Практическая работа по развитию способности к выразительному чтению через произведения разных жанров по «Литературному чтению»



Pdf көрінісі
бет67/100
Дата19.07.2023
өлшемі2.94 Mb.
#475729
түріПрактическая работа
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100
4. Развитие навыков выразительного чтения

Алтын мүйізді шал: Балам, сен өзің жалғыз екенсің. Аң аулап қана 
тіршілік ететін көрінесің. Бізде мал да, дүние-байлық та мол. Сен енді осында 
қал да отау тігіп, түтін түтет. 
Автор: Бұған мерген көнбейді. 
Бұлдырмерген: Менің аш-арық ауылым, туысқандарым бар артымда. 
Оларды тастап, мен мұнда өз басымның қамын күйіттеп қала алмаймын. 
Автор: Бұлдырмергеннің мұнда қалмасына көзі жеткен алтын мүйізді 
шал оған ханның қазынасынан көп алтын, асыл дүние сыйға тартып, еліне 
аттандырған екен. Осыдан соң Бұлдырмергеннің ауылы да əлденіп, күн 
көрісін жөндеген екен дейді. 
 
 ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ҚАНАҒАТЫ 
Автор: Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, 
құрт-құмырсқаның тілін біледі екен. Бір күні əлгі данышпан жолаушылап 
келе жатыпты. Жарты жолға келгенде, ат шалдырып, демалып отырса
кішкентай бір құмырсқаның дəн тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп 
алады да алақанына салып тұрып: 
Данышпан адам: Қане, құмырсқа, айтшы, дəнді қайда алып барасың?  
Құмырсқа: Илеуіме апарамын. 
Данышпан адам: Оны қайтесің? 
Құмырсқа: Кейінге сақтаймын. 
Данышпан адам: Көп жинайсың ба?  
Құмырсқа: Жаздай жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да 
қыстыгүні қаннен-қаперсіз тынығып жатамын. 
Автор: Данышпан құмырсқаны шыр айналдырып қарай бастады. 
Данышпан адам: Басың неге үлкен? 
Құмырсқа: Аз сөйлеп, көп ойлаймын. 
Данышпан адам: Белің неге қылдырықтай? 
Құмырсқа: Қомағай емеспін. 
Данышпан адам: Жылына қанша дəн жейсің? 


117 
Құмырсқа: Бір дəн жеймін. 
Данышпан адам: Соған қанағат етесің бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет