Графикалық және жүйелік микросхемалардың жиынтығын таңдау
Бейнекарталарды немесе жүйелік микросхемаларды сатып алмас бұрын оның бейнеадаптерінің графикалық процессорын анықтап алу қажет. Бұл бізге:
Әр жерде шыққан бейнекарталарды немесе жүйелік микросхемаларды салыстыруға; техникасымен танысуға; әртүрлі тесттік зерттеудің нәтижесін қарауға; Бейнекарталардың немесе жүйелік микросхемалардың жасаушыларымен танысуға мүмкіндік береді.
Бейнежады
Көптеген бейнекарталардағы суреттерді сақтап және өңдеу кезінде өзінің негізгі бейнежады қолданылады, бейнеадаптері болса да: AGP жүйелік ОЖ – ні 3 еселенген текстураларды сақтаған кезде қолданылады.
Көптеген арзан жүйелерде кіріктірілген графикалық жүйелер компьютердің ОЖ – н унификацияланған жады архивасы арқылы қолданады (UMA – Unified Memory Architecture).
Экранның максималды қабілеті мен түстің анықтылығы бейнежадтың көлеміне байланысты. Қазіргі кезде саудада бірнеше бейнежадтың көлемдері ұсынылған: 128, 256, 512 Мбайт.
Сонымен қатар бейнежад көптеген түсті бейнелеуге және де 3 есе көлемді мәтіндерді бейнежадтың адаптерінде (AGP/PCI – E 16X) сақтауға болады.
Дыбыстық карта: негізгі түсініктер. Дыбыстық тақшаларды жасау (2 сағ).
Қазіргі көптеген дыбыстық адаптерлер DVD көрсетуге, дыбыс өңдеу және т.б. мүмкіндіктері бар, яғни, олардың бірнеше қосымша разъемдары бар.
MIDI кіру және шығу. Мұндай ойын портымен жалғаспаған разъем джойстик, сыртқы MIDI құрылғыларды бір уақытта қолдана алады. Типтік орналасуы: сыртқы құрылғы.
SPDIF кіру және шығу. Бұл (Sony/Philips Digital Interface) разъем құрылғылар арасында сандық аудиосигналдарды аналогты түрге келтірмей тасымалдауға мүмкіндік береді. Кей өндірушілер SPDIF интерфейсің Dolby Digital атайды. Типтік орналасуы: сыртқы құрылғы.
Ескерту
SPDIF жалғаулықтарында стандартты RCA разъемды кабельдер қолданылады, толқындық қарсылығы 75 Ом-ге тең (құрамды видеосигнал кабельдерімен бірдей). Бұл RCA разъемды құрамды видеосигнал кабельдерін SPDIF жалғаулықтарымен қолдануға мүмкіндік береді. Дыбыстық кабельдердің RCA разъемдері болса да, олардың толқындық қарсылығы кем, бұл оларды осы мақсатта қолдануды шектейді.
CD SPDIF. Бұл разъем интерфейс көиегімен CD-ROM жинақтауышың дыбыстық платаға қосады. Типтік орналасуы: аудиоадаптердің артқы панелі.
TAD кіру. Дыбыстық платаға қосылатын автоответчигі бар модемдер (Telephone Answering Device) разъемы. Типтік орналасуы: аудиоадаптердің артқы панелі.
Цифрлық DIN шығу. Бұл көпканалды цифрлық акустикалық системалар қосылатын разъем. Типтік орналасуы: сыртқы құрылғы.
AUX кіру. Дыбыстық картаға өзге сигналдардың қосылуын қамтиды, мысалы телетюнер. Типтік орналасуы: аудиоадаптердің артқы панелі.
I2S кіру. Сыртқы құрылғылардың дыбыстық шығуын дыбыстық картаға қосады, мысалы DVD. Типтік орналасуы: аудиоадаптердің артқы панелі.
USB порты. USB акустикалық системасын, ойын контроллері, өзге USB құрылғыларын дыбыстық платаға қосады. Hercules Game Theatre XP – тіркелген порттары бар бірінші аудиоадаптерде USB 1.1 интерфейсі қамтылады. Сонда да осы модельдің келесі түрлерінде USB 2.0 бар. Типтік орналасуы: сыртқы құрылғы.
IEEE-1394. Осы разъем көмегімен дыбыстық платаға цифрлық бейнекамералар, сканерлер, қатты дисктер және т.б. құрылғылар қосылады. Sound Blaster Audigy аудиоадаптерінің SB 1394 разъемына ШЕЕ-1394, жаңа стандартты Creative Labs – SB 1394 қосыла алады. Типтік орналасуы: қосымша панель немесе сыртқы құрылғы.
Қосымша разъемдар әдетте дыбыстық платада орналасады немесе сыртқы блок, ұрпақтық блокқк қосылады. Мысалы, Sound Blaster Audigy Platinum, Platinum EX, Hercules Game Theatre – екі бөліктен тұратын құрылғыны көрсетеді. Дыбыстық адаптер PCI разъемына, ал қосымша жалғаулықтар сыртқы интерфейстік модульге қосылады, ол дискжетектің қолданбайтын бөлігіне орнатылады. Platinum EX маманданған аудиоадаптерінде әр түрлі разъемдері орналасқан сыртқы интерфейстік модулі бар. Екі модульдің де дистанциялық басқарудағы пульты бар.
Достарыңызбен бөлісу: |