Постановление Правления года Алматы қаласы № город Алматы Жоба Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



Дата01.07.2016
өлшемі21.59 Kb.
#171310
түріПостановление



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

____________________ года


Алматы қаласы



№ ____
город Алматы




Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының «Айырбастау пункттері

арқылы жүргізілетін операциялар бойынша

шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының

сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу

ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы

78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері



арқылы жүргізілетін операциялар бойынша

АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының

сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5795 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 150 (1573) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесінде:

3-тармақ алынып тасталсын;

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында:

шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері;

валютаның әрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.».

2. Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

1) АҚШ доллары үшін – 2 теңге,

2) еуро үшін – 3 теңге болып белгіленсін.

3. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.



Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет