Пособие Көркем шығарманы талдау indd


поэзиялық шығармаларды талдау үлгісі



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Көркем шығарманы талдау

поэзиялық шығармаларды талдау үлгісі
Армянның талантты ақыны Паруйр Севак «Поэзия ешқашанда уақ-түйектен 
тумақ емес» дейді. Ақын өзінің әдебиетші А. Аристакасянның: «Бір жазушының 
екінші жазушыдан айырмашылығы неде, оны дара ететін не?» деген сұрағына: «Бұл 
– оп-оңай нәрсе. «Не» мен «қалай» дегеннің арасындағы үндестік – ақынды дара 
ететін сол. Поэзияда не бар, қалай бар, сол сияқты үшінші бір нәрсе бер, дәлірек 
айтсақ, бейнелі ой бар» деп жауап берген. Ақынның не деп отырғаны – шығарманың 
мазмұны да, ал қалай деп отырғаны – оның формасы. Поззиялық шығармалардағы осы 
үндестікті аша білуіміз керек. Сондағы осы мазмұн мен форма арасындағы үндестікті 
шәкіртттерге қалай танытқан жөн, оны қалай ашу керек, бұл әдістеме саласындағы 
үлкен проблема. Шығармадағы мазмұнды, форманы таныту жолдары алуан түрлі. Ол 
шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне, композициялық, сюжеттік құрылымына, тілдік 
ерекшеліктеріне қарай түрленіп отырады. Ал соның бәрінде есте ұстайтын нәрсе – 
шығармадағы ой мен өрнек тұтастығын естен шығармау.
5
Мазмұнын бір бөлек, формасын 
бір бөлек таныту әдебиеттің табиғи ерекшелігіне жат.
Поэзиялық шығармаларды оқытқанда өлең талдау жолдарын төмендегідей 
ерекшеліктері бойынша топтастырған дұрыс:
Тілі
Кейіпкер үні, кейіпкердің ойы (дауыс)
Өлеңнен көрінетін символдық жолдар
Көңіл-күй
Форма (ұйқас)
Ситуация – кім? қашан? қайда?
Тақырып


18
Әсер
Сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің орналасу жолдары
Мәтіннің негізгі бөлшектері
Құрылымы/фабуласы
Өлеңнің мазмұнын терең түсіну үшін оқушыға алдымен сұрақ түрлерін беруге 
болады. Сұрақтарды жеңіл сұрақ және күрделі сұрақ деп бөліп қарау керек. Мысалы, 
М. Жұмабаевтың «Жазғы жолда» өлеңі бойынша төмендегідей сұрақтар беру арқылы 
өлеңнің мазмұны аша аламыз. Өлеңнің мазмұнын оқушы толық түсінгеннен кейін ғана 
поэзиялық талдау жолын бастаған тиімді.
жеңіл сұрақтар:
1. Өлең ұйқасы қандай?
2. Қандай мезгіл суреттелген?
3. Қай сөздерге ерекше назар аударар едіңіз?
4. «Қара» деген кім?
5. Неге кейіпкер жылағысы келеді?
6. Автор неге өлеңді «Жазғы жолда» деп атаған?
7. Өлең қай жақтан жазылған?
8. Автордың көңіл-күйін қандай сөздерден байқауға болады?
9. Кейіпкер неге жалғыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет