Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда


Технологиялық процесті автоматтандыру



бет14/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

1.7. Технологиялық процесті автоматтандыру

Алынатын өнім сапасы талапқа сай болуы үшін және өндіріс процестерін жүргізу оптималды режимде болуы үшін ауыр қол еңбегін азайту үшін, жұмысшылар өміріне қауіп төндіретін жағдайлар болмас үшін мұнай өңдеу зауыттарының қондырғылары көптеген өлшеу және реттеу приборларымен, сапаны автоматты бақылау приборларымен жабдықталады.Барлық қондырғыларды бақылау және реттеу орталықтанған, яғни қызмет көрсететін персонал барлық технологиялық процестерді орталық щит орнатылған оператор бөлмеден көріп, бақылап отырады. Прибор щитінің жоғарғы жағында бақылау приборлары мен сигнал лампалары орналасқан. Олар технологиялық процесс бұзылған жағдайда белгі береді. Реттеу жүйесін тазарту қондырғыларының технологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдайды. Көптеген қондырғыларда жарылыс қаупі бар заттар қолданылады, және технологиялық режимді өте қатаң сақтау жағдайын талап етеді. Сондықтан мұндай қондырғыларда пневматикалық реттеу жүйелері қолданылады, оларда басқа жүйелерге қарағанда жарылыс қаупі аз және жұмысы өте сенімді. Кейінгі жылдары электрондық есептеу машиналарының пайда болуына байланысты мұнай өңдеу кәсіпорындарында электронды бақылау, реттеу приборлары кеңінен қолданыла бастады.


Газдар мен сұйықтықтардың әртүрлі ағымдарындағы технологиялық процестерді басқару үшін есептегіштер (счетчик) мен шығын өлшеуіштері қойылады. Шығын өлшеуіштері – шикізат, реагент линияларында, тазарту құбырларының қоректендіру бөлігінде, бу линиясында, техникалық ауа, приборлар үшін ауа, сұйық жылу әкелгіштер өнеркәсіптік су шығынын, инертті газды және т.б. өлшеу үшін қолданылады.
Шығындар көп жағдайда дроссельді шығын өлшеуіштерімен өлшенеді. Олардың жұмыс істеу принципі қысым деңгейінің ауытқуына негізделген, ол ауытқу диафрагмаға беріледі.
Қондырғылардың май блогында екі ағымның шығындары қатынасын реттеу жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде шикізат шығынының өзгеруіне байланысты автоматты түрде реагент пен еріткіш шығындары да өзгереді. Олардың қатынастары өзгеріссіз сол күш қалғанымен, шығын көлемі өзгереді.
Өнім шығындарын басқа параметрлер бойынша да анықтайды. Бұл жағдайда, температураның, қысымның және деңгейдің датчиктері бір орындаушы механизмге біріктіріледі, ол механизм өнімді қай аппаратқа қанша беруін автоматты түрді реттейді.
Кейінгі кездері өте үлкен дәлдікті қажет ететін газ майлау материалдық ағымдардағы шығындарды өлшеу және реттеу үшін, температура мен қысым көрсеткіштеріне сәйкес өзгерте алатын жүйе қолданылады.
Шикізаттың, алынған өнімнің, пайдаланылған реагенттердің есебін арнаулы есептегіштер жүргізеді. Олар жалпы шығын көлемі, сұйық өнімнің тығыздығын да анықтай алады. Бұл приборлар интегрирленген, яғни өңделген шикізат көлемін, пайдаланылған реагенттерді және жасалған өнім көлемін бір ауысымда, бір тәулікте қанша екенін анықтай алады.
Ақшыл түсті мұнай өнімдері мен майларды өңдеу қондырғыларында ыдыстар, ректификациялық, отындық, отпарлық колонналар, буландырғыштар, декантаторлар, және т.б. болады. Олар ылғи бақылауда болуы тиіс. Ол үшін деңгей өлшегіштер мен деңгей реттегіштер қолданылады.
Полимерлеу қондырғыларда фаза аралық деңгейді де реттеуге тура келеді. Екі сұйық фазалардың бөліну деңгейін электр датчиктері арқылы анықтайды. Олар аппаратқа орналастырылған. Оның жұмыс принципі әртүрлі фазалардың ток өткізгіштігі әртүрлі екендігіне негізделген. Потенциалдар айырмасының өзгеруі орындаушы механизм өнімді алу линиясында, бу линиясында және т.б. орнатылған.
Мұнай өңдеудің барлық технологиялық процестеріндегі басты көрсеткіштерінің бірі – процестің өту температурасы. Бұл көрсеткіш ақшыл мұнайды тазарту технологиясында да басты орын алады. Сондықтан аппараттардың жұмыс температурасын тұрақты бақылау үшін материалдық ағымдардың көптеген нүктесіне өлшеу приборлары орнатылады. Мысалы, шикізаттың қондырғыға келердегі температурасы, өнімнің жылу ауыстырғышқа келердегі, шығардағы температурасы, өнімнің тоңазытқыштағы, конденсатордағы, кристализатордағы температурасы, колоннаның жоғарғы, төменгі жағының температурасы және т.б. Тазалау қондырғыларында температураны өлшеу үшін көбінесе термоэлектрлік пирометрлер қолданылады, олардың ең сезімтал элементі болып, термопар саналады.
Өлшеу приборларының ішінде кедергі приборлары, гальвонометрлер және автоматикалық потенциометрлер бар.
Температураны реттеу үшін потенциометрді реттегішке қосады. Температура қажетті мөлшерден ауытқыған жағдайда, датчик реттегіш клапанға белгі береді, ал клапан қажетіне қарай жылуды азайтады немесе көбейтеді.
Вакуумдық қондырғылардың көптеген аппараттарында және құбырларында қажетті қысым болуы керек.
Қысымды барлық құбырларда өлшейді және сораптармен компрессорлардан кейін өлшенеді.
Вакуум жүйесіне қосылған барлық аппараттарда вакуум өлшенеді: сораптар құбырында, аммиакты компрессорда, вакуумды коспрессорда, пештердің түтін құбырларында, желдеткіштер жүйесінде және т.б.
Қысымды, вакуумды өлшеу үшін манометрлер, вакуумметрлер, тягометрлер қолданылады. Түтікті серіппелі манометр мен вакуумметрлерден басқа сильфонды манометрмен вакуумметрлер қолданылады. Тікелей аппараттарда орнатылған манометрлерден басқа, оператордың щитінде орналасқан, қашықтан жұмыс істейтін манометрлер қолданылады. Бірінші приборлардың көрсеткіштері екінші приборларға пневматикалық жүйе арқылы беріледі.
Аппараттағы қысымды реттеу үшін, реттегіш манометрлер мен вакуумметрлер қолданылады. Сұйық пен түгел толтырылған аппараттағы қысым, белгілі бір ағымның, шығынын реттеу арқылы реттеледі, ал бу кеңістігі бар аппараттардағы қысым, газ тәріздес өнімдердің кіріс-шығысын реттеу арқылы іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет