Политология жауаптары


Платонның саяси ілімдеріндегі басты идея



бет3/25
Дата08.02.2024
өлшемі290.91 Kb.
#491321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ

6. Платонның саяси ілімдеріндегі басты идея


Платонның ойларындағы басты идея екі əлем жайлы. Біріншісі — идеялар əлемі, екіншісі - құбылыстар əлемі. Идеялар əлемі Платон үшін ол — нағыз болмыс, яғни құдайдан түскен жарлықтар, ал құбылыстар əлемі — ол болмыстың кері құбылмалы көшірмесі.
Платон жердегі қалыптасқан саяси өмір мен саясат жəне мемлекет туралы айтқанда оны барынша идеялар əлеміне жақындатуға тырысты. Біріншіден, азаматтар арасындағы еңбек бөлінісінің қатаң сақталуын, сондай-ақ иерархиялық деңгейлердің де сақталуын талап етті. Полистерде билік - басқарушылар, əскер - ел қорғаушылар, қолөнершілер мен шаруалар, яғни өндірушілер болу керек деп қарастырды.
Екіншіден, мұндай қатаң əлеуметтік сословияларды қалыптастыру мемлекет үшін де пайдалы, өйткені ол тəртіпке жауап береді деп тусіндірді. Мемлекет басындағылар математика мен философияны оқытып үйретумен қатар бұқара халыққа «ізгілік ойларды» да үйретуге тиісті.
Адамдар туылғаннан барлығы бірдей болмағанмен де, олар бір-біріне көмектесіп қол ұшын беру керек деп көрсеткен.
Үшіншіден, ол аристократиялық басқару формасын жақтады. Аристократияны ол қоғамның ізгі жақсылары деп тусіндірді. Платон аристократиялық басқару формасына олигархия, тирания жəне демократиялық басқару формаларын қарсы қойды.

7. Орта ғасырлардағы саяси ілімдер (А.Аврелий, Ф.Аквинский)


Аврелий Августин əлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы жəне оның сөзімен айтқанда «дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен болған іс» деген идеяны жақтаушы ғалым. Ол христиан фəлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық əлеуметтік, мемлекеттік жəне құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнəсінің нəтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:
1)Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мəңгілік патшалық құрады. 2)Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мəңгілік жапа шегеді. Адамдардың жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандықтары олардың құдай алдындағы жасаған күнəларынан деп тусіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызметкерлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсолюттік билікті жақтаған. Августинизм əлі күнге дейін христиан дініндегі протестанттың бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп саналады.
Фома Аквинский өз саяси ілімінің негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады.
Əсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді. Аквинский Аристотельдің «адам саяси хайуан» ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың əу бастан бірігіп мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді. Мемлекеттің мақсаты — «жалпыға жайлы» адамдарға лайықты өмір сүру мумкіндігін қалыптастыру. Аквинат саяси ілімдерге жалпы сипаттама билікті айқындауда үш: 1) биліктін мəніне; 2) формасына (пайда болуына); З) билікті қолдану элементіне назар аударады.
Биліктін мəні - басқару мен бағындыру, соның ішінде жоғарғы сословие төменгі сословиеге өз билігін жүргізуге тиісті деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол биліктің құдайдан келген əмір екенін тағы да бір тұжырымдайды. Ол басқарудың ең жоғарғы жетілген формасы ретінде монархияны қолдайды. Монархияның екі түрін ұсынады:абсолюттік жəне саяси монархия. Ол абсолюттік монархияға қарағанда, саяси монархияға үлкен ықыласпен қараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет