Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет17/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

Экструзия түрлері
Салқын көк экструзия — материалдың қысым астында баяу қозғалуына және осы өнімнің берілген пішіндеріне сай қалыптасуына байланысты тек қана механикалық өзгерістер болады.
Жылы экструзия — шикізаттың құрғақ компоненттерін белгілі бір мөлшерде сумен араластырады да экструдерге жіберіледі. Мұнда ол тек механикалық емес, сонымен қатар жылу әсеріне де ұшырайды. Өнім сырттан қыздырылады. Алынған экструдат аз ғана тығыздықпен, көлемінің кішкене артуымен, пластикалығымен және де ұялық құрылысымен ерекшеленеді. Экструдатқа кейде кептіру қажет болады.
Ыстық экструзия — процесс жоғары жылдамдықта және қысымда өтеді, механикалық энергия жылу энергиясына маңызды ауысады. Осының себебінен материал сапасының тереңдікке сай әр түрлі өзгерістерге алып келеді. Сонымен қоса реттелетін жылуды жеткізіп салу өнімге тікелей де, бұдан басқа экструдердің сыртқы қабырғалары арқылы да болу мүмкін. Ыстық экструзия кезінде шикізаттың ылғалдылық салмақ үлесі 10-20 %, ал температурасы 120 °C асады.
Экструзия процесі кезіндегі негізгі параметрлер. Процестің технологиялық параметрлеріне полимерді өңдеу температурасы, балқыма тығыздығы, головка аймағындағы температура және қалыптасқан экструдант салқындату температуралық режимі жатады.Балқыманың тұтқырлығы жоғары болған жағдайда, экструзия әдісімен бұйымдар алу балқыма ағынының кедергісінің жоғары болуынан және қозғалыс режимінің пайда болу себебінен қиын. Осының бәрі бұйымдардың ақаулығына алып келеді. Өңдеу температурасын жоғарылату балқыманың термодеструкциясына алып келуі мүмкін, ал тығыздығын, келтіру қуаттылығын төмен температураларда жоғарылату – механодеструкцияға алып келеді, яғни балқыма экструзиясына тар интервалды жабысқақтық тербелістілік қасиет бар полимерлер қолданылу тиіс. Бір шнекті экструдердің негізгі технологиялық сипаттамалары болып L, D, L/D, шнектің айналу жылдамдылығы n, шнектің геометриялық профилі және қысылу дәрежесі (компрессия) – бір орам червяктың тиеу аймағындағы көлемінің мөлшерлеу аймағындағы бір орам көлеміне қатынасы.
Қысқа шнекті экструдерлерде L/D= 12-18, ұзын шнекті экструдерлерде L/D> 30 болады. Ең көп таралған экструдерлер L/D = 20-25. Экструдердің жұмыс істеу көрсеткіші оның эффективтілігі –өнімділіктің пайдаланған қуаттылыққа қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет