Политология жауаптары


Саясат түсінігі, оның құрылымы мен функциялары



бет7/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

11.Саясат түсінігі, оның құрылымы мен функциялары.
Саясат – қоғам ішіндегі кластар, ұлттар, əлеуметтік топтар арасындағы мемлекеттік билік сұрағы бойынша көрінетін қатынастар (ішкі саясат), сонымен қатар халықаралық аренада мемлекеттер арасындағы қатынастар (сыртқы саясат).
Ішкі саясат – мемлекеттің өмір сүріп тұрған əлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе оны реформалау-ға бағытталған эконо-микалық, əлеуметтік, құқықтық, ғылыми-техникалық жəне т.б. əрекеттерінің жиынтығы.
Сыртқы саясат – бір мемлекеттің халықаралық аренада өз мүдделерін көздей отырып жүргізген іс-əрекеттерінің жиынтығы.
Саясаттың функциялары:қоғамның тұтастығын қолдау жəне нығайту, қоғамдық тəртіп пен ұйымдасуды қамтамасыз ету; қоғамның жалпы мақсатын анықтау; құндылықтар мен игіліктерді бөлу; топтық жанжалдарды болдыртпа у жəне оларды реттеу; əлеуметтік субъектілерді байланыстыру т.б.
12. Саяси биліктің мəні, оның ресурстары, типологиясы жəне функциялары.
Билік – орталық, ұйымдық жəне реттеушілік-бақылау саясатының бастауы. Билік жəне саясат – ажыратылмайды жəне өзара шартты болып келеді. Билік сөзсіз саясатты жүзеге асыру құралы болып табылады, билік үшін күрес,оны иемдену жəне сақтап қалу – қоғамның саяси өмірінің негізгі аспектілерінің бірі.
Билік ұғымы соншалықты күрделі жəне кең болғандықтан, бұл күрделі құбылысты зерттейтің жеке дара ғылым бар. Ол кратология деп аталады.
Ресурстарды классификациялаудың бірнеше түрі бар: күш жұмсау (əкімшілік, қылмыстық),
нормативті (əділ нормалары), əкономикалық (материалды құндылықтар), əлеуметтік (пристиж, қызметте жоғарлау), мəдени-ақпараттық (ақпарат білім алу), күштеу (физикалық бағындыру) жəне т.б.
Биліктің ұғымы көп жақты болғандықтан, биліктің типтері де көп болады. Əртүрлі белгілері бойынша билік типологиясы:
-институционалдану дəрежесі бойынша билік үкіметтік, қалалық, аудандық, облыстық, мектептік жəне т.б. болады;
субъектісі бойынша – таптық, партиялық, халықтық, президенттік, парламенттік жəне т.б.
-сандық белгісі бойынша – жеке даралық, олигархиялық (бірлескен топтың билігі), полиархиялық (көптеген институттар немесе тұғалардың билігі); -əлеуметтік басқару типі бойынша – монархиялық, республикалық;
- саяси тəртіп бойынша – демократиялық, авториторлық, тотолитарлық;
олданылатын əдіс-тəсіліне қарай – үстемдік, обзорлық, бедел, ымыра жəне т.б.
-қызметіне қарай – байқау, бақылау, ұйымдастыру, басқару жəне т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет