату немесе мұздатуды 
біледі. Кейбір тағамдар пісірілмейді. Кейбіреулер мұздатылған етті балмұздақ сияқты нағыз 
нәзіктік деп ойлайды. Олардың бұлай тамақтануы денсаулыққа зиян деп ойлауымыз мүмкін, 
шын мәнінде, әлемдегі ең дені сау адамдар. 
Иглу - инуиттердің әдеттегі тұрғын үйі, мұз бен қар блоктарынан салынған түпнұсқа 
күмбезді құрылым. Иглу жылы болу үшін итбалықтың майы құйылған табақшаға от қойып, 
қабырға мен еденге аң терісін тұтып, төсеп тастаған. Инуиттер үшін иглу - адамдар тұратын 
ғимараттың термині [15]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет