1.2 Жымқыру зардабының кейбір қылмыстық-құқықтық мәселелері
Меншікті
қылмыстық-құқықтық
қорғау
-
меншік
құқығының
конституциялық кепілдіктерінің бірі. Меншікке қол сұғу - кез келген
мемлекеттің қылмыстық заңнамасындағы дәстүрлі қылмыстық құқық
бұзушылықтардың қатарында. Тіпті адамзат баласы бөтеннің мүлкін жымқыру
қылмысын жеке адамға қарсы қылмыстармен бірдей алғашқы болып білді деуге
болады.
Сондықтан зерттеуімізде ең алдымен жымқырумен байланысты
қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін зардаптарың мәнін ашу
мақсатында қылмыстық-құқықтық зардаптың құқықтық табиғатына назар
аударуды жөн санадық.
Бөтеннің меншігін жымқыру қылмыстары пайда болған уақыттан бері ең
көп тараған қылмыстар болды және болып қала береді. Оны тарихи тұрғыдағы
28
теориялық еңбектер, қазақ әдет құқығы заманында да жымқырумен байланысты
қылмыстар болғандығын көрсететін еңбектерден аңғарамыз.
Қазақ әдет құқығына «мүліктік қылмыстар» деген термин болмағанмен,
мүлікке қатысты барлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар «ұрлық»
(воровство) деп аталып келген. «Разбой», «тонау» «ұрлық» қазақ қоғамында
белгілі болғанмен олар қазіргідей сипатта болмады, мәселен, барымта мен «жау
шапты», «жау келді» ұғымдары «разбой-қарақшылық» деп түсінілді.
Патриархалдық-феодалдық қоғамда ұрлық жасағандарға қатігез, ауыр жаза
қолданғанына қарамастан, ол барынша кең тараған құбылыс болды. Ұрлаудың
заты болып қазақ қоғамында мал және қару-жарақтар танылды. Және
тағайындалатын жазаның ауырлығы қылмыс затының сипатына, ұрланған
дүниенің құнына, қайталап істелгеніне, топтасып істелуіне және кімдерге қарсы
жасалғанына қарай анықталды. Айып әдетте мал ұрлағаны үшін «үш тоғыз»
(1 бас мал ұрлағаны үшін 27 бас мал), басқа заттарды ұрлағаны үшін мүліктің
үш еселенген құнын қайтаруға міндеттелді [47, с. 227-228].
Мал ұрлағаны үшін өлім жазасын да қолдану да қазақ әдет құқығында
көзделген, Қазақ әдет құқығының 137-бабында «егер ұрлықшы қылмысты
бірнеше рет қайталап істесе немесе кінәлінің немесе оның туыстарының айып
төлеуге жағдайы келмесе өлім жазасына кесіледі» деп анық көрсеткен [48].
Ұрлау үшін ауыр жаза белгілеу сол замандағы бай-сұлтандардың да,
меншік иелерінің де мүддесіне сай келді. Ал адамдарды қылмыс істеуден
тартындырып отырды.
Тіпті ел ішінде «Ұрының үйі күйсін аяма» деген мәтел де сол кезеңдегі
ұрлау іс-әрекеттері үшін аяусыз жазаланатынының көрінісі [49, с. 263].
1598-1628 жылдары қазақ хандығын билеген Есім ханның «Ескі жолы»
заңнамалар жинағында да «ұрланған аяқты мал үшін ұрыдан ол малдың көзі
қайтарылады, көзі жоқ болып кетсе оның орнына тұрарлық төлеуі алынады, бір
қара ұрлағанның айыбына «ауыздықсыз ат, астарсыз шапан, он қараға дейін
қосымша ат тон кесілген. Он қарадан жоғары ұрлаған ұрыдан – «мойнына
қосақ, артына тіреу» екі айып алынады» делінген. Сонымен қатар, кейінгі 1680-
1718 жылдары бейлеген Тәуке ханның «Жеті жарғы» ережелеріне сәйкес, егер
ұрыны ұрлық үстінде өлтірсе, онда құн төленбейтін болған. Ұстап алған ұрыны
25-тен 60-қа дейін қамшымен дүре соғып жазалауға сотсыз рұқсат берілген.
Егер осы «дүре салудан» кінәлі өліп кетсе, құн төленбеген. Құн төлегенде
алдымен ұрланған малды қайтарып және «тоғыз» айыбын төлеуге міндетті
болған. «Тоғыз» айыбы: бас тоғыз немесе түйе бастатқан тоғыз (бір
түйе,құлынымен екі бие, құнан-дөнен төрт жылқы), орта тоғыз немесе ат
бастатқан тоғыз (бесті ат, екі құнан, екі тайынша, төрт қой), аяқ тоғыз немесе
өгіз бастатқан тоғыз (бес жасар өгіз, екі тайынша, үш қой, үш қозы) түрлерінде
белгіленген [50].
Шолу жасалған мәліметтер де ұрлау (бөтеннің мүлкін жымқыру)
қылмыстарының мазмұнына, сипатталуына, ірілі-ұсақтығы мен істеген кінәлі
адам мен оның жақындарының тартылатын жазасының ауырлығына қарамастан
өмірде болған, бар және болатын құбылыс екендігін тағы бір көрсеткендей.
29
Ежелгі Рим заңнамалық ескерткіштерінде (12 кесте Заңдары) де
жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлығын
«ұрлаушылық» furtum ретінде анықтаған. «Furtum» ұғымы мүлік құқығын
бұзумен байланысты және заманауи мағынадағы ұрлыққа сәйкес келмегенмен
барлық жымқырудың нысандарын қамтитын түсінік ретінде кең мағынада
қаралды [51, с. 528].
Жымқырумен
байланысты
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың
латенттілік деңгейі жоғары, оны жәбірленушілердің көп бөлігінің құқыққорғау
органдарына арызданбауымен түсіндіруге болады.
Осыған байланысты 21 қараша 2012 жылғы Байқоңыр қалалық сотының
азамат Н. қатысты үкімі қадағалау сатысында өндіріс қысқартылды. Сот үкімі
бойынша азамат Н. мектеп бухгалтері қызметін атқара жүріп қызметкерлердің
жалақысына ҚР Үкіметінің 29.12.2007 жылғы №1400 Қаулысы негізінде
25 пайыз үстемақы беріп, мемлекетке сеніп тапсырылған 836 393 тенге
көлеміндегі мүлікті ысырап етті. Сот үкімімен 176-баптың 3-бөлігінің «б»
тармақшасына сәйкес 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына,
1 жыл сынақ мерзімімен тартылды.
Аппеляциялық алқа Н. қатысты сот үкімін ауыр түрінен жеңілдеу түріне
қайта саралады (176-баптың 3-бөлігінің «б» тармақшасынан 176-баптың
2-бөлігінің «в» тармақшасына саралап, 500 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу
түріндегі жазамен ауыстырды).
Кассациялық алқа аппеляциялық қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Қадағалау алқасы ҚР ҚК 176-баптың 2-бөлігінің «в» тармақшасы бойынша
Н. қатысты сот актісін заңсыз деп тауып, оның күшін жойып, іс бойынша
өндіріс келесідей негізде қысқартылуға жатады деп шешті.
Аталған қылмыс құрамы бойынша ізге түсу жеке жариялы түрде жүзеге
асырылады. Яғни қылмыстық іс бойынша өндіріс жәбірленушінің арызы
болмаған жағдайда қозғала алмайды. Аталған талап Қызылорда облыстық
сотының сот сатыларында ескерілмегендіктен, заңсыз сот актісін шығаруға
әкеп соқтырды.
Адамдар үшін меншік қаншалықты маңызды болса меншік құқығы да
қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынастарын
нормативтік құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасында
мемлекеттің қалыптасуының барлық кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда
Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының, одан кейін КСРО құрамында
болып, тек 1991 жылы ғана өз тәуелсіздігін алды. Республикада меншік құқығы
туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттердегі қалыптасқан ағымға
бағынышты еді. Ол кезеңде меншік иесінің құқығы шектелген күшке ие болып,
белгілі бір ауқымнан шықпауға әрі бақыланбауға тиіс болды. Оның меншікке
қатысты құқығын тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырғанын байқаймыз [52,
с. 5].
Меншік жеке бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты
«байланыстырғыш» ролін атқарады деуге болады. Жеке адамның меншікке
егемендігі мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде
30
қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, ағарту, рационалдық
және саяси ойдың жаратылыстану-құқықтық мектептері өркениетті қоғамның
институттық негізі ретінде қабылдады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 1-тармағына
сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік
танылады және бірдей қорғалады [2]. Меншік субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды
қорғау кепілдіктері заңмен белгіленді. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің
заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз
қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып табылады деп
белгіленген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабында [53].
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген
әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне
беріп, иелігінен шығаруға, өзінің меншік иесі ретіндегі құқығын сақтай
отырып, басқа адамдарға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету
жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да
әдістермен ауыртпалықтар түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
Сол себепті меншік иелерінің заңды құқықтары мен мүдделері азаматтық
құқық нормаларымен және меншік құқығына қоғамға қауіпті қол сұғушылық
жасалғанда қылмыстық құқық нормаларымен қорғалынады.
Қылмыстық құқықта меншік иесінің құқықтары меншік нысандарына
қарамастан тең дәрежеде қорғалынады. Меншік нысандарының барлық
түрлерінің тең түрде қылмыстық-құқықтық қорғалуы үшін қылмыстық заң
қылмыстық жауаптылықтың негізін, шегін, қолданылатын санкция түрлері мен
мөлшерін бірдей етіп бекіткен.
Меншік нысандарының тең қорғалынуы үшін: қылмыстық заңнама
біріншіден, әртүрлі меншік нысандарына қол сұғатын ұқсас іс-әрекеттерді
бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден, меншікке оның нысандарына
қарамастан
қол
сұғушылық үшін қылмыстық
құқықбұзушылықтың
ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей белгілеген;
үшіншіден, меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық
үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Алайда мүліктік қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық түрлері
абсолютті меншік құқығымен байланысты емес, кейбіреулері шартты түрде
меншікке құқықты бөтенге беруді қамтиды. Мысалы, автокөлік құралын ұрлау
мақсатынсыз иемдену.
Меншікке қарсы қылмыстар деп мүліктің меншік иесіне немесе өзге
иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал қауіпін тудырумен
байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын
қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз [54, б. 140].
Меншікке
қарсы
қылмыстық
құқық
бұзушылықтар
Қазақстан
Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің 6
тарауында орналасқан. Бұл топтағы қылмыстар жеке тұлғаға қарсы қылмыстар
тарауынан кейін орналасуы арқылы бұндай қатынастарға қол сұғуды кең
31
мағынада жеке тұлғаға қарсы қолсұғушылық деп қарастыруға болады. Бұл
қылмыстар мемлекетке, азаматтарға және қоғамға мүліктік залал келтіре алады.
Меншiктi құқықтық қорғау мәселелерi бойынша теориялық әдебиеттердi
зерттеу және бөтеннiң мүлкiн жымқыруға салу iстерi бойынша сот тәжiрибесiн
зерделеу бұл мәселенiң қазiргi таңда өзектiлiгi жоғары деген қорытындыға
әкеледi. Республиканың Жоғарғы соты iстердiң бұл санаты бойынша сот
тәжiрибесiнiң материалдарын жүйелi түрде зерттеп, зерделеп, соның
нәтижесiнде меншiкке қарсы қылмыстарға жауаптылық үшiн заңдарды қолдану
мәселелерiне байланысты бiрқатар маңызды қаулылар қабылдады. Соның
iшiнде ерекше атап көрсетуге болатыны Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты Пленумының 11 шілде 2003 жылғы «Жымқыру iстерi бойынша сот
тәжiрибесi туралы» №8 нормативтік қаулысы.
Бұрынғы 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
Ерекше бөлімі 6 тарауында меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылық
17 қылмыстық құқықтық нормада анықталған болса (175-188 баптарында),
жаңа қылмыстық заңдағы «меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар»
18 бапта шоғырланған (187-204 баптары). Сонымен қатар, алдыңғы заңнамада
криминализацияланған 183-1, 184-1 баптарындағы қылмыс құрамдары жаңа
заңда реттілігіне қарай жеке баптарда рәсімделген.
Зерттеу тақырыбының негізгі мазмұнын құраған бөтен мүлікті жымқыру
нысандарына қылмыстық заңдағы 7 қылмыстық құқық бұзушылықты
жатқызады. Олар: ұсақ-түйек жымқыру (187-бап); ұрлық (188-бап); сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу (189 бап);
алаяқтық (190 бап); тонау (191 бап); қарақшылық (192 бап); ерекше құнды
заттарды жымқыруға салу (193 бап) құрамдары. Бұрынғы қылмыстық
заңнамада «ұсақ-түйек жымқыру» қылмыстық құқық бұзушылық деп
танылмағандықтан, 6 нысан бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты
пайдакүнемдік қылмыстар деп танылған болатын.
Бұл қылмыс құрамдары меншікке қарсы қылмыстар құрылымында ең
үлкен орын алады, бірақ бұл қылмыстар аса қауіпті болмауы да мүмкін.
Айталық, ұрлық қылмысы барлық жымқырумен байланысты қылмыстық құқық
бұзушылықтардың арасында ауқымды бөлігін құрағанмен, ірі және аса ірі залал
келтіретін қылмыстар жай ұрлық құрамына қарағанда аз екен.
Осы орайда зерттеу нысанасына сәйкес бөтеннің мүлкін жымқырумен
байланысты қылмыстар мен олардан келетін зардаптардың құқықтық
табиғатын түсіну үшін жымқырудың түсінігі, белгілері және түрлерін зерттеуге
аламыз. Жымқыруға салудың дәлме-дәл анықтамасын беру осы қылмыстық
құқық бұзушылықтардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға,
жымқыруға салудың жекелеген түрлерін басқа ұқсас қылмыс түрлерінен
ажыратуға, сондай-ақ осы қылмыс түрлерімен тиімді түрде күрес жүргізуге,
олардың алдын алуға және заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Заң әдебиеттерінде жымқыру ұғымы отандық қылмыстық-құқықтық
доктрина шеңберінде біртіндеп қалыптаса бастады.
32
Алдымен бұл ұғым мемлекеттік және қоғамдық мүлікке қол сұғатын
қылмыстарға ортақ белгі ретінде қаралды. кейін оны азаматтардың жеке
мүліктеріне қол сұғушылыққа қатысты қолдана бастады.
Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес жымқыру ұғымы бұл топтық
ұғым, себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы жымқыруға салудың
барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибесінде соңғы уақытқа дейін
жымқыруға салудың біртұтас анықтамасы қалыптаспаған болатын.
Күші жүріп тұрған заңда жымқыруға салудың ұғымын беру барысында
бұрын қолданыста болған заңдардың тәжірибесі, сондай-ақ қылмыстық құқық
ғылымында берілген анықтамалардың ерекшеліктері ескерілген.
КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдары «жымқыру»
ұғымын кең түрде қолданғанымен де, бұл ұғымды заңда бекітпеді. Жымқыруға
салудың ұғымы қылмыстық құқық ғылымында теориялық деңгейде
қалыптастырылды. Яғни, «жымқырудың» біртұтас ұғымының болмауы
соттардың біртектес қылмыстық істерді қарау барысында әртүрлі шешімдер
қабылдауына әкеліп соқтырды. Бұл жағдай құқық қорғау органдарының
меншікке қарсы қылмыстарының алдын алудың тиімділігіне, олармен нәтижелі
күрес жүргізуге кедергі келтірді.
1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде алғаш рет заң деңгейінде жымқырудың толық
көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы қылмыстық кодекстің 175 бабының
ескертуінің 1 - тармақшасына сәйкес: «осы Кодекстің баптарында ұрлық деп,
пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге
иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың
пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады» деп
бекіткен [55, с. 89].
Жымқыру ұғымын заңнамада беру қылмыстық заңның кепілдемелік
функциясын күшейтеді, тиісті іс-әрекеттердің дұрыс саралануын қамтамасыз
етеді. Және де заңнамадағы ұғым мәні бойынша іс-әрекеттің құрамын
сипаттайды, әр түрлі қоғамдық қатынастарға (жеке, мемлекеттік және т,б.) қол
сұғушылықтарды реттейді. Сондықтан жымқырудың ұғымын бергенде қылмыс
құрамдарын да міндетті түрде ескеру қажет. Және де жымқыру бұл қылмыстың
объектісі мен заты, әрі қарай жымқырудың объективтік жағы, одан кейін
жымқырудың субъективтік белгілері талдануы тиіс.
«Иемдену» және «ұрлау» терминдерін қолданған ҚазКСР Қылмыстық
кодексінен 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің
айырмашылығы мұнда барлық қылмыстық іс-әрекеттер үшін біріңғай
«жымқыру» терминін енгізуі аталған нормативтік құқықтық актінің заң
техникалық жағын күшейтті [56, с. 18].
Ю.И. Ляпунов «...заңнамада жымқырудың ұғымын беру жымқырудың
барлық нысандары үшін ортақ топтық құрамның сипаттамасын береді және
қылмыстарды дұрыс саралаудың жалпығаміндетті бағдарын көрсетеді» [22,
с. 64].
33
Отандық тәжірибеге сүйенсек, жымқыруға салудың толық ұғымы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 шілдедегі 2003 жылғы №8
қаулысында берілген болатын. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес
«бөтен біреудің мүлкін жымқыруға салу деп меншік иесінің мүлкін
пайдақорлық мақсатпен заңсыз, тегін алуды және оны өз пайдасына немесе
басқаның пайдасына айналдыруды бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керек».
Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық, қорқытып алу,
иемдену, ысырап ету немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен
де ұрлануы мүмкін [57].
Бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Пленумының 25.07.96 ж. Қаулысында басқаша берілген «бөтеннің мүлкін ұрлау
ретінде меншік иесінің мүлігін пайдакүнемдік мақсатта және өз пайдасына
немесе басқа үшінші адамдардың пайдасына айналдыру үшін ақысыз, заңсыз
алу түсініледі».
Заң деңгейінде берілген жымқыруға салудың ұғымын қарастырған кезде,
бұл ұғымды қалыптастыруға түйткі болған ғалым-заңгерлердің әртүрлі
көзқарастарына назар аудармауымызға болмайды. «Жымқыру» ұғымына
қатысты ғылымда Г.А. Кригер және В.А. Владимировтың берген тұжырымдары
төңірегінде шоғырланғандықтан, қысқаша тоқталып көрейік.
Г.А.
Кригер
жымқырудың
ұғымы
осы
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың белгілерін жалпылайтын ұғым болуы қажет. Яғни,
«жымқыруға
салу деп мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың
қорларындағы мүлікті пайдақорлық мақсатпен қылмыстық иелену немесе
үшінші жақтарға беру танылады» дейді [58, с. 56].
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 175-
бабының ескертуінде берілген жымқыру ұғымын Г.А. Кригермен берілген
жымқыру ұғымымен салыстырып қарастырсақ, қылмысты жүзеге асырған
«әрекетке» және «ұрланған мүлік иесіне» қатысты кейбір айырмашылықтарды
көруімізге болады. «Ұрланған мүлік иесіне» қатысты қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексі жәбірленуші ретінде «меншік иесін»
және «мүліктің өзге иеленушісін» таниды.
Ал қылмыс жәбірленушісі ретінде «мемлекеттік немесе қоғамдық
ұйымдардың, олардың қорларын түсінеді». Бұл айырмашылықтың болуын
уақыттан іздеуіміз керек. Себебі Кеңес Үкіметі тұсында меншік нысандары мен
меншіктің мәртебесі бірдей емес болатын.
«Қорлар» ұғымы экономикалық санат болғандықтан біркелкі мағынада
қолданылмайды. Бұл термин қандай да болмасын ұйымның мүлкі туралы сөз
болған кезде қолданылады. Бірақ та, иелігіңде нақты мүлкің болмаса да, белгілі
бір қорға ие болуға болады. Осыған байланысты Г.А. Кригермен берілген
жәбірленушіге қатысты ұғым шектелген болып табылады.
В.А. Владимиров болса, жәбірленуші ретінде мемлекеттік немесе
қоғамдық ұйымдардың қорларын емес, тікелей мемлекет немесе қоғамдық
ұйымдардын озін таниды. «Мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымның иелігінен
34
мүлікті құқыққа қайшы алу және ұрланғанды өз меншігіне айналдыру
мақсатында қайтарымсыз түрде алу» деп түсінеді [59, с. 51].
Бұл жағдайда мемлекет немесе қоғамдық ұйым түріндегі нақты
жәбірленушілер бар.
Бұл анықтамалардағы мәнді айырмашылықтарды көрсету қажет.
В.А. Владимиров жымқыру кезіндегі іс-әрекеттің екі элементін көрсетеді. Олар
мүлікті алу және екіншісі оны иелену. Г.А. Кригер жымқыруды қылмыстық
иелену немесе мемлекеттік, қоғамдық үйымдардың қорларындағы мүлікті
үшінші тұлғаларға беру деп анықтайды. Бұл анықтамалар бүгінгі күн талабына
сай келмейді, жеке меншік иесінің құқықтары ескерусіз қалған.
Соңғы кездері 2000 жылдардан бастап меншікке қарсы қылмыстар мен
жымқыруға байланысты ғылыми еңбектер мен диссертациялық жұмыстар да
пайда бола бастады. Сол еңбектердің барлығында дерлік жымқырудың ұғымын
беруге талпыныс жасалды, осы еңбек те көрсетіп отырғандай жалғаса береді.
Мәселен, С.Ф. Милюков «Жымқыру дегеніміз бөтеннің мүлкін кінәлінің
өзінің меншігі сияқты билік ету немесе өз пайдасына не өзгенің пайдасына
айналдыру мақсатында қоғамға қауіпті құқыққа қайшы алып қою» деп
түсіндіреді [60, с. 232]. Бұл анықтамада бұрынғы еңбектерде кездеспеген
«қоғамға қауіптілік» секілді қылмыстың белгісі бой көтереді. Бірақ ол белгіні
жымқырудың бір белгісі ретінде енгізудің қажеттілігін жұмысында
негіздемейді. Оған қоса қылмыстың төрт белгісінің екеуін көрсетеді де, қалған
«кінәлілік» және «жазаланушылық» секілді екі белгісін анықтамаға қоспайды.
Бұл пікірге қылмыстық құқық патриархтарының бірі А.И. Бойцов қарсы
пікір білдіреді. Егер автордың көзқарасын заңнамаға енгізетін болса кез келген
мүліктік сипаттағы қылмыстарды құқыққа қайшы екендігі дәлелденетін болса
құқыққорғау органдары жымқырумен байланысты қылмыстар деп тануға негіз
береді [61].
А.В. Голикова «жымқыру дегеніміз бөтеннің мүлкін залал келтіріп
кінәлінің иемденуі мақсатында құқыққа қайшы, ақысыз нысанда алып қоюын
түсінеміз» деп жымқырудың ұғымын береді [62].
Аталған пікірдің кемшілігін С.А. Бочкарев келтірілген залалдың сипатын
көрсетпеу залалды кең мағынада түсінуге жол беріп қана қоймай, жымқырудың
мүліктік залал келтірмеуі де мүмкін; және де пайдакүнемдік мақсаттың орнына
бөтеннің мүлкін иемдену мақсатын жымқырудың белгісі ретінде қарау оны
басқа да мүліктік сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажыратуға
мүмкіндік бермейді. Айталық, бөтеннің мүлігін бүлдіру немесе жою құрамын
да жатқызуға тура келеді. Нәтижесінде жымқыру өзінің ерекшелігін жояды,
басты белгілерінен айырылады. Және ғылымда қалыптасқан пайдакүнемдік
мақсаттағы жымқыру қылмыстарын жіктеу қатарынан алып тастауға тура
келеді [63, с. 24].
Е.А. Раздобудко, В.И. Плохова тіпті жымқырудың легалдық жалпы
ұғымын артық санап, заңдағы ол ұғымнан бас тартуды ұсынады. Ол
жымқырудың жалпы ұғымынан бас тартып «мүлікке қол сұғушылық» терминін
35
қолдану арқылы тәжірибеде көптеген мәселелерді шешуге болар еді» дейді [64,
с. 124-126; 65, с. 36].
С.М. Кочои «...Жымқырудың бір жалпы ұғымын бергеннен көрі нақты бір
қылмыстың: ұрлық, тонау, алаяқтық және т.б. ұғымын берумен шектелген
жақсы» [66].
Алайда ол бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың қандай белгілерін
заңнамада көрсету керектігін, қазіргі редакциясын өзгерту керек пе әлде жоқ па
ол мәселеге тоқталмайды. Және де бір белгіні жымқырудың әрбір нысаны үшін
қайта қайта заң мәтінінде қайталап көрсету заң техникасы ережелеріне қайшы.
Біз А.Г. Корягиннің пікірімен қосыламыз. Ол «қылмыстық заңнамада
жымқыру ұғымын белгілеу арқылы заң шығарушы құқыққорғау органдары
қызметкерлерінің тәжірибеде қылмыстық істерді қате саралауының алдын
алады. «Жымқыру» ұғымын жан-жақты түрде қарастырғаннан кейін, тек
жымқыруға тән, оны басқа ұқсас құрамдардан ажыратуға мүмкіндік беретін
негізгі объективті және субъективті белгілерді бөліп көрсетуімізге болады» [67,
с. 86].
Және де «жымқыру» терминінің қылмыстық заңнамада болмауы жымқыру
мен пайдакүнемдік қолсұғушылықтардың араласып кетуіне, сөйтіп әр түрлі
проблемалардың қайнар көзі болуына себеп болады.
«Жымқыру» дәл осындай ұғыммен қылмыстық заңның баптарында,
тараулары мен бөлімдерінде сәйкес, бірдей болып кездеспеуі керек. Ал мұндай
қайталама ұғым ескі 1997 жылғы қылмыстық заңнамамызда орын алған
болатын.
1997 жылғы Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасында қолданылған
«ұрлау» терминінің өзі де өте ұтымды емес. Cебебі орыс тіліндегі нұсқасында
берілген «хищение» термині қазақ тіліндегі нұсқада «ұрлау» болып кеткен.
Яғни заң шығарушы топтық ұғымды жеке дара ұғыммен бір деңгейде
қарастырған.
Олай айтып отырған себебіміз «ұрлау» барлық жымқыруға салу
нысандарының бір нысаны ұрлықтың нысандары ғана болып табылады. Бұған
қоса сол 1997 жылғы ҚР ҚК 175-баптағы «ұрлық» құрамын түсіндіргенде де
заң шығарушы заң нормасының конструкциясында «ұрлық» дегеніміз бұл
бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау деп көрсеткен. Сонда ұрлық дегеніміз
жасырын ұрлау. Түсініп көріңіз, заң техникасының талаптарына сәйкес норма
құрылымында қайталанған ұғымдар болмауы тиіс.
Аудармаға қатысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
қаулысында берілген ұғым да сәтсіз екендігін айтуға болады. Онда 1-бабында
«Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті
осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып
айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып
қою және (немесе) айналдыру танылады» деп көрсетілген. Бір «хищение»
сөзінің орнына заңшығарушының «заңсыз иемдену» деп сөз тіркесін құқық
қолданушы пайдаланғаны сөз қолдануды қиындатады.
36
Сондықтан да біз жаңадан қабылданып күшіне енген Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің алтыншы тарауының баптарында
«хищение» сөзін аударып «жымқыру» деп беруі ұтымды әрі бұған дейінгі
ғылыми пікірталастарға тоқтам қойды деп есептейміз. «Жымқыру» деп
пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге
иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың
пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады».
«Жымқыру» сөзі мағынасы жағынан да жақын, жымын білдірмей бөтеннің
мүлкін заңсыз иемденуді түсіндіреді.
Ал
енді,
жымқырумен
байланысты
қылмыстық
заңнамадағы
терминологиялық заңдық-техникалық мәселердің бірі біздің ойымызша:
187-бап. «Ұсақ-түйек жымқыру» құрамындағы «болмашы мөлшер» деген
сөздің қолдануын дұрыс емес деп табамыз. Себебі, «болмашы мөлшер» ұғымын
енгізу теориялық және практикалық жағынан «ұсақ мөлшер», «аз мөлшер»
деген ұғымдармен қатар заңнамаға жаңа «болмашы» мөлшер деген ұғымды
енгізіп, одан сайын терминологиялық шатасуларды көбейтеді. Қолданыстағы
ҚР ҚК 187-баптың 1 бөлімінің диспозициясы біріншіден, осы жымқырудың
ұсақ-түйектігін емес «болмашы мөлшерде жасалған» деп қылмыстық құқық
бұзушылық әрекеттің мөлшерін қамтығандай сипатталған. Мысалы: «бір
реттен артпайтын» деген секілді. Бұл жерде аудармашы осы баптың 2-бөлімі
«бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру» болғандықтан бірінші бөлімнің
мазмұнын түсінбегендей. Екіншіден, «тонау», «қарақшылық» жымқыруға
жатпайды ма? «Бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан таражға салу» бұл
жерде «ұрлықтың», «алаяқтықтың», «қарақшылықтың», «тонаудың»
аяқталған дәрежесі ретінде қарастырылып тұрғандай немесе 189 баптағыдай
«Сеніп тапсырылған» деген сөз тіркесін қосу керек. Немесе осы баптың 1-
бөліміндегі «яғни» сөзінен кейін «зардабы» деген сөз енгізілсе дұрыс болады
деп санаймыз. Сонда заң шығарушының қылмыстық құқық бұзушылық
зардабына көңіл бөліп тұрғаны анық байқалады.
Сонымен қатар болмашы сөзі аз мөлшер немесе ұсақ мөлшер деген ұғымға
қарағанда мағынасы жағынан кең талқылауға жол береді, құқық
қолданушыларды ойландырып саралауда қателіктер жасауына жол береді.
Жаңа Қылмыстық кодекстің «Осы Кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды
түсіндіру» деп аталатын 3-бабының 10-бөлігінде белгіленген «болмашы
мөлшер» деген ұғымды орысшадан тікелей аударылған, қазақ тілінде бар әрі
түсінікті «аз мөлшер» немесе бап атауына да қайшы емес әрі түсінікті
көрсетілгендей «ұсақ мөлшер» деп ауыстырған дұрыс деп ойлаймыз.
Бұл өз кезегінде онсыз да шұбалаңқы болып бара жатқан қазақ тіліміздің
мәртебесін көтеріп қана қоймай, заң тілі мен техникасын сақтауға ықпал етіп,
бір ғана «незначительный» ұғымын «болмашы мөлшер» немесе «ұсақ түйек
мөлшер» деп заң мәтінінде екі түрлі ұғыммен аударуға жол бермес еді.
Сонда бұл баптың мәтіні келесідей болып өзгертіледі:
«187-бап. Ұсақ-түйек жымқыру.
37
1. Ұсақ-түйек жымқыру, яғни зардабы ұсақ мөлшерде жасалған, бөтеннің
мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, бір жүз айлық
есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу
жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық
жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға
жазаланады.
2. Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру – бес жүз айлық есептiк
көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу
жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға
не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады»[68].
Тағы бір айта кетер мәселе, қайталама ұғым ретінде «жымқыру» ұғымы тек
қана меншікке қарсы қылмыстар тарауында ғана кездеспейді, ол қылмыстық
заңнаманың Ерекше бөлімінің басқа тарауларында да жымқыру түрінде
сипатталған. В.В. Мальцев, А.И. Бойцов оған қатысты былайша пікір білдіреді:
«заңшығарушы қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жағын
сипаттағанда жымқыру деген белгіні ажырытып, оны тек меншікке қарсы
қылмыстар тарауына қатысты ғана қолданғанымыз жөн» [61, с. 99].
Л.Д. Гаухман, С.В. Максимов қылмыстық заңнамадағы есірткі заттарын
немесе психотроптық заттарды жымқыру немесе қорқытып алушылық құрамы
әр кезде де пайдакүнемдік мақсатты көздемейді, тіпті ол қылмыстарға бүл белгі
тән емес, бұл құрамға пайдакүнемдік емес, осы заттарды алып қою тән [69].
С.М. Кочои есірткі заттарын, ядролық заттарды жымқыру құрамдарында
«жымқыру» терминін «иеленіп алу (завладение)» терминімен ауыстыруды
ұсынады [66, с. 88-89].
А.Г. Безверхов жымқыру терминін Ерекше бөлім бабының ескертуінде
емес, Жалпы бөлімнің түсініктерді көрсететін немесе анықтама беретін
бабында түсіндіруді ұсынады. «Бұл өз кезегінде заң талқылауын жеңілдетеді,
қылмыстық заңның меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан басқа
құрамдарында да қолдануға мүмкіндік береді, ұғымды пайдалану тиімділігін
арттырады» [70].
Мұндай шешім көптеген шетелдердің қылмыстық заңнамаларында да
көрініс тауып, «жымқыру» ұғымы қылмыстық кодексте қолданылатын
түсініктемік аппараттар қатарынан орын алған. Мәселен, Аустрия, Германия,
Польша, Беларусь Республикаларының Қылмыстық кодекстерінде арнайы
норма белгіленген. 1994 жылғы Өзбекстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде «Терминдердің құқықтық мазмұны» деп аталатын бапта 45-термин
бар [71, с. 31-37].
Қылмыстық заң және ғалымдар арқылы берілген «жымқыруға салудың»
ұғымында адамды жымқыру үшін жауаптылыққа тартудың мәнді шарты болса
да, жәбірленушінің мүлікті иеленуінің заңдылығы көрсетілмейді. Осыған
байланысты тәжірибе жүзінде жиі кездесетін жағдай, мүліктің заңсыз
иеленушіден алынуы, яғни ұры ұрыдан ұрлайды. Бір жағынан алып
қарастырсақ, егер де олар мүлікті меншік иесіне, заңды иесіне не болмаса
құқық қорғау органдарына қайтару мақсатын көздемейтін болса, онда мұндай
38
іс- әрекеттер құқыққа қайшы болып табылады. Осы жағдайға байланысты сот
тәжірибесіне талдау жүргізіп байқайық. Жоғарғы Сот Пленумының қаулысына
сәйкес, «алынған мүлік адамның заңсыз иелігінде болса да, кінәлінің
әрекеттерін бөтен мүлікті жымқыруға салу ретінде саралау қажет» деп
көрсетілген.
Тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен
мүлікті иеленіп алуды бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарауға
болмайды.
Заң шығарушы деңгейінде берілген «жымқырудың» анықтамасында,
жымқыру меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге зиян келтіруі қажет деген
талап бар. Келтірілген зиян алынған мүліктің мөлшерімен анықталынады.
Осыған байланысты назар аударатын келесі мәселеміз, заң шығарушы
қылмыстық істі қозғау үшін меншік иесіне қатысты ұрланған мүліктің құны 10
айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет деп есептейді.
Қазақстан
Республикасының
қолданыстағы
Қылмыстық
құқық
бұзушылықтар кодексіндегі 187-бап «Ұсақ-түйек жымқыру» құрамын жаңа
құрам
ретінде
қылмыстық
заңнамаға
енгізуді
қолдамаймыз,
оны
декриминализациялауды қажет ететін бап ретінде ұсынамыз. Себебі, бұл
біріншіден, қылмыстық құқық бұзушылықтар шеңберін кеңейтеді; екіншіден,
қылмыстық құқық бұзушылар саны мен қылмыстылық туралы елдегі
статистикалық мәліметтердің артуына әкеледі; үшіншіден мұндай құқық
бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қылмыстық құқық
бұзушылықтармен күрес міндеті жүктелген органдардың қызметін қамтамасыз
ету үшін керегі жоқ, артық күш жұмсауды қажетсінеді.
2014 жылы жаңа Қылмыстық кодексті қабылдаудағы ең басты мақсат және
жетістік ретінде оның декриминализациялануы бойынша заңшығарумен
қоғамға жарияланғандығы бәрімізге мәлім. Шынымен де біз оның мазмұны
бойынша өзгеріске ұшырағанының куәсі болдық. Дегенменде, алдыңғы
қылмыстық заңнамада «ұсақ-түйек» ұрлау ретінде аталып ол бойынша
әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, жаңа қолданыстағы қылмыстық
кодексте бұл түсінік «ұсақ-түйек жымқыру» деп атауын өзгертіп ол қылмыстық
құқық бұзушылық ретінде енгізілді. Бұл орайда декриминализациялау
мақсатына қол жеткізілгеніне күмәнмен қарауға болады.
2015 жылы жасалған меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
санының ішінде «ұсақ-түйек жымқыру» үлесі 4,3% болып отыр, ал
жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар ішіндегі оның
заодабының үлесі 1% дан аспайды.
2015 жыл бойынша жымқырумен байланысты қылмыстық құқық
бұзушылықты ашуға жұмылдырған күшке тоқталсақ, 1267 әкімшілік полиция
қызметкерлері, 12169 қылмыстық криминалдық полиция қызметкерлері, 759
ұйымдасқан қылмыскерлермен күрес басқармасының қызметкерлері, 278
нашақорлық бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері, 5854 участкелік
инспекторлар, 1286 кәмелетке толмаған азаматтар бойынша инспекторлар, 43
экономикалық тергеу қызметкерлері, 7501 патрульдік пост қызметкерлері
39
жұмылдырып, 1320 бөлуге арналған қабылдау камералары, 647 арнайы
қабылдау камералары, 1009 қызметтік иттер, 8109 ғылыми техникалық
құралдар қолданылып, 5933 арнайы сараптамалар мен зерттеулер жасалған [6].
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын
жаза түрлеріне келетін болсақ.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде
бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты қылмыс құрамдарын (ұрлық, сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау)
істегені үшін «мүлкін тәркілеу» түріндегі қосымша жазаны тағайындау
мүмкіндіктері барынша кеңейтіліп, бұл жаза түрі жаңа қылмыстық заңның 48-
бабына сәйкес қолданылады.
Сонымен қатар, қылмыс істеген адам тек жаза өтеумен шектеліп, ал
меншік иесіне келген материалдық залалдың орнын толтыру мәселесі
қылмыстық жазаның сыртында қалады. Ал бөтеннің иелігінен заңсыз
шығарылған мүлік қайтарылуға тиісті. Бұл орайда меншік иесіне немесе
мүліктің өзге де иеленушісіне жымқырылған мүліктің өзі немесе нарықтағы
құны қайтарылуы тиіс.
Кінәлі тұлға жымқыру қылмыстарын істеу барысында бөтен адамның
мүлкін алу арқылы өзі, жақындары мен үшінші тұлғалар үшін өзіне тиесілі
емес, бөтен адамның мүлкін немесе мүлікке құқығын заңсыз иеленеді. Заңсыз
жолмен өзінің қажеттіліктерін бөтеннің мүлкіне қолсұғу арқылы алу әлеуметтік
әділеттілік принципіне қайшы келеді. Ал әлеуметтік әділеттілікті қалпына
келтіру - қылмыстық құқықтың басты принциптерінің және функцияларының
бірі.
Мүлкін тәркілеудің аталған функциясы қоғамның әлеуметтік, саяси,
экономикалық құрылымынан тәуелсіз, бағынышты емес. Мүліктік қылмыстық
құқық бұзушылықтардың саны артып отырған бүгінгідей заманда мүлкін
тәркілеу түріндегі жаза мұндай пайдакүнемдік, соның ішінде жымқырумен
байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың тежегіші, оларды
ауыздықтауға көмектесін құралдардың қызметін атқара алады.
Сол үшін қолданыстағы ҚР ҚК 188-бабын келесідей бөлікпен немесе
ескертумен толықтыру: «Бөтеннің мүлкін жымқырған кінәлі адам
тағайындалған жазаға қарамастан меншік иесіне Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің 917-бабына сәйкес материалдық және (немесе)
материалдық емес) зиянды толық көлемде өтеуге міндетті» деп белгілеу қажет.
Мұндай норма қылмыс істеген адамдардың жауапкершілігінің жаза өтеумен
шектелмей, келтірген залалының орнын толтыру міндетін жүктеп, жымқыру
арқылы алған мүліктің құнын түбінде бір өтейтінін білдіріп, жауапкершілік
жүгін арттырады деп ойлаймыз.
Зерттеп отырған құрамдардағы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы
бойынша және қылмыстық топ жасаған әрекеттер деген қылмыс құрамының
ауырлатылған және аса ауырлатылған түрлері қылмыстық құқық бұзушылыққа
сыбайласудың заңда белгіленген нысандары болып табылады, қылмыстық
құқық бұзушылықты сыбайласумен жасады деп тану үшін олардың қасақана
40
қылмыс істеуге қасақана бірлесу белгісінің болуының өзі әрекетті сыбайласу
деп тануға негіз береді.
Сонда, заң шығарушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы адамдар
тобының алдын ала сөз байласпай істеуіне қарағанда ауыр екендігін, сонымен
қатар қылмыстық топтың жымқыру әрекеттері адамдар тобының алдын ала сөз
байласқан адамдар тобының жымқыру әрекеттеріне қарағанда ауыр екендігін
баптың әр түрлі бөліктеріне орналастыру арқылы шешуді көздегені ме?
Қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар тобының алдын ала сөз байласпай
жасауы мен адамдар тобының алдын ала сөз байласып істеуінің ауырлық
дәрежесін ескеру үшін заңда соңғысын құрамның ауырлататын түрі ретінде
белгілеу тиімсіз әрі негізсіз. Себебі қылмыстық құқықбұзушылыққа сыбайлас
қатысудың нысандары үшін жауапкершілікті ауырлатудың жолы заңда
белгіленген нысандарды бір баптың әр түрлі бөліктеріне орналастырмай-ақ, заң
шығарушы белгілеген жаза тағайындаудың жалпы ережелеріне сүйеніп және
Қылмыстық кодексінің 27-31, 57-баптары негізінде шешуді сотқа жүктей
алады. Сот норма санкциясында белгіленген жазаның төменгі және жоғарғы
шегінде қылмыстық іс әрекет жасаған адамның жауапкершілігін жеке
дараландыру қағидатын жүзеге асыра алады деп есептейміз.
Мұндай бекіту қылмыстық сыбайласудың барлық нысандары үшін
жауаптылық белгілеудің де шарты бола алады. Әйтпесе тек қана адамдар
тобының сөз байласуы бойынша және қылмыстық топ жасаған әрекеттер үшін
ғана қылмыстық сыбайласу үшін жауапқа тартылып, басқа сыбайласу
нысандары үшін жалпы негізде қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары үшін
жауаптылыққа тартылатындай болып көрінеді.
Ғылыми әдебиетттерде, мысалы Ю.М. Антонян қылмыстық құқық
бұзушылықтардан, соның ішінде жымқырудан келетін зардаптардың
төмендегідей белгілерін көрсетеді:
– меншік қылмыстарынан келетін зардаптың мазмұны материалдық,
психикалық, адамгершілікке қарсы және соматикалық және өмірінен айыру
сипатында болуы мүмкін. Материалдық – бұл бөтеннің мүлкіне залал келтіру,
психикалық – меншік иесіне немесе өзге де иеленушісіне келтірген психикалық
зардап, жымқыру адамгершілік нормаларына қайшы, мүлікті бөтеннің иелігінен
шығару барысында субъект меншік иесінің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін,
немесе адам өмірінен айыру түріндегі зардап келтіруі мүмкін;
– залал келетін қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі – тек қана жеке
тұлғалардың меншік құқықтары емес, отбасының, мемлекеттің, қоғамның
меншік құқығын реттейтін қарым-қатынастарға зардап келтіреді. Бұл
қатынастардан қосымша реттеу аяларына (экономика, әлеуметтік сала,
мәдениет, қоғамдық тәртіп т.б. салаларына) зардап туындатады;
– келтірілген зардаптардың ауырлығы қарақшылық құрамындағы
абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян
келтіруден бастап ұсақ-түйек ұрлықтан келетін материалдық зардапқа дейін
анықталады;
41
– қоғамға қауіпті зардаптың туындау уақыты қылмыс құрамының
конструкциясына қарай (материалдық, формальдық) жалпы ережеге сәйкес
анықталады;
–
пайдакүнемдік
жымқырумен
байланысты
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың зардаптары жаңадан қылмыстық-құқықтық тыйым
салуларды бұзатын фактор болады;
– залал келтіру орын алған адамдардың өмір сүруінің аясы;
– келтірілген залалдың көлемі [72, с. 208-210].
Аталған белгілер меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың
зардаптары үшін ғана емес, жымқыру іс-әрекеттеріне де тән, яғни оның құрам
элементтері шеңберіндегі міндетті белгілері болып табылады деп есептейміз.
|