Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет18/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

Материалдар. Көптеген термопласттар және оның негізіндегі композициялар экструзия әдісі арқылы өңделу мүмкін. Ол үшін балқыманың экструдерде болған кездегі осы температура, сол температурадағы полимердің термотұрақтылық уақыты кезіндегіден аз болуы жеткілікті.Ең көп тараған және қолданылатын келесі типті ірі тоннажды полимерлерэкструзиясы. ПЭ, ПП, ПС ПК ПА, ПВХ (пластифицирленгенжәне пластифицирленбеген), ПЭТФ және де беорганикалық, полимерлі толтырғыштар және оның негізіндегі күрделі композициялар қоспалары. Экструзия үшін материалдар және өңдеу режимі кезінде ПТР 0,3 - 12 г/10 мин шектерде ауысуы қолданылады, себебі тұтқырлығыаз балқымадан экструзионды дайындаулардан пленка, құбыр, профиль түрінде дайындау мүмкін емес. Егерде полимердің құю маркалары қолданылса, олардан экструзия процесі арқылы бөлек типті бұйымдарды алуға болады, себебі олардың ПТР шамасы 0,8 - 20 г/10 мин аралығында болады. Осылай құбырларды, кабельді жабындыларды полимер балқымасынан ПТР 0,3-тен 1 г/10 мин дейін қосумен шығарады. Бұл полимердің жоғары молекулалық масса таңдауымен байланысты болып келеді. Соңғысы бұйымдардың эксплуатационды қасиеттерін - физико-механикалық сипаттамаларының жоғарылауын анықтайды. ПТР шамасы 1 - 4 г/10 мин болатын пленка, листтарды балқыма экструзиясымен дайындайды. Балқыма экструзисямен келесіде пішінді үрлеумен алынатын дискретты бұйымдар ПТР = 1,5 - 7,0 г/10 мин. Балқымасынан алынады. Экструзия арқылы ламинирлеу ПТР балқымасының 7 - 12 г/10 мин. шамасында болған кезде жүреді.
Бұйымдар. Термопласт негізіндегі экструзия әдісімен алынатын барлық бұйымдар, принцті түрде шексіз ұзындықта болуы мүмкін. Бұйымдардың көлденең ені экструдердің шнек диаметрімен негізгі түрде шектеулі болады. D көп болған сайын, соған қарай бұйымдар кеңірек, жуанырақ болады.
Полиэтилентерефталаттан жасалған пластикалық бөтелкелер.
Полиэтилентерефталаттың структуралық формуласы

Қондырғылар
Платформалы таразы Мидл МП 1000 ВЕДА-24/ХМ21 (1000 х 1000) АКБMax-1000кг.
ПЭТ-ті біріншілік өңдеу линиясы, «ООО "ВГДН" Хэйлунцзяне провинциясы» фирмасының өнімі (Қытай). Линия келесі сатылардан тұрады:
- спиральді тиегіш
- бөтелке құрамында ПВХ-ны табуға арналған ыстық жуу
-этикеткадан тазарту
- бөтелкелерді сорттауға арналған платформа
- ленталы конвейер
- кескіш
- спиральді тиегіш
-флотационды жуу
- спиральді тиегіш
- ыстық жуу
- спиральді тиегіш
-фрикционды жуу
-флотационды жуу
-флотационды жуу
- кептіруге арналған машина
- кептіргіш және сақтау бункері
Біршнекті экструдер, «Sorema» фирмасының өнімі(Италия). Сипаттамалары кестеде көрсетілген.

Экструдердің негізгі сипаттамалары



Сипаттамасы

Тип

1

TR80

TR100

TR130

TR160

Шнек диаметрі, мм

80

100

130

160

L/D

35

37

37

37

Шнектің айналу жилігі айн/мин

20-152

20-134

20-127

20-103

Қыздыру зона саны

6

6

6

6

Қыздыру қуаттылығы, кВт

20

40

71

93

Салқындату зона саны

6

6

12

12

Газдан тазартуға арналған вакуумды насос қуаттылығы, кВт

4

4

5,5

7,5

Қозғалтқыш қуаттылығы, кВт

50-75

72-105

160-240

265-400

Өнімділігі, кг/сағ

90-150

180-360

380-360

750-1050

Әр бір технологиялық процесстер эффективті болу үшін қондырғыны дұрыс таңдаудың атқаратын маңызы зор. Экструдерлік машинаны таңдағанда ең алдымен оның өнімділігі мен қуаттылығына көп көңіл бөледі. Экструдердің өнімділігі оның шнек және головка параметрлеріне байланысты болып келеді.Экструдердің өнімділігіне үлкен әсерін головка конструкциясы тигізеді. Сондықтан головканың ішкі канал формасы мен өлшемдерін дұрыс таңдау арқылы машинаның өнімділігін бұйым сапасын нашарлатпай арттыруға болады. Біздің өндірісте біршнекті экструдер қолданылады.


Корпус.Біршнекті экструдер корпусын болат металдардан жасайды. Экструдер корпусы онда орналасқан шнектер үшін арналған толық емес сегіз тәріздес пішінді болат цилиндрденқұралған. Корпус ұзындығына байланысты үш тесік, соның біреуіне стабилизатор балқымасы арнайы мөлшерлеуші қондырғының көмегімен енгізіледі.Газдарды іріктеуге арналған штуцер мен корпус воронкасы салқындатылады. Корпус сырты кедергі электрқыздырғыштарымен қамтылады және арнайы қарастырылған корпус фазасы бойынша соңғы үш конденсат секциясында салқындатылады. Бірінші секцияда воронкаға қарай болатын, салқындату вентилятор арқылы ауаны үрлеу арқылы болады.
Шнек.
Қазіргі экструдерлерде салыстырмалы ұзындығы L/D= 154-35 болатын шнектер қолданылады. Шнек диаметрлері ГОСТ 14773 регламенттеледі, 80 және 20 32; 45; 63; 90; 125; 160; 200; 250; 320; 450; 630 мм болуы мүмкін.Ең көп тараған зоналық шнектер болып табылады (11-сурет), осы шнектерде қоректену аймағын L3, балқу аймағын және мөлшерлеу аймағын атап кетуге болады.
Экструзионды материал өңделуге гранула немесе порошок түрінде түсе алады. Гранула бункерге тиеледіжәне тиегіш тесік арқылы шнекке беріледі.Шнек бойымен жылжып, гранула балқиды, балқыма тор және фильтрлік торлар пакеті арқылыитеріледі. Содан кейін балқымаконустық диффузор (адаптер) арқылыпрофильді инструмент қондырылған головкаға өтеді. Шнек — бұл экструдердің негізгі жұмыс жасау органы. Ол тиегіш тесіктегі пластицирленбеген материалды алады да пластицирлейді және головкаға гомогенді балқыма ретінде біркелкі береді. Шнек каналымен жылжи, материал тұтқырлық қажалу себебінен бөлінетін жылу арқылыжәне қыздырғыштардың корпусында орналасуынан келетін жылу арқылы балқиды. Грануляттың салыстырмалы көлемінің азаюын компенсациялай үшін шнек каналы орамының көлемінің азайтуымен орындалады.Сондықтан шнек бұрандасының каналының терендігі шығу кезінде кіру кезіне қарағанда азырақ болады.
Бұрандалық канал орамдары көлемдерінің бастапқы және соңғы балқу аймағындағы қатынасын(геометриялық қысылу дәрежесі) формула бойынша анықтайды:

K=D2-D2S1/D2-D2S2 (4)


Қазіргі экструдер шнектерін тат баспайтынхромомолибденді, хромоникельдіболат металдарынан жасайды. Жоғары үстінгі қаттылық термоөңдеудің әр түрлі түрлерімен қамтамассыздандырады (шынықтыру, цементация, азоттау). Шнектердің кесу гребені, қайрақ толтырғышы бар композицияны өңдеуге арналған, қаттылығы HRC=70 болатын қатты балқымалардан жасалған жабынды арқылы қорғайды.


Экструдер жұмысы кезінде шнекке маңызды осьтік және радиалды әсерлер тигізеді, осы әсерлерді қабылдау үшін тірек ретінде конустық өздігінен қондырылатын подшипниктер қолданылады.Тек қана радиалды әсерлерді қабылдайтын радиалды подшипниктарға қарағанда олар осьтік және радиалды әсерлерді қабылдайды. Подшипниктерді есептегенде стандартты әдісі болып шнек соңында (осьтік құрастырушыны есептеу үшін) 70—80 Мпа деп аламыз, алқызмет мезгілі — 30-103сағат.
Экструдерді таңдау параметрлеріне байланысты біздің өндіріс үшін келесі экструдер таңдалды:
Біршнекті экструдер«Sorema» фирмасының өнімі (Италия) таңдалды.


Экструдердің негізгі параметрлері:

  • қозғалтқыш қуаттылығы 160-240 кВт

  • өнімділігі 380-360 кг/сағ

  • қыздыру аймақ саны 6

  • салқындату аймақ саны 12

  • Шнек диаметрі 130 мм




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет