Қоғамның əлеуметтік құрылымы туралы түсінік. Əлеуметтік-таптық қауымдастық əлеуметтік жүйенің негізі жəне саясат субъектісі ретінде.
Ғылыми жəне əлеуметтік-саяси əдебиеттерде əлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым əртүрлі əлеуметтік қауымдастықтардың түрлері жəне олардың арасындағы қарым-қатынастың: əлеуметтік-таптық, əлеуметтік-демографиялық, əлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Əлеуметтануда “əлеуметтік құрылым” ұғымы “əлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Əлеуметтік құрылым” түсінігі “əлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады жəне 2 компоненттен тұрады — əлеуметтік құрам жəне əлеуметтік байланыстар. “Əлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “əлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның əлеуметтік құрылымын немесе ондағы əлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мəні мен сипаттамасы бойынша іс-əрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің əлеуметтік байланыстары болып табылады.
Əлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің əлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Əлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып əлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кəсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған əлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ əлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория əлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын əртүрлі əлеуметтік позицияларына тəуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның əлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын əлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.
Этнос, ұлт жəне ұлттық топтар туралы түсінік. Ұлттың өзін-өзі тануы, оның мүдделері, өзін-өзі анықтауы.
Этнос - белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мəдениеті жəне тіл белгілері бар адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы.
Этностың сипатын, қатынасын көрсететін жəне басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, əдет-ғұрып, дəстүр, қалыптасқан тəртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мəдениет компононттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мəдениетті құрайды. Этностың белгісі-мəдени құндылық. Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл,өнер, əдет-ғұрып, мəдениет, т.б.бірлігі жатады.Олар жиынтығында белгілі этникалық мəдениетті құрайды. Əдетте этнос территориялық жəне экономикалық бірлік негізінде құрылады. Қазіргі ұлттар- дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халық, этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ - ұлттық топтасу.
Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мəдениет жəне экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы.
Тек капитализмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына жағдай жасайды. Ұлт – капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық ыдыраудың жəне капитализмнің қалыптасуы дəуірінде əртүрлі халықтардың бірігуі нəтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек бөлінісі, кең ауқымды жəне мықты экономикалық байланысты, т.б. талап етеді. Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөль атқарады.
48. Əлемдік саясат жəне халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынас — ол мемлекеттердің экономика, мəдениет, ақпарат жəне тағы басқа салалардағы өзара əрекеттесуі. Жекелеген мемлекеттер халықаралық аренада өз мүдделерін іске асырады жəне олар осы мақсатта өзінің жақын көршілерімен, сонымен қатар басқа құрылықтардағы елдермен байланысқа түседі. Ал осы байланыстарды лайықты деңгейде ұстап тұру үшін халықаралық жəне аймақтық ұйымдар құрылады.
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастарды айқындайтын басты факторлар мынадай белгілерден көрініс табады:
бірқатар мемлекеттердің қолында ядролық жəне өзге де жаппай қырып-жою қару түрлерінің болуы;
дамушы елдердің дамыған елдерден артта қала бастауының өсуі. Артта қалу, əсіресе экономика саласында анық көрінеді;
аймақтық қақтығыстардың, əсіресе «үшінші əлем» елдерінде қақтығыстардың өсе түсуі;
экологиялық мəселелердің ушығуы.
49.Əлемдік тəртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Əрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды жəне даму тенденцияларын тудырады.
Əлемдік тəртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, əлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. əлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |