19
есікті және қорып, Жара салма, сен маған» немесе «Жұрт
жалынар жатқа жорып,
Жалынамын мен саған». Ақын дыбыстарды суреткерлікпен сөйлетеді. Ақын дыбыс
үндестігін тек әсемдік, саздылық үшін ғана емес, шығарманы эмоционалдық жағынан
әрлендіру үшін қолданады.6 «Поэтикалық тексте, - дейді физиолог Л.С. Салямон, -
дыбыстық қайталаулар система құрауы емес, сол система
белгілі бір сөзге немесе
сөйлемге ауыстырылып, олардың эмоционалдық қуатын күшейтеді».7 Лирикалық
шығармаларда сол шығарманың бүкіл эстетикалық идеал-мақсатын білдіріп тұратын
жолдар болады. Ол - шығарманың ой-өзегі. Мысалы, С. Торайғыровтың «Бір адамға»
өлеңінің ой түйіні:
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
- Қай момынның малы бар бұл аяқта? -
Демейінше болмады қарап жай-ақ, - деген жолдарда өлеңнің басқа компоненттері,
бейнелі ой, сөз айшықтары, композициясы осы ойын ашуға қызмет етіп тұр. Лирикалық
шығармаларды өткенде, олардың ішкі жан сырларына тереңдеу керек. Өмір ақиқатының
бейнеленуіне, көркем сөз айшықтарының – эпитет, теңеу, метафораларының
айқындығына
ғана көз жіберіп қоймай, лирикалық шығармалардағы ақын жүрегінің
соғысына, оның жан дүниесіне шәкірт назарын аудару ұтымды. Лирикалық
шығармалдарды ұлы сыншы Белинский музыкаға балайды.
8
Шығарманың барлық
ырғақ-сазы, тынысы, әуені, екпіні түгел естілмесе, оны түсіну мүмкін емес. Қабылдау
ол – күрделі процесс. Ең алдымен шығарма сөйлеу керек. Оны келістіріп мәнерлеп оқу,
алғашқы баспалдақ. Шығарманы тыңдай, оқи білмеген жерде, қабылдау жоқ. Сондықтан
мұғалім міндеті – оқушыларды соған үнемі баулуды дағдыландыру. Әрине, шығарманы
бір рет оқу жеткіліксіз.
9
Шығарманы бір оқығаннан оқушылар сол шығарма жайлы түсінік
ала алмайды, екі рет оқып шыққанның өзінде де шығарманың эмоционалды бейнелі
мазмұны жағынан ғана түсінік, әсер алады.
Олай болса, тек шығарманы оқытып қана
қоймай, оған әңгіме тәсілін қолданып: 1 – шығармаға талдау жасау керек, 2 – талдауды
тұтас шығарманы талдаудан емес, детальды талдаудан, жолды, тармақты талдаудан
бастау керек. Сонда ғана оқушы ақын жасаған бейнелі ой сырына тереңдейді. Мектепте
балаларға шығарманы келістіріп мәнерлеп оқуды, жаттатуды елемей келеміз. Жаттатуды
біз формализм деп қарамай, көркем шығарманы қабылдаудың, есте қалдырудың бір тәсілі
деп білуіміз керек. Екіншіден, жаттап алу шығармаға шәкірттерде ләззат туғызады, оның
талғамын ұштайды. Сөз өнеріне, оның ойына үңілдіреді.
Лирикалық шығармаларды
оқытуда біз оқушыларға шығарманы жаттатуға көңіл аударуымыз қажет. Бұл көркем
әдебиетті оларға танытудың ұтымды бір жолы деп қарастыруымыз керек. Лирикалық
шығармаларды оқытқанда ой ағысына, ақынның сезім қозғалысына, жан лүпіліне, автор
позициясына, тенденциясына шәкіртті жетектеу керек. Лирикалық шығарма сонда ғана
шәкірт бойына дариды. Мұғалім қандай әдіс-тәсілді қолданса да ерікті. Тек бірізділікпен,
дайын қалыптан аулақ болған жөн. Оқушының талдауын, интерпретациясын дамытудың
бір тәсілі: эссе жазу. Эссе жазуға дейін оқушыға шығарманың бір бөлігі бойынша
аналитикалық жазба жұмысын жаздыруға болады. Өлеңде берілген бір-екі көркемдеуіш
құралды пайдалана отырып, күнделік немесе басқа түрде жазба жұмысын жаздыруға
болады. Мысалы, М. Жұмабаевтың «Жазғы дала» өлеңі бойынша баланың креативтілігін
танытатын тапсырма:
•
Автормен сырласу хаты
• Өзінің жолын өлеңмен немесе әңгіме түрінде жеткізу
• Өлеңді қарасөзбен беру
Сабақты шығармашылықпен өткізіп, соның бәрінде шығарманың көркем
элементтері арқылы шығармадағы эстетикалық мұратты, автордың идеялық-эстетикалық
позициясын ашып беруді нысана ету керек. Оқушы өздігінен шығармаға идеялық-