тармақ – өлеңнің әр жолы.
теңеу –
заттың құбылыстың қасиетін, сапасын ашу үшін екінші бір затпен,
құбылыспен салыстыра сипаттау.
терме – нақыл,
өсиет айтуға негізделген, өмірдің жеке құбылыстарына
байланысты қорытынды айтылатын өлең түрі.
Ұйқас – тармақтардың соңғы сөздерінің үндесіп келуі. Ұйқас түрлері:
қара өлең
ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас,
кезекті ұйқас, шалыс ұйқас,
егіз ұйқас, ерікті ұйқас.
шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіретін жүйе.
ырғақ – бунақтардан құралған, өлеңдегі
қимыл-әрекетті бір мөлшерде, бір
қалыпта суреттеу.
Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз.
Эпифора - өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе
сөз тіркесі жол аяғында
қайталану.
36
паЙдалаНылғаН ӘдеБИеттер
1. Қ. Алпысбаев. «Көркем әдебиетті талдау жолдары»
2. Т. Ақшолақов. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту»
3. Б. Майлин. «Шұғаның белгісі»,
шығармалар жинағы
4. М. Әуезов. «Абай жолы»
5. С. Тұрсынғалиева. «Қазақ әдебиеті»
6. Ғ. Мүсірепов. «Қыз Жібек» либреттосы