ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Еліміздің азық түліктік қауіпсіздігі



бет3/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Еліміздің азық түліктік қауіпсіздігі – бұл экономиканың мынандай жағдайда болатыны: елдің азық түлікке сұранымы қамтамасыз етіліп, жұртшылықтың белсенді және салауатты өмір сүрулері үшін кепілдік беретін азық түлік қорын жасау. Азық түліктің қауіпсіздікті қамтамасыз ету азық түлік дағдарысын болдырмауға, жұртшылықтың физиологиялық нормалар деңгейінде өмірлік маңызы бар азық түлікпен жұртшылықтың талаптарын қанағаттандырудың экономикалық, ұйымдастырушылық шараларын жасаудың және жүзеге асырудың жолдарын табу.

Тамақтанудың физиологиялық нормасы деп заңдылық тәртіппен бекітілген және ғылми тұрғыда негізделген, барлық дені сау адамдардың қажетті азық түліктер мен энергиясына керектінін бәрін айтады. Өмірлік маңызы бар азық түліктер – бұл өзінің құрылымы мен көлемі бойынша жұртшылықтың тағамдық рационында болуы тиіс азық – түліктер.

Азық - түлік тәуелсіздігі – шет елдерден азық түліктерді алу тоқталған жағдайда да азық түлік дағдарысын туғызбауды қамтамасыз ететін азық түлік қорын жасау.

Азық түлік қауіпсіздігін және азық түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін азық түліктерді өндірудің қалыпты деңгейін сақтау керек. Бұл деңгей жан басына шаққандағы қажеттілікпен өлшенеді. Адамдардың саны, еңбек ету жағдайлары ғана емес, басқа да этникалық, рухани, діни нанымдары да ескеріледі.

Елдің азық – түлік қауіпсіздігіне нақты қол жеткізу үшін мыналар болуы керек:


  • тағамдық өнімдердің жеткілікті болуы – жұртшылықтың қажеттілігін жеткілікті қанағаттандыру үшін тағам өнімдерінің олар тұтынылатын жерлерге үзіліссіз жеткізіліп тұруы;

  • тағамдық өнімдердің экономикалық қол жетімділігі - жұртшылықтың тамақтанудың қазіргі физиологиялық нормасына сай келетін азық – түлік алуларына мүмкіндік беретін бағалар жүйесін, табыс деңгейін, әлеуметтік жәрдем және жеңілдіктер жасауға жетісу.

Елдің азық – түлік тәуелсіздігі қамтамасыз етілді деп егер елімізде өмірлік маңызы бар тағамдарды өндірудің мөлшері жұртшылықтың оларға қажеттілігінің физиологиялық нормаға сай болуының кемінде 80 пайызын құрағанда айтады.

Қазақстанда азық – түлік қауіпсіздігіне мына шараларды жүзеге асырғанда қол жеткізуге болады, олардың ішінде:



  • азық – түлік қауіпсіздігі мақсатында үкіметтің бірегей мемлекеттік саясат жүргізуі;

  • азық – түлік қауіпсіздігіне жетудің республикалық мақсатты бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру;

  • азаматтар өндіретін және өткеретін тағамдық өнімдердің мемлекеттік стандарттар жүйесіне сай болуына жетісу;

  • жұртшылықты тағамдардың өмірлік маңызы бар түрлерімен қамту жайындағы деректерді жинау және талдау, сондай – ақ азық – түлік қауіпсіздігі аясындағы ситуацияның дамуына болжам жасау.

Үкіметтің аймақтық органдары келесі шараларды жүзеге асырулары керек:

  • аймақтағы жағдайды ескере отырып азық түлік қауіпсіздігін жасау мақсатында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізуді;

  • бағдары бойынша республикалық мақсатты бағдарламаға кірмейтін азық – түлік қауіпсіздігін жасау жөніндегі өзінің мақсатты бағдарламасын қалыптастырып жүзеге асыруды;

  • еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар мен қызметтің үйлесімді болуына жетісуді қамтамасыз ету.

Азық – түлік қауіпсіздігі аясындағы ақпараттар келесі мәліметтерді еңгізуі керек:

  • тағамдық өнімдерді өндірудің жайы, олармен қамтудың және тұтыну мен қозғалмалылылық өзгеруі туралы мағлұматтар;

  • республикалық және аймақтық баланстарда азық – түліктерді өндірудің мөлшері (қажеттілігі және нақтылысы);

  • ауыл шаруашылығы шикізаттары мен азық – түліктің ішкі және сыртқы нарықтарда даму жайы мен тенденциялары;

  • азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мақсатты бағдарламалардың орындалу жайы;

  • азық – түлік қауіпсіздігі аясындағы мемлекеттік және салалық стандарттар, нормалар және нормативтер туралы.

Ең оңайы азық – түлік қауіпсіздігінің жайын белгілі бір уақыт аралығында тұтынуға жұмсалған импортты азық түліктің жалпы азық түлікке пайыздық қатынасы арқылы бағалауға болады.

Қазақстан Республикасында 1998 жылға дейін импортты азық – түліктердің жайы нашар болып келгені белгілі. Дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өткерудің жаңа нарықтарын жаулап алу мақсатында әртүрлі шетелдік тауар өндірушілер қазақстандық азық – түлік нарықтарына шабуыл жасай бастады, бұған негізгі құрал ретінде демпингтік бағалар таңдап алынды. Кей жылдары өмірлік маңызы бар азық түліктік тауарлардың (қант, мал мен өсімдік майлары ж. т. б.) ішінде импорт жалпы қажеттіліктің 50 пайыздан астамын алды. Өз өндірісінің өнімдеріне сұранымның төмендеуі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің онсыз да ауыр қаржылық жағдайларын қиындата түсті.

1999 жылдан бастап оңды тенденция пайда болды, ол күшейе түсуде. Сөйтіп 1999 жылы импорт көлемі 30 % - ке дейін азайды, 2004 жылы тағы да 10 % (2003 жылға қарағанда) кеміді. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының кейбір түрлерінің экспорты ұлғайып импорты азайды: ет және консервлінген еттер – 40%, шұжық өнімдері - 30%, сүт өнімдері - 35 %, консервілер - 80%, ұн - 1%. Бұл келесі себептермен айқындалды:

- біріншіден, жеткізілген импорт өнімдері сапасының төмендігінен;

- екіншіден, қазақстандық валютанын курсы төмендеуінен;

- үшіншіден, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін соңғы жылдары ауа райы жағдайы неғұрлым қолайлы болды.


Кесте 2.3.2. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері (2008 – 2012 ж.ж.)

Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

2012

Шаруашылықтардың саны (сандық), оның ішінде зияндысы

99172

115046

125259

190045

198297

Зияндысының жалпы санына үлес салмағы,( %)

52

48,9

28,4

23,6

18,5

Барлық қызметтер бойынша рентабельділік деңгейі, ( %)

14,6

7,0

18,1

12,4

15,6

Қолданылатын бағалар бойынша барлық өнімдерді өткізуден түскен табыс(млн. теңге)

533639

557390

610946

693300

764830

Несиелік берешектер, (млн. теңге)

26000

766000

91250

437800

146000

Дебиторлық берешек (млн теңге)

12346

40821

45794

98752

103200

Кредиторлық берешектің өнімдерді өткеруден түскен табысқа қатынасы (%)

5,5

13,9

16,0

63,1

19,1

Кесте 2.3.3. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы 1 ц өткізілген өнімдерінің өзіндік құндары, теңге



Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

2012

Дәнді және бұршақты дақылдар

1662

1457

2248

1529

2223


Бидай

1663

1453

2276

1495

2235

Күнбағыс

3297

2588

3504

3507

3185

Қант қызылшасы

596

636

824

1006

1688

Картоп

3036

2482

2873

3137

2887

Бақша дақылдарын қоса, көкөністер

1488

1652

2138

2265

2381


Сүт

3640

4029

4274

4388

5967

Ірі қара

20680

20850

27099

36869

48209

Шошқа

20413

23932

24258

25072

25788

Қой мен ешкі

22318

25073

22606

37312

40797

Жылқы
















Құс
















Жүн (нақты салмақта)

10243

10777

10338

14553

9046


Жұмыртқа (1 мың дана)

9206

8466

9318

8987

10861

Кесте 2.3.4. Өткерілген 1 ц ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары (дотация мен компенсациясыз), теңге

Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

2012

Астық

10856

9367

14442

13856

12094

Күнбағыс

19377

25717

23962

25432

26594

Қант қызылшасы

18738

20960

24589

23082

27195

Картоп

15711

16472

21600

20855

22270

Көкөністер

11461

12503

12265

12581

14406

Сүт

21180

20749

22360

23930

26838

Малдың өсімі:

Мүйізді ірі қара



9604

10565

11567

11390

13878

Шошқа

11609

13093

13230

13602

18966

Қой

9739

10698

12812

13842

15577

Жылқы

9544

10637

12959

14724

19484

Құстар

11954

13221

13364

15384

15861

Жүн

6568

6593

10011

9355

8956

Жұмыртқа (1 мың дана үшін)

5902

5810

7126

7216

7191

Кесте 2.3.5. Өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі (дотация мен компенсациясыз), %




Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

2012

Дәнді және бұршақты дақылдар

55,3

19,3

17,7

45,9

29,2

Күнбағыс

30,1

30,9

50,9

46,8

89,6

Қант қызылшасы

-14,9

-0,1

4,0

-21,9

-1,8

Картоп

31,7

43,3

30,3

40,2

29,4

Көкөністер

22,5

3,2

14,3

17,6

4,7

Сүт

27,9

25,0

29,3

42,5

29,6

Мүйізді ірі қара

0,9

3,4

5,6

10,1

1,3

Шошқа

17,7

9,0

9,5

3,3

9,2

Қой мен ешкі

11,3

7,1

16,1

12,0

14,1

Жылқы

8,4

8,0

23,1

14,8

-8,4

Құстар

0,6

-1,6

17,0

16,6

16,0

Жүн

-11,8

-5,9

-2,5

11,7

24,8

Жұмыртқа (1 мың дана)

13,3

13,7

15,4

8,5

15,9




    1. 2.4 Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономикасының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы экономикасының саласы ретінде кез келген экономикалық жүйеге және кез келген өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға тән негізгі экономикалық заңдарға бағынады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында экономикалық және шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық өзгешеліктерін, еңбек, өндірістік және жер ресурстарын орналастырудың ерекшеліктерін ескеру керек.

Бұл ерекшеліктер туралы неғұрлым анық түсінікті негізгі макроэкономикалық ұғымдарды және олардың ауыл шаруашылығында көрінуіне қарай отырып алуға болады.

Өндірісті жандандыру – бұл жұмысшы күші мен өндіріс жабдықтарын, сондай – ақ табиғи ресурстарды үнемі жаңартып отыру. Онымен бір мезгілде адамдар арасындағы қатынастар да жаңарып отырады, өйткені бұлар өндірістің экономикалық формалары.

Бұлайша айқындау өндірістің кез келген салаға және кез келген қоғамдық – экономикалық кезеңге (формацияға) тән. Ауыл шаруашылығында өндірісті жандандыруды жүзеге асырудың ерекшелігі мынада: басқа салалармен салыстырғанда мұнда табиғи – биологиялық жүйені – жерлерді, өсімдіктерді және малды яғни бәрін де жандандыру керек. Сөйтіп, қоғамдық - өндірістік қатынастардың бұл сферасында неғұрлым маңызды болып техниканың, биологияның, экономиканың және экологияның тұтастығы болып табылады.

Қайта жандандырудың екі түрі бар – жай және кеңейтілген.

Жай қайта жандандыруда өндірілген өнімнің мөлшері мен оның сапасы кейін келетін әр циклда сол өзгермеген күйінде қалады. Бұл өз кезегінде өндіріс факторларын өзгеріссіз қалдырады. Барлық қосымша өнім, егер ол өндірілсе, сол өндірушінің тұтынуы мақсатында жұмсалады. Таза тұрғыда алғанда жай қайта жандандыру, әсіресе ауыл шаруашылығында тек теориялық сипатқа ие. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жердің құнарлылығын арттыруға байланысты және климат жағдайына елеулі тәуелді. Осындай жағдайда алдын ала жасалған болжамдардың әр жолы да өндірістік қайта жандандыру кезеңі (маусымы) аяқталған кездегі нәтижеге сай келуі мүмкін емес. Мұндай қайта жандандыруды, яғни қосымша алынған барлық азық – түлік өздерінің тұтынуларына жұмсалса да жай қайта жандандыруға жатқызуға болмайды. Аграрлық экономика үшін алынған қосымша өнім өз өндірісінің тиімділігіне ғана емес, бірқатар сыртқы факторларға байланысты.

Ауыл шаруашылығында жай қайта жандандыруға шаруа қожалықтарын (фермерлік) жатқызу шартты түрде алынған (ШФШ – шаруа ферма шаруашылықтары). Кейде «ұсақ тауарлы өндіріс» деген термин қолданылады. Тұрақты капиталды (жер, негізгі құрал жабдықтар) үнемі де, уақытында да қаржыландырудың мүмкіндігі шектеулі екендігі белгілі, ол өндірістік қатынастарды қайта жандандыру бір жағынан бір жанұяның, ал екінші жағынан екінші жанұяның мүмкіндіктеріне байланысты. Әрі бұған уақыт та керек. Қазіргі уақытта шаруашылық айналымындағы қаражаттан жырымдап алудың өзі қиын. Осыдан да проблемалар туады.



Кеңейтілген қайта жандандыруда өндірілген өнімнің мөлшері және өндіріс факторлары жалғасар әр цикл сайын өсіп отырады. Кеңейтіп қайта жандандыруды қамтамасыз етудің бірден бір көзі қосымша алынған өнім болып табылады – оның бір бөлегі құрал жабдықтар мен еңбекке қажетті нәрселердің сандық және сапалық жақтарын жақсартуға пайдаланылады.

Кеңейтіп қайта жандандыруды жүзеге асырудың екі әдісі бар, олар экстенсивті (қарқынсыз) және интенсивті (қарқынды).



Экстенсивті әдіс еңбек құрал жабдықтарын сан жағынан ұлғайту. Ауыл шаруашылығына қатысты бұл – егіс алқаптарын кеңейту; мал санын өсіру; өңдеуші өнеркісіп үшін - өндірістік қуаттарды күшейту; өткеруді жақсарту үшін – сауда алаңдарын кеңейту, жаңа тұтынушылар табу және олармен шаруашылық қатынастарын ұйымдастыру.

Ауыл шаруашылығында қайта жаңартудың экстенсивті әдісінің жарқын бір мысалы болып 50 – жылдардың ортасында жүргізілген тың және тыңайған жерлерді игеру болып табылады. Салыстырмалы түрде жаңа игерілген алқаптардың түсімділігі төмен болғанымен КСРО сол тұстағы азық – түлік проблемаларын шешу мүмкін болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысқан, соған жақын болған ауылдың әр еңбеккері жыл аяғында бұрын түсіне де кірмеген мөлшерде астық және басқадай өнімдер алды.

Аграрлық секторда (әсіресе егіншілікте) экстенсивті әдістің резервтері елеулі шектеулі. Алайда осы кезде оның резервтері бар. Елде жүргізілген аграрлық реформаның кейбір ағаттықтарының салдарынан жердің көпшілігі (бірінші кезекте колхоздар мен совхоздар таратылған кезде пай ретінде алынған жерлер) пайдаланылмайды немесе мақсатында пайдаланылмайды. Оларды ауыл шаруашылығы айналымына қосу белгілі бір шығын, оның ішінде қаржылай да жұмсауды қажет етеді. Мал шаруашылығында экстенсивті әдісті қолданудың жақсы мүмкіндіктері бар болғанымен мемлекеттің саясаты бір бағытпен жалғаспай, тауар өндірушілер аумалы төкпелі жайыттарға тап болып мал шаруашылығы өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру төмен рентабельді немесе мүлде зиянды болды. Бұл мал басының барлық түліктен күрт көбеюіне алып келді. өңдірістік алаңдар да (кешендер, қора жайлар және т.б.) толықтай немесе ішінара жойылды. Осындай жәйіттер жергілікті жерлердегі қайта өңдеуші өнеркәсіп орындарында да орын алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет