Пму ұС 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі


Жанама калоримметрия әдісімен организмде энергия алмасуын анықтау



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#132453
1   2   3

Жанама калоримметрия әдісімен организмде энергия алмасуын анықтау
Жануарлардың тіршілік әрекеті кезінде азық кұрамындағы органикалық заттардың химиялық энергиясы жылу энергиясына айналады. Оның мөлшерін организм белгілі бір уакыт ішінде бөлген көмір қышқыл газ бен осы уақыт ішінде ол сіңірген оттегінің мөлшері арқылы анықтайды. Оның себебі 1 л оттегі сіңіргенде, немесе 1 л көмір қышқыл газын бөлгенде организмде белгілі мелшерде жылу түзіледі, оны осы газдардың калория-лык коэффициенті деп атайды. Сондықтан организм бөлген энергия мөлшерін газдардың калориялық коэф­фициенті мен тыныс коэффициента ескере отырып есептеп шығаруға болады.

Жұмыстың мақсаты. Тыныс коэффициента анықтау принципімен танысып, энергияны есептеу әдісін меңгеру.

Қеректі заттар мен құралдар. Малдар, газ сағаты, тыныстық қапқырлар, Дуглас қабы, Холден аппараты.

Жұмыс барысы. Тыныс коэффициента деп белгілі бір уақыт ішінде денеден бөлінген көмір қышқыл газының организм сіңірген оттегіне көлем катынасын айтады. Егер организмде зат алмасу кезінде көмірсулар пайда-ланылса, тыныс коэффициенті 1-ге тең болады. Оны мына формуламен бейнелеуге болады:

С6Н1206 + 602 = 6С02+6Н20

Демек, углеводтар алмасуы кезінде көмірқышқыл газының бір молекуласы түзілу үшін оттегінің бір мо-лекуласы қажет. Авагадро — Жерар заңына сәйкес бір-қалыпты температура мен қысым жағдайында сан жағынан тепе-тең молекулалар бірдей көлемге ие болады. Осыдан углеводтардың алмасуы кезіндегі тыныс коэффициентін мына теңдеумен есептейді:

6С02:602=1

Майлар үшін тыныс коэффициента мына формула­мен есептейді:

C57H110O6 + 81,502 = 57CO2+55H2O

57 СО2:81,5 02 = 0,7

Майдың бір молекуласы тотығу үшін оттегінің 81,5 молекуласы қажет, ал майдыц бір грамм — молекула­сы тотығу үшін 81,5X22,4=1825,6 л оттегі жұмсалады (22,4—бір литрдегі бір грамм — молекуланыц көлемі). Майдыц грамм — молекуласы 890 г тең, сондықтан от-тегінің 1 л 890:1825,6=0,487 г майды тотықтырады. 1 г май тотыққан жағдайда 38,945 кДж немесе 9,3 ккал/1 ккал = 4,1876 кДж; 1 кДж = 0,2388 кал), ал 0,487 г май — 18,551 кДж энергия бөледі.

Қалыпты жағдайда тыныс коэффициенті 0,7—1 ара-лығында болады. Тыныс коэффициенті 0,7 болғанда ор­ганизмде май тотығады да, 1л оттегінің калориялық коэффициент! 18,551 кДж, ал тыныс коэффициент! 1-ге тең болса — ол 21,135 кДж тең болады.

Тыныс коэффициента анықтау мысалы: ат 1 мин 1,5 л оттегін жүтып 1.275 л көмірқышқыл газын белее, онда тыныс коэффициент!—1,275:1,5 = 0,58-ке тең.

Организмнің энергия шығынын анықтау үшін төмен-дегі кесте байынша белгілі бір тыныс коэффициентіне сәйкес келетін 1 л оттегінің немесе кемір қышқыл газ-дыц калориялық коэффициента табады.

1 л оттегі мен көмір қышқыл газдың калориялық коэффициенті тыныс коэффициентінің деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Ол организмде тотығатын заттардың табиғатына байланысты.

Организмнің энергия шығынын анықтау үшін алды-мен тыныс коэффициент!!! есептеп шығарады. Содан соң жоғарыдағы кесте бойынша осы тЫныс коэффициентіне сәйкес 1 л оттегі немесе көмір қышқыл газдың кало-риялық коэффициента! табады. Осыдан кейін органи-змнің энергия шығынын анықтау үшін 1 минут ішінде сіңірілген иемесе бөлінген оттегі не көмір қышқыл газ мелшерін газдардыц калориялық коэффициентінің мә-ніне бөледі.

Мысал: тыныс коэффициент! 0,85 жағдайда ат 1 мин 1,5 л оттегі сіңірді дейік. Онда энергия шығыны 20,364x1,5 = 30,546 лДж болғаны. Осы санды 60-қа, 24-ке көбейтіп, малдыц бір сағаттағы және бір тәулік-тегі энергия шығынын есептеп шығаруға болады.

Е с к е р т у: бұл жұмысты орындауға қажет құрал-дар мен аспаптар болмаған жағдайда, мұғалім өз еркі-мен есеп шарттарын дайындап, студенттерге жеке тап-сырма ұйымдастыруға болады.

Бақылау сурақтары



  1. Зат алмасу процесініқ мәні мен маңызы.

  2. Зат алмасу процесін зерттеу әдістері.

  3. Зат алмасу түрлері.

  4. Зат алмасу процесінің қарқынына эсер ететін себепкер шарт-тар (факторлар).

  5. ОрганизмнііН, энергия алмасуын зерттеу әдістері.

  6. Тьшыс коэффициенті дегеніміз не, оны анықтаудың қандай маңызы бар?

  7. Көмірсулардың, майлардық, белоктардын, калориялық құнды-лы-ғы.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №6

БӨЛУ ПРОЦЕСТЕРІ

Бөлу дегеніміз бүйрек, тері бездері, өкпе, қарын және ішек қызметтерінің арқасында организмнен зат алмасу өнімдерінің шығуы. Организмнен су, көміртек тотықтары, белок алмасуының ақырғы өнімдері (мо­чевина, аллантоин, зәр қышқылы, креатинин және т. б.), май және углеводтардың толық тотықпаған өнімдері (сүт, бета-оксимай, ацетон және т. б.), анорганикалық қосылыстар (хлоридтер, фосфаттар, нитраттар, бикорбонаттар және т. б.), организмге кездейсоқ түскен әр түрлі зиянды заттар үздіксіз бөлініп отырады.

Бөліп шығару процестерінде негізгі рольді бүйрек атқарады. Бүйректегі күрделі сүзілу, қайта сіңіру, кейбір заттардың түр өзгерістері және секреция процестерінің арқасында организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы - гомеостаз, сақталады. Бүйректің күрделі қызметі нәтижесінде зәр пайда болады. Зәрдің мөлшері мен құрамы әр түрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
ЗӘР БӨЛІНУІНІҢ РЕТТЕЛУІН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты, Питуитриннің зәр бөліну про­цессе тигізетін әсерін бақылау.

Питуитрин — гипофиздің (ми асты безі) артқы бөлігінен алынатын препарат, оны дені сау малға еккенде зәр бөліну процесі тежеледі.



Керекті заттар мен құралдар. Қоян, ит, бака, станок, зәр жинайтын воронка, өлшем цилиндрі мен пробиркалар, физиологиялық ерітінді, дистильденген су, стерильденген 1,010 және 20 мл шприцтер, иньекциялық инелер, питуитрин ерітіндісі.

Жұмыстық барысы. Салмақтары өлшенген екі қоянды (бақаны) үлкен шыны воронкаларға жеке-жеке отырғызады. Воронкаларды штативке көтеріп бекітіп, төменгі жағына өлшем цилиндрін қояды. Қояндардың құрсак қуысына шприцпен 20 мл-ден дистильденген су жібереді (бақаларға - 2 мл-ден) де, коянның біреуіне тірі салмағаның әрбір килограмына шаққанда 0,02 бірлік мөлшерде питуитрин егеді. 50—60 минуттан кейін екі қояннан (бақадан) бөлінген зәрдің мөлшерін анық-тап, салыстырады. Питуитрин егілген қояннан зәр екі есе көп бөлінеді.

Бақылау сұрақтары



  1. Бөлу процестеріне қандай мүшелер қатынасады, олардың физиологиялық маңыздары.

  1. Бүйректің атқаратын қызметі кандай?

  2. Нефронның құрылысы.

  3. Бүйректегі қан айналу ерекшеліктері.

  4. Алғашқы зәрдің пайда болу механизмі, оның құрамы.

  5. Ақырғы зәрдін, түзілуі, оның құрамы және тәуліктік мөлшері.

  6. Бүйрек қызметінің нервтік және гуморальды жолмен реттелуі.

  7. Зәр шығару механизмі.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7

ІПШ СЕКРЕЦИЯ
Ішкі секреция бездерініц шығару өзегі болмайды. Сондықтан оларда пайда болған заттар қанға неме-се лимфаға, ал кейде жұлын сұйығьша (ликворға) бө-лінеді. Бұл заттарды гормоидар немесе инкреттер деп атайды. Гормондар — тұтас организмнің немесе оның жеке мүшелерінің қызметін реттейді.

Ішкі секреция бездерінің қызметін әр түрлі әдістер-мен тексереді. Ең жиі пайдаланылатын әдістерге бақы-лау (клиникалық), экстирпация, трансплантация т. с. спяқты әдістер жатады.



Жүмыстық мақсаты. Кейбір гормондардың жеке мушелерге тигізетін әсерлерін зерттеу.

Керекті заттар мен қүралдар. Бака, адреналин ері-тіндісі, питутрии, инсулин, шприц және басқа құрал-саймандар.

1. Адреналиннің жекелеген мүшелерге тигізетін әсері.



Жүмыстың барысы. Бақаның басын көздің артынан қырқып, оның көздерін ойып алады да, Петри шынысы-на салады. Содан кейін көздерді сәуле тусіп тұрған жарық жерге қойып олардың қарашығының мөлшерін нлшейді. Ойылған көздер жатқан Петри шыныларына Рингер ерітіндісін құйып, бір ыдысқа 3—4 тамшы ад­реналин ерітіндісін тамызады. 20 минуттан соң екі көз-дің қарашықтарының мөлшерін қайтадан елшеп салыс-тырады да, адреналинніц көздің қарашығына ететін әсерін анықтайды. Тәжірибенің нәтижесін дәптерге жазып, оған түсініктеме береді.

2. Адреналин мен питуитриннің пигментті клеткаларға тигізетін әсерлерін анықтау.



Жұмыстың барысы. Терілерінің түсі бірдей ақшыл кслген екі бақаны жүзу жарғағын микроскоп, не бол-маса лупа арқылы қарап, таңдап алады. Бақаның бі-реуінің іш куысына 0,5 см3 питуитрин, ал екіншісіне 0,5 см3 адраиалип егеді. 30—40 минут еткен сон, бақалар-дың терісінің түсін салыстырады. Ол ушін жүзу жар-ғақтарының тусін тағы да микроскоп не лупамен қарап салыстырады. Байқалған әзгерістерді жазып алады да, оған түсіпдірме береді.

3. Инсулиннің гипогликемиялық әсерін бақылау.




Жүмыстың барысы. Екі ақ тышқанды шыны ыдыс-

тың ішіне отырғызады. Біреуінің іш қуысына инсулин (әр кг. 3—5 өлшем), екіншісіне дәл сол мелшерде фи-зиологиялық ерітінді егеді. Біраз уақыттан кейін инсу­лин егілген ақ тышқанның бұлшық еттері тырысып, ді-рілдеп ол тынышсыздана бастайды. Дәл осы кезде тыш-қанға 0,5 мл 20% глюкоза ерітіндісіи ексе, байқалған қүбылыстар жойылып, ол қалыпты жағдайға келеді.



Бақылау сұрақтары

  1. Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы.

  2. Гормондардың жіктелуі, олардың қасиеттері.

  3. Буйрек үсті безі және оның қызметі.

  4. Гипофиз, онын кұрылысы және гормондары.

  5. Гипоталямо-гипофизарлық жүйе. Гипофиздін баска ішкі сек­реция бездерімен аракатынасы.

  6. Ұйқы безі мен жыныс бездерінің ішкі секрециялык кызметтері.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №8

КӨБЕЮ (ҮРПАҚТАНУ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Ұрықтану – бұл аналық және аталық жыныс клеткаларының қосылу нәтижесінде, жаңа ағзаға бастама беретін зиготаның түзілуі.

Ұрықтану – бұл сперматозоидтың жұмыртқа клетканы тыныштық жағдайынан ояту процессі. Сонымен ұрықтан екі негізгі қызмет атқарады:



  1. Жыныстық (ата-аналарының гендерінің комбинациясы)

  2. Репродуктивті (жаңа ағзаның пайда болуы)

Ұрықтану негізгі 3 процесске негізделеді:

  1. Дистанттық кезеңі, яғни жыныс клеткасының қосылуына дейінгі процесс (гаметалардың сапалық бақылауы).

  2. Контактты, яғни гаметалардың бір – біріне соқтығысу процессі (гаметалардың сандық бақылауы)

  3. Жыныс клеткасындағы генетикалық материалдардың алмасуы.

І. Дистантты кезеңі – жыныс клеткасының бір – бірімен кездесу мүмкіншілігіне бағытталған. Бұл жағдайда жыныс клеткалар аттрактантты заттар бөледі, яғни сперматозоидтар андроген-1, андрогамон-2 молекулаларын шығарады,ал жұмыртқа клеткасы гиногамон-1, гиногамон-2 молекулаларын шығарады. Судағы сперматозоидтардың концентрациясы төмен болады немесе жұмыртқа клеткасының нақты өзінің түрімен ұрықтану қиынға әкеледі. Сондықтан эволюция барысында 2 механизм қалыптасады:

  1. спермийлердің түрлік байланысы

  2. олардың активациясы

Бірінші механизм хемотаксис арқылы өтеді, яғни жұмыртқа клеткасы бөлетін заттардың концентрациясы жоғары болатын жағына қарай сперматозоидтардың жылжуы.

Сүтқоректілерде ұрықтану жұмыртқа түтігінің жоғары бөлігінде өтетіндіктен, реотаксис құбылысы байқалады. Яғни, сперматозиодтардың жатыр түтігінің сұйықтығына қарсы жылжуы.

ІІ. Контактты кезеңі бірнеше этаптан тұрады:


  1. А
    Сутегі иондарының сыртқа босап, орта ның өзгеруі

    Актиннің полимерицезі және акросомдық өсіндінің пайда болуы
    кросомдық реакцияға түрткі болатын механикалық жағдайлар (сперматозиодтың жұмыртқа клеткасының беткі қабатымен соқтығысуы немесе ішкі ортада жасанды түрде Са иондарын жоғарлату). Сперматозоидтарда акросомдық реакция басталуына жұмыртқа қабатындағы сульфидтелген полисахаридтер түрткі болады.





Сперматозоидтардың басына Са және Na иондарының жинақталуы


Сперматозоидтардың жұмыртқа клеткасымен соқтығысуы



АТФ синтезделуі, сперматозиодтардың қозғалысы




Акросомдық көпіршіктердің экзоцитозы



Жұмыртқа клеткасының үштілік қабатының еруі




  1. Акросомды өсінді – жұмыртқа клеткасының сары уыздың қабығымен байланысқа түседі. Бұл танысу акросомдық өсіндінің мембранасында орналасқан арнайы бендин ақуызына байланысты.

  2. Жұмыртқа клеткасының активациясы

Түр ішілік таныс кезеңінен кейін (жұмыртқа клеткасы сары уыз қабығының рецепторлы және бендин арасындағы комплекс) ұрықтану төмпешігі пайда болады.

Акросома мембранасы және ұрықтану төмпешігі қосылып, спрематозоид ішіндегі генетикалық ақпарат жұмыртқа клеткасының ішіне түсетіндей өзек пайдаланады.

Жұмыртқа клеткасының кейінгі активациясы инозитолл фосфатты жүйемен байланысты. Инозитолл фосфатты жүйе – ақуызды компоненттерге тәуелді, ал компоненттер жұмыртқа клеткасының плазмалық мембранасында орналасқан және олар бендиннің мембраналық рецептормен соқтығысқанда түрін өзгертеді. Бұл компоненттің рөлінде джи – ақуыз және фосфолипаза С атқарады.
ІІІ. Материал алмасуы

Көптеген жануарларды сперматозоидтары жұмыртқа клеткасына толық енеді, ал кейбіреулерінде құйрығы сыртында қалады.

Сперматозоид цитоплазмаға түскеннен кейін, мойнымен жылжи бастайды. Ядродағы хроматиндері ширатылады, ядролық қабықша ыдырайды да, аналық цитоплазманың хроматиннің байланысын қамтамасыз етеді. Есесіне, оны арнайы ақуыздар орайды. Бұл комплексті аталық пронуклеус деп атайды. Пронуклеустер бір – бірімен қосылғанда дейін күрделі қимылдар жүргізді. Алдымен аталық пронуклеус аналық пронуклеуске қарай жылжиды. Кейіннен екеуі бірнеше қарап, жылжиды, ең соңында екеуі қосылып зигота түзіледі.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №9

СҮТТЕНУ (ЛАКТАЦИЯ) ФИЗИОЛОГИЯСЫ

СҮТТЕНУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Сүттену деп (лактация) сүттің түзілуін, жиналуын, және желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Бұл про­цесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады. Сүттену күрделі физиологиялық процесс, Ол бүкіл организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т. б.) үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады.

Желін сүттің түзілуін және бөлінуін қамтамасыз ететін альвеольды — түтікше типтес безді орган. Желінің безді ұлпасы альвеолдар жиынтығынан құралған. Сырт жағынан альвеолдар миоэпителиальдік торшалармен қапталған. Альвеолдардан жалпақ эпителиймен астарланған жіңішке өзекшелер басталады. Бұл өзекшелер бір-бірімен қосыла келіп, желін бөліктерінің өзектерін, ал олар өз кезегінде сүт арнасын түзеді. Сүт арналарының бірігуі нәтижесінде сүт жолдары пайда болады да, олар желіннің төменгі жағында орналасқан желін цистернасына құяды. Желіннің кұрылымына сәйкес желінде жиналған сүт шартты түрде цистерналык, альвеолдық- өзектік және қалдық сүт болып бөлінеді.

Сүттің құрамы өте күрделі, онда 100-ден астам әртүрлі органикалық және бейорганикалық заттар кездеседі. Сүт құрамында белоктар, липидтер, углеводтар, 20 амин қышқылдары, 30-дан астам май қышқылдары, 17 түрлі витамин, ондаған ферменттер және 40-қа жуық минеральды, т. б. заттар болады.

Жұмыстың мақсаты. Желін қызметін зерттеу әдістерімен танысу, желін қызметін сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу, цистерналык, альвеолдық және калдык сүтті алып, олардың мелшерін, құрамын анықтау.

Қеректі құралдар, заттар, аспаптар. Сауынды сиыр, сүт өлшеуіш цилиндрлер, микроскоп, төсеніш және жабынды шынылар, пипеткалар, питуитрин немесе окситоцин, спирт, дәке, макта.

Жұмыстың барысы: а) Цистерналық сүтті алу. Малды станокқа байлап, оның желінін жақсылап жуып, құрғақтап сүртеді. Емшектің ұшын дезинфекцйялап, оның арнасына стерильденген (пәктелген) катетер енгізеді. Катетер аркылы бөлініп шыккап сутті жинап, оның мөлшерін аныктайды;

ә) Альвеолдық сүтті алу. Цистерналық сүтті алған соң желінді жақсылап уқалайды да, сарка сауады.

б) Қалдық сүтті алу. Қалдық сүтті алу үшін терінің астына питуитрин егеді (сиырға – 8-10 г, ешкіге - 1 - 2 г). Бұл препаратты еккеннен кейін катетер арқылы бөлініп шыккан сүтті белек ыдысқа жинайды.

Алынған сүт үлестерін салыстырып, олардың ара мөлшерін анықтайды да, сүттің құрамын, касиеттерін зерттейді. Әр үлестен бір тамшы сүтті төсеніш шыныға тамызады да, жабынды шыньшен жауып, микроскоппен қарайды. Зерттеу үстінде әрбір тамшыдағы май шарларының санына, мөлшеріне көңіл аудара отырып, оларды бір-бірімен салыстырады. Май шарлары қал-дық сүтте көп, цистерна сүтінде аз болады.



Сүттің құрамын зерттеу. Жануарлар сүті түрлі физикалық (мөлшер, меншікті салмақ, май шарларының мөлшері), химиялық (майлар, углеводтар, белок, минералды заттар мөлшері), биологиялық (ұйығыштық, қорғағыш денелер) қасиеттермен сипатталады.

Жұмыстың мақсаты. Сүттің әртүрлі үлесіндегі май шарларын санау, сүт қүрамығідағы қантты анықтау, сүттің үйығыштығын тексеру.

Керекті қүралдар мен аспаптар. Желіннің әртүрлі бөлігінен алынған сут, микроскоп, меланжер, Горяев камерасы, жабынды шынылар, дистильденген су, мақта, күкірт қышқылы, феллинг ерітіндісі, хлорлы кальций.

Жұмыстың барысы: а) май шарларын санау. Сүтті көпіртпей, жақсылап араластырады да, оның 1 мл 250 мл өлшеуіш қолбаға құйып, белгіге дейін дистильденген сумен толтырғаннан кейін дұрыстап араластырады. Колбадағы сүттің бір тамшысын Горяев камерасының торына тамызады да, жабынды шынымен жабады. Қамераны микроскоп столына қойғаннан соң эритроциттерді санаған тәсілмен май шарларын санап шығады;

ә) сүт құрамындағы қантты анықтау. Алдымен Фел­линг ерітіндісін дайындайды. Ол үшін екі құрамды ерітінді дайындалады: 1/1 литрлік колбада 69,25 г мыс купоросын ерітеді. 2/346 г сегнет тұзын 600 мл жылы дистильденген суда ерітеді, ерітіндіні сүзіп, оған алдын ала 200 мл суда ерітілген 103,2 г күйдіргіш натрий қо-сады. Ерітінділер қоспасының жалпы мөлшеріи 1 л. жеткізеді. Қантты зерттер алдында аталған ерітінділер-дің бірдей мелшерлерін араластырып, Феллинг ерітін-дісін дайындайды.

Қантты анықтау үшін колбаға 5 мл сут, 15 мл дис-тильденген су және казеин ірімтігі пайда болғанға дейін бірнеше тамшы 3%-ті күкірт қышқылының ерітіндісін қосады. Осыдан кейін колбадағы қоспаны сүзеді де, сузіндінің 5 мл-не 1—2 мл Феллинг ертіндісін қосып, 5 мин. қайнатады. Мыстың қос тотығының қызыл тұнбасы пайда болса, фильтратта қанттың болғаны;

б) сүттің ірігіштігін зерттеу. Жаңа сауылған сүттің жылылыққа шыдамдылығы оның құрамындағы лимон кышқылды және фосфор қышқылды тұздардың кальций мен магнийге ара қатынасына байланысты. Алғашкы тұздардың ара салмағы басым болса, сүттің ірімейтін қасиеті жоғарылайды.

Сүттің бұл қасиетін анықтау үшін пробиркаға 1 мл сүт және 0,5 мл 1%-ті хлорлы кальций ерітіндісін құйып, араластырады. Осыдан кейін пробирканы 5 минут­ка қайнап жатқан суға қояды да, оны суытып, тексереді. Егер пробиркада ірімтіктер пайда болса, онда сүттің жылылыққа шыдамсыз, ірігіш болғаны.

Бақылау сұрақтары


  1. Уыз бен сүттің айырмасын баяндадыз.

  2. Уыздың маңызын атаңыз.

  3. Сүттің физикалық қасиеттері. 4. Сүттің химиялық құрамы қандай?


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10

БҰЛШЫҚ ЕТ ПЕН ЖҮЙКЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Жануарлардың барлык. ұлпалары тітіркендіргіштерге белгілі бір әрекетпен жауап береді. Тітіркендіруден кейін ұлпаларда ерекше белсенділік байқалып, олардыц өздеріие ғана тән қызметтер атқарылады (мысалы, нерв талшықтарында импульстер пайда болады, бездер сөл бөледі, ет жиырылады). Әр турлі әсердін салдарынан тек ұлпаның өзіне ғана тән әрекетпен бейнеленетін күрделі физиологиялық процесті қозу деп атайды. Нерв және ет ұлпаларынын, қасиеттерін зерттеуге арналған тәжірибелердің көпшілігі бақаның артқы аяқтарынан дайьшдалған нерв - ет препаратымен жүргізіледі. Негізінен бұл препарат организмнен жекеленген шонданай нерві мен балтыр етінің жалғасынан тұрады Препараттың тіршілік қасиеттерін сақтау үшін оньң суық қанды жануарларға арналған Рингер ерітіндісімеи ылғалдап отыру керек.

Жұмыстың мақсат:. Ет тадшықтарының физиологиялық қасиеттерін зерттеу, нерв-ет перпаратын дайыпдау әдісін меңгеру.

Қеректі заттар жен құралдар:, Бақа, хирургиялық кұралдар, штатив, миограф, электрқуаттандырғыш, ки­мограф, физиологиялық ерітінді.

НЕРВ-ЕТ ПРЕПАРАТЫН ДАЙЫНДАУ

Шонданай нерві мен балтыр етінен тұратын препа­рат дайындау үшін бақамың жұлынын бұзып, қимылсыздандырады. Содан соң бақаның артқы аяқтарынан денесін темен салбырата кетереді. Осы кезде жамбас сүйегі жақсы байқалып, дене тік бұрыш жасай иіледі (1-сурет). Қайшымен шондандай төмпегінен 1 см алшағырақ жерден омыртқаны қиып жібереді де (1), бақанын, бауыр жағындағы терісін және онымен коса ішінде орналасқан мүшелерді қырқып тастайды. Сол колға пинцет алып, онымен бақаның сан жағында кал­ған омыртқаларды қыса ұстайды да, дәке қиындысы арқылы оң қолмен терінің ұшынан тартып, оны бақаның аяғынан сыпырып алады (2). Енді пинцетпен омыртқаны артқы аяқтары тік бұрыш жасай салбырайтындай етіп қыса ұстайды да, кұйымшақ сүйегінің ұшыи қайшымен қырқып алады (3). Препаратты арнаулы тактайдың үстіне арқа жағын темен карата салады да, пинцет пен қайшыны пайдалана отырып, ішкі мүшелердің қалдықтарын сылып тастайды. Осыдан кейін омыртқаның оң және сол жағынан үш тармақпен басталатын шонданай нерві анық көрінеді.



Препараттағы омыртқаны, бақанын, бөксесін қайшымен ортасынан қақ айырып (4), артқы аяқтарды ажыратады. Бір аяқты Рингер ерітіндісімен дымқылданған дәкеге орап тастайды да, екінші аяқпен әрі ка­рай жұмысты жалғастырады (5). Пинцетпен омыртқа жарқыншағынан қыса көтеріп, шонданай нервін қоршаған тканьдерден кішкене қайшы көмегімен жамбас - ортан жілік буынына дейін ажыратады. Препараттын, сырт жағын жоғары қаратып көтерсе - жарты жарғақты, екі және үш басты еттер көрінеді. Екі басты ет пен жарғақты еттердің арасындағы фасцияны арнаулы ілгекпен көтеріп, тізе буынына дейін қоршаған тканьдер­ден ажыратады. Ортан жіліктен барлық еттерді сылып тастап, оның басыи жамбастан бөледі. Енді нерв - ет препараты дайын, оны Рингер ерітіндісі құйылған шыны ыдысқа салып қояды.
МИОГРАФИЯ. БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ

ЖЕКЕШЕ ЖӘНЕ ТЕТАНУС (СІРЕСПЕ) ЖИЫРЫЛУЛАРЫН ЖАЗУ

Жүмыстың барысы: Дайындалған нерв -ет препаратып миографқа бекітеді. а) Еттің дара жиырылуын бақылау үшін - кимографты тез айналатын жылдамдыққа қойып, шонданай нервін секундына 5-6 рет жиілікпен тітіркендіреді. Тісті тетанусты бақыдау үшін бұлшық етті секундына 15—20 рет жиілікпен тітіркендіреді, ал тегіс тетанус алу үшін бұлшық етті секундына 25 реттен көп жиілікпен тітіркендіру керек.

Алынған қисық сызықтарға (36-сурет) талдау жасап, миограмманың бейнесін түсіріп алады. Тітіркендіру жиілігіне байланысты еттің жиырылу сипатының өзгеру себебін анықтайды.



Бақылау сұрақтары

  1. Ет талшықтарының құрылысы мен физіюлогиялық қасиеттері.

  2. Бұлшық еттердің жиырылуының түрлері.

  3. Бұлшық еттің жекеше жиырылуынын, кезеңдері.

  4. Тетанус дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

  5. Бұлшык еттердің жиырылуын қамтамасыз ететін химиялык процестер.

  6. Бұлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуының механизмі.

  7. Бұлшық еттің қажуы.


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №11

ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ЖҮЙКЕЛІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ЭТОЛОГИЯСЫ
Жылуды және суықты сезгіш рецепторларды анық-тау. Теріде суықты немесе жылуды сезетін арнаулы ре-цепторлар бар. Температураны сезетін рецепторларды анықтау үшін термоэстезиометр қолданылады. Ол пі-шіні конус тәріздес іші қуыс шыны ыдыс. Қонус ұшына жылуды жаксы өткізетін сым жапсырылған.

Жұмыстың мақсаты. Жылуды және суықты сезетін рецепторлардың бөлек орналасқанын дәлелдеу, және терінің 1 см2 ауданындағы олардың санын анықтау.

Керекті құралдар мен заттар. .Термоэстезиометр, Көлемі 1 см2 төртбұрышты тесігі бар қағаз.

Жұмыстың барысы. Жұмысты екі сатыда жүргізеді. Суықты сезетін рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау үшін термоэстезиометрді мұзбен толтырады. Тексерілетін студенттің қолына, білегіне, иығына көле-мі 1 см2 тесігі бар қағаз трафаретті қойып, сол тесік тұсындағы теріге термоэстезиометрдің ұшын жайлап тигізеді. Әрбір жанасу кезінде тексеріліп отырған студент өз түйсііін (жанасу немесе суықты сезу) айтып отыруы керек. Осылай суықты сезгіш рецепторларының

санын анықтайды..

Жылуды сезетін рецепторлар санын анықтау үшін термоэстезиометрді температурасы 50°С сумен толтырып тәжірибені жоғарыдағы жолмен өткізеді.

Жанасуды сезгіш рецепторларды зерттеу. Жанасу-ды сезгіш рецепторларға — Мейсснер денешіктері, Мер-кель дискалары, Пачини денешіктері — жатады. Олар тітіркендіргішпен жанасуды, немесе онын, қысымын се-зінеді. Жанасу сезгіщ рецепторлар денеде біркелкі жа-йылмаған, сол себепті дененің барлық бөлігінің сезім-талдығы бірдей болмайды.



Жұмыстың мақсаты. Жанасу оезімін тудыратын бастапқы күшті өлшеу.

Керекті заттар мен қүралдар. Эстезиометр немесе Вебер циркулы, химиялық қалам.

Жұмыстың барысы. Тексерілетін студентті отырғы-зып, көзін байлап қояды. Зерттуеші циркуль немесе эстезиометрдің аяқтарының арасын 1 мм жақындатады да, оныц екі үшін саусақтардың терісіне тигізеді. Содан, эстезиометр аяқтарын 1 мм-ге алшақтата отырып, тері-ге тигізе береді. Тәжірибеде циркуль аяқтарының қай мелшеріндегі алшақтығын. екі нүкте сезетінін аныктай-ды.

Тәжірибені терінің басқа жерлерінде (алақан, мү-рын, мойын, арқа) қайталайды.


ДӘМ СЕЗУ ТАБАЛДЫРЫҒЫН АНЫҚТАУ

Дәм анализаторының көмегімен тамакты жеуге бо-латыны немесе болмайтыны анықталады. Дәм анализа-торлары тілде, таңдайда, жұтқыншактың арт жағында және тілшікте орналасқан. Дәм анализаторы түрлІ дәмдерді сезеді.



Жұмыстың мақсаты. Қышқыл, тәтті, ащы және тұз-ды заттардың әсерін қабылдайтын аймақтарды және олардың қозу тудыратын бастапқы күшін анықтау.

Қеректі заттар мен құралдар. Шыны таяқшалар не­месе көз пипеткасы, қайнаған немесе дистильденген су, 0,01%, 0,1% және 1% лимон қышқылының ерітіндісі, ■ 0,01%, 0,1%, 1% және 10% кант ерітіндісі, 0,001%, 0,01%, 0,1% 1% хинин ерітіндісі, 0,001%, 0,01%, 0,1% және 1 % хлорлы натрий ерітіндісі.

Жұмыстмң барысы. Зерттелетін студент тілінің әр жеріне шыны таяқшамен немесе көз пипеткасымен тек-серілетін ерітінді тамызады. Тәжірибені ерітіндінің ең аз концентрациясынан бастайды. Әрбір тексеруден ке-йін студент аузын қайнаған немесе дистильденген сумей шайып отырады. Тексеру аралығындағы үзіліс 1—2 ми-нуттан кем болмағаны дұрыс
ИІС ТАБАЛДЫРЫҒЫН АНЫҚТАУ

Иіс рецепторлары мұрын қуысында орналасқан.



Жұмыстың мақсаты. Түрлі заттардың иісін анықтау.

Керекті заттар мен құралдар. Иісі бар ерітінділер кұйылған сауыттар: 0,0001%, 0,001%, 0,01% және 1% камфара ерітіндісі, - 0,0001%, 0,001%, 0,01%, 0,1%, 1%, 2% және 3% спирт ерітіндісі, 0,0001%, 0,001%, 0,01%, 0,1% және 1% ванилин ерітіндісі және.басқа иісі күш-ті заттар.

Жұмыстың барысы. Белгілі иісті заты бар сауыт-тың тығынын ашып, танауға жақындатып, бірнеше рет иіскейді. Иіскеуді концентрациясы ең төмен флаконнан бастайды. Эр түрлі заттардың иіс концентрациясының табалдырығын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет