30. Демократия теориясы: тарих жəне бүгінгі күн
Алғаш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын əйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындай түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мəселелерді дайындады.
Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афиналық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дəуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарасын білдіріп, ортақ шешім шығарды.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады.
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешім шығаруы керек.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұндай топ өкілдері қандай мəселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |