Əл-Фараби бұл кітабында бірқатар қоғамдық-əлеуметтік, этикалық мəселелерді көрсетеді. Мұндағы қала деп отырғаны — мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мұндай қала əкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, əрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мəселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы əкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы əкім — əділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен əдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Яғни, ол мемлекет басқаратын адамға осындай биік талаптар қойған.
Əл-Фараби қайырымды қала деген сау əрі ешбір мінсіз адам мінезіне ұқсатады. Себебі, оның əрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам денесіндегі мүшелер бір-біріне табиғаты, атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтындығы сияқты, қала тұрғындары да өздерінің қызметі мен қоғамдағы орны бойынша айырмашылық жасайды. Қалада бір басшысы болады, ол өзіне бір саты төмендегілерден белгілі бір істің атқарылуын талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейін тұрғандардан талап етеді, осылайша ең төменгі талап ете алмайтын сатылардағыларға да жететінін көруімізге болады. 10. М. Вебердің саяси көзқарастары
М. Вебердің 1918-1919 жылдары жарық көрген «Саяси бейімділік жəне кəсіп
|
ретінде» еңбегінде баяндалған. «Егер мемлекетті немесе партияны саясаттың
|
есебінен емес, тек қана саясат үшін өмір сүретін (сөздің экономикалық
|
мағынасында) адамдар басқарса, онда бұл тұп-тура саяси басқарушы жіктерді
|
«плутократиялық» əдіспен жұмылдыру болып шығады. Бірақ бұл соңғысы əлі
|
керісінше мағына бермейді: плутократиялық басшылықтың болуы, саяси үстем
|
жікте сондай-ақ саясат «есебінен» де күн көру ниеті, яғни, өзінің саяси
|
үстемдігін жеке экономикалық мүдделер үшін де пайдалану ниеті болмайды деп
|
топшылауға негіз бермейді.
|
Нағыз шенеуніктің шынайы кəсібі саясат болмауға тиіс. Ол «мемлекеттік
|
мүдделерге» қатер төніп тұрмаса істі ашуға бой алдырмай, ешкімге бұрмай
|
шешуі тиіс. Ал бұның өзі «заңның үстемдігін» білдіреді. Вебер енгізген «заңды
|
үстемдік» категориясы бұйрық пен бағынуға негізделген билікті қарастырады.
|
Бұндай үстемдікті жеке адамдар іске асыра алады. Вебердің айтуынша
|
«үстемдік дегеніміз, белгілі бір бұйрыққа бағыну мүмкіндігін ұшырату.
|
М. Вебер легитимдік (үстемдіктің) типологиясын жасады: (Дюган и Истон
|
дегендер бар еще, қосымша сұрап жатса)
|
1) əдеп-ғұрыптық үстемдік – «мəңгі кешегі»беделіне, сонау ерте заманнан
|
халықтың санасына сіңген əбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан
|
слт-дəстүрлерге сүйенеді (монархия);
|
2) харизматикалық үстемдік – мұнда өзінің батырлығымен,
|
адалдылығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды
|
басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді (Христос, Цезарь, Ленин,
|
Напалион, Сталин);
|
3) құқықтық (рационалды) үстемдік. Мұнда саяси билік салт-дəстүрге немесе
|
тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргісаяси құрылыморнатқан құқықтық
|
ережелерге, тəртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |