Құмырсқа: Одан көп жей берсем, жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш
қалмай ма? Қанағат керек қой!
Автор: Құмырсқаның ақылына, қанағатына, көрегендігіне сүйсінген
данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа бір дəн салады да,
құмырсқаны соған қоса қамайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы жерге
орналастырады.
Данышпан адам: Бір жылдан кейін келемін. Дəнің бар жейтін, қамсыз
жата бер.
Автор: Осылайша құмырсқаның азықты қалай үнемдейтінін білгісі
келеді. Бір жыл өткен соң, данышпан əлгі құмырсқаға қайта оралады. Өзі
қойып кеткен жерден қорапты тауып алады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек
болып, қорапты ашады. Қараса, құмырсқа тірі екен. Қасына қалдырған
жалғыз дəннің жартысын ғана жепті.
Данышпан адам: Ей, құмырсқа! Сен жылына бір дəн жеймін деп едің
ғой. Мына дəнді неге түгел жемей, жартысын қалдырғансың? Не себептен
сонша үнемдедің?
Құмырсқа: Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дəн жеймін, ол рас. Ал,
сен болсаң мені қорапқа салып қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер
сен мені бұл қамаудан босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда
жататын едім. Бір дəнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап,
қанағат еттім.
Автор: Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік
қанағатына қайран қалыпты. Оны қамап кеткенінің қиянат болғанын, азапқа
салғанын енді түсінді.
Данышпан адам: Менің істегенім дұрыс болмапты, кешір!
Автор: Данышпан құмырсқаны қамаудан босатып жіберген екен.
Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін адам баласына үйретіпті.
Задания:
1. Прослушивание сказок в исполнении мастера художественного
чтения;
2. Осознание поведения подготовленных сказочных героев;
3. Работа с подготовленным пальчиковым театром;
4. Навыки систематической работы с ритмом голоса.
ПРИМЕЧАНИЕ: Пальчиковый театр должен быть светлым,
соответствовать эстетическим требованиям.
118
Достарыңызбен бөлісу: |