Пособие Көркем шығарманы талдау indd



Pdf көрінісі
бет15/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Көркем шығарманы талдау

Эссе жазудың жолдары
Шығарма мен эссенің айырмашылығы: шығарма – композиция, яғни бір нәрсені 
құрастыру, ол қиялға шолу, ойлану, қызықтыру. Эссе – белгілі бір маңызды нәрселерге 
жүйелі түрде пікір білдіру, ресми түрде жазылады, кіріспе бөлімінде тақырыпты қалай 
талқылайтыны айтылады. Мысалы: «Ғаламдық жылыну».
І. Кіріспе: сөйлемде өзіңіздің болжамыңыз айтылуы керек (гипотеза). 
Оқушылар алдын ала жоспар жасаса, өзінің не жазатынын тізім ретінде жазып 
алуы керек. «Мен эссемде былай жазайын деп едім» деген сөйлемдерден бастаған қате. 
Әдеби және ғылыми эссе үшінші жақтан жазылады. «Бұл эсседе ғаламдық жылынудың 
мәселелері қарастырылады» деген тәрізді құрылымда болады. Егер жеке пікірін білдіріп 
жазса, бірінші жақтан жазылады (оның өзінде «солай ойлауы мүмкін» деп жазылуы 
керек).
ІІ. Негізгі бөлімде ойлар бір-бірімен байланысты болуы қажет. Ойлардың барлығын 
ашып жазу керек. Әрбір негізгі бөлімде: 1. Белгілі бір көзқарасты білдіру. 2. Оған дәлел 
келтіру. 3. Дәлелге өзінің көзқарасының қандай екенін түсіндіру. 4. Негізгі проблемаға 
қандай қатысы бар екенін жазу, барлығымен байланыстыру.
Әдеби эсседе шығармадан алынған үзінді бір сөйлемнен артық алуға болмайды. 
Әдеби эссе мен ғылыми эссенің айырмашылығы: алынған мәліметтер, алынған ой
ғылыми эсседе міндетті түрде сілтеме арқылы көрсетілуі керек. Әдеби эсседе міндетті 
емес.
Эссені топпен жазу:
1. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін, 1-бала тақырып бойынша тақырыптық 
сөйлем жазады, 2-бала не талқылайтынын жазады, дәлел келтіреді. Соңғы оқушы 
барлығын байланыстырады. Дайын, құрылым жақсы эссені алып, қиып, баланың алдына 
тастауға болады, оқушы оны ретімен орналастыру арқылы эссенің құрылымын түсінеді.
2. Эссе жазуды үйрету:
Барлық оқушы сынып болып кіріспені тақтаға жазады. Содан кейін кіріспеде 
талқыланатын тақырыпша әрбір топқа бөлініп беріледі. Қорытындыны бірігіп жазады 
немесе сыныппен бірге жоспар құрады, жоспарды топтар бөліп алады. Жоспар бойынша 
жазып болғаннан кейін барлығын біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет