Пособие Көркем шығарманы талдау indd


монолог – кейіпкердің іштей толғанысы, іштей тебіреніп, өзімен-өзі жеке  сөйлесуі. мінездеме



Pdf көрінісі
бет33/34
Дата20.02.2022
өлшемі1.36 Mb.
#455566
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Көркем шығарманы талдау

монологкейіпкердің іштей толғанысы, іштей тебіреніп, өзімен-өзі жеке 
сөйлесуі.
мінездеме – көркем әдебиетте кейіпкердің айналасына деген ниетін, көзқарасын, 
мінезін суреттеу.
өлең белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін поэзиялық 
жанр түрі.
пейзаж – баяндау барысында кейіпкер бейнесін терең ашу мақсатында 
қолданылған табиғат көріністерін суреттеу.
повесть – көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын, баяндау түрінде қара 
сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі.
полисемия – сөздің көпмағыналылығы.
портрет – кейіпкердің сырт тұлғасын суреттеу.
психологиялық параллелизм – кейіпкердің көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен 
байланыстыра бейнелеп, суреттеу тәсілі.
реализм – көркем шығармада болмысты объективті түрде бейнелеу.
риторикалық сұрау – ойды әсерлі жеткізу үшін өзінен-өзі айқын нәрсенні леппен, 
сұрау түрінде айту. Риторикалық сұрау жауапты қажет етпейді.
романтизм – көркем шығармада өмірді, болмысты не тым құлдыратып, не мүлде 
өсіріп,әсірелеп, қиял дүниесіне бой алдыратын көркем әдіс түрі.
Синекдоха – (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді 
қолдану немесе бір ұғымның орнына екінші ұғымның айтылуы.
Суреттеу – шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиға болған жермен, 
кейіпкерлермен, оған қатысты нәрселермен таныстыруда қолданылатын көркем әдеби 
әдіс.
Сюжет – көркем шығармадаға оқиғалардың рет-ретімен баяндалып, бір-бірімен 
байланысып, біртұтас желіс құруы. Сюжет жоқ жерде композиция жоқ. Шартты түрде 
әдеби шығармада: сюжеттің басталуы – экспозиция кіріспесі, сюжеттік байланыс 
адамдар арасындағы әрекет басы, тартыстың басталуы, негізгі оқиғаның туу 
себебі, сюжеттік даму, шиеленіс, шарықтау шегі – тартыстың өрістеп шыққан биігі, 
шешімі – жазушының өмір шындығына шығарған шешімі, үкімі, адамдар арасындағы 
қайшылықтың бітуі. Композицияның құрамына кіретін сюжеттен тыс нәрселер: пролог 
– көркем шығарманы қабылдауға дайындық, эпилог – көркем шығарманы қорыту.
тақырып – жазушы көтерген әлеуметтік мәселе. Жазушы көркем шығармада 
өмірде болып жатқан оқиғалар мен оған қатысы бар адамдар тағдырын суреттей отырып 
бір немесе бірнеше әлеуметтік мәселені көтереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет