Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет2/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Көркем шығарманы талдау

алғы сөз
Пән бағдарламасы бойынша жасалған әдістемелік нұсқаулықта мұғалімдерге 
көркем шығарманы талдау жолдары ұсынылып отыр. Оқулық әдістеменің мақсаты 
– оқушыларды көркем шығарма мәніне терең бойлауға, талдау әдістерін меңгеруге
жете түсіне білуге және жан-жақты қабылдауға бағыт-бағдар беру. Әдебиет қашанда 
адамның эстетикалық танымын арттырады, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар 
арасындағы жарасымдылық пен әсемдікті түйсіне білуге жетелейді, талғампаздыққа 
тәрбиелейді.
Қазақ әдебиеті, өзге де қоғамдық пәндермен қатар, қоғамның дамуын нақты 
құралдар көмегімен анық, түсінікті формада жеткізеді және көрсетеді. Бай және әсерлі 
әдеби шығармалар ішінен көркем әдеби шығармаларды жүйелі түрде оқу оқушылардың 
рухани дамуына көмектеседі. Әдебиет әр түрлі уақыт аралығы мен елдердегі халықтар 
тәжірибесін көрсете отырып, мәдени ерекшеліктер туралы түсініктерді қалыптастырады. 
Әдебиетті оқу оқушылардың мемлекетіміздің қазіргі талаптарына сай дамуына, қоршаған 
әлемді түсінуге көмектесу арқылы өнерді қолдау, оның жан-жақтылығы туралы түсінік 
қалыптастыру және оны дамыту үшін ізденуге мүмкіндік береді. Әдебиет оқушылардың
қиялын, сын тұрғысынан ойлау, әлемдік және ұлттық құндылықтарды құрметтеп, 
қорғай білу қабілеттерін дамытады. Ендеше, өміртанудың ерекше құралдарының бірі 
– көркем әдебиетке деген жасөспірімдердің ынта-ықыласын мектеп қабырғасында ояту 
керек. Әдебиет теориясын меңгермей тұрып көркем шығарманы оқып үйрену мен оған 
тиісті баға беру мүмкін болмайды. Сондықтан оның алғашқы бастау көздерін мектеп 
қабырғасында игеріп, қалыптастыру қажет. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық 
әдебиет пәні бойынша көркем шығарманы талдап оқытуда мұғалімдерге үлкен көмегін 
тигізеді деген сенімдеміз.


5
КөрКем шығармаНы талдау жолдарыН қалыптаСтыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет