Пособие Көркем шығарманы талдау indd


 мына сөздерді кім айтты?



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Көркем шығарманы талдау

2. мына сөздерді кім айтты?
Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын.
3. «Әлін білмеген әлек” деген нақыл сөз қай мысалдағы кейіпкерге арналып 
айтылған?
4. «… қораздан біразырақ күй үйренсең,
Сайрар ең мұнан гөрі де артығырақ”
деп бұлбұлға ақыл айтқан кім?
шеберлігіңді шыңда!


30
5-тапсырма
Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет 
теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі 
— «Әдебиет танытқыш». Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл 
кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін 
негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін 
жасады.
«Әдебиет танытқыш» кітабы екі бөлімнен тұрады. 
осы екі бөлімде не жайлы айтылатынын зерттеп жазыңыз.
Бірінші 
бөлімде 
____________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
е
кінші бөлімде 
_____________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Білгенге маржан!
Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды жуас, момын көрінгенмен, іштей 
берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз 
шәкірттерінің біріне: «Мынау Ақаң жазған «Әдебиет танытқыш”, ә
дебиет
теориясы. 
Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. 
Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты 
тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. 
Мықты жерге тығып қой” деген екен. Жас, өр кеуде, тұяғына тас тимеген шәкірт өмірде 
талай теперіш көріп, таяқ жеген дана ұстаз тілін алды дейсіз бе. Ақаң кітабы, ондағы 
пікір-байлам, ой-тұжырым, жаңалық – табыс туралы айтып та, 
жазып
та жіберген. Жұрт 
білмей ме, көрмей ме, көрсетпей ме, білген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы тасқа 
тиген шәкіртіне ұстазы айтқан сөз: «Ескерттім ғой, болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! 
Мұндайда еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі”
Мұхтар Әуезов
былай депті:
Ахаң ашқан қазақ 
мектеб
і, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі 
елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ 
баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз 
ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты 
теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны 
бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық 
жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. 
Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта 
туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет 
Байтұ
рсын
ұлы өз халқымен қайта табысты.
... Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді 
таба алмаған. Сол уақытта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: “Балам, мен, міне, 
үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген 
болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып 
тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, 
жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы 
да айтатын тілегім - оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам 
болсын” деген екен. 


31
Есте сақтаңыз!
Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель “Поэтикасымен” 
салыстырар едік. Мұның мәнісі - екеуі де: бірі грек әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің 
алғашқы әліпбилері”. Асылы, үздік қасиеттер бір-бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-
біріне соғұрлым ұқсас болады”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет