115
Түлкі: Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай қылып жейін.
(Қазды тістеп, өзі шоңқиып отырып, алдыңғы екі аяғын кеудесіне
қойып, көзін жұмып былай дейді).
Түлкі: Ə, құдай...
(Қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап ұшып кете беріпті.)
Автор: Түлкі осылай ə, құдай... – деген күйінде
аузын аңқита ашып
қала беріпті.
АЛТЫН МҮЙІЗДІ КИІК
Автор: Ертеде Бұлдырмерген деген атақты аңшы болыпты. Өзі мерген,
қарулы, ақылды, ер жүрек адам екен. Бір күні ол аңға шығады. Орманды,
тауды аралайды. Шаршаған соң бір ағаштың көлеңкесіне келіп демалады.
Бұлдырмерген қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырады.
Сөйтсе, байқамапты, бұлақтың арғы жағасында, үлкен жартастың түбінде бір
киік жайылып жүр екен. Шаңырақтай екі мүйізі күнге шағылысып,
жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлдырмерген
өз көзіне өзі сенбей,
таңдана қарайды. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, жарқыраған алтын екен.
Мерген
атып алмақ болып, мылтығын кезейді. Сол кезде алтын мүйізді
киікке тіл бітіп:
Киік: Сабыр ет, мерген!
Автор: Аңшы оның жанына келеді. Ол аң аулап жүріп,
бұрын-соңды
мұндай кереметті көрмеген екен. Қатты таң қалады. Алтын мүйізді киік əп-
сəтте алтын мүйізді ақ сақалды шалға айналады. Үстіндегі киімі күмістей
жарқырайды. Ал, екі алтын мүйізі сол қалпында қалады. Бұлдырмерген
ештеңе демей таңырқай, таңдана қарайды.
Шал:Осы тауда Бұлдырмерген деген атақты аңшы батыр бар деп естіп,
соны іздеп шығып едім. Оны білмейсің бе, балам?
Достарыңызбен бөлісу: