Постановление Правления



бет3/19
Дата14.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#135845
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 189 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;»;

10) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 189 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздары;».

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық қоры активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және пайлық инвестициялық қорлардың құрамына кіретін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 7540 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

2-қосымша Тізбенің 12-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 7560 тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінде № 415-421 (27495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, депозитарлық қолхаттардың немесе Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активі болып табылатын өзге бағалы қағаздардың шығарылымы туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды орналастыру туралы есепті ұсыну қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы Заңның 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды, сондай-ақ Қағидаларды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті рұқсаты болған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.»;

2-тармақтың бірінші бөлігінің бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«облигацияларының шығарылымын уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы осы облигациялар қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «өзге де борыштық бағалы қағаздар» және «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санаттары бойынша «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген жағдайда осы облигацияларын шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады;

облигацияларының шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы осы облигацияларды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «өзге де борыштық бағалы қағаздар» және «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санаттары бойынша «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуге келісім алған жағдайда осы облигацияларын шет мемлекеттің аумағында орналастыруды жүзеге асырады.»;

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер акциялар қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тiзiмiнiң «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілмесе, Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымы акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен және базалық активі осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын акцияларды, сондай-ақ туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруды қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші санатына осы акцияларды енгізген жағдайда жүзеге асыра алады.».

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасында:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті-ұйымдары таныған заңды тұлғалар акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген;»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының № 189 қаулыда көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген;»;

1-1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының қор биржасының № 189 қаулыда көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының екінші санатына енгізілген, банктің және банк холдингінің еншілес ұйымы маркет-мейкер функцияларын жүзеге асыратын акциялары.».

11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7550 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген.»;

3-қосымша Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8794 тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада «Заң газеті» газетінде № 167 (2368) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесі, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерінде:

5-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;»;



11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«11) рейтингтік бағасы осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санатының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

12) осы тармақтың 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

13) осы тармақтың 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілігін ХҚЕС-ке немесе АҚШ ҚЕС-ке сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауға тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының бірінде таза пайдасының болуы;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;»;

1-қосымша Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада «Заң газеті» газетінде № 180 (2381) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

2-қосымша Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

14. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 7 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9410 тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 18 маусымда «Заң газеті» газетінде № 88 (2482) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларында:

5-тармақта:

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 189 қаулыда белгіленген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалар акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары;»;

9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, рейтингтік бағасы осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген деңгейден төмен, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде);



10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде):

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген заңды тұлғалар акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;»;

қосымша Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 18 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 56 (2450) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

45-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады;»;

75-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санатына енгізілген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет