Қоғамның саяси жүйесі - бұл институттардың, қатынастардың, нормалардың жүйесі, оның шеңберінде қоғамның саяси өмірі жəне мемлекеттік билік жүзеге асады. Қоғамның саяси жүйесі - бұл қоғамда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің күрделі механизмі. Бұл саяси жəне билік қатынастарын жүзеге асыратын мемлекеттік жəне мемлекеттік емес институттар, саяси жəне құқықтық нормалар жиынтығы.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі компоненттері:
саяси институттар(мемлекет, партиялар, кəсіподақтар, қауымдастықтар, бірлестіктер)
Сайып келгенде, коғамдық саяси жүйе - компоненттері саяси қатынастармен байлаулы жəне нəтижесінде əлеуметтік топтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттей отыра, мемлекеттік билікті қолданудың негізінде қоғамның тұраұтылығы мен əлеуметтік тəртібін қамтамасыздандыратын əмбебап, басқарушы қоғам жүйесі.
Əрбір мемлекетте қоғамның саяси жүйесі келесі белгілермен сипатталады:
саяси жүйенің өзі қоғам жүйелерінің бірі болып табылады
23.Саяси мəдениеттің мəні. Құрылымы, функциялары, мақсаты
Саяси мəдениет - адамзаттық мəдениеттің бір саласы. Саяси мəдениет - бұл саяси саладағы сана мен мінез-құлықты анықтайтын қоғамның көзқарасы, оның салты(менталитеті), пайда болу ретінің анықтамасы. Ең алғаш бұл ұғымды қолданысқа 1956 жылы Г.Алмонд енгізді.
Саяси мəдениет - бұл қоғамның саяси жүйесін сипаттайтын басты белгілерінің бірі. Саяси жүйенің өзі саяси мəдениеттің əсерімен қалыптасып, дамиды. Ол индивид пен ұжымдық субъектілердің саясат əлеміндегі орны мен тəртібін жəне де саяси институттардың дамуын қамтиды.
Міндеттері:
нормативті-регуляциялық қызмет. Оның құрамына билік жайлы көзқарастар, құндылықтар формалар енеді
мотивациялық қызмет. Саяси мəдениет, қоғам мүшелерінің, институттардың өздері өмір сүріп отырған қоғамды басқару жəне билік жұмысына кірістіру үшін қызмет етеді
тəжірибелік қызмет
Саяси мəдениеттің құрылымдық элементтер жүйесі:
саяси-бейбіт көзқарас
саяси ідет-ғұрыптар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан тəртіп
саяси институттар(партиялар, əртүрлі ұйымдар)
мəдениетті белгілі мақсатқа қол жеткізуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін құралдар(БАҚ, теледидар, радио)