ПОӘҚ 042-33 27/03-2014 Баспа №1 11. 09. 2014



бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.58 Mb.
#13130
  1   2   3   4

ПОӘҚ 042-33.1.27/03-2014

Баспа №1 11.09.2014.

9 беттің беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК құжатының 3-деңгейі

ПОӘК

ПОӘҚ 042-33.1.37/03-2014

ПОӘК

«Бейнелеу өнерін оқытудын әдістемесі және теориясы»-оқу-методикалық материалдар


№1 басылым 11.09.2014



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК



«Бейнелеу өнерін оқытудын әдістемесі және теориясы»

5В010100- « Мектеп дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына


ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР


Семей
2015

Мазмұны

1 Глоссарий




2 Дәріс




3 Тәжірибелі сабақ




4 Курстық жоба




5 Студенттердің өздік жұмыстары





Глоссарий

Автопортрет-(грекше «авто және «портрет» деген сөздерден тұрады. Суретшінің өз кейпін салған шығармасы

Акварель (французша, итальянша, латынша-су)-суға жақсы еритін бояудың түрі.

Оның бойындағы байланыс затарын анықтайтын желім (гуммиарабик) деп аталады.



Акцент-(латынша –екпін).Көрермен назарын әдейі аудару үшін бейнелеу өнерінде қолданылатын тәсіл,әдейі түсірілген жарық,бояу түсі, жүргізілген сызық немесе адам

Бет жүзіндегі,тулғасындағы,бейнесінднгі жеке детальдарға ерекше екпін берілуі.



Ақшыл таңба-нәрсенің жарық тускен бөлігінің жартылай шағылысқан жері.

Алла прима-(итальянша-бірден)-шығарманы немесе оның фрагментін бояуын кептірмей шапшаң жағыстармен бір дүркін жааып шығатын тәсіл.

Анализ(грекше-жіктеу)-талдау.Бейнелеу өнері шығармаларының көңіл күй әуені мен райионалды мәндік ерекшелігін талдау мағынасында қолданылады.

Анималистік жанр(латынша-жануар)- хайуанаттар дүниесінің бейнелеу өнер шығармаларында орталық орын алуы.

Анималист-жануарларды бейнелейтін сурктші және мүсінші.

Анфас-қасбет.

Аппликация-бастырма.

Арабеска(французша-арабтық)-ою-өрнек.Мұсылман елдерінде кең тараған ою-өрнек жүйелерінің еуропалық атауы.

Архитектура-сәулет өнері.

Астарлық-майлы бояумен не темперамен жазар алдында қабырға,тақтаға,я кенеп бетіне қабаттап төселетін негіз.Ол,біріншіден,бояулар қабатының беріктігі үшін,екіншіден,бояу фоны мен фактурасын ерекшклендіру үшін маңызды қызмет атқкрктын техникалық тәсіл.

Әдістеме-белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету үшін істелетін іс-әрекет барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді.

Басты бояу түстері-негізгі,туынды бояу тустері,құрама деп аталады.

Бастырма(латынша-аппликация-бастырмалау,шаптау)-сәндік қолөнері буйымдарын

Жасауда жиі қолданылатын тәсіл.Осы әдістің негізінде пайда болған бейнені де бастырма капплиация деп атайды.



Батик-матаға бояумен салынған сурет.

Батальды кескіндеме-(французша-майдан)-майдан сюжетіне арналған көркем шығарма.

Батырма(орысша-терпение)-былғары,қатты қағаз,жайпақ металл т.б бетіне батыру арқылы бедерлі із қалдырып өрнек түсіру әдісі.

Бедерлі әшекей-құрылыс фасадын,интерьерін және бұйымдарды әсемдеуге қолданылатын сәндеу жүйесі.орысша әдебиеттерде оның француз,латын баламасындағы декор (французша,латынша-сәндейін)атауы қолданылады.

Бейнелеуші құрал тәсілдер-шығарманың көркем бейнесін(образын)жасап шығуға көмектеседі.

Блик-ақшыл танба.

Бояу.Сыр ретінде бояудың көркемдік құндылығы жоқ.орысша мағынасы «краска»деген түсінікке жақын.

Витраж «французша, латынша—шыны »-әйнектен немесе жарық өткізетін басқа да материалдардан жасалған ою-өрнек немесе сюжетті композиция.

Графика(грекше -жазамын ,сызамын,саламын )- бейнелеу өнерінің түрі.

Гуашь(французша,итальянша-су бояуы )-акварельмен салыстырғандамөлдір емес қою бояу,

Дизайн (ағылшынша –жобалау,сызу)заттардың көркем конструкциясын,заттық ортаның біртұтас реакционалды құрылуын білдіретін термин,көркемдік жобалау жұмысының бір түрі

Дидактика-бұл ежелгі грек сөзі,яғни (didaktikos)-үйретүші,(didaskolos)-мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика-білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактикалық принциптер- ғылымилық,көрнекілік,саналылық,белсенділік,жүйелілік және бірізділікті оқыту.

Коллаж(французша-жапсыру)-бейнелеу өнерінде эмоционалды әсерді күшейту үшін картинаға бояу түсі мен бет-бедері өзге материалды жапсыру арқылы жүзеге асыратын техникалық әдіс.

Контур-сыртқы сызық денесінің пішінінің кескін жиегі,сұлбасы.Мағынасы жағынан « арбис» түсінігіне жақын.Контур әдісіне орындалған суретті «сызықты сурет» деп атайды,

Көркемдік баға – шығарманың көркем құндылығына байланысты беріледі.Көбіне ол көрерменнің қабылдау деңгейі мен дайындығына, интуициялық сезіміне қатысты болғандықтан , көркем шығармаға берілген баға да субьективті деп есептеледі

Көркем бейне «образ» .Нұсқадан кенеп бетіне көшірілгеннің бәрі бейнеге айнала бермейді.Шығарма көркем бейнеге айналуы үшін суретші жұмыс жасау керек.

Көркемдеу өнер «орысша –станковое искусство». Бейнелеу өнерінің түрлері ,әдетте ,монументтік және көрнекі болып бөлінеді.

Көшірме –түпнұсқаның көркемдік ерекшеліктерін мүмкіндігінше сақтай отырып, оны дәл қайтадан жасау.Сондықтан ол біреу не бірнеше болуы мүмкін.

Ксилография «грекше – ағаш, сызамын ,жазамын» -деңес гравюраның бір түрі.

Күмбез- ғимарат, ғибадатханалардың жоғарғы жағынан дөңгелегене , қырлана, доғалдана шаңырақ тәрізді аяқталынуы

Қолөнері-он саусағынан өнер тамған халық шеберлері айналысатын өнер түрлері, солар жасап шыққан бұйымдар. Сонғы кезде ол сәндік-кәделі өнер ретінде қарастырылып жүр

Литография(тас және,графия)-әдемі өнделген тастың үстіне майлы қарындашпен, литографиялық тушь қолдана отырып салынған сурет.

Мазмұн-шындықпен көркемдік шешімі, суретшінің өзінің ой-толғамын көркем-пластикалық образды тілмен жеткізе білу.

Макет-болашақ бұйымның үлгісі.

Монумент-тарихи жағдайларға,жеке қайраткерлерге арналған ескерткіш.
1 тақырып: Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары.

Сабақтын мақсаты: Студентерді бейнелеу өнерінің алуан қырларымен және түрлерімен таныстыру. Терминдерін аша білу.

Қысқаша мазмұны:«Кескіндеме, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело)

Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бесгііңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек.

Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлері және жанрларымен танысқан жөн. ХІХ ғасырға дейін архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі – графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады.



Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады.

График,живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.

Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді.

Форманы «пішіндеуге», жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.

Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді.

Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады.

Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі – литография да көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.

Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз.

Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі.


Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма.

Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б.

Живопись — бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар.

Жанрлар. Живопиь – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласына көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулер портреттер жазғанды ұнатса, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөлінуі деп аталады. Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады.

Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер).

Пейзаж – қайсыбір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адым өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі.

XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз – сауда мен жұмыс орны, тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік.

Айвазовский жұмыстарында теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де – осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияда деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.

Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді.

Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді.

Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.

Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.

Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынасын көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы замандардан өз бастауын алады – жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым адамның аң аулау сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер көптеп табылуда. Ежелгі Египет, Греция мен Рим заманына қабырғаға салынған живописьтің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.

Бірақ станоктық тақырыптық картина (яғни архитектурамен байланысты емес картина) тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай, «холсты түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ».

Натюрморт та, пейзаж да, портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болуы мүмкін.

Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: ол тым үлкен және өте кішкентай болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы, аса ұлы әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.

Скульптура

Мүсін өнері – бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында да адамдарды, хайуандарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы – аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан – ағаштан, тастан, металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек, әсіресе скульптураны тастан шапқан кезе, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы сияқты, күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді.

Скульптураның әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен, материалмен, фактурамен білдірілуі тиіс.

Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапарларға ие, өзінің әдемілігімен біздің көзімізді қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан архитектурамен туыстас: онда пайда мен әсемдік бірігіп жатады. Қолданбалы өнер халық творчествосымен ерекше тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына мебель, кілемдер, ыдыс-аяқтар, үй-іші тұрмысында қолданылатын басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықтар жатады.Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, творчестволықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға – пластиктерге, резеңкеге бейімдейді. Резеңке ойыншықтарда да форма барынша жалпыланған, бірақ өзінің фактурасы ерекше – жұмсақ, жылтыр болып келеді. Ал оның үрлеген кезде жалпақ нәрседен аумақты нәрсеге айналуының, әдеттегі табақшадан таныс аңның томпақ формасына ауысуының өзі неге тұрады.

Дизайн мейлінше сан алуан машиналарды безендірумен, оның өзінде де жасанды жолмен ойластырылған безендірумен емес, олардың конструкциясымен және атқаратын қызметімен логикалық сабақтастықта безендірумен айналысады. Заттың техникалық жетістіктері мен атқаратын қызметін баса көрсететін сыртқы сұлулыққа инженер-конструктор мен суретшілер мен дизайнерлердің бірлескен төзімді еңбегімен қол жетеді. Мысалы, қазіргі заманғы самолеттің немесе автомобильдің тамаша формасын жасау үшін оның техникалық құрылысын ғана емес, сонымен бірге осы машина дамуының тарихи жолдарында да терең зерттеу қажет. Сырт келбетімен жайлылықты, қуаттылықты және жүріс жылдамдығын білдіретін қазіргі заманғы автомобильдердің формалары да осылай жасалған.

Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

1.Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?

2.Графикаға қандай бағытта салынған суреттерді жатқызуымызға болады?

3. Мүсін өнері қандай салаларға бөлінеді?

4.Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?

5. Сәулет өнерінің күнделікте өмірімізде алатын орны қандай?


2 тақырып:Бейнелеу өнерінің қысқаша тарихы.Египет.Греция.Қайта өрлеу дәуірі.14-15 ғасырдағы италияндық суретшілер.(Леонардо да Винчи,Рафаэль,Микеланджело,Тициан,Джоржене,Веронезе.)



Сабақтын мақсаты: Қайта өрлеу дәурінің суретшілерімен, олардын өмірімен шығармашылығымен кенінең таныстыру.

Қысқаша мазмұны:Пиеро да Винчи деген Флоренсияның бір аймағындағы нотариусы мен Катерина деген диқаншы қызының баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті, тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда саудагерлік Флоренцияда жұмыс істеп, артынан әр-түрлі княздер сарайларында ірі жоспарлар ұсынып еш түсіністік таппады. Шаршап, көңілі қалған ол, 1516 ж. қаңтарда Франсуа I королінің Франсияға көшіп келу ұсынысын қабылдап, сол жақта ғұмырының соңғы 4 жылын Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.

Леонардода қазіргі мағыналы тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі — италиянша: Leonardo di ser Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

1470 — Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренсия) көмекші боп кіреді

1472 — Флоренсия Суретшілер гильдиясы (одағы) мүшесі

1472—1477 — «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар», «Құмырамен бейнеленген Мадонна» туындыларымен жұмыс істеуде

1482 — Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады

1487 — құстың ұшуы негізінде ұшатын машина — орнитоптерді жасауы

1488 — «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті

1489 — бас сүйектердің анатомиялық кескіндері

1490 — «Сазгер портреті» суреті

1495—1498 — «Жасырын кешкілік» суреті

1502 — Чезаре Борджаға архитектор, әрі әскери инженер ретінде қазметке тұрады

1503 — Флоренсияға оралады

1503 — «Мона Лиза» суреті

1505 — құстың ұшу сызбанұсқасы

1506 — Миланға оралып, Франсия королі (сол кезде Италия солтүстігін басқарған) Луи XII қызметке тұрады

1507 — адам көзінің құрылысын зерттеуі

1509 — Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы

1512 — «Өз портреті»

1512 — Лев X папасының қорғауымен Римге көшуі

1514—1516 — «Жохан Шоқындырушы» суреті

1516 — Франсияға сарайлық суретші, инженер, сәулетші, және механик ретінде көшуі


Қайта өркендеу заманының аса ұлы суретшісі Рафаэль Италияның Урбино деген қалашығында туды. Оның бірінші ұстазы өз әкесі — шіркеулерге әулиелердің бейнесін салатын суретші Санти еді. Ал екінші ұстазы — өзі туған өлкенің әрдайым көгілдір мұнарға оранып тұратын көркем табиғаты болды.

Рафаэль жастай жетім қалып, жоқшылық көріп өсті. Бірақ сол кездегі көрнекті суретшілер жас баланың қабілетін ерте танып, оған қол ұшын берді. «Мадонна Конестабиле» атты картинасын салған кезде ол жиырмаға әлі толған жоқ еді. Бұл тамаша туынды қазір Ленинградтын, Эрмитажында сақтаулы. Мадонна Умбрия табиғаты аясында бейнеленген. Картинадағы ана мен сәбидің ойлы жүздері ерекше тартымды.

Рафаэль 1504 ж. Қайта өркендеу кезеңінің данышпан шеберлері Леонардо да Винчи мен Микеланджело тұратын Флоренцияға көшіп келді. Ол өнердің не бір саңлақ үлгілерін көріп, үйренгенмен, ешкімге еліктеген жоқ. Бұл кезде ол сәби құшақтаған мадонна бейнесіне қатты қызығушы еді. Осы тақырыпта «Желек арасындағы мадонна», «Бағбан мадонна», «Сарыала торғай ұстаған мадонна» картиналарын дүниеге әкелді. Оның мадонналары — әулиелер емес, мейірімді әйелдер, бөбектерін өбектеген жас аналар. Оған дейін мадонналарды бұндай кейіпте ешкім бейнелеп көрген емес. Рафаэльдің мұндай жаңашылдығы мен батылдығына замандастары қатты таңғалды.

1508 ж. Рафаэль Флоренцияны тастап, Римге кеп орныкты. Рим папасы Юлий II жиырма бес жастағы суретшіге өз сарайының салтанат залдарын безендіруді тапсырды. Ондағы ойы — жас суретшіге католик шіркеуін дәріптету еді. Бірақ, Рафаэльдің қыл қаламы әулиелерді емес, адамды, оның азат ойын, ақыл-күшін, сұлулығын жырлады. Бір көп бейнелі туындысында ежелгі дүние ойшылдары Аристотель мен Платонды бейнеледі.



Римде Рафаэль «Сикстин мадоннасы» атты атақты шығармасын жазды.Бұл картинаның атауы суреттегі Рим папасының қолындағы 6 саусағымен байлынстырады.Себебі латынша сикстин алты деп атайтын.Біз бұл картинадан бөбегін көтеріп келе жатқан жас ананы көреміз.Ол ұлының алдында адмазат бақыты жолындағы тауқыметке толы күрескер жолы жатқандығын жақсы сезіп келеді,бірақ өңі сабырлы,тәуекелге бел буған нық сенімде.Ана ерлігін марапаттайтын бұл шығармаға адамдар әлі күнге қайран қалады.Қазір бұл тамаша еңбегі Германияның Дрезден қаласындағы атақты көрмеде сақтаулы тұр.Рафаэль онымен қатар ұлы сәулетші де еді.Ол “мәңгілік шаһары”–Римде талай-талай тамаша шіркеулер,сарайлар,ғимараттар тұрғызды.Мұндай қиын істер орасан зор күштер талап етті.Денсаулығынан ерте айрылған Рафаэль артында тамаша ұрпақты тамсандырып өтер тамаша туындылар қалдырып,37 жасында дүние салды.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет