8. Қайта өрлеу жəне ағарту дəуірінің саяси ілімдері (Ш.Монтескье, Ж.Руссо,
Монтескьенің саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье "Заңдардың рухы туралы" еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз əділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нəрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:
заң шығарушы
атқарушы
сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.
Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия жəне деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті əділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ.
Француз ағартушысы, ұсақ буржуазияның идеологы Жан Жак Руссоға келетін болсақ, ең алдымен оның азаматтық концепциясын қарастыруға болады. Онын саяси теориясындағы негізгі мəселе — халық егемендігі. Ж.Ж.Руссо халықты «Тұтас моральдық дене» немесе «Қоғамдық Адам» деп мойындап, оның тұтастығы мен еріктілігін қолдайды. Бірақ өмірдің дамуына байланысты халық бірте-бірте үлкен қауымдастыққа бірігуінін арқасында қоғамда теңсіздікке душар болды деп есептейді.
Теңсіздіктің негізінде жатқан мəселе, ол меншікке байланысты деп, қоғамдық меншікті жақтаған, ал теңдікке жету жолы қоғамдық келісімге келу деп тусіндіреді. Сонымен қатар, Ж.Ж.Руссо мемлекетті басқару ісінде демократияның көне түрі — тікелей демократияны қолданған. Ол тек тікелей демократия тұсында ғана халық билік субъектісіне айналады деген. Ал сайланбалы демократия ол тек көзбаяушылық, яғни сайланбалы демократия — құлдық деп түсінген. Депутаттар билікке қолы жеткен соң халыққа берген уəдесін ұмытып кетеді деп есептейді.
Жалпы, кейіннен Жан Жак Руссонын саяси концепциялары Француз революциясы көсемдерінің іс-əрекеттерінде көрініс тапты жəне олардың əлеуметтік доктриналарына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |