Практикалық жұмыс №4 Тақырып: «Бетон және темірбетон жұмыстарын орындауға арналған машиналар және жабдықтар, Нақты жұмыс жағдайына жабдықтарды тандау, Бетоноараластырғыш өнімділігін анықтау» Жоспар


Үздіксіз жұмыс жасайтын мөлшерлегіштер



бет3/6
Дата17.04.2024
өлшемі1.45 Mb.
#499086
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
5fan ru Бетон қоспалары мен сылақтарын дайындауға арналған машиналар мен жабдықтар. Араластырғыш машиналардың қызметі мен құрамы. Араластырғыш машиналардың жіктелуі

Үздіксіз жұмыс жасайтын мөлшерлегіштер – бұл автоматты түрде берілген жұмыс өнімділігін сақтап отыратын қуаттандырғыш пен қуаттандырғыштар жиынтығы. Оның құрамына мыналар кіреді: 1-қуаттандырғыш; 2-жұмыс өнімділігін өлшеу құралы; 3-автоматты реттеу жүйесі (САР).
Толықтырғыштарды мөлшерлеу үшін қуаттандырғыш лентадағы материал массасын оның қозғалыс жылдамдығына қатысты тұрақтандырып отыратын универсалды мөлшерлегіштер қолданылады.
Сұйықтықтарды мөлшерлеу үшін циклді немесе үздіксіз (яғни әр түрлі режимде) жұмыс жасай алатын су шығынын өлшеп отыратын турбинді типті компактты мөлшерлегіштер қолданылады..



Сылақ және бетон араластырғыш құрылғылар мен заводтар.
Мұндай қоспаларды дайындау процесі – бұл ілгерілемелі механикаландырылған және автоматтандырылған операциялар қатары. Мыналарды қамтиды:
1 – материалдарды қоймада сақтау және қабылдау кезіндегі тиеп-түсіру жұмыстары;
2 – оларды сақтау;
3 – қыс мезгілінде жылыту;
4 – қоспа компоненттерін араластырғыш түйін бункерлеріне тасымалдау;
5 – мөлшерлеу;
6 – араластыру;
7 – дайын өнімді түсіру;
8 – аспирация;
9 – желілерді шаңнан тазарту;
10 – бөлмені желдету.
Бұл операциялар аяқталған, бөлшектелген және аралас технологиялық циклді заводтар мен құрылғылар жұмысының технологиялық мазмұнын құрайды.
Өнімдері: аяқталған циклді – дайын қоспа; бөлшектелген циклді – құрғақ қоспа; аралас циклді – дайын және құрғақ қоспа.
Тұтынушы - объектілердің атқаратын қызметіне, қуаты мен ерекшеліктеріне қарай былай ажыратылады: 1-стационарлы; 2-объект жанындағы; 3-жылжымалы араластырғыш құрылғылар.
Олар қоспа дайындау процесінің режиміне (периодты және үздіксіз жұмыс жасайтын) және жабдық жинақтаудың технологиялық схемаларына (биік және сатылы) қарай жіктеледі. Биік – компактты, жақсы автоматтандырылған, бірақ қымбаттау келеді.



Бетон сору құрылғылары
Бұл бетон қоспаларын төсеу орнына тұрбалар арқылы тасымалдауға арналған құрылғылар кешені.
Құрамы: 1-бетон сорабы; 2-бетон жетектеуші жинақтама; 3-тарату механизмдері– манипуляторлар.
Артықшылықтары: 1-қоспаны қол жетімсіз жерлерге жеткізу мүмкіндігі; 2-қоспаны беру қарқынын реттеп отыру; 3-қабыршақтануды болдырмау және шөгуден қорғау; 4-алаңның ластануын азайту.
Кемшіліктері: 1-қымбат; 2-жұмыс тоқтатылған жағдайда жүйені жуып, тазарту қажеттілігі; 3-қызмет көрсетуші мамандар біліктілігінің жоғары болуы міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет