III. ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ Сабақты құрылымдық талдау үлгісі Класс, пән аты, мұғалім, өткізілген күн. Сабақтың тақырыбы. Сабақтың дидактикалық мақсаты, сабақ типі. Оқытылатын материалдың мазмұны. Сабақтың білімділік және тәрбиелік міндеттері: Оқушылар бір рет қандай материалмен танысты, қандай білім, іскерлік, дағдылар бекітілді, қай материалды өтуге дайындық жұмыстары жүргізілді?
Сабақтың құрылысы: Сабақтың ұйымдастырылуы мен негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және
логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатына сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі.
Оқыту әдістері: А)білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыруда қандай әдеттерді қолданды, олардың сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкестілігі және тиімділігі.
Б)әрбір сабақ кезеңдерінде қолданылған әдістемелік тәсілдер және жаттығулар, олардың тиімділігі.
Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру: Сабақта әрбір кезеңде мақсаттың қойылуы, сабақ барысында әр түрлі қызмет түрлерінің ұштасуы, оқушылар жұмысын бақылау және бағалау, оған оқушылардың қатысуы, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру, тәртіпті және жұмыс жасауға ыңғайлы жағдайлар жасау тәсілдері.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Көрнекілік, оқу құралдары, дидактикалық материалдар техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, орны, әдістері.
Сабақтың нәтижесі: Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің орындалуы.
Сабақты қысқаша талдау үлгісі 1.Класс, оқушылар саны, пән бойынша кластық дайындық деңгейі. Мұғалім аты-жөні,
2.Сабақ тақырыбы.
3.Оқуда жүзеге асатын сабақ мақсаты.
4.Мұғалім шешетін дидактикалық және тәрбиелік міндеттер.
5.Сабақ жүргізу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы:
1)сабақ типі.
2)сабақтаң өзіндік кезеңдері.
3)сабақ мазмұнының ғылыми, логикалық, реттілік принциптерімен сәйкестігі.
4)оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру түрлерінің және әдістерінің ерекшеліктері.
5)мұғалімнің жеке тұлға ерекшеліктері, оның оқушылармен қарым-қатынасы. Сабақта қатынас стилі.
6)оқытуда техникалық құралды қолдану орны, оның сабақ мазмұнымен байланысы.
7)білім мен дағдыны қалыптастыру бақылауын жүзеге асыру сабақта кері байланыс.
8)сабақты қорытындылау, білім мен дағдыны бағалау.
9)үй тапсырмасының көлемі мен қиындық деңгейі.
10.Сабақ нәтижелігін бағалау. Қорытындылау және түсіндіру.
Қатысқан сабақтың, тәрбиелік іс-шараны талдау хаттамасы Мерзімі, уақыты
Тақырыбы
Сыныбы
Қатысушы
Пән бойынша кластан тыс шара конспектісі Мен Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша №27 мектеп лицейден іс-тәжірибеден өттім. Практика барысында маған жетекші болып Алиева Асель Кожабековна жүктелді. Алиева Асель 10 «А» сыныбына класс жетекші және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ береді. Мен 10 «А» сыныбына «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тәрбие сағатын өткіздім.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық!
Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесін еске түсіру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтау, жол ережесінің белгілерімен жүруді насихаттау .
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспа кестелері. Жол белгілері.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың түгелдеу, сабаққа назар аударту.
II.Негізгі кезең
Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сабаққа қатысып отырғандарыңыз белгі беріңіздер.
Оқушылар: Амандасады, сабаққа қатысып отырғандары белгі береді.
М.: Жақсы. Ендеше тәрбие сағатымызды бастайық. Қазір сіздерге бүгінгі тақырыпқа байланысты суреттер жіберетін боламын. Тақырыпты болжап көріңіздер.
О.: Суретке қарап, тақырыпты болжайды.
М.: Жақсы, тақырыпты дұрыс таптыңыздар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық!» Сұрақтарға жауап жазып жіберіңіздер.
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.
М.: Жақсы, жолда жүру ережесінің маңызы туралы айта кетейік.
О.: Ережелердің адам өміріндегі маңызы, ереже сақтамаған жағдайда не болатыны туралы өз ойларын айтады.
М.: Өте жақсы, оқушылар. Сіздердің жолда жүру ережелерін білетіндеріңізге көзім жетті. Енді сіздер жол тәртібін сақтап,өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін. Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
IV.Психология-педагогикалық бөлім
Сынып ұжымын зерттеудің үлгі схемасы және оған мінездеме беру 1.Сынып ұжымы туралы жалпы мәлімет және оның қалыптасуының тарихы (оқушылар саны, ішінде ер бала, қыз баласы, жас ерекшелігіне қарай құрамы және т.б.).
2.Әрекетінің мазмұны мен сипаты.
Үлгерімі мен тәртібінің жалпы сипаты; жекелеген оқушылардың бағаларын тексеру, оларға сынып ұжымының, активінің, сынып жетекшісінің талабы; өзара көмек, оның формалары және ұйымдастыру; сыныптың сабақтағы және үй жұмысын орындаудағы тәртібі; оқу жұмысындағы теріс моменттер (көшіріп алу, т.б.).
Сабақтан тыс кездегі сынып өмірі: саяси жағдайларға, музыкаға, өнерге, әдебиетке, спортқа т.б. қызығушылық; бұл қызығушылықтардың көріну формасы: оқырман конференциясына, кино, театрға бару, көргенді талқылау, диспут және т.б.); сыныптың жалпы мектеп өміріне араласуы.
Қоғамдық пайдалы еңбек және оның ұжымның сыныптан тыс өміріндегі орны; еңбек түрлері және оны атқарудың сипаты; саналы тәртіптің көрінуі.
Шефтік ұйымдармен байланыс; оның көрінуінің формалары, ата-аналар қоғамдастығының сыныпқа ықпалы.
3.Сынып ұжымын басқару және оны ұйымдастыру.
Сынып белсенділері: староста және оның жұмысы: сынып ұйымдары; сынып белсенділерінің сипаты (олардың идеялық деңгейі, құлшынысы, даралығы, табандылығы, өзіне және өзгелерге талап қоя білуі, жолдастары арасындағы беделі, ұйымдастырушылық қабілеттері, жекелеген оқушыларға қамқорлығы, қоғамдық пікірге көзқарасы, жеке тұлға аралық қатынастар жүйесіндегі жағдайы).
Ұжым ішіндегі өзара қарым-қатынас: ұйымшылдық дәрежесі, сыныптың құндылық-бағдарлы бірлігі, өзара талаптың көрінуі, достық қамқорлығы, өзара көмек, гуманизм, сыйлау, ұжымшылдық; шағын топтардың болуы немесе жоқтығы; олардың сыныптың ортақ істеріне қызығушылық дәрежесі; ұжымдағы сын және өзін-өзін сынау; ер балалар мен қыз балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері.
Сынып жетекшісінің жеке тұлғасы және оның сыныпқа ықпалы: білімділігі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылар психологиясын, олардың қызығушылықтарын білуі, басқарудағы жалпы стилі және т.б.; сыныптың сынып жетекшісіне қатынасы, оның оқушылар алдындағы беделі.
4.Қайсыбір оқушы тұлғасына деген ұжым ықпалының және ұжымға деген оқушы тұлғасы ықпалының нақты үлгісіне анализ.
5.Жалпы қорытындылар.
6.Ұжым дамуының деңгейі.
Сыныптағы жалпы эмоциональдық климат сипаты: сергек, өмірге құштар, инертті және т.б.
Тәртібі. Ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі қателіктер және оның мүшелері арасындағы конфликтіні анықтау, оны жою жолдары.
Студент-практиканттың қолы: