Пирзадаев арман нургабылович


ЖЫМҚЫРУ ЗАРДАБЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

2 ЖЫМҚЫРУ ЗАРДАБЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ 
2.1 Жымқыру зардабы – қылмыстық құқық бұзушылық құрамының 
объективтік жағының белгісі ретінде
Қылмыстық құқық ғылымында жымқыру ұғымы мен оны сипаттайтын 
негізгі элементтерді ашу жымқырудың барлық нысандарына тән белгілерді 
анықтауға және дараландыруға, нақты жымқыру нысандарын талдауды 
жеңілдетуге, меншікке қарсы өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардан 
ажыратуға, қылмыстық жазаланбайтын іс-әрекеттерден ажыратуға көмектеседі.
Қылмыстық 
құқық 
теориясында 
бөтеннің 
мүлкін 
жымқыру 
қылмыстарының негізгі белгілерін оның анықтамасына сәйкес анықтайды. 
Дегенмен заң шығарушы «жымқыру» ұғымын заңда белгілеу арқылы 
теориялық пікірталастарға тоқтам жасады.
Заңға сәйкес «жымқыру деп бөтен мүлікті осы мүліктің иесіне немесе өзге 
иеленушісіне залал келтіре отырып кінәлі адамның немесе басқа адамдардың 
пайдасына пайдакүнемдік мақсатта жасалған құқыққа қарсы қайтарымсыз, 
тегін алып қоюын және (немесе) айналдыруын айтамыз». 
Қазақстан Республикасынің қолданыстағы Қылмыстық кодексінің 3-
бабының 17-бөлігінде берілген жымқыру ұғымын талдай келе, оның мазмұнын 
құрайтын мынадай белгілерді бөліп көрсетуге болады:
– мүлікті кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына алу; 
– меншік иесіне немесе мүліктің өзге иеленушісіне залал келтіру; 
– құқыққа қайшы алу және/немесе айналдыру; 
– ақысыз алу және/немесе айналдыру; 
– бөтеннің мүлкін алу және/немесе айналдыру; 
– пайдакүнемдік мақсат.
Осы белгілердің ішіндегі жымқыру зардабын сипаттайтын - меншік иесіне 
немесе мүліктің өзге иеленушісіне залал келтіруді қарастырып көрейік.
Жымқыруға салудың объективтік жағының барлық белгілерін анықтау, 
оның қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді 
[73]. 
Меншік иесіне немесе мүліктің өзге иеленушісіне залал келтіру белгісі 
жымқыру құрамын материалдық құрамға айналдырады.
Осы залал келтірілген уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп 
танылады. Келтірілген залалдың мөлшері жымқыруға ұшыраған мүліктің, 
заттың құнымен есептелінеді. 
Жымқырудың қоғамдық қатынастарға зардабының дәрежесін анықтау 
үшін, заң шығарушымен келтірілген зардаптар материализацияланған, себебі 
осындай сыртқы нысанға ие болғанда ғана біз оларды нақтылай аламыз. 
Осылай материализацияланған нысандағы жымқыру зардабы қылмыстық 
құқық бұзушылықтың обьективтік жағының міндетті белгісіне айналып 
қылмыстық құқықтық категория болады [74].
Сонымен қатар, жымқыру зардабы қылмыстық құқық бұзушылықтың 
обьективтік жағының факультативтік белгісін құрайды.


43 
Осы негізде – қылмыстық құқық бұзушылық құрамындағы обьективтік 
жағында зардаптың міндетті белгісі ретінде қаралса материалдық, ал керісінше 
болса формальді құрам ретінде есептеледі [75]. 
Оған қоса, жымқырудың қоғамға қайшы бағыты – меншік иесіне қарасты 
тауарлық-материалдық құндылықтар болып табылады. 
Ал осы құндылықтар өзінің сыртқы нысанынсыз, материалдық негізінсіз 
экономикалық категория ретінде саналмайды. 
Және жоғарыда көрсетілгендей заңда бекітілген қоғамдық қатынастарға 
қарсы әрекеттік көрініс алу және/немесе айналдыру нысандарында болады. 
Бөтеннің мүлігін алу және/немесе айналдыру алу іс-әрекеттері деп түсінуге 
байланысты қылмыстық құқық теориясында әр түрлі көзқарастар бар.
Мәселен, О.Ф. Шишов жымқырудың белгісі ретінде алу ретінде бөтеннің 
мүлкін қолмен алу және айналдыру арқылы оған иеленуге, пайдалануға және 
заңсыз билік етуге мүмкіндік алады. Алу ұрлық, алаяқтық, тонау үшін кінәлі 
ашық немесе жасырын, күштеп немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге 
қиянат жасау жолымен мүлікті алу жүргізіледі [76].
Профессор А.П. Рарог бөтеннің мүлкін алу меншік иесінің немесе өзге де 
иеленушісінің иелігінен кінәлінің иелігіне өтуін түсінеміз. Алуды бұл жерде 
кең мағынада түсінеді, мәселен мүлік барлық жағдайда заңды иеленушісінің 
билігінен, қолынан емес, кейде оған құқығы алаяқтың қолына өтуі мүмкін.
Профессор И.Ш. Борчашвили «алу» белгісі қарақшылықтан басқа барлық 
жымқыру тәсіліне тән. Қарақшылық құрамы Қазақстан Республикасының 
қылмыстық заңнамасында басқа құрамдар секілді материалдық құрам емес, 
формальдық құрам ретінде құрылған. Қарақшылық кезінде қылмыстың аяқталу 
сәті бөтеннің мүлкін алумен байланыстырылмайды, қылмыс жәбірленушінің 
мүлкіне иелену мақсатында шабуылдаған сәттен бастап аяқталды деп 
есептеледі [77, с. 17].
Алу ұғымы бөтеннің сеніп тапсырылған мүлігін иемдену немесе ысырап 
ету құрамында «алу» бар ма деген сұрақты заң шығарушы шешіп берген, яғни 
алу кінәліге меншік иесінің сенім білдіруі арқылы берілген мүлікті өзінікі 
секілді алу арқылы иемденуді немесе ысырап етуді білдіреді.
Олай болса жымқыру белгісі ретінде бөтеннің мүлкін алу дегеніміз меншік 
иесінің немесе өзге де иеленушісінің мүлкін кінәлінің немесе өзге үшінші 
тұлғаның пайдасына алу немесе айналдыру.
Кінәлінің немесе үшінші тұлғалардың пайдасына мүлікті алу айналдыру. 
Профессор М.С. Нарикбаев жымқыру бөтеннің мүлкі меншік иесінің немесе 
өзге де иеленушісінің иелігінен белсенді іс-әрекеттер жолымен істеледі. 
Жымқырушы адамның әрекеті мүлікті алумен шектелмейді. Алынған заңсыз 
мүлік кінәлінің билігіне өтуі тиіс. Билігіне айналдыру кінәліде мүлікті 
иеленуге, пайдалануға немесе билік етуіне фактілік түрде үстемдік ету [78, с. 7].
Егер мүлік меншік иесінің немесе өзге де иеленушісінің иелігінен белгілі 
бір себептермен (қоқысқа тастау, түсіріп алу, жоғалту және т.б.) шығып қалса 
бөтеннің мүлкін заңсыз иелену қалай шешілетіндігі сот-тергеу тәжірибесінде 


44 
пікірталасты. Бұндай жағдайда бөтеннің меншігіне заңсыз иелену жымқыру 
құрамын құрамайды
.
[79, с. 349]. 
Меншік иесінің иелігінен шығып қалған заттарды пайдакүнемдік иемдену 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде де, 2015 
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін ел тарихындағы екінші қылмыстық 
заңнама болып есептелетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 
сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрамайды. 1960 жылғы 
Қазақстанның Қылмыстық кодексінде тауып алған немесе кездейсоқ табылған 
мүлікті иеленіп алу құрамы (79-бабы) декриминализацияланған, біздің 
қолданыстағы және қолданысқа енетін кодексімізде мұндай іс-әрекеттер 
қылмыс болып танылмайды [80].
Дегенмен жекелеген шет мемлекеттерде мүлік меншік иесінің немесе өзге 
адамдардың иелігінен шығып қалса тауып алған немесе кездейсоқ табылған 
мүлікті иемдену үшін қылмыстық жауаптылық туындайды. Мысалы, Испания 
Қылмыстық кодексінің 253-бабына сәйкес меншік иесі беймәлім затты немесе 
жоғалған затты иемдену үшін қылмыстық жауаптылық туындайды. Тауып 
алған бөтен мүлікті көрінеу аса ірі мөлшерде иемдену үшін жауаптылық 
Беларусь Республикасының ҚК 215-бабында белгіленген [81].
Шет елдердің тәжірибесіндегі меншік иесінің иелігінен шығып қалған 
мүлікті пайдакүнемдік ниетпен иемдену үшін қылмыстық жауаптылықты 
қолданыстағы 
заңнамаға 
сәйкес 
криминализациялауды 
қолдайтын 
қазақстандық ғалымдар да бар. Мысалы: К.Ш. Уканов өзінің докторлық 
жұмысында («Предупреждение хищений в Республике Казахстан: уголовно-
правовые и криминологические аспекты») осындай тұжырымды бекітуді 
ұсынады.
Ал жымқырудың бір белгісі оның құқыққа қайшылығы болса, мүлікті 
өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына алу қылмыс құрамы болуы үшін 
заңда қылмыс ретінде бекітілуі қажет. Сонымен қатар өзінің, ортақ (үлестік) 
немесе даулы (иеленіпі алушыға тиістілігі мүмкін) мүлікті алу жымқыру деп 
есептелмейді [82, с. 469].
Егер тұлға мүлікті алуға заңды құқығы болғанына қарамастан оны алу 
тәртібін бұзу мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыс құрамы жоқ [83, 115-117].
Ортақ немесе даулы мүлікті немесе алынатын мүлікке қатысты белгілі бір 
заңдық құқығым бар деп қателесіп алу жүргізген жағдайдың өзінде жымқыру 
құрамын құрамайды, алайда белгілі бір жағдайларда өзінше билік ету немесе 
басқа да қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті құрамуы мүмкін.
Бөтеннің мүлкін ақысыз алу мен бөтеннің мүлкін өзінікіне айналдыру 
мүлік үшін оның құнын (толық немесе жартылай) немесе еңбегімен өтеу 
түрінде немесе құны жағынан бірдей мүлікпен айырбасталмаған не төленбеген 
мүлік түсініледі. Алауов Е.О. мүліктің бағасының ішінара төмендетілуі, 
мысалы мемлекеттік мүлікті, орнын толтыруды білдірмейді, және жымқыру 
үшін жауапкершіліктен бостапайды. Себебі кінәлі бір бөлігіне ақысы 
төленбеген мүлікті жымқырады. Мәселен, жеке тұлғаның мемлекеттік мүлікті 
көтерме бағамен заңсыз алуы [84, 35].


45 
Жымқырудың елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін алу болып табылады. 
Тегін алуға мүліктің ешқандай құнын төлемей алу немесе болмашы құнын 
төлеу арқылы, құны бағалы мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру арқылы 
алулар жатады. Бөтеннің мүлкін тегін алу арқылы меншік иесіне немесе өзге де 
заңды иеленушіге тікелей материалдық залал келтіріледі. Осы залал келтірілген 
уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған деп танылады. Келтірілген 
залалдың мөлшері жымқыруға ұшыраған мүліктің, заттың құнымен 
есептелінеді. 
Мүлікті жымқыруға салудың қоғамға қауіптілік себебінің бірі мүліктің 
қайтарымсыз түрде алынуы. 
Қайтарымсыз, тегін деп, ақшалай эквивалентсіз немесе орнына басқа 
мүлікті бермей алынған мүлік есептелінеді. Егер де, мүлікті иемдену 
барысында меншік иесіне сәйкес өтемақы берілсе, бұл әрекеттерді мүліктік 
зиян келтірілмегендіктен жымқыру ретінде қарастырмаймыз [85, б. 217].
Сонымен, жымқыру зардабы қылмыстық құқық бұзушылық зардабының 
обьективтік жағының белгісі ретінде, қылмыстық заңмен қорғалатын меншікке 
қарсы қоғамдық қатынастарға келтірілетін залал болып табылады. Яғни, 
жымқыруды қылмыстық құқықтық саралауда қарастырылып, әрекетті 
криминализациялауға үлкен әсер етеді. 
Жымқырудың обьективтік жағының міндетті белгілерінің бірі негізінен 
заңға 
қайшы 
іс-әрекетімен 
келтірілген 
қауіпті 
зардаптың 
арасын 
жалғастыратын себепті байланыс болып табылады. Бұл себепті байланыс 
болмаса қылмыстық құқықтық жауапкершілік болмайды.
Қылмыстық заңнаманың диспозициясында себепті байланыс анықталып 
көрсетілмесе, кейбір жағдайда мамандардың қортындысы талап етіледі. 
Бөтеннің мүлкін жымқыру қылмыстарының объективтік және субъективтік 
белгілеріне қысқаша шолу жасау негізінде қылмыстық құқық теориясындағы 
жымқыру ұғымының мазмұнын, құқықтық табиғатын ашуға мүмкіндік 
ашылады.
Жымқыру құрамының объективтік белгілеріне тоқталғанда қылмыс 
объектісін сипаттау жөн деп саналады.
Қылмыстың объектісі дегеніміз қылмыстық заңмен қорғалатын, қылмыс 
нәтижесінде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін төндіретін қоғамдық 
қатынастар.
Қылмыс объектісінің дәстүрлі түрде екі белгісі бар, қол сұғылатын 
қоғамдық қатынас және қылмыстың заты.
Қол сұғушылықтың объектісі, қылмыс құрамының маңызды және міндетті 
элементтерінің бірі болып табылады. Оның ролі екі негізгі функциямен 
анықталады. 
Объект қылмысты бағалауда, оның қоғамға қауіптілігін белгілеуде, 
қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежесін анықтауда шешуші роль атқарады. 
Объект қылмысты ғылыми және заңдық тұрғыдан белгілі бір топтарға 
бөлуге мүмкіндік береді [86, с. 28].


46 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде 
қылмыс объектісінің жалпы анықтамасы, ұғымы берілмеген. Объектіге 
арналған арнайы зерттеулер барысында қылмыс объектісіне, оның ұғымы мен 
түрлеріне қатысты көптеген мәселелерге талдау жүргізіледі. Дегенмен қылмыс 
объектісіне қатысты пікірлер бір арнаға тоғысып, қылмыстың объектісін 
зерттеген көптеген авторлар «қылмыс объектісі дегеніміз бұл қоғамдық 
қатынастар» деп тұжырымдайды [ 87, б. 45]. 
Жымқырудың объектісіне қатысты мәселе қылмыстық-құқықтық ғылымда 
әр түрлі шешіледі. Бір авторлар жымқырудың объектісі болып экономикалық 
меншікті, яғни базистік категория ретінде таниды [88, с. 5].
Екіншілері меншікке құқықты [90], үшіншілері екеуін бірге қарастырады 
[66, с. 17-18; 91], төртіншілері мүлік және мүліктік мүдде деп көрсетеді [89,
с. 83; 92].
Авторлардың әрқайсысы өз пікірлерін жан-жақты талдап негіздемесін 
береді. Біздіңше бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың объектісі ретінде 
экономикалық және құқықтық категория ретіндегі меншіктік қатынастар 
танылады дегендері дұрыс. Өйткені қоғамда меншік қатынастары 
субъектілердің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығына байланысты 
нормалармен реттеліп, бекітіледі және қорғалады. Осы құқықтарды жүзеге 
асыру барысында азаматтар белгілі бір қатынастарға түседі, ол қарым-
қатынастар қоғамға қауіптілік туындатып қылмыстық-құқықтық тыйымдарды 
бұзуы да мүмкін. Біздің пікірімізді А.В. Шульга дәл тапқандай «Меншік 
адамдар арасындағы оның объектісін пайдалануға қатысты қатынастар» дейді 
[93, с. 28].
Қылмыстық заң мүлікті, заттарды емес, адамдардың арасындағы заттарға 
байланысты қатынастарды қорғайды. 
Жымқыруға салудың мәнін анықтауда негізгі рөлдің бірі қылмыс 
объектісінің түрлерін анықтауға берілген. Бұл мәселе қылмыстық құқық 
теориясында жете зерттелген қылмыстың объектісінің негізгі ережелерін 
басшылыққа ала отырып шешіледі және қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
жалпы, топтық және тікелей объектісіне қарай бөліп қарастырылыды.
Меншікті 
қылмыстық 
қол 
сұғушылықтардан 
қорғау 
Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып 
табылады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында 
«қылмыстық заңның міндеттері ретінде бейбітшілікті және адамзаттың 
қауіпсіздігін сақтау, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен занды 
мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, Қазақстан 
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, қоғам мен мемлекеттің 
заңмен қорғалатын мүдделерін, басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан 
қорғау және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» деп бекітілуінен 
заңдық шешімін тапқан. Бұл санамаланған объектілер жалпы объектіні құрайды.
Жалпы нормаға сәйкес қылмыстық заңның алдында екі үлкен міндет тұр: 
ол, біріншіден , белгілі бір мақсаттарды көздеп қоғамдық қатынастарды қорғау 


47 
болса, екіншіден қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ол жалпы 
және арнайы (жеке) алдын алуды (превенция) қамтып, жазаны орындау процесі 
барысында сотталған адамда қылмыстық емес мінез құлықтың негіздерін 
қалыптастыруды, жаза мақсаттарына қол жеткізуді білдіреді.
Қылмыстық құқық теориясында меншікке қарсы қылмыстарды жіктеуге 
қатысты түрлі көзқарастар болғанымен, қазіргі уақытта қылмыстық құқық 
теориясында бір шешімге тоқтап, бұл тараудағы қылмыстық құқық 
бұзушылықтар пайдакүнемдік ниеттің орын алғанына немесе жоқ болуына 
байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып 2 түрге бөлінеді. 
Өз кезегінде меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтар 
жымқырумен байланысты және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік 
қылмыстық құқық бұзушылықтар болып 2 (екі) топқа бөлінеді.
Бұл топтағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы объектісі меншік 
қатынастары болғандықтан, жымқыруға салу әрекеті тікелей меншікке қарсы 
бағытталған [94, с. 89].
Сол себептен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6 тарауы 
«Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталады. Бұл 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі қылмыстық заңмен 
қорғалатын меншік құқығына байланысты қоғамдық қатынастар.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың, соның ішінде 
жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық 
объектісін меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын 
құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар құрайды. 
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі 
болып меншіктің кез-келген нысаны табылады. Меншіктің нақты нысаны 
қылмыстық жауаптылыққа және адамның мінез-құлқын саралауға әсерін 
тигізбесе де, қылмыстық іс бойынша анықталынуы міндетті болып табылады, 
себебі: біріншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті 
элементі; екіншіден, кейбір ауырлататын белгілерді тануға әсерін тигізеді [95, 
с. 125]. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың тікелей объектісі ретінде 
меншік иесінің немесе өзге де иеленушісінің (мемлекеттік немесе жеке меншік 
те) мүлігі болуы мүмкін. Яғни, топтық және тікелей объектілерді дұрыс 
ажырату, мүліктің қай түріне зиян келтірілгендігін анықтау үшін қажет 
(мысалы: жер, автокөлік, ерекше құнды заттар т.б.) Объектіні дұрыс анықтау 
қылмыстың қоғамға қауіптілігін ашуға және жаслаған іс-әрекеттерді дұрыс 
саралауға мүмкіндік береді. 
Кейбір авторлардың пікірі бойынша жымқыруға салудың тікелей объектісі 
мүліктің нақты бір түрі болып табылады. Мұндай көзқарастар негізсіз болып 
табылады, себебі, объект қоғамдық қатынас, ал мүлік бұл объектінің 
материалдық көрінісі, яғни осы қатынастардың нәтижесі. Мүлікке зиян келтіру 
тек жымқыруға салумен ғана емес, басқа да қылмыстық әрекеттермен 
жасалынуы мүмкін. (Мысалы: диверсия, салақтық). Ендеше, жымқыруды басқа 
қол сұғушылықтардан ажырату негізін объектіден іздеуіміз қажет. Егер де 
мүлік объект ретінде болса, біз мүліктің сипаттамасымен байланысты 


48 
қылмыстарды ғана бір-бірінен ажырата аламыз. (Мысалы: жымқыруға салу 
мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену кезіндегі автокөлік, ерекше құнды 
заттарды жымқыруға салу кезіндегі ерекше құнды заттар және т.б.). 
Кейбір ғалымдар жымқырудың тікелей объектісі меншік қатынастары 
емес, керісінше мүліктің өзі деп есептейді [96, с. 29.]
Мүлік меншік қатынастарының орын алуының алғашарты, ол мемлекеттік, 
қоғамдық, жеке меншік қатынастарының көрінісі болуы мүмкін. 
Сонымен, мүлік жымқырудың тікелей объектісі бола алмайды, ол 
жымқырудың заты болып қана саналады. Бірақ қылмыстың заты абстрактілі 
емес, шын мәнісінде, ол әрқашанда нақты әлеуметтік мазмұнға ие. Мүлік 
жымқырудың заты ретінде белгілі физикалық, экономикалық, заңдық 
қасиеттерге ие болуы тиіс. 
Адамдар арасындағы қатынастар оларға берілген құқықтарды сақтауды 
көздейді. Бұл құқықтар сақталмаған жағдайда қоғамдық қатынастар да өзгереді, 
бұзылады. Сондықтан да объект ретінде бұзылған меншік құқығы немесе 
белгілі бір затқа иелену құқығы (интеллектуалдық меншік құқығын бұзу, жерге 
заттық құқықтарды бұзу) бола алады. Бірақ та, бұл көзқарас қылмыстың барлық 
мәнін және қоғамға қауіптілігін көрсете алмайды, себебі, қылмыстың затымен 
байланысты қылмыстар қамтылмай сырт қалып қояды.
Сондықтан да, жымқыруға салудың объектісінің сипаттамасын талдағанда 
теорияда жымқыру қылмыстарының затына байланысты мәселені шешу қажет.
Жымқыру объектісінен жымқырудың затын ажырату керек. Екеуі бір 
түсінік емес.
Қылмыстық құқық ғылымында зат деп, қылмыс бағытталған қоғамдық 
қатынастардың материалдық көрінісі, яғни оған қол сұғу арқылы объектіге зиян 
келтіретін заттар түсіндіріледі [97, с.125]. «Қылмыс заты бұл қылмыстық қол 
сұғылатын объектінің материалдық жағы, бірақ ол қылмыс объектісінің өзі 
емес» деп Н.И. Коржанский айтқаны дұрыс [98, с.104].
Қылмыстың заты материалдық әлемнің заттары. Жымқырудың заты 
материалдық әлемнің заттары, олар белгілі бір материалдық немесе рухани 
құндылыққа ие. Яғни материалдық әлемнің заттары оған адам еңбегі 
жұмсалмаған жағдайдың өзінде адамның тұтынушылық қажеттіліктерін 
қанағаттандыру қасиеттеріне ие болуы шарт [99, с.357]. Адамдардың 
тұтынушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру заңсыз, қылмыстық жолмен де 
қамтамасыз етілуі мүмкін. 
Мүлік жымқыру заты ретінде айрықшаландыратын белгілерге ие. Осындай 
ерекше белгілері болғанда ғана мүлік жымқырудың заты функциясын атқара 
алады. 
Жалпы қағидаға сәйкес, қылмыскер иеленген зат басқа біреудің 
меншігінде болуы қажет. Жымқыруға салудың затын анықтау үшін оның негізгі 
белгілерін төртке бөлуді теорияда С.М. Кочои бөліп көрсетеді:
а) әлеуметтік белгі жымқыру заты болып тек қана адам еңбегі жұмсалған 
объектілер бола алады;
ә) заттық белгі жымқыру заты әрқашан материалданған;


49 
б) заңдық белгі жымқыру заты ретінде тек қана бөтеннің мүлкі болып 
табылады; 
в) экономикалық белгі қылмыс заты белгілі бір құндылыққа ие [100,
с. 12-15].
И.Я. Козаченко жымқыру қылмыстарының заты үш белгіге ие болуы керек 
деп есептейді. Олар: а) заттық ол материалдық объект болып табылады; ә) 
экономикалық ол заттанған адам еңбегін қамтиды; б) заңдық мүлік бөтендікі 
және адамның оған қатысты құқығы жоқ [101, с. 357].
Кез келген жымқырудың міндетті белгісі ретінде қылмыс затының 
маңызын оның қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында бөтеннің 
мүлігі ретінде болуы да айқындайды. Алайда алаяқтық құрамының заты ретінде 
мүліктен басқа әр түрлі құжаттарда бекітілген мүлікке құқық та болып 
табылады.
Жымқыру барысында мүлік меншік иесінің немесе басқа да иеленуші 
адамның иелігінен алынады. Егер де мүлік кез-келген басқа да себептермен 
меншік иесінің иелігінен алынған немесе шығып кеткен болса, бұл заттарды 
иелену жымқыруға салуды құрайды.
Осыған байланысты меншік иесінің қарамағындағы заттар дегеніміз не? 
Меншік иесінің қарамағындағы заттар дегеніміз, тек қана арнайы 
қорғалынатын немесе құлыпталынған заттар емес, кәсіпорын аумағындағы, 
мекеменің ғимаратындағы, құрылыс алаңындағы немесе шаруашылық қызмет 
жүргізілетін кез-келген орындағы, көлік құралдарындағы, сондай-ақ меншік 
иесі жоғалтпаған, бірақ та уақытша қараусыз жатқан заттар да бола алады. 
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты ретінде 
қылмыс істеу нәтижесінде қол сұғылатын материалдық әлемнің заттары, яғни 
ақша, бағалы қағаздар, асыл тастар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, 
интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған 
басқа да жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады [102,
б. 178]. Жымқыруға салудың заты ретінде идеялар, көзқарастар, адамның ақыл-
ойының көріністері, мәліметтер қарастырыла алмайды 
Қылмыстық құқық теориясы мен практикасы кез келген жымқыру 
қылмыстарының затының белгілерінің жүйесін қалыптастырды. Ол бойынша 
жымқыру белгілері мынадай: 
Жымқыру затының физикалық-заттық белгісі. Қылмыс заты (мүлік) 
объективтік сыртқы әлемнің материалдық заты. Жымқыру заты болғандықтан 
мүлік әруақытта да материалдық, яғни матриалдық өмірдің бөлігі, заттың 
белгісіне ие болады. Жымқыру кезінде мүлік заттандырылған, кеңістікте 
кескінделген, сыртқы әлемнің материалдық заты ретінде қарастырылады. 
Жымқыруға салу адамның, қоғамның есебінен өмір сүру ынтасын, қоғамдық 
өндіріс процесінде алынған материалдық құралдармен заңсыз пайдалану 
ынтасын көрсетеді. Сондықтан идеяларды, ойларды иелену, адамды ұрлау 
жымқыру болып табылмайды. 
Жымқырудың заты әдетте сырттай сезілетін зат. Ол газ, сұйық, қатты 
күйде болуы мүмкін екендігін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде 


50 
мұнай-газ сияқты сұйықтықтарды құбырдан ұрлау үшін жауапкершілік 
көздеуінен де байқаймыз. 
Жымқыру заты жылжитын да, жылжымайтын да мүлік бола алады. 
Жымқыруды анықтау үшін мүліктің кейбір түрлері (үй, пәтер, жер бөлігі) өзінің 
объективті қасиеттеріне байланысты жасырын түрде алына алмаса да, алдау, 
күш қолдану және қорқыту жолымен алына алады. Бірақ та сот-тергеу 
тәжірибесі көрсетіп отырғандай кейбір жағдайларда «жылжымайтын» мүлік 
«жылжитын» мүлікке ауыса алады. Мысалы: жеке тұрғын үйді бұзып тастау; 
бау-бақшаның темір қоршауын алу және әкету; байланыс линияларын 
демонтаждау және т.б.[103]. 
Жымқыру заты азаматтық айналымнан алынған заттар да бола алады. 
Алайда бұл қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі басқа, 
меншік құқығымен байланысты емес қатынастар. Сондықтан мұндай заттар 
басқа топтағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты қызметін атқарады. 
Мәселен, егер де қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қауіп 
төндіретын заттар (қару-жарақ, радиоактивті заттар, есірткі заттар мен жүйкеге 
әсер ететін заттар) жымқыруға салынса, жасалынған әрекеттер мүліктік қылмыс 
ретінде емес, ҚР ҚК 9 тарауы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікке және 
қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» бойынша сараланады. 
Заттық белгісі болмағандықтан интеллектуалдық құқық, компьютерлік 
мәліметтер, электр және жылу энергиясы жымқыруға салудың заты бола 
алмайды. Бұл заттар қылмыс заты ретінде басқа құрамдар бойынша 
жауаптылық туындатады.
Алайда соңғы кездері нарық жағдайларына байланысты қоғам өміріндегі 
меншікке қатынастардағы өзгерістерді ескеріп жымқыру затын түбегейлі түрде 
кеңейту керек [104, с. 12; 105, с. 25-27]. Олардың қатарына интеллектуалдық 
құқық, компьютерлік мәліметтер, электр және жылу энергиясы, газ және мұнай, 
бабиғи байлықтар т.б. енгізу керек.
Негізінен, жымқырудың затының кең таралған түрі жылжитын мүлік 
болып табылады. Олар: көлік құралдары, өндіріс құралдары, тұрмыстық заттар, 
азаматтық айналымнан алынған заттар және т.б. [28, с. 39].
Жымқыруға түсетін жылжитын және кеңінен таралған заттардың ішінде 
айналымдағы ақша, бағалы қағаздар, бағалы тастар мен зергерлік бұйымдар, 
құнды металдар мен табиғи асыл тастар, қалта телефондары, видео-, 
аудиотехника, компьютерлер мен ноутбуктер, табиғи тондар мен бас киімдер, 
тұрмыстық техника да бар. Заттардың қатарына тек қана материалдық әлем 
заттарын ғана емес, белгілі бір құндылығы бар интеллектуалдық құқық, 
компьютерлік мәліметтер, электр және жылу энергиясы, мұнай-газ секілді 
игіліктерді де жатқызу қажет. Бұл игіліктер сонымен қатар азаматтық құқықтық 
нормаларға сәйкес заттардың қатарына енгізілген.
Жымқыруға салу затының келесі белгісі экономикалық белгі. Талан- 
таражға салудың затының экономикалық белгісі біріншіден, экономикалық-
шаруашылық құндылығы болуы тиіс; екіншіден, мүлік құнынан көрінетін 
бағасы болуы тиіс.


51 
Заттардың тұтынушылық құны оның пайдалалығымен есептеледі, қалта 
телефоны адамдардың коммуникабельдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған. Немесе бұзылып жөндеуге келмейтін тұрмыстық техниканы 
меншік иесі шығарып тастаса ол заттың тұтынушылық құны болмайды, оны 
рұқсатсыз немесе қоқыс жәшігінен алу қылмыс құрамын құрамағандықтан 
қылмыстық жауапкершілік туындатпайды. Керісінше, шаруашылық құндылығы 
жойылған заттар немесе адам еңбегі сіңбеген табиғат объектілері жымқыруға 
салудың заты ретінде қарастырылмайды. Осы белгіге сүйене отырып, біз талан 
таражды экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырата аламыз. 
Мүліктің құнын, бағасын есептегенде ол заттың қылмыс істеу сәтіндегі 
нарықтағы бағасы ескеріледі [106].
Заттың құндылығының көрінісі оның құны, ақшалай бағасы. Сондықтан да 
ақша, валюталық құндылықтар және басқа да бағалы қағаздар (акциялар, 
облигациялар, коносамент және т.б.) құнның эквиваленті болғандықтан 
жымқыруға салудың заты ретінде карастырылады.
Мүліктік емес сипаттағы құжаттар, сондай-ақ тек мүлікті алуға құқық 
беретін құжаттар (сенім хат, квитанция т.б.) экономикалық белгісі 
болмағандықтан мүлік ретінде қарастырылмайды. Бұл құжаттарды әрі қарай 
мүлікті алу мақсатында жымқыруға салу, алаяқтыққа дайындалу ретінде 
қарастырылады. Мүлікті иеленумен байланысты емес құжаттарды, штамптар 
мен мөрлерді жымқыруға салу үшін жауаптылық басқа құрамдар бойынша (ҚР 
ҚК 324 бап) көзделген. 
Экономикалық көзқарас жағынан жымқыруға салудың заты құнға ие 
болып, ал оның өзі затқа сіңген қоғамға пайдалы еңбеқтің көрінісі болып 
табылады. Демек, жымқырудың заты ретінде оны дайындауға, өндіруге, 
өсіруге, табуға адамдардың еңбегі жұмсалған мүлік есептеледі. 
Сондықтан, жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, 
басқа да табиғи ресурстар жымқырудың затына жатпайды. Сонымен бірге, 
республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта 
қоры, мәдениет және табиғат ескерткіштері бұл топтағы қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың затына жатпайды. 
Жымқырудың әрбір нақты фактісіне байланысты алынған мүліктің нақты 
шынайы құны дәлме-дәл анықталынуы қажет. Бұл мәселеге байланысты
11 шілде 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті 
қаулысында былай делінген. «Қылмыстың заты болып табылатын мүліктің 
құнын анықтау барысында, меншік иесінің қылмыс жасалған кезде 
қолданылған, сәйкес құжаттармен бекітілген комиссиондық, нарықтық немесе 
бөлшек бағаларға сәйкес затты алу ерекшеліктерін ескеру қажет. Баға болмаған 
жағдайда және алынған заттың мөлшеріне байланысты дау туындаған кезде 
жымқырудалған мүліктің құны сарапшының қорытындысы негізінде 
анықталынады. Алынған заттың мөлшері, оның нақты бағасы арқылы келесі 
жағдайларда да анықталынуы мүмкін: егер жымқыруды жасыру мақсатында 
кінәлі алынған заттың орнына құны шамалас затты беретін болса. Бұл жағдайда 


52 
алынған мүліктің орнына берілген мүліктің құны зиянның мөлшерін анықтау 
барысында ескерілуі мүмкін». 
Жымқыруға салу затының үшінші белгісі құқықтық белгі. Бұл белгі 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 
нормативтік қаулысында бекітілген. Осыған сәйкес, «Жымқыруға салудың 
және меншікке қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты 
кінәлінің меншігіндегі емес, яғни бөтен мүлік болып табылады» [107, с. 43]. 
Яғни:
а) жымқыру қылмыстарының заты бөтеннің иелігіндегі мүлік болуы тиіс. 
Бөтеннің мүлкін алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе өзге заңды 
иеленушінің иелігінен шын мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның иелігіне 
алуын айтамыз. Жымқырудың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі, яғни 
бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды 
иеленушінің келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады. 
Мүлік жөніндегі өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге 
асыру жымқыруға емес, өз бетінше билік ету немесе басқа қылмыс құрамын 
қүрайды; 
ә) еркін азаматтық айналымнан алынған заттар болмауы тиіс. Егер де 
қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін заттар 
(қару-жарақ, радиоактивті заттар, есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар) 
жымқыруға салынса, жасалынған іс-әрекеттер мүліктік қылмыстар ретінде 
емес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9 тарауы бойынша 
«Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар» ретінде 
сараланады; 
б) мүлік шын мәнінде бар, меншік иесінің немесе өзге де иеленушісінің 
заңды иелігінде немесе меншік құқығында болуы тиіс;
в) бөтеннің мүлкін иемдену мен ысырап ету құрамына тән белгі мұндай 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты тек қана сеніп тапсырылған мүлік 
бола алады [108, с. 27].
Жымқырудың тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі, яғни бөтеннің мүлкін 
заңға қайшы, негізсіз, меншік иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің 
келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру, өткізу болып табылады.
Қылмыс затының белгілерін нешеге бөліп қарастырғанмен, жымқыру 
қылмыстарының белгілері кешенді түрде осы белгілердің барлығына ие, 
қамтуы тиіс.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың заты Азаматтық 
кодексте көрсетілген меншік құқығының кез-келген объектісі бола алады. Бұл 
мәселеге байланысты отандық заң шығарушының позициясы өте орынды деп 
есептейміз. 
Меншік қатынастарын бұзатын жымқыруды істеудің ауырлық дәрежесі 
келтірілген материалдық залалдың мөлшерімен анықталады. Ол қол 
сұғушылық затының экономикалық, әлеуметтік, құқықтық бағасымен тығыз 
байланыста бола отырып оның құнымен, ақшаға шаққандағы құнымен тығыз 
байланысты.


53 
Жасалынған жымқыру туралы толық көлемде көрініс алу үшін 
объективтік белгілермен қатар, субъективтік белгілерді де ескеріміз қажет. 
Жымқырудың субъективтік белгілеріне: 
1) кінәнің қасақаналық нысаны; 
2) пайдакүнемдік мақсат. 
Жымқырудың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық түрімен 
сипатталады. Адам алынған мүліктің басқа адамның меншігі екендігін, бұл 
мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінеді, бірақ та пайдақорлық ниетті 
басшылыққа алады. Пайдақорлық мақсаттың және тікелей қасақаналықтың 
болмауы жымқыру үшін қылмыстық жауаптылықты да жояды [109, с. 29].
Жымқырудың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық нысанымен 
сипатталады. Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті зардаптың тууының 
болмай қалмайтындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен 
адам өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын 
зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай қалмайтындығына 
көз жеткізеді. 
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы 
түрде жол беру элементін құрайды. Тілеу-бұл белгілі бір мақсатқа, нөтижеге 
жету деген ерік білдірушілік болып табылады.
Тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу, әр түрлі 
нысанда көрінуі мүмкін [110, с. 92].
а) қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қоғамға 
зиянды зардап түпкі мақсатқа жетудің қажетті қүралы болса я болмаса;
б) қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшін түпкі мақсатқа жетудің белгілі 
бір сатысы болуы мүмкін. 
Яғни, жымқыру кезінде кінәлі тұлға өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін 
үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе 
болмай қоймайтынын алдын ала біледі және тілейді. 
Осыған байланысты сот-тергеу практикасының материалдарында да 
кездеседі. Яғни қасақаналықпен бөтеннің мүлкін иемдену болмаса қылмыс та 
жоқ деп танылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының шешімімен 
Семей қалалық соты 32 881 100 тенге сомасындағы азаматтық талапқа қатысты 
бөлігінде 29.03.2012 ж талап арызды қанағаттандыру туралы шешіміне сәйкес 
А. әрекетінде жымқыру белгісі жоқ деп тапты.
Семей қалалық соты 32 881 100 тенге сомасындағы азаматтық талапқа 
қатысты бөлігінде 29.03.2012 ж. талап арызды қанағаттандыру туралы шешім 
қабылдайды. Кассациялық саты үкім мен апелляциялық қаулыны өзгеріссіз 
қалдырды. Қадағалау сатысы А. Әрекетінде жымқыру белгісі жоқ деп тапты. Іс 
материалдарынан белгілі болғандай, балабақша құрылысына қажетті 
материалдар бағасының жоғары құны объектіні толық көлемде белгіленген 
мерзімде тапсыруға мүмкіндік бермейді.
Көгалдандыру, жертөлені абаттандыру, сыртқы кәріс жүйесі, жерді 
тегістеу жұмыстары жүргізілмеген. А. құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырма 


54 
шарты бойынша әрі қарай жалғастыра береді. Балабақша 2010 жылдың 
желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп тұрған.
Аталған мән-жайларда қаржылық тәртіптің бұзылуы мен тапсырма 
шартының талаптарына сәйкес бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену 
туралы қылмыстың істелгенін куәландырмайды. Аталған ақша құралдарын 
иемденуге қатысты қасақаналық жоқ.
Кінәлінің санасымен жымқыру үшін тән барлық белгілер қамтылады: 
тұтастай іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі, жымқырудың нақты қылмыс 
құрамының белгілерін жиынтығында құрайтын фактілі мән-жайлар, сондай-ақ 
қылмыс құрамдарының саралаушы белгілері.
Жымқыру кезінде қасақаналықтың еріктілік кезеңі кінәлінің қылмыстық 
әрекеттерді жасау ынтасында, қылмыстың объективтік жағына кіретін 
зардаптардың орын алуын тілеу түрінде көрініс табады. 
Жымқыру кезіндегі қасақаналық анықталған және анықталмаған 
(нақтыланбаған) болады. Қасақаналықты анықталған деп тану үшін субъектінің 
өз іс-әрекеті нәтижесінде зардаптың туындайтынын көре білгені жеткілікті. 
Жымқырудалатын мүліктің құнын қылмыскердің нақты білуі міндетті емес. 
Кінәлінің еркінен тыс мән-жайларға байланысты қылмыстық нәтиженің 
туындамауы қасақаналықтың бағытталуына сәйкес рі немесе аса ірі мөлшердегі 
іс-әрекет ретінде саралануы тиіс.
Анықталмаған (нақтыланбаған) қасақаналық субъектінің санасында немесе 
тілегінде жымқырудың залалы нақтыланбайды, кез келген ауырлықтағы 
материалдық залал келтіруге жол беріледі. Мұндай жағдайда жауапкершілік 
нақты туындаған зардап бойынша анықталады.
Субъективтік жақтың міндетті белгілеріне пайдакүнемдік мақсат жатады. 
Пайдакүнемдік мақсаттың орын алмауы іс әрекетті жымқыруды қылмыс 
құрамына жатқызуға жол бермейді. 
Жымқыру барысындағы пайдакүнемдік мақсат алынған бөтен мүлікті 
өзінің пайдасына немесе үшінші жақтардың пайдасына айналдыруға ұмтылуды 
білдіреді. Жымқыру барысындағы пайдакүнемдік мақсат алынған мүлікті 
өзінікі сияқты билеу, иемдену және пайдаланудың нақты мүмкіндігін алу 
түрінде жүзеге асырылады. Пайдакүнемдік мақсаттың болмауы бөтен мүлікті 
алуды жымқыру ретінде саралаудың негізсіздігін білдіреді. Ұрлық, тонау, 
қарақшылық, алаяқтық және басқа да меншікке қарсы қылмыстар 
пайдакүнемдік мақсатпен істелмесе қылмыс құрамы жоқ болып табылады. 
Қылмыстық құқықтық әдебиеттер мен сот тәжірибесінде көп уақыт 
жымқыру кезіндегі ниет және мақсат туралы қарама-қайшы пікірлер болған. 
Қазіргі таңда ғалымдардың пікірлері осымен байланысты ұқсас келеді. 
Кез келген қасақана қылмыс бұл адамның санасында пайда болған 
ниеттердің жүзеге асырылуының нәтижесі. Ниет қасақана ойдың пайда 
болуына дейін, яғни қойылған мақсатқа жету үшін шешім қабылдағанға дейін 
жүреді. 
Ұрының санасында қылмыстық жолмен ұнатқан затқа иелік ету, оған деген 
қажеттілікті қанағаттандыру басым ниеті орын алады. Бұл ниет барлық басқа 


55 
ойларды өзіне бағындырады және кінәлі тұлғаның барлық әрекеттерінің 
сипатын және бағытталғаңдығын анықтайды. 
Жымқыру барысында пайдакүнемдік ниетпен қоса басқа да ниеттердің 
(бұзақылық, кек алу және т.б.) болуы мүмкін. Егер де, бөтен мүлік бұзақылық, 
зорлау немесе басқа да қылмыстық әрекеттер барысында жасалған болса, бұл 
мүліктің қандай мақсатта алынғандығын анықтау қажет. Егер адам 
пайдакүнемдік мақсатты көздесе, меншікті иемдену әдісіне байланысты 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралануы қажет. 
«Субъектіде пайдакүнемдік ниеттің негізінде белгілі бір мақсат 
қалыптасады. Осы мақсаттың ерекше мазмұны жалпы қылмыстық қол 
сұғушылықтардың ішінен ерекше топты жымқыруды бөліп қарастыруға 
мүмкіндік береді» дейді А.А. Пинаев [111, с. 47].
Пайдакүнемдік ниеттер дегеніміз бұл материалдық игіліктерді иеленуге 
ешқандай құқықтық негіз болмағанның өзінде тұлғаның заңсыз жолмен баю, 
материалдық пайда алу ойларын көздеуді айтамыз. 
Ағыбаев А.Н., Бисенова М.Қ. ойынша қылмыстық мақсат деп адамның 
қылмыс істеуі арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. 
Сонымен, қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда болады, ал 
қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы 
түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді [112, б. 85].
Қылмыстық пайдакүнемдік ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. 
Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты ұғым. Ниет пен мақсат 
өзара тығыз байланысты ұғым болғанымен олар адамның еріктілік процесінің 
әр түрлі жағын сипаттайды. Ниет адам неге қылмыс жасады деген сүраққа 
жауап берсе, ал мақсат сол әрекеттің бағытын анықтайды. 
Жымқырудың субъектісі он төрт жасқа толған адам, ал иеленіп алу немесе 
ысырап ету арқылы жымқыруға салудың субъектісі болып 16-ға толған 
арнаулы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленген, ысырап еткен) адам танылады. 
Жымқырудың субъектісі болып заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс 
адам саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет