Постановление Правления



бет2/19
Дата14.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#135845
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттармен;

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген акцияларымен;

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттармен;



«Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарымен.»;

1, 5 және 9-қосымшалар тиісінше Қазақстан Республикасының қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциялық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықта:

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингіне немесе Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәніне байланысты қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер сомасына ұлғайтылады.

Қайта сақтандырушының рейтингтік бағасы немесе төлем қабілеттілігінің нақты маржасының жеткіліктілік нормативі төмендеген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шарты жасалған күнгі рейтингтік бағалау мәнін немесе төлем қабілеттілігінің нақты маржасының жеткіліктілік нормативін қайта сақтандыру шартын қолдану мерзімі, бірақ 12 (он екі) айдан аспайтын мерзім ішінде пайдаланады.»;

36-тармақтың бірінші бөлігінің 6), 7), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«6) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары;

7) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары:

Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) көзделген «акциялар» секторының талаптарына сәйкес келетін акциялар және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша «kzB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;

осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген деңгейден төмен емес, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздарды» санаты бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

       8) осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) (бұдан әрі – ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында (General Accepted Accounting Principles – GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) қолданылатын қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кем дегенде аяқталған екі қаржы жылы үшін ұсынылуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біреуіндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрауы тиіс;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын сату көлемі негізгі қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған, қаржылық есептіліктің деректері бойынша соңғы екі жылдың әрбір жылы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрауы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған кезінде осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иесінің оларды иеліктен шығару (беру) құқығына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар болмауы тиіс;

9) осы тармақтың 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарында, сондай-ақ 8) тармақшасында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

борыштық бағалы қағаздардың эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кем дегенде екі жыл бұрын жүзеге асырылуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздардың эмитенті қаржылық есептілікті ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін кем дегенде аяқталған екі қаржы жылы үшін ұсынуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес балама соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының біреуінің таза пайдасының болуы тиіс;

лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, қаржылық емес ұйым - эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын сату көлемі негізгі қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің деректері бойынша соңғы қаржы жылы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрауы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқығына нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар болмауы тиіс;»;

41-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41-1. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының бағалы қағаздарына қолданылмайды.»;

45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға пруденциялық нормативтердің есебін мынадай кезеңділікпен ұсынады:

1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кешіктірмей – осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 9-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциялық нормативтердің есебін;

2) он күн сайын – осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі есебін:

айдың алғашқы күнгі жағдай бойынша айдың есепті он күндігінен кейінгі он күндіктің алтыншы күніне;

айдың оныншы, жиырмасыншы күнгі жағдай бойынша айдың есепті онкүндігінен кейінгі онкүндіктің екінші жұмыс күні ұсынылады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің есебі:

1) осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша қағаз тасымалдауышпен;

2) осы Нұсқаулықтың 5 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша электрондық форматта;

3) осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасында көрсетілген нысандар бойынша қағаз тасымалдауышпен және электрондық форматта ұсынылады.

Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдауыштағы пруденциялық нормативтердің есебіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есептілігінің электрондық форматта ұсынылатын деректерінің қағаз тасымалдауыштағы деректермен сәйкес келуін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

Сақтандыру тобының бас ұйымы сақтандыру тобының қаржы ұйымдары болып табылмайтын қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінші күні осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – № 358 нұсқаулық) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің есебін ұсынады.

Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің есебіне Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушыларының тиісті мемлекеттің олардың орналасқан елдері қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нормативтік мәндер, пруденциялық нормативтер есебінің әдістемесі туралы мәліметтер қоса беріледі.

Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігінің жеткіліктілік нормативінің және маржасының есебі электрондық форматта қағаз және тасымалдауышпен ұсынылады.

Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдауыштағы сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің есебіне сақтандыру тобының бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды, мөрмен куәландырылады және сақтандыру тобының бас ұйымында сақталады.

Сақтандыру тобы есептілігінің электрондық форматта ұсынылатын деректерінің қағаз тасымалдауыштағы деректермен сәйкес келуін сақтандыру тобының бас ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің өткен жылғы төртінші тоқсандағы есебі уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

Егер есептілікті беру мерзімі демалыс (мереке) күніне сәйкес келетін болса, содан кейінгі жұмыс күні есептілікті беру күні деп саналады.»;

49-тармақ алынып тасталсын;

1, 2, 3 және 4-қосымшалар тиісінше Тізбенің 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;

5-қосымшаның «Пруденциялық нормативтердің есебіне арналған қосымша мәліметте» кестесінде:

рет саны 8012-жол мынадай редакцияда жазылсын:



«

8012

Резервтік капитал, Көзделмеген тәуекелдер резерві және тұрақтандыру резерві




»;

рет саны 8092-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8092-1

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар




»;

рет саны 8094 және 8095-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

8094

№ 189 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар










8095

Заңды тұлғалардың осы қосымшаның 8094 белгісінде көрсетілген акцияларға жатпайтын, «В-» төмен емес рейтингі бар акциялары




»;


рет саны 8098-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

8098

Осы қосымшаның көзделген 8096 және 8097 белгілерінде көрсетілген деңгейден төмен рейтингі бар, сондай-ақ рейтингі жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар







рет саны 8099-жол алынып тасталсын;

рет саны 8108-жол мынадай редакцияда жазылсын:



«

8108

Осы Нұсқаулықтың 33-1тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен және Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі



»;


6-қосымша Тізбенің 8-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

9-қосымша Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықта:

4-қосымша Тізбенің 10-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Ереженің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес К1 коэффициенті мәнінің есебін, 4-қосымшасына сәйкес К2 коэффициенті мәнінің есебін, сондай-ақ осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей, осы Ереженің қосымшаларының мынадай нысандары бойынша:

1) қағаз тасымалдауышта – осы Ереженің 5-қосымшасының;

2) электрондық тасымалдауышта – осы Ереженің 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларының нысандары бойынша ұсынады.

Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Оларды жасауда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан астам сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін төрт белгімен беріледі.»;

1-қосымша Тізбенің 11-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6551 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есептілікті беру ережесінде:

16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Есептің реттік нөмірі 4-бағанасында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) ресми тізімінің «акциялар» секторындағы екінші деңгейдегі банктің акцияларының санаты көрсетіледі.»;

17-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Есептің реттік нөмірі 22-бағанында № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздың санаты көрсетіледі.».

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 7475 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:


  1. және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысында (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет