ПОӘК 042-14 05 20. 52/03-2009 №2 басылым 30. 09. 2009


II Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі3.37 Mb.
#133535
1   2   3   4   5   6   7

II Жұмысшыларды жаңадан дайындау кезiнде еңбек қауiпсiздiгiне оқыту- үйрету.

2.1 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту кәсiптiк–техникалық оқыту бағдарла-масына сай, Мемлекеттiк кәсiби оқу бөлiмi, мемлекеттiк еңбек департаменті бекiткен «Өндiрiсте жұмысшыларды дайындау және олардың мамандық шеберлiгiн арттыру ережелерiне» сәйкес оқытылуы қажет.

2.2 Қауiпсiз еңбек етуге оқыту , еңбек қорғау тақырыптары бойынша да , және мамандыққа оқыту-үйрету барысында да, мiндеттi түрде , еңбек қауiпсiздiгi стандарттарының тақырыптарын қосып оқыту арқылы iске асады.

2.3 Жаңа жұмысшыларды қауiпсiз еңбек етудiң әдiс - әрекеттерiне тәжiрибе жүзiнде оқыту немесе өндiрiстiк оқыту - оқу шеберханаларында (цехтарында, бөлiмдерiнде) нұсқаушының (инструктордың) басшылығымен , ал жұмыс орнында арнаулы бiлiмi бар маман, бригадир немесе жоғарғы квалификациясы бар жұмысшының басшылығымен жүргiзiледi.

2.4 Еңбек қорғау сабағының әр өткен тақырыбы және сабақта болған адамдар тiзiмi оқу журналына жазылып отырылады.

2.5 Сабақ бiткен соң , алған бiлiмдерiн тексеру үшiн емтихан алынады.



III.Еңбеккерлерге нұсқауларды берудi ұйымдастыру.

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей болып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- қосымша нұсқау (жоспардан тыс); 5шi – тиiстi нұсқау (мақсатты).

3.3 Кiрiспе нұсқауды еңбекшiнiң бiлiмiне , осы қызметтегi не кәсiптегi жұмыс өтіліне (стаж) қарамай барлық адамдармен және де іссапарға келген адамдармен , тәжiрибе өтуге немесе өндiрiстiк оқуға келген оқушылармен, студенттермен де жүргiзу керек.

3.7 Кәсiпорында, мекемеде жұмысқа жаңадан орналасқан әр адаммен, сол мекеменiң бiр бөлiмшесiнен екiншi бөлiмшеге ауысқандармен, командировкаға келгендермен , кәсiптiк оқуға немесе тәжiрибе алуға келген оқушылар , студенттермен ; мамандығын ауыстырып , өзiне бұрыннан таныс емес жұмысты алғаш iстейтiн адамдармен - мiндеттi түрде жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргiзiлуi тиiс.

3.12 Барлық еңбек етушiлер бiлiмiне, жұмыс өтілiне , бiлiктiлiгiне қарамастан алты айдан аспайтын мерзiмде бiр рет қайталама нұсқау алулары керек.

3.13 Қайталама нұсқау жеке түрде немесе бiр түрлi мамандық иелерiмен топтасқан түрде өткiзіледi. Бұл нұсқауды өткiзу мақсаты еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн еңбеккерлердiң қандай дәрежеде бiлетiндiгiн , меңгергендiгiн тексеру және оны жетiлдiру.

Қайталама нұсқау - жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаудың мазмұнына сәйкес жүргiзiледi.

3.14 Қосымша нұсқау (жоспардан тыс):

- еңбек қорғау ережелерiне ,заңдарына еңбек қауiпсiздiгiне әсер ететiндей өзгерiс кiрген кездерде;

- технологиялық процесcтерде өзгерiс болғанда, құрал-жабдықтар, шикiзат өзгергенде не болмаса олар жаңартылғанда;



  • еңбеккер қауiпсiз еңбек ету ережесiн бұзып , оның салдары жазатайым оқиғаға , өндiрiс апатына , жарылысқа , өртке әкелiп соққан кездерде;

  • бақылау, қадағалау органдарының міндеттеуі бойынша жүргізіледі.

3.16. Тиiстi нұсқау (мақсатты):

- тікелей мамандығына қатысы жоқ, бір жолғы жұмыстарды орындау кезінде жүргізіледі (тиеп-түсіру,аумақты тазарту, бөлімше, цех, мекеме аумағынан тыс жердегі жұмыстар).

- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;

2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тiркеу.



Жұмыс мақсаты: Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң ретiмен, оны тiркеу жолдарымен , талдау әдiстерiмен танысу, өндiрiстік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі актi толтыруды үйрену.

Жұмыс ретi:

  1. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң мәні неде?

2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері қандай?

3. Өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне кімдер кiредi? Тексерудiң уақыт мерзiмi қанша?

4. Тағы қандай тексерулер түрлерiн бiлесiң? Қай уақытта арнайы тексеру жүргiзiледi?

5. Арнайы тексеру комиссиясына кiмдер кiредi? Тексеруге қанша уақыт берiледi?

6. Егер жазатайым оқиға ұшыраған адам, ол туралы сол уақытта айтпай бiрнеше күннен кейiн /3,5,10/ айтса, бұл жағдайда тексеру қалай жүргiзiледi?

 

     Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу.



      1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
      1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жо-ғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адам-дардың;
      2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің;
      3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
      4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген кү-зет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жө-ніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүше-лерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
            Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері.

      1. Жұмыс беруші:


      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қа-жет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
      2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуы-на себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөнін-дегі шұғыл шараларды қабылдауға;
      3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмы-сын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтау-ға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жерді фотосуретке түсіруге;
      4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құ-қықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарла-ма жіберуге;
      5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
      6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
      7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
      2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уә-кілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
      1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне;
      2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті ор-гандарға;
      3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік ор-ганға;
      4) қызметкерлер өкілдеріне;
      5) қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс бе-рушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.

       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.

      1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бас-тап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мына-дай құрамдағы комиссия жүргізеді:
      төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынба-сары;
      мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.
      Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
      2. Арнайы тергеп-тексеруге:
      1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қара-мастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
      3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
          

       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері.

      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инс-пекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
      төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
      мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
      2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексе-руді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
      3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жө-ніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнін-дегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топ-тық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мем-лекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Өкіметі құрған комиссия жүргізеді.
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін ар-найы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың маман-дары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.

       Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу.

      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың сани-тарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган-ның өкілі де қол қояды.
      Егер жұмыс беруші жеке тұлєа болса, жазатайым оқиға туралы акт толты-рылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
           4. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тер-геп-тексеру актісімен қатар:
      1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өт-кені туралы мәліметтер;
      2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіз-дігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
      3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзін-ді көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта-масыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
      6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптама-лардың, талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
      7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
      8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
      9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лау-азымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
      10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді кө-шірмелер жасауға құқылы.
3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру.
Жұмыстың мақсаты: Жұмыс орнындағы, бөлмедегі микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау және микроклиматқа баға беру.

Жұмыс реті :

1. Бөлме микроклиматтының көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың жұмысымен, құрылысымен танысу.

2. Жұмыс бөлмелерінің микроклиматына сипат беретін жағдайларды өлшеп білу.

3. Зертханадағы микроклиматқа баға беріп , тәжірибе кестесін толтыру. Жұмысқа қорытынды жасау.

4. Микроклиматты қалыпқа келтірудің жолдарын көрсете білу.
Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері


Жыл маусымы

Жұмыс дәрежесі

Микроклимат көрсеткіштері

Температура

0С

Салыстырмалы

Ылғалдылық, %



Ауа қозғалыс жылдамдығы

Суық және ауыспалы мезгіл


Жеңіл, I

Орташа ауыр-лығы, I Iа

Орташа ауыр-лығы, I Iб

Ауыр, I , I I



20...23
18...20
17...19

16...18


60...40
60...40
60...40

60...40


0,2 дейін
0,2 дейін
0,2 дейін

0,2 дейін



Жылы мезгіл

Жеңіл, I

Орташа ауыр-лығы, I Iа

Орташа ауыр-лығы, I Iб

Ауыр, I , I I





22...25
21...23
20...22

18...21


60...40
60...40
60...40

60...40


0,2 дейін
0,2 дейін
0,4дейін

0,5 дейін


Жұмыс орнындағы микроклиматтың нақты жағдайлары нормада көрсетілген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, бұл жағдайларды уақытында анықтау үшін төмендегідей аспаптар қолданылады.



Температураны өлшеуге – сынапты термометрлер қолданылады.Бөлме ішінде жылу шығаратын құрылғылар болған кезде ауа температурасын қос термометр арқылы өлшейді(1-ші Сурет).Сынапты екі термометрдің бірі қара бояумен екіншісі күміс түстес бояумен боялған.Ауаның нақты температурасы екі термометрдің көрсеткіш айырмасы арқылы анықталады.

Термографтар – бөлмедегі ауа температурасының уақытқа байланысты өзгеруін жазуға арналған.

Тұрақты Августың психрометрі – қос термометрден тұрады. (2-ші Сурет).

Оның бірі ылғалды( сынап тұратын ыдысы суланған дәкемен оралған),екіншісі құрғақ термометр. Ылғалды термометрдің көрсеткіші әрқашан төмен.



Психрометрлер – жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптар. (3-ші,4-ші Сурет)

Екі термометрдің көрсеткіш айырмашылығы арқылы номограммадан немесе таблицаны қолданып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз.



Гигрометр МВ–1 аспабы–ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы( 1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді

Гигрограф аспабы – ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады.

Шөмішті немесе қалақты анемометрлер 9-20 м/с және 0,5-10 м/с аралығындағы ауа қозғалысын өлшеуге арналған. (5-ші Сурет) Жел қысымынан болатын қалақтың айналысын өлшеу механизмі көрсетеді.Қалақтың айналыс жылдамдығы, ауа қозғалысының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.М/с –пен көрсетілген жылдамдықта арнайы графикпен және секундомер арқылы анықтайды.

Ал, ауа қозғалысы 0,5 м/с төмен болғанда, ауа қозғалысы жылдамдығын кататермометр арқылы анықтайды.Термометрлердің спирт немесе сынап тұратын бөліктері шар тәріздес немесе цилиндр тәріздес болып екіге бөлінеді және төменгі, жоғарғы екі бөліктерден тұрады.Цилиндр тәріздес кататермометр шкаласы 38-35 0С ал, шар типтес 40-33 0С шамаға бөлінген.

Жылдамдықты өлшеу үшін алдымен термометрді +60 -70 0С суға салып,сынап, термометрдің жоғарғы ыдысына толғанша ұстайды.Содан соң өлшеу жүргізетін ауа жолына кататермометрді қойып,көрсеткішінің ( 38-35 0С,40-33 С) төмендеу уақытына байланысты жылдамдықты анықтаймыз.

Актинометрлер – сәулелі жылу температурасын өлшеуге арналған.Аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі қара немесе жарқыраған алюминий табақшалары.Олар термопарамен гальванометрге жалғанған.Аспап жылу ағынының тығыздығы 250 вт/м2 –тан жоғары болғанда ғана жұмыс істейді.

Барометр МД - 49, БАММ ауа қысымын өлшеуге арналған.Олардың шкалалары мм сынап бағанасы немесе паскальмен (Па) белгіленген.

М – 22, М – 22С барографтар тәуліктік немесе апталық ауа қысымының өзгерісін жазуға арналған аспаптар.
Тәжірибе кестесі.




Көрсеткіштер атауы

Қолайлы нормативтік көрсеткіштер

Нақты көрсеткіштер

1

Ауаның температурасы 0С

20-23





2

Салыстырмалы ылғалдылық %

(гигрометр бойынша)


60-40






3

Гигрограф бойынша салыстырмалы ылғалдық %







4

Жұмысшы басындағы көрсеткіш







5

Жұмыс аяғындағы көрсеткіш атмосфералық қысым,мм.сын.бағ.

760





6

Ауа қозғалысының жылдамдығы. м/с

0,2




Қорытынды:

4 Сабақ тақырыбы: Соғыс және бейбіт кездегі арнайы киім, аяқ киім және жеке басты қорғау құрал-жабдықтары
А)Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері.

Сабақ мақсаты: Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының түрлерімен танысу, жұмысшыларды қамтамасыз ету ретімен танысу.

Қауіпті,зиянды еңбек жағдайына сәйкес арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарын сұрыптауды меңгеру.



Жұмыс реті.

1. Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының жіктелуін (класификациялануы) жазып алу. 2. Арнаулы киім,аяқ киім,қорғау жабдықтарының сақталуы,берілуі және қолданылуы жөніндегі ережені оқып-білу.


Арнаулы киім, аяқкиім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар.

Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер.

Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім.

Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.

Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:



  • Жұмысшы киім

  • Арнаулы киім

  • Ведомствалық киім

  • Технологиялық киім

Жұмысшы киім – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер.

Арнаулы киімдер – сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.

Ведомствалық(салалық) киімдер – белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с.

Технологиялық киімдерге – өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.

«Еңбеккелерді қорғау жабдықтары.Топқа бөлінуі»- стандарты бойынша жеке қорғау заттары, жабдықтары қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:



  1. Айырушы костюмдер – ішіне жел толтырылған костюмдер,скафандрлер.

  2. Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары – противогаз, респираторлар.

  3. Арнаулы киімдер – комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, қысқа тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар.

  4. Арнаулы аяқ киімдер – етік, қысқа қонышты етік, туфли, галош, ботылар.

  5. Қолды қорғайтын жабдықтар – қолғаптардың әр түрі.

  6. Басты қорғайтын жабдықтар–дулығылар, малақай, қалпақ, т.с.с.

  7. Бетті қорғайтын жабдықтар – бетперде,қорғаушы маска.

  8. Есту органдарын қорғайтын жабдықтар – шуға қарсы киетін бас киім,құлаққа киетін аспап.

  9. Көзді қорғайтын жабдықтар – әр түрлі көзәйнектер

  10. Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары.

  11. Теріні қорғайтын заттар – сабын,арнайы ерітінділер,әр түрлі жағатын майлар.

Еңбеккерлерді арнаулы киіммен,аяқ киіммен қорғау жабдықтарымен уақытында қамтамассыз ету жауапкершілігі мекеме, кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі.

Өндірістегі зиянды шаңнан,улы заттардан еңбеккердің тыныс жолын қорғау үшін противогаздар немесе тұмылдырықтар беріледі.Өндірістік противогаздардың әскери (Азаматтық қорғаныс ұйымдарындағы) противогаздардан айырмашылығы,олар тек бір ғана затты сүзіп алуға арналған.Ал әскери противогаздар әмбебаб (универсальный) болып келеді


4 Б) Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары

Сабақ мақсаты: Тыныс жолдарын қорғау құрал- жабдықтарының түрлері- мен танысу және пайдалану мақсатымен танысу

Жұмыс реті:

1) Әскери противогаздардың түрлері мен улы заттарды сүзу принципімен танысу



  1. Өнеркәсіптік противогаздардың ерекшеліктерін білу

  2. Тұмылдырықтар мен тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құрал-дарды пайдалану мақсатын білу


Оқшаулаушы және сүзгілі тыныс жолдарын қорғау құралдары.

Қорғаныш құралдары жаппай жою қаруының зақымдаушы факторларынан адамдарды қорғауға арналған. Олар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары болып бөлінеді.



Жеке қорғану құралдары - радиоактивтік (улағыш) заттар мен биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабаты мен киімге түсуінен қорғауға арналады. Оларға тыныс органдарын қорғау құралдары (сүзгіш және оқшаулаушы противогаздар, тұмылдырықтар, шаңға қарсы бүркемелер, мақта, дәке таңғыштар) мен теріні қорғау құралдары (Л–1 жеңіл қорғаныш костюмі, жалпы әскерлік қорғаныш толымы және пневмокостюм) жатады.

Сүзгіш противогаздар. Тыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Противогаз - противогаздық (сүзіп, сіңіріп алатын) қорап пен беттік бөлімнен тұрады. Противогаз қорабы демалатын ауаны зиянды қоспалардан тазартуға қызмет етеді. Бұл үшін ол түтінге қарсы (аэрозольге қарсы) сүзгімен және арнайы өңделген активтелген көмірмен (шихтамен) жарақталған.

Дем алғанда ластанған ауа противогаздың сүзгілі(сіңіргіш) қорабына келеді, мұнда ол зиянды қоспалардан тазарып, одан әрі противогаздың беттік бөлігі мен тыныс органдарына барады. Дем шығарғанда ауа беттік бөлік астынан қорапқа соқпай сыртқа шығады. Булар мен газдардың сіңірілуі адсорбция, хемосорбция және катализ есебінен, ал түтін мен аэрозольдердің сіңірілуі сүзу арқылы жүзеге асады.



Адсорбция – газдар мен буларды адсорбент деп аталатын қатты дене бетінің сіңіруі. Противогаздарда абсорбент ағаш көмірі болып табылады

Хемосорбция – улағыш, күшті әсер ететін улы заттардың (КӘУЗ) олардың активтендірілген көмірге жағылатын химиялық актив заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуі.

Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализаторлар ретінде мыстың, күмістің және хромның тотықтары пайдаланылады. Түтіктер мен аэрозольдердің сүзілуі жиі тор құратын талшықты материалдардан жасалған түтінге қарсы сүзгілермен жүзеге асырылады. Одан өткенде аэрозольдердің бөлшектері талшықтарда тұрып қалады.

Қазіргі уақытта халықты қорғау үшін пайдаланылатын противогаздардың неғұрлым жетілдірілген және тараған үлгісі ГП–7 (ГП-7В, ПДФ-7) азаматтық противогазы болып табылады. Ол тыныс органдарының, көздің, беттің терісінің көптеген улағыш және КӘУЗ заттардан, радиоактивтік шаң мен бактериялық құралдардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. (19-сурет)





19-Сурет. Сүзгіш противогаздар
Өнеркәсіптік противогаздар. басқалардан ерекшелігі – бір бағыттылығы, яғни нақты бір жағдайларда адам тап болатын зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан сүзгілі қорап сіңіргіштер құрамы жөнінен қатаң мамандандырылған және онда ауаны ондағы бар улы заттан не зиянды қоспадан тазартатын сіңіргіш қана болады. Мысалы, хлордан – Б; аммиактан – Д, қара; көміртек тотығынан – Ж және З, тиісінше қызыл және сұр; сынап буларынан – В, қара.

Тұмылдырықтар. Сүзгіш тұмылдырықтар адамның тыныс органдарын қорғайтын құралдарға жатады. Арналу мақсаты жөнінен тұмылдырықтар шаңға қарсы (ШБ - 1, "Лепесток", "Кама", У - 2К, РПА - 1), газға қарсы және газ бен шаңнан қорғайтын (РПГ-67, РУ- 60СН, "Лепесток—1") болып бөлінеді

Конструкциялық шешіміне байланысты тұмылдырықтар екі түрлі болуы мүмкін: сүзгіш жарты маска, мұнда демалатын ауа зиянды қоспалардан жарты масканың өзінің материалымен тазарады; сүзгі патрон (бір не екі) қосылатын жарты маска.



Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары:

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарға: мақта -дәке, таңғыштар мен шаңға қарсы мата маскалар (ПТМ—1) жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдерден қорғау үшін қолданылады.



Мақта-дәке таңгышын жасау үшін өлшемі 100x50 см дәке алып, оған қалыңдығы 1—2 см мақта төсейді; дәкенің шеттерін екі жағынан қайырып мақтаға салады, ал ұштарын ұзына бойымен әр жағынан 30-35см жара қияды. Таңғыш иекті, ауыз бен мұрынды жауып тұруға тиіс. Көзге шаңға қарсы көзілдірік киеді.

Шаңға қарсы мата маска корпустан және бекітпеден тұрады (корпус 4-5 қабат матадан тұрады). Корпус пен бекітпені үлгіге не сызбаға қарап пішеді. Масканың корпусында қарайтын тесік ойылып, оған мөлдір материал-дан әйнек орнатылады. Маска, басқа, үстіңгі тігіске орнатылатын резеңке таспамен тығыздалып тұрады; Бекітпенің төменгі тігіске тігілген баулары, масканың корпусының жоғарғы түйіндеріне бекітілетін көлденең резеңке, масканың жылжып кетпей тығыз тұруына себептеседі.

4 С) Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар.


Сабақ мақсаты: Химиялық және ядролық, бактериялогиялық қару зардаптарынан қорғауға арналған медициналық және жеке қорғау құрал-жабдықтарының түрін, пайдалану мақсатын оқып-білу.

Жұмыс реті:

  1. Жеке дәрі қобдишасының пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

  2. Химиялық жеке пакеттің пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

  3. Жалпы әскерлік қорғаныш толымын пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.


22- Сурет . Жеке дәрі қобдишасы
Жеке қораныштың медициналық құралдары. Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) және химияға қарсы жеке пакет жатады.

Жеке дәрі қобдишасы (22-сурет) Жаппай жоятын қару әрекетінің ауыр зардаптарын болғызбау мақсатында өзіне-өзі және өзара көмек жасауға, сондай-ақ инфекциялық аурулардың алдын алу және бетін қайтаруға арналған. Онда профилактика мен алғашқы медициналық жәрдемінің әр түрлі құралдары болады.

Химияға қарсы жеке пакет. ( 23-сурет) Ол терінің ашық жерлері мен киімге тиген тамшылы-сұйық УЗ зиянсыздаңдыруға арналған. Ол газсыздандыратын ерітіндісі бар шағын шөлмектен және бес мақта-дәке тампоннан тұрады.

23-сурет. Химияға қарсы жеке пакет:

а-пакеттң жадпы түрі, б-мақта-дәке тампондары, в-сұйығы бар шөлмек.
Теріні қорғау құралдары. Қорғау әсерінің принципі бойынша теріні қорғау құралдары оқшаулаушы және сүзгілі болып бөлінеді.

Жалпыәскерлік қорғаныш толымы(комплект) газсыздандыру, дезактивация және дезинфекция жұмыстарын атқару кезінде тері қабатын, киімді, улағыш заттардан, биологиялық құралдар, радиоактивтік шаңнан бірнеше дүркін қорғауға арналған. Ол қорғаныш плащынан, қорғаныш шұлықтары мен қорғаныш қолғаптарынан тұрады.


24-Сурет. Жалпыәскерлік қорғаныш толымы: а – жамылғы түрінде, б – жеңін киген плащ, в – комбинезон түрінде.



Арнаулы қорғаныш киімінің мынадай түрлері болады: Жеңіл костюм , (25-Сурет) комбинезон, күрте мен шалбардан тұратын костюм мен алжапқыш.

Арнаулы қорғаныш киімі ұзақ уақыт бойы зақымдалған жерде жұмыс атқаратын, сондай-ақ улағыш заттармен істес болатын адамдарға беріледі.



Пневмокостюмдер, атмосфера мен жабдық радиоактивтік заттармен қатты, шекті рауалы нормалардан едәуір асып түсетіндей болып ластанған жағдайда, әртүрлі технологиялық операциялар атқаруға мүмкіндік береді. Оларды ядролық реакторларды немесе жабдықтарын демонтаждау кезінде, үй – жайларды дезактивтеу кезінде киеді . Пневмокостюмдерде таза ауаның мәжбүрлік берілуі көзделген, осы арқылы негізгі киімнің, тері қабатының, демек адамның тыныс жолының да РЗ түсуінен сенімді қорғалуына қол жетеді. Бұл костюмдерді үстінен шешпей дезактивтеуге болады.

Жоғары температурадан қорғайтын киімдердің түрлері көп. Бұған ашық оттан, сонымен қатар қызған беттермен түйісуден қорғайтын костюмдер кіреді. Балқығыш металдың қызуынан, ұшқындары мен шашырауынан қорғайтын, сондай–ақ 1000ºС – ға дейін қызған беттермен жұмыс істеу кезінде қорғаныш болатын электр өрістерінен қорғай алатын киім, адамның денесін механикалық әселерден, сондай–ақ су мен сілтілерден, қолайсыз биоллогиялық факторлардан қорғайтын костюмдер бар.


5 Сабақ тақырыбы: Өрт сөндіргіш құралдар. Сабақ мақсаты: Өрт сөндіруге арналған бастапқы және техникалық құралдармен танысу.

Жұмыс реті:

1. ОХП-10, ОВП-10, ОП-1, ОУ-5 от сөндіргіштерінің құрылысымен мұқият танысу қажет.

2. Олардың пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.

3. От сөндіргіштермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері қандай


Өрт сөндіргіш құралдар.

Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әр түрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алынып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын өрт сөндіргіштер, гидропульттер,бастапқы құралдар- су құйылған ыдыс, шелек, құм салынған жәшік, кигіз т.б. заттар жатады.

Сондықтан әр объектіде өрт сөндіру тақталары болу керек. Онда лом, темір, балта, күрек, аша сияқты құралдар болу міндетті. Гиропульт дегеніміз – қолмен жұмыс істейтін, суды сорып оны қысыммен жанып жатқан жерге беруге арналған сорғыш құрылғы. Қолға алып жүретін от сөндіргіштер өрт басталған кездегі шамалы өрт көздерін сөндіруге арналған құрылғылар. Олар: химиялық – көбікті және ауа көбікті, газбен (көмір қышқыл газымен, т.б) сөндіретін, ұнтақпен сөндіретін болып бөлінеді.

Химиялық – көбікті ОХП-10 /ОХВП-10/ қол от сөндіргіш – кернеу берілген электр құрылғыларынан басқа,қатты заттар мен жанғыш сұйықтар мен болған алғашқы от көздерін сөндіруге арналған. Сыйымдылығы 10л; сұйықты шашырату қашықтығы – 4м, жұмыс уақыты – 60 секунд. Мойын тұсында шашыратқыш тесігі бар. Оның сыртқы қорабы цилиндр тәріздес болат темірден жасалған. Мойынға қақпақ бұралады. Қышқыл бөлігі полиэтиленді кішкене ыдысқа құйылса, негіз бөлігі сыртқы қорапқа құйылады. Екеуі араласқан кезде химиялық реакция жүріп, нәтижесінде көбік пайда болады. От сөндіргіш сұйығы қыста қатып қалмау үшін оның негіз бөлігіне этиленгликоль немесе РАС көбіктендіргіш қосады.

Ауа көбікті ОВП-10 тектес от сөндіргіштері органикалық негіздегі қатты заттармен, сұйық жанғыш заттармен болған жануды сөндіруге арналған. Бұл өрт сөндіргіштерді ауаның қатынасынсыз жанатын заттарды, жанған металдарды және кернеу беріліп тұрған электр құрылғыларында болған жануды өшіруге қолдануға болмайды. Ыдыс сыйымдылығы 10л. Көбікті ағынның жету қашықтығы – 4-5 м. Ағынның шығу мерзімі 45 сек. Жұмысшы газы – көмірқышқыл газы. От сөндіргіш сұйығы – 6 процеттік ПО-1 көбіктендіргіштің судағы ерітіндісінен тұрады.

Көмір қышқыл газды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 жаңа бастаған қатты, сұйық заттардың от көздерін, сонымен қатар 1000 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған өртті өшіруге арналған. От сөндіргіш ретінде сұйық көмірқышқылы пайдаланылады. Ыдыстың жұмысшы қысымы 5,8 – 6 мПа. Қарлы ағынның үздіксіз шығу мерзімі қоршаған орта температурасы 200С болғанда 15 сек. От сөндіргіштің сыртқы қорабы болат темірден істелген. Оның мойын жағына бекітетін және іске қосатын тетік бұралады.

Ұнтақты от сөндіргіштер ОП-1, ОП-8 Б

Негіздік металдармен, олардың қоспаларымен, 380 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған және басқа заттармен болған жануды тоқтату үшін қолданылады. От сөндіргіш зат ретінде ПСГ-2; П-1 А немесе ПСБ ұнтақтары пайдаланылады. Бұл ұнтақтар улы емес және шашыраған сумен, көбікпен, газдармен қосып пайдалануға бола береді. Ыдыстың ішінен ұнтақты үрлеп шығаруға көмір қышқыл газы немесе қысылған ауа пайдаланылады. Ыдыс сыйымдылығы 1 немесе 8 литр. Ағынның шығу мерзімі 10 – 25 сек. Жету қашықтығы 6 метр. Жанып жатқан қабатқа түскенде ұнтақ отты оттегінен бөліп тастайтын жанбайтын қабат құрайды.



ОП-1 «Момент-2П» өрт сөндіргіш үзік – үзік әрекет етеді, сондықтан бірнеше рет пайдалануға жарайды. Ол ұнтақ құрам толтырылған корпустап 1 және корпусқа бұралып жабылатын қақпақтан тұрады

Қолданылуы: Өрт кезінде от сөндіргішті бекітілген орнынан ағытып алып қақпаның шегесін қатты нәрсеге соғу керек. Сонан соң от сөндіргіштің жұмыс істеген сәтінде шыққан ұнтақтың тыныс органдарына және көзге тимегені абзал.


18-Сурет. ОСП-1 өрт сөндіргіштің әрекеті сызбасы:

а - өздігінен қосылған кезде;

б – қолмен қосқан кезде.

Өрт сөндіргіштің типі мен қажетті санын таңдау олардың өртті сөндіру қабілетіне, аумаққа және өрттің класына байланысты болады.

Өртті сөндірудің алғашқы құралдары дәліз бен өтпелерде адамдарды көшіруге бөгет болмауы тиіс. Оларды шығатын есікке тақау, көрнекі жерге, 1,5 метрден аспайтын биіктікте орналастыру қажет.
6 А) Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар.
Сабақ мақсаты: Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдардың жұмыс принциптерімен құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.

Жұмыс реті:

1. Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістерімен танысу.

2. ДКП-50А дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін оқып білу.

3. ДП-22, ДП-24, ДП-5А, ДП-3Б дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұ-мыс принциптерін оқып білу.

Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістері және дозиметрлік құралдардың жұмыс принциптері.

Иондаушы (радиоактивті) сәулелерді анықтау принципі осы сәулелердің ортаның затын иондау қабілетіне негізделген. Иондалу өлшенетін және анықталатын физикалық және химиялық өзгерістердің себебі болып табылады. Ортаның мұндай өзгерістеріне жататындары: заттардың электр өткізгіштігінің (газдардың, сұйықтың, қатты материалдардың) өзгеруі; кейбір заттардың люминесценциясы; фотопленкаларды жарықтандыруы; кейбір химиялық ерітінділердің түсінің, бояуының, мөлдірлігінің, электр тоғына кедергісінің өзгеруі.

Иондаушы сәулелерді анықтау және өлшеу үшін келесі әдістер қолданылады: фотографиялық, сцинтилляционды, химиялық және иондаушы.

Фотографиялық әдіс фотоэмульсияның қараю дәрежесіне негізделеді. Иондаушы сәулелердің әсерінен фотоэмульсиядағы бромды күмістің молекулалары күміс пен бромға ыдырайды. Пленканы шығару кезінде оның қараюын тудыратын жоғарыда түзілген күмістің ұсақ кристалдары. Осы принципке жеке фотодозиметрлер жұмысы негізделген.

Сцинтилляционды әдіс. Иондаушы сәулелердің әсерінен кейбір заттар (күкірт цинкі, иодты натрий) жарық шығарады. Жарқырау саны сәулелену мөлшерінің қуатына пропорционалды және фотоэлектронды көбейткіш—арнайы құрал көмегімен тіркеледі.

Химиялық әдіс. Кейбір химиялық заттар иондаушы сәулелердің әсерінен өзінің құрылымын өзгертеді. Судағы хлороформ сәулелену кезінде хлороформға қосылған бояғышпен, түсті реакцияға түсетін тұз қышқылына ыдырайды. Екі валентті темір қышқылды ортада, суды сәулелеу кезінде НО2 және ОН бос радикалдарының әсерінен үш валенттіге тотығады. Үш валентті темір, бояғышпен түсті реакцияны береді. Бояу қоюлығына қарап, сәулелену мөлшерін (жұтылған энергия) байқаймыз. Осы принципке ДП—70 және ДП—70м химиялық дозиметрлер жұмысы негізделген.

Қазіргі кездегі дозиметрлік иондаушы сәулелерді өлшеу және анықтаудың иондаушы әдісі кең қолданыс тапты.

Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы (26-сурет) бірдей және оған кіретіндері: қабылдағыш қондырғы (иондаушы камера немесе газразрядты санауыш) 1, иондаушы тоқтың күшейткіші (электрометрлік шамнан 2, жүктегіш кедергі 3, басқа да элементтерден тұратын электрлік сызба), тіркеуіш қондырғы 4 (микроамперметр) мен қоректену көзі 5 (құрғақ элементтер немесе аккумуляторлар).

26 –Сурет. Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы.


Иондаушы камера дегеніміз—ішінде бір-бірінен оқшауланған екі электрод - конденсаторлар орналасқан, ауамен толтырылған тұйық көлем. Камераның электродтарына тұрақты тоқ көзінен кернеу беріледі. Иондаушы камера тізбегінде иондаушы сәуле болмағанда тоқ болмайды, себебі ауа изолятор болып табылады.

Сәулелердің әсерінен иондаушы камерада ауа молекулалары иондалады. Электр өрісінде оң зарядталған бөлшектер катодқа қарай ығысады, ал теріс зарядталғандары анодқа тартылады. Камера тізбегінде микроамперметрмен өлшенетін иондаушы тоқ пайда болады. Иондаушы тоқтың сандық мәні сәулелену қуатына пропорционалды. Демек, иондаушы тоқ бойынша камераға әсер ететін сәулелену мөлшерінің қуатын бағалауға болады. Иондаушы камера қанығу шеңберінде жұмыс істейді.

Газразрядты есептегіш кіші белсенділіктегі радиоактивті сәулеленуді өлшеу үшін қолданылады. Есептегіштің жоғары сезімталдығы сәулелену қарқындылығы иондаушы камераға қарағанда ондаған мың есе аз сәулеленуді өлшеуге мүмкіндік береді.

Дозиметрлік құралдар

Дозиметрлік құралдарды қолдану мақсаттары:



  • Сәулеленуді бақылау—адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың сәулені жұту немесе экспозиционды сәуленің мөлшері туралы мәліметтерді алу;

  • Адамдардың, ауылшаруашылық малдардың, сонымен қатар техниканың, көліктің, қондырғының, киімнің, жабдықтың, судың, мал азығының және тағы басқа да объектілердің радиоактивті заттармен радиоактивті ластануын бақылау;

  • Радиациялық барлау—жергілкті жердегі радиацияның деңгейін анықтау.

Сонымен қатар дозиметрлік құралдардың көмегімен әр түрлі

техникалық құралдардағы, заттардағы және топырақтағы нейтронды ағындармен сәулеленген, бағытталған радиоактивтілікті анықтауға болады.



Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау үшін объектілерде дозиметрлер мен экспозиционды дозаның қуатын өлшеуіштер қолданылады. Олардың тактико—техникалық сипаттамалары 1—кестеде берілген.

Құрамында қалталы туракөрсететін ДКП—50А дозиметрлері бар ДП—22В және ДП—24 жеке дозиметрлер толымы адамдар радиоактивті заттармен ластанған жерде жұмыс істегенде немесе ионды сәулелердің ашық және жабық көздерімен жұмыс кезінде алатын гамма—сәулелердің экспозиционды мөлшерін бақылау үшін арналған.

ДП—22В дозиметрлерінің толымы 3Д—5 типті зарядты қондырғыдан 1 және ДКП—50А типті қалталы туракөрсететін 50 жеке дозиметрлерден 2 тұрады.

ДП—24 дозиметрлерінің толымы ДП—22В қарағанда ДКП—50А типті бес дозиметрлерден тұрады.

ДКП—50А дозиметрі гамма—сәулеленудің жеке экспозициялық мөлшерін 2-ден 50 рентген аралығында өлшеуді қамтамасыз етеді. Қалыпты жағдайда дозиметрдің өздігінен разрядталуы тәулігіне екі бөліктен аспайды.

ИД—1 толымы –гамма-нейтронды сәуленің жұтылған дозасының мөлшерін өлшеуге арналған. Ол жеке ИД—1 дозиметрі мен 3Д—6 зарядтау құрылғысынан тұрады. ИД—1 дозиметрінің жұмыс принципі экспозициондық гамма-сәулесі мөлшерін өлшейтін ДКП—50А аспабымен бірдей.

6 Б) Химиялық барлау құралы және химиялық залалдануды анықтау


Сабақ мақсаты: Химиялық барлау, химиялық ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдың жұмыс принципімен, құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.

Жұмыс реті:

1. Химиялық улы заттардың түрін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?

2. Химиялық барлаудың әскери құралының пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.

Ауаның, жер бетіндегі ғимараттардың, көліктердің, жеке басты қорғау жабдықтары, т.б. объектілердің уландырғыш және қатты әсерлі улы заттармен залалдану дәрежесін анықтау және түрін анықтау - химиялық барлау құралын пайдаланып үлгі алу жолымен және оны химиялық лабораторияда сараптау әдісімен жүргізіледі.

Химиялық барлаудың негізгі құралы болып, Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) және де тактико—техникалық сипаттамаларымен жұмыс істеу принципі бойынша соған ұқсас, жартылай автоматты химиялық барлау құралы (ЖАХБҚ), және өндіріс сипатына байланысты шаруашылық құралдарының әр түрлері қолданылады.

Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) ауада, жер бетіндегі және техникадағы Ви—Икс, зарин, зоман, иприт, фосген, синилды қышқыл және хлорциан тектес УЗ анықтауға арналған.

ХБӘҚ құрылғысы.


31- Сурет. Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ)


Құрал қақпағы (31сурет,а) бар қораптан және онда орналасқан: қол насосы 1, насосқа қосымша бөліктен 3, индикаторлы түтікшелері бар қағаз кассеталардан 11, қорғаныш қақпақшалардан 4, түтінге қарсы сүзгілерден 5, электрофонарь 7, жылытқыш 10 пен оларға арналған патрондардан 6 тұрады. Одан басқа құрал толымына үлгі алу қалағы 9, штырь 8, «Пайдалану ережесі» құрылғымен жұмыс істеу көрсетілген жазылым, жіңішке қайысы бар иықтық белдік 2 кіреді. Құрылғы массасы—2,3 кг, фосфорорганикалық УЗ—ға сезімталдығы—5*10-6 мг/л-ге дейін, фосгенге, синил қышқылына, хлорцианға—5*10-3 мг/л-ге, ипритке—2*10-3-ге дейін, жұмыс температураларының диапазоны -40 +400С дейін.

Қол насосы (поршеньді) индикаторлық түтікше арқылы залалданған ауаны сорып өткізу үшін керек, түтікше насос басының ұясына орнатылады. 1 минутта 50—60 рет насоспен сорғанда индикаторлық түтікшеден 2 л-дей ауа өтеді. Насостың басында түтікшелерін кесу үшін ұяшықтар, насос тұтқасында—ампула ашқыштар болады.



Насосқа қосымша бөлік—топырақтағы және т.б. заттардағы УЗ анықтау кезінде индикаторлық түтікшеден өтетін УЗ бу мөлшерін ұлғайтуға көмектесетін және де түтіндегі УЗ-ды анықтау мен түтін үлгісін алуға мүмкіндік беретін қосымша құрал.

Индикаторлық түтікшелер кассеталарда орналасқан (31-сурет,б) УЗ анықтауға арналған. Олар ішінде реактивтері бар ампулалар мен толықтырғыш орналастырылған жалғасқан шыны түтікшелер түрінде болады. Индикаторлық түтікшелер түрлі-түсті сақиналармен маркіленген және 10 данадан қағаз кассеталарға салынған. Кассетаның бетінде бояудың түсті эталоны берілген және түтікшелермен жұмыс істеу реті көрсетілген. УЗ-ды анықтайтын түтікшелердің үш түрі бар. I-зарин, зоман және V-газ үшін—бір қызыл сақиналы және қызыл нүктелі; II-фосген, дифосген, хлорцианға—үш жасыл сақиналы; III-ипритті анықтау үшін бір сары сақиналы түтікшелер алынады.

Қорғаныш қақпақшалары—қосымша бөлік воронкасының ішін УЗ тамшыларынан сақтау үшін және УЗ анықтаған кезде, оларды орналастыруға қажет.

Түтінге қарсы сүзгілер—түтіндегі УЗ анықтауға арналған, аз мөлшерде УЗ топырақта және сусымалы материалдарда анықтауға және түтін үлгісін алу үшін қажет. Олар фильтрлейтін материалдардың (картон) бір қабатынан және капрон матаның бірнеше қабатынан тұрады.

Жылытқыш—сыртқы ауа -40 +100С температураға дейін төмендегенде индикаторлы түтікшелерді жылыту үшін қажет. Ол екі ойықшасы бар пластмасса корпусынан тұрады, оған қыздыруды қамтамасыз ететін патронды тесетін құрал орнатылады.

Ауадағы УЗ анықтау. Ең алдымен жүйке-салдық әсерлі УЗ буларын анықтайды. Ол үшін қызыл сақинасы мен қызыл нүктесі бар 2 индикаторлы түтікшелерді алу керек.. оның біреу түтігі есебінде пайдаланылады да, екіншісі бақылау үшін штативке қойылады. Тәжірибе түтіктеріндегі бояудың өзгеруіне байланысты УЗ бар-жоғын біледі. УЗ анықтауда қателеспес үшін бақылау түтікті тәжірибе түтіктеріндегі бояулардың өзгеру ретін мезгіл-мезгіл тексереді, индикатор түтіктерінің ұшын сындыру және кесу (яғни түтікті ашу) үшін ампула ашқышты пайдаланады, екі түтіктің де жоғарғы ампулаларын 2—3 рет сілкиді. Тәжірибе түтіктің маркіленбеген ұшын насосқа қойып 5—6 рет шайқайды.

Екі түтіктегі төменгі ампулаларды сындырып, оларды шайқап және бақылау түтіктеріндегі бояудың қызылдан сарыға дейін өзгеруін байқау қажет. Бақылау түтігінде сары бояудың түзілу кезінде тәжірибе түтіктің жоғарғы қабатындағы қызыл түс УЗ (зарин, зоман, V-газдарының) қауіпті концентрациясын көрсетеді. Егер тәжірибе түтіктерінде және бақылау түтіктерінде бірден сары түс байқалса, онда ол УЗ жоқ немесе УЗ концентрациясының аз екенін көрсетеді.

Түтіндегі УЗ анықтау үшін түтінге қарсы сүзгі және қосымша бөлікті пайдалану керек.

Аспаппен - Заттардағы, техникадағы және жергілікті жердегі, топырақтағы және сусымалы материалдағы УЗ анықтауға болады.

Температура төмендеген кезде индикаторлы түтіктердің сезгіштігі төмендейді. Қызыл сақиналы және нүктелі ампуладағы ерітінді қатып қалады.қыста индикаторлы түтіктерді грелка қолдану арқылы дұрыс пайдалануға болады. Грелкамен ампуладағыны ерітеді, қызыл сақиналы және нүктелі түтіктер қоршаған ортаның температурасы 00С төмен, сары сақиналары бар түтіктер температура +100С төмен болғанда жылытылады. Жылытқыштағы жылуды патрон грелкасында жүретін химиялық реакция бірқалыпты ұстап тұрады.

Медициналық немесе ветеринарлық қызметтердің химиялық барлау құрылғысы ауада, жер бетіндегі, техникадағы фосфорорганикалық УЗ, иприт, синил қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген және мышьякты сутегін; судағы—фосфорорганикалық УЗ, иприт, синил қышқылын; жемдегі— фосфорорганикалық УЗ, иприт, синил қышқылы, хлорциан, фосген, дифосгенді анықтауға арналған. ХБҚ—МВ құрылғысы арқылы судың, топырақтың және басқа материалдардың сынамасын алып инфекциялық қоздырғыш түрін анықтайды.



4. Өздік жұмыстар тақырыптары

5-ші кесте



р/№

Өздік жұмыстар тақырыбы, қысқаша мазмұны

Сағат көлемі

1

Қ Р «Еңбек кодексі» Қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері.

3

2

Өндірістік желдету түрлері, әдістері

3

3

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жүк көтергіш машиналар, механизмдерді қауіпсіз пайдалану ерекшеліктері.

4

4

Қазақстан Респрубликасының ТЖ және АҚ, өндіріс қауіпсіздігіне байланысты заңдары

4

5

Атом қаруының зақымдаушы факторлары және одан қорғану жолдары

3

6

Химиялық және бактериалық қарудың зақымдаушы факторлары және олардан қорғану жолдары

3

7

Қоғамдағы қауіпті және жұқпалы аурулар

3




Барлық ОСӨЖ сағаты

23


5.ӘДЕБИЕТТЕР
Еңбек қорғау бөлімінің негізгі әдебиеттері
1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж.

2. М.Б. Базаршин «Еңбек қорғау пәнінен студенттерге арналған қысқаша дәрістер» Семей 1994.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.


  1. Қ.Т.С.Ж “Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу ережелері

Қосымша әдебиеттер.

5. Ф.М. Канарев и другие “Охрана труда” Москва 1988г

6. Б.И.Зотов и другие.Безопасность жизнедеятельности на производстве. Москва.Высшая школа, 2000г.жизнедеятельности . М.2000г.стр.91

7. Балинт И., Мурани М. «Психология безопасности труда»М. . 1998г.


Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінің негізгі әдебиеттері
1. Н Ә Жүнісбаев және басқалар. «Тіршілік қауіпсіздігі» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ, I және II кітап.

2. «Қ Р төтенше жағдайлар саласындағы заңдары» Алматы. 2007 жыл. ТЖ және АҚ республикалық курсы, ҚР ТЖМ

3. Қ.Т.Жантасов,М. Қ.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.

4. С. Арпабаев «Өміртірішілік қауіпсіздігі» Алматы 2004ж.

5. Приходько Н.Т. «Безопасность жизнедеятельности» Алматы 2000ж.

6. Шубин Г.П. «Гражданская оборона» Москва. 1996г.

7. В.Г. Атаманюк. «Гражданская оборона» М. 1987г.
Қосымша әдебиеттер.

8. Қ. Р-ң Т Ж байланысты заңдары.( БАҚ құралдары)

9. 2001, 2002, 2003, 2004 жылдардағы АЧС журналдары

6.Емтихан сұрақтары
«Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» пәнінен емтихан тестік сұрақтары
@@@ Еңбек қорғаудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері.
$$$ 1

Еңбек қорғаудың нормативтік- құқықтық құжаттарын атаңыз?

$$$2

Еңбек дегеніміз не?



$$$ 3

Қауіпсіз еңбек дегеніміз не?

$$$ 4

Қ.Р. «Еңбек кодексі» неше тараудан, неше баптан тұрады?



$$$ 5

Еңбек қатынастарының тараптарына кімдер кіреді?

$$$ 6

Кәсіпорындарда Қ.Р Еңбек кодексінің орындалуын мемлекет атынан бақылайтындар кімдер?



$$$ 7

Еңбек міндеттері дегеніміз не?

$$$ 8

Еңбек шарты кімдердің арасында жасалады?



$$$ 9

Жеке еңбек шарты қандай түрде жасалады?

$$$ 10

Еңбек стажы дегеніміз не?



$$$ 11

Еңбек тәртібі дегеніміз не?

$$$ 12

Жұмыс берушілердің өкілдері кімдер?



$$$13

Жұмыс берушінің актілеріне төмендегі көрсетілгендердің қайсысы жатады?

$$$14

Жұмыс орны дегеніміз не?



$$$ 15

Жайтаратқыштың үлгісін жасап, оны есептеу жолдарын көрсеткен ғалым кім?

$$$ 16

Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз не?

$$$ 17

Зиянды өндіріс факторы дегеніміз не ?

$$$ 18

Ғалым И.М. Сеченов қай ғылым саласына көп үлес қосты?

$$$ 19

Өндірістегі Еңбек қорғау инженерінің міндеті не ?



$$$ 20

«Еңбек гигиенасы» ғылымы қай жүйені зерттейді?

$$$ 21

Қауіпті, зиянды өндіріс факторлары қандай топтарға бөлінеді?



$$$ 22

«Инженерлік психология» ғылымы қай жүйені зерттейді?

$$$ 23

Энергиялық қуаттың бөлінуіне байланысты жұмыс қандай түрге



бөлінеді?

$$$ 24


Өндірістегі зиянды химиялық факторларға төмендегі жағдайлардың қайсысы жатады?

$$$ 25


Өндірістегі қауіпті физикалық факторларды көрсетіңіз?

$$$ 26


«Эргономика» ғылымы қандай жүйені зерттейді?

$$$ 27


Өндірісте нұсқау берудің неше түрін білесің?

$$$ 28


Кіріспе нұсқау қай уақытта жүргізіледі?

$$$ 29


“Еңбек қорғауға” анықтама беріңіз?

$$$ 30


Еңбек заңына сәйкес аптадағы жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы неше сағаттан аспауы керек ?

$$$ 31


Еңбек қорғауды бақылаудың бірінші сатысының мезгілін атаңыз?

$$$ 32


Еңбек қорғауды бақылаудың екінші сатысының мезгілін атаңыз?

$$$ 33


Еңбек қорғауды бақылаудың үшінші сатысының мезгілін айтыңыз?

$$$ 34


Еңбек қорғау ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлерді тәртіптік жазалау түрлерін атаңыз?

$$$ 35


Еңбек қорғау талаптарын бұзу нәтижесiнде кәсiпорынды шығынға ұшыратқан қызмет адамын қандай жауапкершiлiкке тартады?

$$$ 36


Өндірістегі жұмыс уақытының түрлері қандай?

$$$ 37


Адамға әсер ететін өндіріс факторлары қандай түрлерге бөлінеді?

$$$ 38


Еңбек қорғау мәселелері бойынша басшылармен мамандардың кәсіпорындағы негізгі міндеттерін атаңыз?

$$$ 39


Қауіпті, зиянды өндіріс факторларының физикалық тобына жататын факторларды көрсетіңіз?

$$$ 40


Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі» қай жылы қабылданды?

$$$ 41


Еңбек қатынастарын реттейтін қандай заңдарды білесіз?

$$$ 42


Жұмыс неше түрге бөлінеді?

$$$ 43


Дене жұмысы неше түрге бөлінеді?

$$$ 44


Ауыр жұмыстарға қандай жұмыстар жатады?

$$$ 45


Жұмыс аптасы қалай белгіленген?

$$$ 46


Тынығу уақытының түрлерін толық айтып беріңіз?

$$$ 47


Өндірістік жабдыққа нелер жатады?

$$$ 48


Арнаулы киімге анықтама беріңіз?

$$$ 49


Қызметкерлердің қандай санаттары үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленген?

$$$ 50


Арнаулы киімдер қалай жіктеледі?

$$$ 51


Жеке қорғану құралдары дегеніміз не?

$$$ 52


Жеке қорғану құралдары неше түрге жіктеледі?

$$$ 53


Тыныс жолдарын қорғауға арналған құралдарға қайсысы жатады?

$$$ 54


Ұжымдық қорғану құралдарына не жатады?

$$$ 55


Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқауды кімдер жүргізеді?

$$$ 56


Арнайы (тиісті) нұсқау жүргізілген кезде қандай іс-қағазы толтырылады?

$$$ 57


Қайталама нұсқау қандай мазмұнда жүргізіледі?

$$$ 58


«Еңбек қорғаудың» мақсаты не?

$$$ 59


«Еңбек қорғау» шараларын жоспарлауға қандай негізгі бағыттар кіреді?

$$$ 60


Біліктілік санаты (разряды) дегеніміз нені білдіреді?

$$$ 61


Жеке еңбек шарты дегеніміз не?

$$$ 62


Еңбек қорғау ғылымдары не үшін қажет?

$$$ 63


Кіріспе нұсқауды кімдер жүргізеді?

$$$ 64


Еңбек қорғау заңын бұзған адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту жолдарын көрсетіңіз

$$$ 65


Мекеме басшысы нұсқауларды жүргізе ме?

$$$ 66


«Бос тұрып қалу»-ға толық анықтама беріңіз?

$$$ 67


Еңбек қорғау жөніндегі «делдалдың» атқаратын міндеті қандай?

$$$ 68


Еңбек делдалдығы дегеніміз не?

$$$ 69.


Қызметкер ұғымына анықтама беріңіз?

$$$ 70


Мереке күндеріне қандай күндер жатады?

$$$ 71


Тынығу уақытына анықтама беріңіз?

@@@ Өндірістік жарақаттану


$$$ 72

Өндірістік жазатайым оқиға дегеніміз не?

$$$ 73

Өндірістік жазатайым оқиғаларды тексеруге қандай формалы акт толтырылады?



$$$ 74

Жазатайым оқиғаны тексеру құжаттары мекемеде неше жыл сақталуы тиіс?

$$$ 75

Өндірістік жарақат-тану (травматизм) деген не? Анықтама беріңіз.



$$$ 76

Өндірістік жазатайым оқиғаға ұшыраған кісінің жұмысқа жарамсыздығы қанша уақытқа тең болғанда ол оқиға тексеруге, құжат толтыруға жатады?

$$$ 77

Жазатайым оқиғаны тексеру құжаттары неше дана етіп толтырылады?



$$$ 78

Жазатайым оқиға болған кезде бөлімше басшысы қандай шаралар жасауға тиіс?

$$$ 79

Өндірістік бірегей, кісі өліміне әкелмеген жазатайым оқиғаны тексеруге қанша күн беріледі?



$$$ 80

Кәсіби ауру дегеніміз не?

$$$ 81

Өндірісте жарақат алудың негізгі себептерін көрсетіңіз?



$$$ 82

Жарақаттанудың себептерін сараптаудың негізгі түрлерін атаңыз?

$$$ 83

Н-1 формалы актіні толтыруға, тексеру комиссия мүшелігіне кімдер кіреді?



$$$ 84

Қандай жазатайым оқиғалар арнайы тексеруге жатады?

$$$ 85

Жазатайым оқиғаны арнайы тексеруге комиссия мүшелігіне кімдер кіреді?



$$$ 86

Арнайы тексеру комиссиясы өз жұмыстарын неше күнде тексеріп бітірулері керек?

$$$ 87

Тұрмыстық жазатайым оқиға өндірісте тіркеуге жата ма?



$$$ 88

Мекеме аймағында,жұмыс уақытында болған қандай жазатайым оқиғалар «өндірістік» деп тіркеуге жатпайды?

$$$ 89

Өндірістік жазатайым оқиғалар тексеру құжаттары кімдерге берілуі тиіс?



$$$ 90

Болған жеріне байланысты жазатайым оқиғалар қалай жіктеледі?

$$$ 91

Өндірістегі топтық жазатайым оқиғаларды тергеп – тексеруді ұйымдастыруға, рәсімдеуге және тіркеуге кім жауапты?



$$$ 92.

Өндірістік кісі өліміне әкелген жазатайым оқиға жөнінде жұмыс беруші зардап шеккен адамның жақын туысқандарына хабарлауға міндетті ме?

$$$ 93

Өндірістік жазатайым оқиға жөнінде жұмыс беруші жергілікті төтенше жағдайлар органына хабарлауға міндетті ме?



$$$ 94

Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт қалай рәсімделуі керек?

$$$ 95

Жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу «Еңбек Кодексінің» қай бөлімінде берілген?



$$$ 96

Жазатайым оқиғаларды тексеру және тіркеу реті «Еңбек кодексінің» қай тарауында берілген?

$$$ 97

Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер кімдерге дереу хабарлауға міндетті?



$$$ 98

Бөлімше басшысы жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктерді, құралдардың жай күйін) өзгертуге қай жағдайда құқығы бар?

$$$ 99

Жазатайым оқиғаның себебін актіде көрсеткен кезде комиссия мүшелері қандай құжатты басшылыққа алып көрсетеді?


$$$ 100

Өндірістік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру шығыны кімнің қаражаты есебінен болады?

$$$ 101

Өндірістік жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне сақтандыру ұйымы өкілдері кіре ме?

$$$ 102

Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық орган өкілдері қай уақытта жазатайым оқиғаны тергеу комиссиясына кіреді?

$$$ 103

Қандай жазатайым оқиғалар кезінде жұмыс беруші құқық қорғау органына хабарлауы тиіс?

$$$ 104

Мемлекеттік жол полициясы инспекторы қандай жазатайым оқиғаларды тексеруге қатысады?

$$$ 105

Жол полициясы тексеру материалдарының көшірмесін қандай мерзімде жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы төрағасына беруге міндетті?

$$$ 106

Мекемеде жазатайым оқиғаларды рәсімдейтін (тіркейтін) тағы қандай құжат болуы тиіс?

$$$ 107

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақытылы тергеп - тексерілуін, есепке алынуын, салдарын жою іс-шараларының орындалуын қандай мемлекеттік орган қадағалайды?



$$$ 108

Бес немесе одан да көп адам қайтыс болған жазатайым оқиғаларды қай дәрежедегі арнайы комиссия тексереді?

$$$ 109

Үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған жазатайым оқиғаларды қай дәрежедегі комиссия тексереді?

$$$ 110

Өндірістік жарақаттанудың ауырлық коэфициенті қандай формуламен есептеледі?

Ескерту:Д-есепке алынған уақыт ішінде барлық жарақаттанғандардың жұмысқа жарамсыз күндері саны

Н-осы уақыт ішіндегі жазатайым оқиғалар саны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет