14
Алла тізгініңді оңдаса,
Жаһаннамдағы орныңа
Жіберейін деп едім.
Осы екі бөлік кейіпкерлердің арасындағы шиеленісті қалай береді?
Операдағы басты әндер - «Гәкку» мен «Аққуым». Осы екі әнді салыстыру арқылы
айырмашылығы мен ұқсастығын табу және олардың операдағы маңыздылығына тоқталу.
Әр әннің мәтінінде кездесетін сөздерді талдау:
Бұл сөздер кейіпкерлерінің мінез-құлқын қалай береді?
Әрбір әнде қандай құндылықтар берілген?
Операдағы драмалық шиеленісті беретін екі бөлікті (көріністі) алып қарастырыңыз.
Кейіпкерлердің шиеленіс барысында өзгеруін немесе дамуын көрсету үшін көріністерге
анализ жасау.
«Гәкку» ариясы:
Жүруші
едім мойын бұрмай тірі жанға,
Талайдың қолын қағып ұсынғанда.
Қосылса арманға арман-ай жайдым құшақ,
Мен сендік, арғы жағын өзі қамда-ай.
операдағы ең өзекті мәселе: эпостық жыр мен либреттоның нұсқасын оқушы
алдына тастап салыстыру қате.
операны талдатқанда, ең басты қарапайым нәрсе:
жазушының эпостық жырдан либреттоға нені маңызды етіп таңдап алғанын оқушыларға
тапқыза білу.
либретто бойынша ұсынылатын талдау тапсырмалары:
ай мен күн де қозғалмай
тұра алмайды, көшеді.
Мәңгілік жоқ түнге де,
Таң атады, өшеді.
Көңіл күйі келетін
Домбырамен тілдессе,
Көңіл кірі кететін,
Қосылып қыздар билесе... – үзіндідегі қарамен жазылған сөздерді троп түріне
ажыратыңыз.
Күн шығарда күлімдеп,
Түн ұялып қашады,
Шыға қалса Қыз Жібек
Күн де бетін басады.
Оянады
Қыз Жібек
Шыққан күнмен таласа,
Қалар дүние бір түлеп
Жібек күле қараса
– үзіндіні мағынасына қарай талдаңыз. Үзіндіден Қыз Жібектің сипатын ашып
тұрған метафораны табыңыз.
Қараңғы қоюланып, торлап тұман,
Оралып мойыныма қара жылан.
Болмаса айығар күн, арылар түн,
Жалғаннан тілек тілеп мен не қылам.
Есен бол,
туып-өскен қайран елім,
Аша бер құшағыңды, шалқар көлім.
Өксумен өмір бойы өткенімше,
Қайғысыз көз жұмайын, бітсін демім... - Жібектің жан сезімін өз ойыңызбен
байланыстыра отырып талдаңыз. Сонымен қатар әдеби көркемдегіш сөздерді табыңыз.
Қанды қолмын,
жасырман,
15
Құс ұшырман басымнан,
Қаны тамған қанжармын,
Қыз алдында бас ұрман!
Ұсынсаң, қолың жетпейтін
Қызыл нармын бір туған!
Ханға лайық басым бар,
Төрге сүйреп шығарам.
Ерге
лайық кеудем бар,
Өрге сүйреп шығарам! – үзіндіде Бекежан қандай қырынан көрінеді? Автор
қандай көркемдегіш құрал арқылы Бекежанның образын ашып тұр?
Бекежан, мен бір зармын көңілі жарым,
Жан қайда тыңдайтұғын қыздың зарын.
Өр көңіл елемей ме, ескермей ме
Әркімде өзі ойлаған арман барын?
Қайтесің, өкінерсің,
көңілің қалар,
Сөзіңе жан табылмас құлақ салар,
Жүрейік сый-құрметпен көңіл аулап,
Болмасын көңіл қалар, жұрт табалар... – қазақ қыздарының басындағы жағдай
қалай көрініс тапқан? Бұл үзіндіде Қыз Жібек қандай қырынан көрінеді? Жыр
жолдарының мағынасын өз ойыңызбен байланыстырып талдаңыз.
Жоқ, күшіммен бірге сөзім бар өзіңде...
Бір өзің айтарым да, тыңдарым да,
Қол жетпес құмарым да, шынарым да.
Жетпесе айтқан сөзім, амал қайсы,
Достарыңызбен бөлісу: