Саяси қақтығыстарды басқару жəне шешу логикасы.
Қақтығыстар орын алған жағдайда тараптар солардың көмегімен келісімге келетін əдістер үлкен рөл ойнайды. Тым жалпы түрде ол авторитарлық немесе демократиялық стильде болуы мүмкін. Авторитарлық стиль қақтығыста күшті жəне əлсіз қатысушылардың бар екенін білдіреді. Күшті тарап əлсіз тарапқа өз шешімін таңады. Осы орайда, мектеп директоры мен оқушының немесе ата-ана мен жасөспірім баланың арасында егесті жағдай туындаған жағдайда қай тараптың қандай рөлде болатынын білу қиын емес тəрізді. Алайда, мұндай жағдайда рөлдердің басқаша бөлінуі де мүмкін. Демократиялық стиль келіссөздерге жəне өзара шегініс жасау жолымен келісім іздеуге негізделеді. Егес нысанын пайдалануда объективті себептерге байланысты шектеулер міндетті түрде орын алатын жағдайда бір тараптың шегініске баруына тура келеді. Айталық, бокспен шұғылданып жүрген мектеп оқушылары өздерінің жаттығу залын түстен кейінгі уақытқа беру туралы өтініш жасады. Алайда дəл осы уақытта ол жерде гимнастика секциясы жаттығу жасайды. Мұндай жағдайда жаттығу уақытын қайта қарауға жəне оларды белгілі бір нақты шеңбермен шектеуге тура келері анық. Нəтижесінде, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешімге қол жеткізуге болады.
Қоғамдағы қақтығыстардың себептері айтарлықтай терең болуы жəне олар тым үлкен салдарларға алып келуі мүмкін. Олар көп жағдайда ондаған жəне жүздеген жылдар бойы созылады. Елдер арасындағы қайшылықтар соғыстарға ұласып кетуі де мүмкін. Əсіресе қоғамдағы əртүрлі этникалық топтардың мүдделері бір-біріне қарсы қойылғай жағдайлар тым қауіпті.
Қарама-қайшылықтарға бірнеше күнде жол беріп қою мүмкін болғанымен, қақтығыс салдарын одан кейін ұзақ жылдар бойы түзеуге тура келеді.
Əдетте, ірі қоғамдық жəне халықаралық қақтығыстар туындайтын жағдайда, ондағы тараптарда одан шығудың бірнеше жолы болады. Олардың ішінде төмендегілерді айта кетуге болады:
— Қарулану жолы, яғни бұл жағдайда күш қолдануда өз басымдығын көрсеткен тарап жеңіске жетеді. Негізінен əскері жақсы дайындалған жəне қаруланған тарап бар кезде басқаларды жеңіп отырады.
— Келіссөздер жолы. Тараптар бірқатар шегіністер жасауға келісе отырып, келісімге келетін жолдарды іздейді. Келіссөздер тараптардың мүдделерінің заңдылығы өзара қүрметтелетін жəне, мойындалатын жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Консенсусқа, яғни тараптардың жалпы жəне толық келіеіміне қол жеткізу..- келіссөздердің ең ұтымды нəтижесі деп айтуға болады. Тек компромисс ғана қақтығыстың барлық қатысушыларының мүдделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
— Қақтығысқа түсіп отырған тараптардың сенімі мен құрметіне ие адамдар мен ұйымдардың делдалдығы. Делдалдың егестерді бітімге келтіруде біршама тəжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек, олардың қолдарында қақтығыстарды шешу тетіктері болған жағдайда делдалдардың əрекеттері пəрменді болады.
45.45. Əлемдік саясат жəне глобализм түсінігі.
Мировая политика – это часть системы международных отношений, деятельность государств по властному обеспечению их интересов при решении проблем, возникающих в сфере международных отношений МП – это наука о современном состоянии мировой политической системы и тенденциях ее развития, глобальных проблемах, которые рассматриваются во взаимосвязи друг с другом и в едином контексте.Мировая политика как научное направление сформировалась в конце 70-80 гг. ХХ в. на стыке исследований, выполненных в рамках следующих дисциплин:
●Теории международных отношений
●Международной политической экономии
●Политологии
●Сравнительной политологии
Основные субъекты мировой политики:
●государства,
●союзы (группы) государств,
●международные организации (ЕС, ЛАГ, МАГАТЭ, ИНТЕРПОЛ)
●ТНК
Жаһандану ғаламдану, əлемдік ауқымдану, глобализации (ағылш. Global — əлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпы əлемдік саяси экономикалық, мəдени жəне ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Жаһандану дегеніміз бір-бірімен тығыз экономикалық, техникалық, саяси, байланыстағы біртұтас қауымдастығының қалыптасуы. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |