Постановление Правления



бет5/19
Дата14.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#135845
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген заңды тұлғалар акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;»;

20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«20) ИПБ1 немесе ИПБ2-нің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлер мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, ИПБ1 немесе ИПБ2-ге қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);

21) ИПБ1 немесе ИПБ2-нің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі ИПБ1 немесе ИПБ2-нің негізгі қаражаты танылады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Қағидаларының 15-тармағында көрсетілген өтімді активтердің есебіне:

ИПБ1 немесе ИПБ2 меншік құқығы шектелген активтер (кейіннен кері сатып алу және кепілге беру міндеттемесі шартымен ИПБ1 немесе ИПБ2-нің бағалы қағаздарын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ауыртпалығы бар бағалы қағаздарды сату);

параметрлері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне кіретін акцияларды қоспағанда, ИПБ1 немесе ИПБ2-ге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар (қор биржасының өкілдік тізімі).»;

17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ЕЖЗҚ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, ИПБ1 немесе ИПБ2 Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдыңғы жұмыс күнінiң соңындағы, сондай-ақ ағымдағы жұмыс күнінің тікелей алдыңғы әрбір демалыс күннің соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциялық нормативтiң есебiн жүргiзедi.

18. Қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағыштардағы пруденциялық нормативтiң есебiне және пруденциялық нормативті есептеуге арналған қосымша мәліметтерге (бұдан әрі – қосымша мәліметтер) брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-ның, ИПБ1 немесе ИПБ2-нің бiрiншi басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтері қол қояды және брокерде және (немесе) дилерде, ЕЖЗҚ-да, ИПБ1 немесе ИПБ2-де сақталады.

Уәкілетті органның талабы бойынша брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағышта белгілі бір күнгі жағдай бойынша есептілікті ұсынады.

19. Пруденциялық нормативтің есебін және қосымша мәлiметтерді уәкілетті органға брокер және (немесе) дилер Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес, ЕЖЗҚ Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, ИПБ немесе ИПБ2 Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес есепті айдың соңғы күнтізбелік күні үшін есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.»;

25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Электрондық форматта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-ның, ИПБ1 немесе ИПБ2-нің бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) және брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-ның, ИПБ1 немесе ИПБ2-нің бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

26. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептері көрсетілген жазбаша түсініктемені ұсынады.

27. Пруденциялық нормативті бұзған жағдайда, брокер және (немесе) дилер, ЕЖЗҚ, ИПБ1 немесе ИПБ2 бұзушылық болған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде уәкілетті органға пруденциялық нормативтің бұзылуын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен қоса бере отырып, бұзылу фактісі мен себептері туралы хабарлайды.»;

1, 2, 3-қосымшалар тиісінше Тізбеге 18, 19, 20-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқарушының) есептер мен өзге (қосымша) ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9731 тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 14 қазанда «Заң газеті» газетінде № 154 (2548) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-қосымшаның «Банк активтерінiң жағдайы туралы есеп» әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Реттік нөмірі 4-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші деңгейдегі банк акцияларының санаты көрсетіледі.»;

13-қосымшаның Әкімшілік деректер жинауға арналған «Қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсіндірмесінде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Реттік нөмірі 22-бағанда № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздың санаты көрсетіледі.».

Қор биржасы бағалы қағаздарының

ресми тізімі мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасының

өзгерістер енгізілетін нормативтік

құқықтық актілерінің тізбесіне

1-қосымша

Мемлекеттiк емес облигациялардың

шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

және облигацияларды орналастыру

және өтеу, облигациялар шығарылымының

күшін жою қорытындылары туралы

есептi қарау ережесiне

1-қосымша


Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның)

проспектiсi


Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнiнде эмитенттiң қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы ақпарат бар.

1. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бiрiншi бетiнiң парағында:

1) құжаттың атауы: «Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi»;

2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;

3) акциялар шығарылымының проспектісі жасалған және қаржылық көрсеткіштер берілген күні;

4) орналастырылатын облигациялардың түрi және саны бар. Облигациялық бағдарламаны тiркеу кезiнде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемiн көрсету керек;

5) «Уәкiлеттi органның облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу шығарылым проспектiсiнде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi білдiрмейдi. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайы болуына жауап бермейдi. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайы болуына жауап бередi және ондағы барлық ақпараттың шынайы болуын және эмитент пен оның облигацияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба.

Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады:


1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер
2. Эмитенттiң атауы.

Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқаша атауын көрсету керек.

Егер эмитент жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тiлiнде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.

Эмитент атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.

Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлеріне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.

3. Эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.

Осы тармақта эмитенттi мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы және эмитенттің алғашқы тіркелген күні көрсетілуі қажет.

4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

5. Эмитенттiң орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының мекенжайы туралы ақпарат.

6. Эмитенттiң банктiк деректемелерi.

7. Эмитент қызметiнiң түрлерi.

8. Егер эмитент қаржы агенттігі болып табылса, мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) эмитент соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға уәкілетті болатын құжат;

2) қаржы агенттігі мәртебесін иелену күні (бар болса).

9. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттiктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттiктер тағайындаған рейтингтердiң болуы туралы мәлiметтер.

10. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайы.

11. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есептілігіне аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдарының (аудитордың аты-жөнi, бар болса - әкесінің аты), олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.

Проспектіні уәкілетті органға ұсыну алдындағы үш жыл ішінде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарапты көрсете отырып шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуға тиiс.

12. Эмитенттiң корпоративтi басқару кодексiн қабылдаған күнi (оның қабылдануы қоғамның жарғысында қаралған жағдайда).
2. Эмитенттiң органдары
13. Эмитенттiң органдарының құрылымы.

Осы тармақта эмитенттiң органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.

14. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi.

Осы тармақта:

1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, туған жылы және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;

2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;

3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбiр мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;

4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбiр мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;

5) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.

15. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).

Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін, эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) әр мүшесінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты және туған жылы және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілуге тиіс.

16. Ішкі аудит қызметі (бар болса).

 Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, бар болса – әкесінің атын және оның қызметіне кірісу күнін көрсету қажет.

17. Эмитенттiң атқарушы органы.

Осы тармақта:

1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы;

2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен, олардың қызметтеріне кірісу күні және өкілеттері;

3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетiледi.

18. Егер эмитенттiң атқарушы органының өкiлеттiгi басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берiлсе, онда осы тармақта:

1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;

2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнiн және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесiнiң (қадағалау кеңесiнiң) мүшелерiнiң аты-жөнiн және туған жылдарын;

3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екi жылда атқарған, оның iшiнде өкілеттiктерiн көрсете отырып қоса атқарған, қызметтерiн хронологиялық тәртiппен;

4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншiлес және басқарушы ұйымының, оның iшiнде акционерлiк қоғамның төленген жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуын көрсету керек.

Осы тармақты акционерлiк қоғамдар толтырмайды.

19. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.

Осы тармақта осы Қосымшаның 14, 15 және 17-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.

20. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.

Осы тармақта:

1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;

2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;

3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және үлестес

тұлғалары


21. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).

Осы тармақта:

1) эмитент (егер эмитент акционерi (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса осы заңды тұлғаның iрi не осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары көрсетiледi) акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және эмитент үлестерiнiң (орналастырылған және дауыс берушi акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлерлері (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) туралы ақпарат;

2) эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйымдары арқылы эмитенттiң қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктiң орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иеленген, банктiң орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшiмен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал етуге мүмкiндiгi бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.

22. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бiрiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.

23. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

24. Эмитенттiң басқа үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер.

Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бiрiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып осы Ереженiң 14, 15, 17, 21 және 22-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң үлестес тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.

25. Эмитенттiң үлестес тұлғаларының қатысуымен жасалған операциялар.

Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның мекен-жайы және/немесе аты-жөнi, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдаған қорытындысының күндерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты үлестес болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық операциялар туралы ақпарат ашылады.

26. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде үлестестігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының үлестестігі туралы ақпарат ашылады.


4. Эмитент қызметiнiң сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына кірген жағдайда, осы тарау барлық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде, сондай-ақ эмитенттің өзінің қаржылық есептілік негізінде де толтырылады)
27. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.

Осы тармақта:

1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

2) эмитент қызметiнiң Қазақстан Республикасының iшiндегi салалық орташа және егер бұл мүмкiн болса, әлемдiк орташа көрсеткiштермен салыстырмалы сипаттамасы;

3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжамы және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.

28. Эмитентпен жасасқан, оның салдарынан эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн келiсiмшарттар, келiсiмдер туралы мәлiметтер.

29. Эмитент қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы, құжаттың нөмiрi және күнiн, қолданылу мерзiмiн және осы құжатты берген орган көрсетiлген мәлiметтер.

30. Соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмнiң (орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) нақты немесе сандық өлшем бiрлiктерiмен көрсетiлген көлемi.

Эмитенттiң соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмiнiң (көрсетiлген жұмыстың, қызметтiң) көлемiндегi өзгерiстерге талдау жасау.

31. Эмитенттiң негiзгi қызметiнiң түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.

32. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетудi) сатуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметi.

Осы тармақта эмитенттiң негiзгi жеткiзушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтер көрсетiледi, эмитенттiң жұмыс iстеп тұрған жеткiзушiлерге және тұтынушыларға тәуелдi болу дәрежесi, оның iшiнде:

1) эмитенттiң барлық жеткiзiлiмiнiң он және одан астам пайызы тиесiлi болатын жеткiзушiлерiнiң атауы және орналасқан жерi, олардың үлестерi пайызбен көрсетiледi. Осы дерек көздерiне болашақта рұқсат беруге қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;

 2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатудан түскен жалпы түсiмнiң он және одан астам пайызынан астамы тиесiлi болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жерi, олардың сатудың жалпы көлемiндегi үлестерi пайызбен көрсетiледi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатуға әсер етуi мүмкiн терiс факторлар ашылады.

33. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:

1) эмитент қызметiнiң маусымдылығы, эмитент қызметiнiң маусымдық сипаттағы түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсiндегi үлесi;

2) импорттың эмитентке жеткiзiлген (көрсетiлген) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызметтегi) үлесi және эмитенттiң экспортқа сатқан өнiмiнiң (жұмыстарының, қызметiнiң) сатылған өнiмнiң жалпы көлемiндегi үлесi;

3) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуға тиiс (жасалған) немесе орындалуға тиiс (орындалған) мәмiле (мәмілелер) туралы мәлiметтер, егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асатын болса;

4) болашақтағы мiндеттемелер. Эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс әсері, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша эмитенттiң кепiлдiк беруi туралы ашылады;

5) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру;

6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және/немесе сот соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсету;

7) тәуекел факторлары. Облигация ұстаушылары ұшырайтын тәуекел факторларына нақты талдауды ұсыну;

8) эмитенттiң қызметi туралы, эмитент өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын нарықтар туралы басқа ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй


34. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.

35. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.

36. Инвестициялар.

Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуға тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.

37. Дебиторлық берешек.

Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан астам пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.

38. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.

39. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.

40. Қарыздар.

Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк заемдар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпараттың мәні ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуге тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.

41. Эмитенттiң негiзгi қызметтi жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).

Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан астам пайыз мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бiрiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.

42. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде) алған (шеккен) кірістің (шығынның) мөлшері.

43. Левередж.

Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі. Егер эмитенттің облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары жөніндегі қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болып табылған жағдайда соңғыдан бұрынғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша левередж көлемі көрсетіледі.

44. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының бір жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.


6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер
45. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты:

1) әрбiр шығарылым облигацияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, әрбiр шығарылым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi, негiзгi борыш сомасы, әрбiр шығарылым бойынша сыйақының аударылған және төленген сомасы, сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;

2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi. Соңғы күнге сатып алынатын бағасы көрсетiлген, өтелген, айналыста болатын акциялардың саны. Акцияны сатып алу әдiстемесi бекiтiлген күн. Акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;

3) орындалмаған міндеттемелердiң мөлшерi және осы сияқтылардың орындау мерзiмi, бағалы қағаздар бойынша (шығарылымдары және түрлерi бойынша жеке) есептелген, бiрақ төленбеген сыйақылар сомасы туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттiң өзiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң фактілерi туралы мәлiметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеудi кешiктiру), акциялар бойынша дивидендтердi төлемеу (төлеудi кешiктiру);

4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттiк органды, оларды қабылдау негiздерi және күнi;

5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, сатып алған күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеу кезінде төленген сомалар;

6) соңғы екi қаржы жылының әрбiр жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңiндегi бiр акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтердiң есептелген сомасы және төленген дивидендтердiң сомасы көрсетілген дивидендтiң мөлшерi;

7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтары;

8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылардың осы құқықтарды іске асыру тәртібін көрсете отырып, ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар көрсетіледі.
7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер (бұл бөлiм облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде толтырылмайды)
46. Облигациялар туралы мәліметтер:

1) облигациялардың түрі (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясы шығаратын), қамтамасыз етудің болуы (толық немесе ішінара қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйақы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;

2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);

3) бір облигацияның номиналдық құны;

4) облигацияларды орналастырудың басталған күні және айналысының басталған күні;

5) мыналарды көрсете отырып, облигациялар бойынша сыйақы:

облигациялар бойынша сыйақы ставкасы;

сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн және сыйақы төленген күн, оны төлеу тәртібі және талаптары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);

сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.

Егер сыйақы ставкасы белгіленбеген болса, оның мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;

 6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:

облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;

облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарықты;

облигацияларды өтеу күні;

облигациялар өтелетін орын (орындар);

облигацияларды өтеу тәсілі;

орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;

7) облигацияларды төлеу талаптары мен тәртібі:

облигацияларды (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда) төлеудің талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі;

8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:

толық немесе ішінара қамтамасыз ету, кепіл мәні, оның құны және кепіл мәнін өндіріп алуға өтініш жасау тәртібі;

облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;

9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:

тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;

талап ету құқықтарының біртектілік критерийлері;

секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әртүрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;

10) облигация ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты);

11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;

12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:

тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;

13) төлем агенті туралы мәліметтер:

оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;

14) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):

эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;

15) ақысы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны қосымша көрсетіледі;

16) облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйыммен шарт жасау міндеті Заңның талаптарында көзделсе);

17) мыналар:

эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;

эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;

егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес өзге де мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілдерін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың ауысуын іске асыру тәртібінің сипаттамасы қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары;

18) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;

19) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.

Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетіледі.

Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қоса алғанда, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты жария етуді эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.

Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;

20) опциондар туралы ақпарат:

егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақшада опцион жасау талаптары көрсетіледі;

 21) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары.

Қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын эмитенттің қабылдау немесе қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.

47. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

48. Айырбасталатын облигациялар:

айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтары, сондай-ақ осындай айырбастау тәртiбi мен шарттары көрсетiледi (егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталу күнінен соң бір ай ішінде облигациялар шығарылымының күші жойылады, егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталмаса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигациялары бұдан әрі орналастырылмайды, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні жөнінде көрсету қажет).

49. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:

1) облигацияларды, оның ішінде ұйымдастырылмаған нарықта орналастырудың басталу және аяқталу күні;

2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетiледi;

3) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:

облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері, тиiстi шарттардың күнi және нөмiрi көрсетiледi;

50. Эмитент қабылдайтын және Заңда көзделмеген (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе) шектеулер (ковенанттар).

Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигация ұстаушыларының әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.

51. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.

Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаларды қолдану мақсаттары және тәртібі көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.

Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде:

бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;

секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеретін талаптар көрсетіледі.

Эмитенттiң облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.

Инфрақұрылымдық облигациялары шығарылған кезде:

облигация ұстаушылары өкіліне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес қызметіне ақы төлеуге байланысты шығыстар;

эмитенттің облигация ұстаушыларының алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.


8. Қосымша ақпарат
52. Эмитентттің облигациялар шығарылымына кеткен шығындарының сомасы және осы шығындардың қандай тәсiлмен төленетiндігі туралы мәлiметтер.

53. Инвесторлар эмитенттің қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдарында эмитент жарғысының көшiрмесiмен, облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеппен таныса алатын орындар туралы ақпарат.

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнын ауыстыратын адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбiр данасы эмитенттiң соңғы екi қаржы жылының аудиторлық есептермен (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен бекітілген жекелеген қаржылық есептілік ұсынылады) және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсете отырып облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеппен расталған жылдық қаржылық есептерiмен (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен бекітілген жекелеген қаржылық есептілік ұсынылады) бiрге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін соңғыдан бұрынғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік ұсынылады.

Қор биржасы бағалы қағаздарының

ресми тізімі мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасының

өзгерістер енгізілетін нормативтік

құқықтық актілерінің тізбесіне

2-қосымша
Мемлекеттiк емес облигациялардың

шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

және облигацияларды орналастыру

және өтеу, облигациялар шығарылымының

күшін жою қорытындылары туралы

есептi қарау ережесiне

5-қосымша

_______ бастап _________ дейінгі кезеңде облигацияларды

орналастыру қорытындылары туралы

ЕСЕП
1. Эмитенттің атауы.

2. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.

Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.

3. Эмитенттің орналасқан жері.

4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi.

5. Облигациялар туралы мәлiметтер:

шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрi, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшерi, облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны.

6. Меншік иелерiнiң санаттары бойынша облигацияларды иеленушiлердiң саны туралы мәліметтер:

резиденттер және резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;

жоғарыда көрсетілген әр санаттағы тұлғалардың иеленушiлерiне жататын облигациялар санын көрсете отырып зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар.

7. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:

1) орналастыру кезеңiнiң басталу күнін және аяқталу күнiн, орналастырылған облигациялар санын және әрбiр алдыңғы есептi облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептердi) бекіту күні;

2) есепті кезеңде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы, оның ішінде облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелу күнін және нөмiрiн, осы облигациялар түрін, санын көрсете отырып, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын есепті кезеңде орналастырылған облигациялар туралы ақпарат. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;

3) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнге облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттықтағы күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы) оның ішінде шет мемлекеттің аумағында облигацияларды орналастыруға уәкілетті органнан рұқсат алу күнін көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың саны;

4) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың жалпы саны;

5) есептi кезең аяқталған күнге сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешiм қабылданған күн, сондай-ақ проспектіде және (немесе) Заңмен көзделген ковенантты бұзған кезде сатып алған себебін көрсете отырып, эмитент оларды сатып алған кезде шеккен шығындар сомасы;

6) эмитент бұрын сатып алған және есепті кезеңде қайта сатылған облигациялардың саны;

7) осы үлестес тұлғалардың деректерін көрсете отырып, үлестес тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны.

8. Облигацияларды шығару андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпарат көрсетіледі:

бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсетуге шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;

андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, орналастырудың жалпы көлемiнiң пайыздық көрсетiлiмде, әрбір орналастырылған облигациялардың дисконты және комиссиясы көлемінде өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;

андеррайтерлердi тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы көрсетіледі.

9. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:

1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылым проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;

4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;

5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;

6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы;

7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.

10. Тiркеушi туралы мәлiметтер.

Тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi, шарттың күні және нөмiрi.

11. Бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн.

12. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.

13. Облигациялардың орналастыруы (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді) аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастыруға байланысты бар проблемалар.

14. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәлiметтер:

1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңдiлiгi және мерзiмдерi;

2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшерi және мөлшерiн белгiлеу тәртiбi. Есептi кезең iшiнде осы шығарылымның облигациялар бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;

3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезiндегi есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);

4) кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы. Облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеу жағдайлары болса, себептерін және эмитенттiң қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.

Есепке эмитенттің бiрiншi басшысы, бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күнге тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің көшiрмесiмен бірге тiгiледi, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылады және бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен куәландырылады.

 Осы қосымшаның 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшалары есепті кезеңде облигациялар орналастырылмаған жағдайда толтырылмайды.

Қор биржасы бағалы қағаздарының

ресми тізімі мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасының

өзгерістер енгізілетін нормативтік

құқықтық актілерінің тізбесіне

3-қосымша
Мемлекеттiк емес облигациялардың

шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

және облигацияларды орналастыру

және өтеу, облигациялар шығарылымының

күшін жою қорытындылары туралы

есептi қарау ережесiне

9-қосымша
Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

 

Алматы қаласы 20 __ жылғы «___» _____




№ _____



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет