ПОӘК 042-14 05 20. 52/03-2009 №2 басылым 30. 09. 2009



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі3.37 Mb.
#133535
1   2   3   4   5   6   7

Тіршілік ету - адамның денсаулығын және еңбек ету қабілетін сақтау үшін организмде жүретін күрделі биологиялық процесс. Осы биологиялық процесс дұрыс жүру үшін адам өзіне жан-жақты жағдай жасай білуі керек – ол адамның тіршілік кепілі.

Тіршілік ортасы – адамның тіршілік ету қабілетіне, денсаулығына тікелей немесе жанама, бірден немесе біртіндеп әсер ететін қоршаған ортаның факторларының жиынтығы.

Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз адам мен оны қоршаған ортаның қауіпсіз және адамға қолайлы қарым-қатынасы

Төтенше жағдай – адамдардың қалыпты тіршілігін бұзын, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, зиян шығын әкелетін оқиға.


  1. Қазақстан Республикасында ТЖ байланысты төмендегі заңдар қабылданған:

  1. ҚР «Табиғи және техногенді төтенше жағдай туралы» заңы (5-ші шілде 1996 ж.);

  2. ҚР «Апаттық-құтқару қызметі және құтқарушылар статусы туралы» заңы (27 наурыз 1997 ж.)

  3. ҚР-ң «Азаматтық қорғаныс туралы» заңы (7 мамыр 1997 ж.)

  4. ҚР-ң «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы (22 қараша 1996 ж.)

  5. ҚР-да «ТЖ режимін енгізу құқығы туралы заңы»

  6. ҚР-ң «Радиациялық қауіпсіздік туралы заңы» (27 сәуір 1998 ж.)

  7. ҚР «Еңбек кодексі» (15 мамыр 2007 ж.)

Айтылған зандардың маңызы өте зор. Өйткені осы заңдар арқылы ҚР азаматының ТЖ байланысты құқықтары мен міндеттері, мекемелер, жергілікті, орталық атқару және басқару орғандарының құзырлары мен негізгі міндеттері, апаттық құтқару қызметтері мен құрылымдардың іс-әрекеттері, ҚР аумағындағы ТЖ-дың алдын-алу мен салдарын жою мәселелері бойынша көпшілік қатынастары реттеледі.



Д-10. Қазақстан Республикасы аумағында мүмкін болар төтенше жағдайлар, олардың сипаттамалары және салдары
Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Төтенше жағдайға байланысты ұғымдар.

    2. Төтенше жағдайлардың топтастырылуы

    3. Табиғи апаттың алдын-алу, салдарын, шығынын азайту шаралары




  1. Адамның тіршілік ортасының факторларының әрқайсысы адамның өзіне немесе адам әрекеті, керісінше, ортаға жағымсыз әсер етеді. Ондай жағымсыз әсерлерді табиғи апат, өндірістік авария, катастрофа ұғымдарымен айқындаймыз. Дегенмен ортақ сипаттарына байланысты айтылған ұғымдарды «төтенше жағдай» деп бір сөзбен айтуға болады.

Табиғи апат – кенеттен болған табиғат оқиғасы. Соның салдарынан халықтың қалыпты тіршілік етуі бұзылып, адам, мал және басқа да бағалы заттардың шығынына әкеліп соғатын төтенше жағдай.

Авария – құрал-жабдықтардың, құрылыстың, технологиялық процестің, машина мен механизмдердің істен шығуы. Оның салдары өртке, ауаның, жердің улануында, ластануына, суға батуына т.б. тіршілікке қауіпті жағдайларға әкеліп соғады.

Катастрофа (зұлмат) – көп адамдардың тіршілігіне нұқсан келтіретін, адам шығынына немесе денсаулығына зиян келтіретін, экономиялық және экологиялық шығынға соқтыратын, адамдардың қолымен істілген немесе табиғат апатының, қоғамдағы апаттың салдарынан болған оқиға.

Әр катастрофаның өзіне тән ерекше әсері болады және белгілі бір ортаны бүлдіреді.



Төтенше жағдай – табиғи апаттық, катастрофаның нәтижесінде адам өмірін қиып, немесе денсаулығына нұқсан келтіретін, шаруашылық бөлімдерге, қоршаған ортаға зиян келтіретін, адамдардың қалыпты тіршілігін бұзатын, белгілі бір аумақта болған оқиға.
2.Төтенше жағдайлар үш негізгі сипатына байланысты топтастырылады:

  1. Пайда болу (туындау) көзіне байланысты.

  2. Қай салаға жататынына байланысты

  3. Тарау аймағына (масштабына) байланысты (ТЖ салдары мен оны жоюға жұмылдырылған күш пен материалдық жабдықтар мөлшері)

Бірінші, негізгі сипатына байланысты – яғни туындау көзіне байланысты – төтенше жағдайлар: табиғи, техногенді, қоғамдағы қарама-қайшылық деп топтастырылады.

Екінші негізгі сипаты - қай салаға жататынына байланысты – төтенше жағдайлардың топтастырылуы:


  • құрылыстағы төтенше жағдайлар

  • өнеркәсіптік төтенше жағдайлар

  • көліктегі төтенше жағдайлар

  • тұрғын үй саласындағы, коммуналды-тұрмыстық төтенше жағдайлар

  • ауылшаруашылығындағы төтенше жағдайлар

  • орман шаруашылығындағы

  • тасымалдау саласындағы (газ, мұнай құбырлары)

Үшінші негізгі сипаты, масштабына байланысты және салдарын жоюға жұмылдырылған күш пен жабдыққа байланысты ТЖ-дың топтастырылуы:



  • бөлімшелік (объект, құрылғы, цех), салдарын жоюға тек сол бөлімше күштері жұмылдырылады;

  • жергілікті (қала, аудан, облыс);

  • аймақтың (бірнеше облыс, аймақ көлеміндегі);

  • ұлттық (Қазақстан Республикасы аймағы)

  • жаһандық немесе трансшекаралық (ҚР аумағымен көршелес елдер аумағы)

  1. Табиғи апаттардың алдын-алу, салдарын, шығынын азайту шаралары

Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңында табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін төмендегідей шаралар белгіленген:

  • жағдайды бақылау, ғылыми зерттеу;

  • төтенше жағдайға әкеліп соғатын авария, катастрофа, апаттарды болжау және апат мүмкіндігі жөнінде хабарлау;

  • мамандарды, халықты ТЖ жөнінде білім алуға бейімдеу;

  • төтенше жағдайлардан қорғану шараларын жүргізу.

Айтылған заңда табиғи және техногенді апаттардың қауіпін азайту, шығынын, залалын азайту үшін жасалатын қорғану шаралады айқындалған:

  • құрылысты сейсмикалық қауіпке байланысты жүргізу, ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық тұрақтылығын арттыру;

  • гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғау шараларын іске асыру;

  • транспорттық ТЖ алдын-алу үшін, транспорт қауіпсіздігін сақтау үшін коммуникация жүйелерін жетілдіру;

  • радиоактивті, химиялық және басқа қауіпті объектілердегі қорғау шараларын уақытымен жүргізіп отыру;

  • өрт жарылыс, эпидемия, эпизотия, ауылшаруашылық және орман өсімдіктері зиянкестері мен ауруларына қарсы шараларды жүргізу;

  • басқа да өқілетті бақылау органдарының заңдарына байланысты міндетті шараларды іске асыру.

Д-11. Қазақстан Республикасы «Төтенте жағдайлар Министерствасы» негізгі міндеттері, құрылымы, басқарылуы
ТЖМ мемлекет құрамындағы орталық атқару органдарының бірі. Министерстваның негізгі міндеттері; ҚР Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, тау-кен және өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіздігін қадағалау, және де табиғи және техногенді ТЖ-дың алдын-алу, салдарын жоюға байланысты арнайы атқару немесе рұқсат ету функцияларына лиценция беру, әр саланың АҚ, қауіпсіздікке байланысты сұрақтарының басып біріктіріп, үйлестіру мәселесі
Министерстваның жұмысының негізгі өзегі:

  1. Мемлекеттік саясатқа сәйкес табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және салдарын жою мәселелері шеңберінде құрылымдық қайта құру мен реформаны іске асыру

  2. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы құбылыстар мен жағдайларды жан-жақты бақылау, қадағалау, басқару;

  3. Республикадағы аса қауіпті объектілердегі, тау-кен өндірісіндегі, өнеркәсіптегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау, қадағалау.

Төтенше жағдайлар министерствасы төмендегі департаментерден және аймақтың облыстық, қалалық басқармалардан тұрады.



Қазіргі уақытта ТЖМ кіретін департаменттер төмендегідей:

  • ТЖ алдын-алу департаменті

  • Шуғыл-іс-қимыл департаменті

  • Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімшелер департаменті

  • Мемлекеттік өртке қарсы қызмет департаменті

  • Мемлекеттік ТЖ, техникалық және тау-кен өндірісін бақылау департаменті

  • Кадрлар жұмысы мен ұйымдық-бақылау департаменті.

Министерстваның құрамына, орталық аппараттан басқа, аумақтық органдар, яғни облыстық басқармалар (инспекция бөлімін қоса), Алматы, Астана, Қарағанды қалалық басқармалары аудандық бөлімшелер және әртүрлі министерстваға әр саладан бағынатын агенствалар кіреді. Оларға: Республикалық біліктілікті жоғарлату; Республикалық кризистік орталык; Республикалық ақпараттық-техникалық орталық;химикалық, радиометрикалық зертхана; Республикалық, облыстық шұғыл-құтқару обрядтары. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, «Казсельқорғаныс» мемлекеттік мекемелері кіреді.
ТЖМ орталық және атқару органдарының құзырлары:
Қазақстан Республикасының ТЖМ құқықтары:

  • министерстваның құзырындағы мәселелер шеңберіндегі заңдардың орындалуына бақылау жасау;

  • басқа министерстваларға, орталық және жергілікті атқару органдарына табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-дын алдын-алу, салдарын жою туралы нұсқаулар, ескерткелер беру;

  • өз құзыры шеңберінде Азаматтық қорғаныс шараларын шешуге, дайындауға ат салысу, шешім қабылдау;

  • ҚР аумағында болған қоғамдық тәртіпбі сақтау, халық шаруашылық объектілерін қорғау, табиғи апат, өнеркәсіптегі авария, катастрофалардың алдын-алу, салдарын жою жұмыстарына Әскери күштер бөлімшелерін, Ішкі істер Министрлігі күштерінің, арнайы мемлекеттік құтқару, шуғыл-іс-қимыл обрядтарын кірістіру жөнінде ҚР Өкіметіне сұраныс беруіне;

  • өз құзыреті шеңберінде өнеркәсіпбегі, қоршаған орта қауіпсіздігіне байланысты, құтқару-тағы басқа шұғыл жұмыстарды атқаруға рұқсат беру, құрамалардың біліктілігіне сараптама жүргізу, лицензия немесе сертификат беру;

  • Адамдар өміріне қауіп төнгенде, апаттық жағдай туғанда мекемелер мен объектілердің жұмысын уақытша тоқтатуға немесе мүлдем тиым салуға, эвакуация жұмыстарын жүргізуге;

  • Республика бойынша кәсіби түрде авариялық құтқару жұмыстарымен айналысқан құрылымдардың қызметтері белгіленген нормативтерге сай келмеген жағдайда олардың қызметін уақытша немесе толықтай тоқтатуға;

  • Бүкіл республика аумағы бойынша өзінің бірегей радио толқынына ие болуға;

  • Төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою мәселелері жөнінде бюллетень, анықтамалықтар, журналдар және басқа да ақпараттық басылымдар шығаруға құқылы.

Сонымен қатар Мемлекеттік Азаматтың қорғаныс және қауіпсіздік жұмыстарын үйлестіру бағытында өкімет аясында Мемлекеттік салааралық Төтенше жағдайлар комиссиясы жұмыс жасайды. Комиссияның негізгі міндеті Азаматтық қорғаныс және ТЖ халықты қорғау мәселелері бойынша әр саланың күштерін біріктіру, мемлекеттік саясатты іске асыру, қаражат, мүмкіндіктерді еселеу болып табылады.

Д-11 (жалғасы). Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, атқаратын міндеттері
Азаматтық қорғаныс-мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Қазақстан Республикасының АҚ-сын басқаратын Республиканың премьер-министрі. Азаматтық қорғаныс ісіне басшылық жасау Қазақстан Республикасының «Төтенше Жағдайлар Министерствасына (ТЖМ) жүктелген.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» заңының (7 мамыр 1997 ж.) 3-ші тарауында көрсетілгендей

Азаматтық қорғаныс күштері құрамы:


  • ҚР Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен;

  • Азаматтық қорғаныстық аумақтық құрылымдарынан;

  • А.Қ-ң объектілік құрылымдарынан;

  • А.Қ. және ТЖ қызметтері құрылымдарынан;

  • Шұғыл-құтқару бөлімшелерінен (Аудандық ШҚБ облыстық ШКБ) тұрады

АҚ құрылымдары мекеменің меншіктік түріне қарамай аумақтық-өндірістік принцип бойынша аймақтарда, облыстарды, қалаларда, аудандарда, мекемелерде құрылады.

Аймақтың құрылымдар әкімдердің шешімдерімен, ал объектілік құрылымдар-мекеменің басшысы бұйрығымен құрылады.

Мақсатына байланысты АҚ құрылымдары негізгі құрылымдар және қамтамасыз ету құрылымдары болып бөлінеді.

Негізгі құрылымдарға:



  • барлаушылар

  • құтқарушылар

  • дәрігерлік көмек

  • инженерлік

  • өртке қарсы

  • авариялық-техникалық

  • радиациялық-химиялық қорғау құрылымдары жатады.

Қамтамасыз ету құрылымдарына:

  • байланыс бөлімшелері

  • материалдық-техникалық қамсыздандыру

  • транспорттық

  • күзет немесе қоғамдық тәртіпті сақтау

  • жануарлар мен өсімдіктерді қорғау

  • және басқа да қорғау, көмек бөлімшелері жатады

Бейбіт кездегі ТЖ салдарын жою үшін АҚ құрылымдары және арнайы қызмет құрылымдары адамдарынан шұғыл-қимыл отрядтары жасақталады. Бұл отряд әр дайым іс әрекетке дайын болуы керек.



  • Облыстық әр дайым іс-әрекетке дайын шұғыл-қимыл отрядтары саны – 150 адамнан кем емес

  • Қалалық отрядтар – 100 адамнан кем емес

  • Аудандық отрядтар – 50 адамнан кем болмауы керек.

Азаматтық қорғаныс күштерін дайындыққа келтірудің мөлшерлі уақыты төмендегідей белгіленген:



  • шұғыл-іс-қимыс отряды үшін – 2 сағаттан артық емес

  • негізгі құтқару құрылымдары үшін – 4 сағат

  • барлық қалған құрылымдар үшін – 6 сағат

Азаматтық Қорғаныс құрылымдары қызметіне еңбек жасындағы әйелдер мен ерлер тартылады.


Д-12 Соғыс және бейбіт кездегі Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері
Резпубликадағы соғыс немесе бейбіт кездегі ТЖ-дан халықты қорғау іс шараларының негізгі мақсаты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 7 мамыр 1997 жылы қабылданған Қ.Р. “Азаматтық қорғаныс туралы” заңында көрсетілгендей:

  • орталық және жергілікті атқару органдарының, министерствалардың, мекемелер мен кәсіпорын басшылары ТЖ және АҚ шараларын ұйымдастыру мен іске асыруға тікелей жауапты;

  • ТЖ және АҚ шараларын қажетті жеке басты қорғау, ұжымдық қорғау құралдарын жабдықтауға, олардың қорларын сақтауға, әрдайым дайындықта ұстауға;

  • өз қарамағындағы объектілермен аймақтарда ТЖ кезіндегі іс-шараларға мекеме қызметкерлері мен халықты дайындауға және үйретуге жауапты екендері баса айтылған.

Қ.Р. “Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” заңының 1 тарауы, 3-ші бабына сәйкес халықты қорғаудың қоршаған ортаны қорғаудың, халық шаруашылық объектілерін табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ қорғау принциптері төмендегідей:

  • болуы мүмкін немесе туындаған ТЖ туралы, олардың алдын алу немесе салдарын жою шаралары туралы мекемелер мен халыққа уақытында және жариялық тұрғысында нақты мәлімет беру;

  • жеке азаматтар мен мекемелер іс-әрекетінің зияндылығы және қауіптілігін алдын-ала анықтау, потенциалді қауіптен қорғануға, ТЖ-дың алдын алатын шараларды іске асыруға халықты үйретуге;

  • ТЖ кезінде құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін шараларды іске асырудың міндеттілігі, шұғыл медициналық көмек көрсету, залалға ұшыраған еңбеккерлер мен халықты арнайы қорғау, ТЖ салдарынан халықтың денсаулығына келген, қоршаған ортаға, халық шаруашылық объектілеріне келген залал, шығындарды өтеу міндеттілігі;

ТЖ-дан халықты қорғау, қазіргі заманғы қару зиялынан қорғау шаралары А.Қ-тың жоспарларында айқындалып, басқару органдарының шешімдеріне байланысты, жергілікті жағдайды, мүмкіндікті ескере отырып жасалады.

  1. Біріншіден бұған алдын-ала қорғаныс шараларын іске асыру және жоспарлау жатады.

  2. Қорғау шараларын жоспарлауды және жүргізуді Республиканың бүкіл аумағында іске асыру.

  3. Қорғау шараларын жүргізу көлеміне, сипатына жергілікті жағдайға байланысты дифференциальды түрде келу.

  4. Қорғау шаралары үшін пайдаланатын жабдықтар, күштер және әдістер жан-жақты болуы керек.

Төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы қырын жою қаруын қолданған кезде халықты қорғау әдістері жоғары дәрежедегідей нәтиже беру үшін, бейбіт кезде және алдын ала сипаты жағынан, көлемі жағынан әртүрлі-инженерләк, эвакуациялық, радиациялық қарсы, дәргерлік, өртке карсы және басқа да шараларды жоспарлап, және оларды іске асыру қажет.

5. Қорғау шараларын жоспарлауды, іске асыруды Қ.Р. қорғаныс және Ішкі стер Министрліктерімен бірлесіп жүргізу



Д-13 Тақырыбы : Салауатты өмір салты .
Адам табиғаттың ғажайып бір өнімі .Адамның жаратылысының өзі , оның анатомиясы мен физиологиясы , функциональдық мүмкіндігі , күші мен төзімділігі таңғаларлық жоғары дәрежеде жаратылған .

Дегенмен адам шексіз мүмкіншіліктерін адамзат апйдасына а\пайдалануй , көбінесе адамның салауатты өмір сүру салтына , дағдысына , күнделікті тәртібіне , сол мүмкіншіліктерін мемлекеттің отбасы және өзінің мүддесіне бағындыруына , арнауына әрі пайдалануына тікелей байланысты . Адам баласы табиғат өнімі болғандықтан сол табиғатқа оның ресурстарына , қоршаған ортаның жайнап тұруына , өзінің денсаулығының жақсы болуына көп көңіл бөлуге міндетті . Міне осылар , салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары .



С а л а у а т т ы ө м і р с ү р у д і ң н е г і з г і э л е м е н т т е р і .

Салауатты өмір сүру негізінде қоғамның және жеке адамның рухани жағдайына тікелей байланысты әрі оған күнделікті өмір сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді . Солардың ішінде :



  • адамның күнделікті қозғалу режимі жатады ;

  • организмді шынықтыру ;

  • еңбек және демалыс гигиенасы ;

  • жеке басының және қоғамдық гигиенасы ;

  • ұжымдағы психикалық – эмоциональдық қарым – қатынасты үйлестіру ;

  • қоршаған ортаны қорғау ;

  1. А д а м н ы ң к ү н д е л і к т і қ о з ғ а л у р е ж и м і . Оңтайлы қозғалу режимі түрі дене шынықтырумен , спортпен айналысу - денсаулықты нығайтудың және жұмысқа деген қабілеттілікті көтерудің ең бір тиімді әдісі . Дене шынықтыру мен спорт кәрінің де , жастың да денсаулығын жақсартады әрі ауырмаудың мүмкіндігін алдын алуға мүмкіндік жасайды .

  2. О р г а н и з м д і ш ы н ы қ т ы р у . Шынығу – организмді нығайтудың , экологияның адамдар денсаулығына кері әсер теуін жеңудің тиімді құралы , ол негізінен адам денесіндегі жылуды өзгертіп отыру арқылы қол жеткізетін әдіс .

Шынығудың процедуралары ерекше . Көп жағдайларда тек табиғи факторлар қолданылады : ауа , күн және су . Сондықтан болар шынығу қосымша материалдың шығынды қажет етпейді және кез – келген жерде айналыса беруге болады .

  1. Е ң б е к және д е м а л ы с г и г и е н а с ы . Адамның әрбір жасына байланысты еңбек режимі физиология заңына байланысты , яғни еңбек процесі демалумен ауысып отыруы керек . Демалыс кезінде организмде қайта қалпына келтіру процесі жүреді де , адам еңбек етуге дайын болады , егер демалыс уақыты жеткіліксіз болса , онда организм қайта қалпына келіп үлгермей , шаршағандық пайда болады . Сондықтан адам өмірінде еңбек пен демалыстың гигиеналық режимі болуы өте қажет .

  2. А д а м н ы ң ж е к е б а с ы н ы ң г и г и е н а с ы . Адамның жеке басының гигиенасы организм мен терінің өз қызметін жақсы атқарудың шарты ретінде тәнді тазалықта ұстауды аса қажет етеді . Теріні , шашты , ауыз қуысын , тырнақты таза ұстау , оларға ылғи да қарап отыру терінің сақталуына , инфекциялық аурудың жұқпауына , тарамауына жағдай жасайды .

Жеке бастың гигиенасы киім болып саналады . Киімді жыл мезгіліне , суық пен ыстыққа сай пайдалану адамның денесіндегі қажетті жылу алмастыру процесінің жүруіне қажетті жағдай туғызады . Киімнің кір болуы , оның гигеналық қасиетін төмендетеді , жұқпалы ауру туғызады , әр түрлі бактериялар көбейеді . Сондықтан адам киімі таз , әрі қонымды , жұмыс істегенде адамға қиындық туғызбайтын болуы керек .

  1. Ұ ж ы м д а ғ ы п с и х и к а л ы қ – э м о ц и о н а л ь д ы қ қ а р ы м – қ а т ы н а с т ы ү й л е с т і р у . Адамзат табиғаттың өнімі ретінде өзіне әсер ететін табиғаттың күшін және әлеуметтік ортанының әсерін тұрақты сезінеді . Адам организмі бұған да ыңғайланады . Соның бірі – ұжымдағы қарым – қатынасы оның қиындығы , бірліктің жоқтығы адамның психикалық жағдайына өте қатты әсер етеді .

Психикалық - әлеуметтік күйзелістің мәселелері , оларды дұрыс шешу салауатты өмір сүру үшін өте маңызды .
Маскүнемділік , есірткіге әуесқойлық , темекі тарту – денсаулықтың қатері .

Академик Ф.Г.Угиов 1980ж. Былай деген . Алкогольдің зияны неде ?



  • ол наркотик . Адам мас болады , өзін - өзі постологиялық жағдайға қояды . Ерлермен қатар әйелдер де , жасөспірімдер де пайдаланады . Алкоголь тек адам денесін әлсіретіп қана қоймайды , сонымен қатар , адамның адамдығын бұзады , қоғамға қауіп төндіреді .

Әлеуметтік жағынан алғанда , болған қылмыстардың 80 – 90 % арақпен байланысты . Отбасының бұзылуы , ажырасу – ішімдіктің кесапатынан болып отыр .

Есірткіге әуесқойлықтың үш сипаттамасы бар :

  • Медициналық тұрғвдан – оны пайдалану адамның орталық нерв жүйесіне арнайы әсер тетді .

  • Әлеуметтік тұрғыдан – оны қолдану әлеуметтік өмірге , қоғам өміріне зор зийн тигізеді .

  • Заңдылық тұрғыдан – оны сақтау , алып жүру , сату , пайдалану қылмысты іс деп танылады . Олар анаша , харас болып бөлінеді . Қолдану түрі : тарту , ішке жұту , тері сатына тамырға айдау . Үнемі қолданущылық – шизофренияға , адамның халін бұзуға , бала таппаушылыққа соқтырады .

Темекі шегу . Қарын ашқанды , шөлдегенді сездірмейтін тамырлардың жұмысын тежеп , қанға түтіннің уы сіңеді . Түтіннің уында адам денесіне зиянды отыздан аса заттар бар . Темекі асқорыту органдарына да зиян келтіреді , асқа тәбеті шаппайды , қарынның жұмысы баяулайды . Әйел адамдарға өте зиянды .

3. Тәжірибе сабақтары
Мазмұны
1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу

№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тексеру және тiркеу

№ 3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру

№ 4 а)Сабақ тақырыбы: Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері

№ 4 б) Сабақ тақырыбы: Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары

№ 4 с) Сабақ тақырыбы: Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар

№ 5 Сабақ тақырыбы: Өрт сөндіргіш құралдар

№ 6 а) Сабақ тақырыбы: Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар

№ 6 б)Сабақ тақырыбы: Химиялық барлау құралы және химиялық залалдануды анықтау

1 Сабақ тақырыбы: Еңбек қорғау жөнiнде нұсқаулар беру және оның iс қағаздарын жүргiзу.



Жұмыс мақсаты: Методикалық жұмыста берiлген стандарттың нұсқа-сымен,ондағы көрсетілген нұсқаулардың түрiмен танысу. Әр нұсқаудың мазмұнын бiлiп, оны дұрыс жүргiзе бiлу және тiркеу жолдарын оқып-бiлу.

Оқу құрал жабдықтары:

  1. Методикалық нұсқау

  2. Тiркеу кiтапшасының үлгiлерi

  3. Жеке тапсырма.

Жұмыс ретi:

1. Кәсіпорын,мекемелерде нұсқаулардың қандай түрлерi жүргізілуі міндетті? 2. Әр нұсқаудың жүргізілу мерзімдері қандай?

3. Әр нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі? 4. Нұсқауларды кiмдер жүргiзедi, iс қағаздары қалай тiркеледi?
Алғысөз

«Жұмыскерлерді қауiпсiз еңбек етуге оқыту, еңбек қорғау , қауіпсіздік сұрақтары бойынша білімдерін тексеру және нұсқауларды жүргізу ережелері» Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 313 бабына сәйкес, ҚР «Халықтың еңбегін қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің» 23 қыркүйек 2007 жылғы № 205 л бұйрығымен бекітілген. Бұл ереже барлық халық шаруашылығы салаларының мекемелерi мен кәсiпорындарында бiрдей жүредi.

I. Негiзгi баптар

1.1Жұмыскерлердi қауiпсiз еңбек етуге оқыту, жұмыстың қауiптiлiк дәрежесiне , ерекшелiгiне қарамай, барлық кәсiпорында, мекемелерде:



  • жаңадан жұмысшыларды дайындау барысында ; (жұмысқа алғаш орналасқан кезде немесе мамандығы жоқ; мамандығын өзгерткен кезде)

  • мамандық шеберлiгiн арттыру кезiнде iске асырылуы керек.

1.3 Оқып-үйрету жұмысын ұйымдастыру мен жалпы басқару кәсiпорын (мекеме) басшысына , ал бөлiмдерде- бөлiмше бастықтарына жүктеледi.

1.4 Бөлiмдердегi қауiпсiз еңбек етуге үйрету жұмысын және оның сапасын , кәсiпорынның еңбек қорғау бөлiмi (бюрасы, инженерi) қадағалайды.

Ондай бөлiм жоқ болған жағдайда кәсiпорын (мекеме) басшысы” бұйрығымен бұл мiндет инженер- техник қызметкерлерiнiң бiрiне жүктеледi

1.5 Бұл ереженің шарттарын министiрлiктер әр саланың жұмыс ерекшелiктерiне қарай, оқулық-методикалық бағдармалар жасаған кезде және техникалық ереже , iс қағаздарын жасағанда ескерулері керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет