Біліктілік талаптары: санатсыз біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
Тиісті санатты алу міндеттерін белгілей отырып, біліктілік талаптары: екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: санатсыз біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар: озық тәжірибені зерделеу, оны іс жүзінде қолдану, оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдыларын меңгеру, ұйымның әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу білім беру.
Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі;
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар: оқу-тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларға жетекшілік ете алуы, озық тәжірибені енгізуі қажет.
Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеуі, оларды апробациялау бойынша жұмыс істеуі керек; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ету.
Біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында кемінде 6 жыл жұмыс өтілі.
Орындалатын практикалық тапсырмалар:
1. Әлеуметтік педагог қызметінің нормативтік-құқықтық аспектісіндегі 3 проблемалық жағдайды модельдеу (әзірлеу) (mini case-study әдісі).
2. Осы жағдайлардың шешімін табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |