Политология жауаптары


Саяси қатынастар, олардың субъектілері мен объектілері



бет18/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

41. Саяси қатынастар, олардың субъектілері мен объектілері.
Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу жəне оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне жəне саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тəуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды.
Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бəсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дəстүр мен мəдениет, саяси-мемлекеттік институттар жəне саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.
Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі жəне өзара тəуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси жəне əлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мəртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, əлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тəуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мəдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе жəне өркениет ерекшеліктері ықпал етеді.
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын жəне олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады.

  1. Саяси қақтығыс түсінігі.

Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мəртебе мен институттарды, əлеуметтік тəртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық жəне іс-жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы əлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге, саясат əлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі.

  1. Саяси қақтығыстар типологиясы

Əр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар əлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. саяси қақтығыстың бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:1)заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;2)мемлекеттік-құқықтық жүйе жəне оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;3)мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;4)мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар. Заңдылық қақтығысы азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары жəне тағы басқа туралы ұсынылған басқару тəртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нəтижесінде туады. Бірегейлік қақтығысы əлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық немесе басқа халықтық емес сəйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы əсер етуден тұрады. Саяси араласу қақтығысы билікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады. Бөлу қақтығысы басқару элитасының қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы жəне оны əлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін туғыза алмауын білдіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет