Постановление Правления



бет4/19
Дата14.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#135845
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 16 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 54 (2448) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

41-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады.».

17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 10 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 51 (2445) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:

1-қосымша Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті белгілеу, Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9736 тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде № 148 (2542) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидаларында:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативті есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі – ЕЖЗҚ), ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ1), 2014 жылғы 1 шілдеден бастап ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару қызметін клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқаратын инвестициялық портфельді басқарушыларды (бұдан әрі – ИПБ2) қоса алғанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – брокер және (немесе) дилер) сақтауға міндетті «Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті» пруденциялық нормативін (бұдан әрі – пруденциялық норматив) есептеу тәртібін белгілейді.

Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, Ұлттық почта операторына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған активтерді инвестициялық басқару шартына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарушыларға қолданылмайды.

Брокердің және (немесе) дилердің, ЕЖЗҚ-нің, ИПБ1-дің, ИПБ2-нің үлестес тұлғалары бөлігінде Қағидаларда көзделген нормалар заңды тұлғаларға және олардың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша – жанама) иеленуі нәтижесінде брокермен және (немесе) дилермен, ЕЖЗҚ-мен, ИПБ1-мен, ИПБ2-мен үлестес болып табылатын үлестес тұлғаларына қолданылмайды.»;

4-тармақта:

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 189 қаулыда белгіленген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалар акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары;»;

9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, брокерге және (немесе) дилерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізілген, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен бастап «В-»-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВ+»-тен бастап «kzВ-»-қа дейінгі рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есептегенде);

10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, рейтингтік бағасы 9) тармақшада көрсетілген деңгейден төмен, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санатының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде);



11) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, осы тармақтың 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде):

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;»;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) ықтимал шығындар резервтерін шегергенде, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген ұйымдар акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;»;

8-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;»;

11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Қазақстан Республикасы ұйымдарының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, эмитенті № 189 қаулыда көзделген «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санатының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;



12) осы тармақтың 10), 11) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі – ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі – АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған уақытта осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;

13) осы тармақтың 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мынадай талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілігін ХҚЕС-ке немесе АҚШ ҚЕС-ке сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін соңғы аяқталған қаржы жылы үшін берді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауға тиіс;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес аяқталған үш қаржы жылының бірінде таза пайдасының болуы;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы қаржы жылындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз қырық мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар жоқ;»;

3-тараудың атауы мен 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ИПБ1 немесе ИПБ2 үшін пруденциялық нормативті есептеу тәртібі

13. ИПБ1 немесе ИПБ2 меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К = (ӨА - М) /МКТМ, мұндағы

ӨА – Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген ИПБ1 немесе ИПБ2-нің өтімді активтері;

М – баланс бойынша міндеттеме;

МКТМ – меншікті капитал жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын, Қағидалардың 14-тармағына сәйкес есептелген ИПБ1 немесе ИПБ2-нің меншікті капиталының ең төмен мөлшері.

14. Егер:

ИПБ1 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңгеге тең болады;

ИПБ1 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден артық болса, онда МКТМ 259 200 000 (екі жүз елу тоғыз миллион екі жүз мың) теңге + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге)* 0,0001-ге тең болады,

мұндағы БҚА – басқаруға қабылданған активтер;

ИПБ2 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аз болса, онда МКТМ 207 360 000 (екі жүз жеті миллион үш жүз алпыс мың) теңгеге тең болады;

ИПБ2 басқаруға қабылдаған активтердің құны 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден артық болса, онда МКТМ 207 360 000 (екі жүз жеті миллион үш жүз алпыс мың) теңге + (БҚА – 40 000 000 000 (қырық миллиард) теңге)* 0,0001-ге тең болады,

мұндағы БҚА – басқаруға қабылданған активтер.

МКТМ ең жоғары мәні 1 600 000 000 (бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден аспайды.»;

15-тармақта:

бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Қағидалардың 3-қосымшасында көзделген мөлшерде ИПБ1 немесе ИПБ2-нің өтімді активтері ретінде мынадай меншікті активтер танылады:

1) ақша, оның ішінде:

ИПБ1 немесе ИПБ2-нің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшердегі кассадағы ақша;

осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

орталық депозитарийдегі шоттардағы меншікті ақша;

клирингтік ұйымдардың шоттарындағы ИПБ1 немесе ИПБ2-нің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» санатынан төмен емес ұзақмерзімді және (немесе) қысқамерзімді, жеке рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес-банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банк қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының резидент емес-ұйымдарындағы шоттардағы ақша;»;

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9871 тіркелген «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысына (бұдан әрі – № 189 қаулы) сәйкес қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген эмитент-банктер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитент-банктер болып табылады;»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, № 189 қаулыда белгіленген «акциялар» секторының бірінші санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалар акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалар акциялары;»;

9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«9) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, рейтингтік бағасы 9) тармақшада көрсетілген деңгейден төмен, сондай-ақ рейтингтік бағасы жоқ, № 189 қаулыға сәйкес қор биржасының «квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары» санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде);



10) ықтимал шығындар резервтерiн шегергенде, осы тармақтың 8), 9) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, мынадай талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын есептегенде):

борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жыл бұрын жүзеге асырылды;

борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) сәйкес жасайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасы танитын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне кіретін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін берілді;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

борыштық бағалы қағаздар эмитентінің соңғы екі жылдың біріндегі таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;

лизинг ұйымын және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет