Практикалық сабақ. Геоэкология және табиғатты пайдалану тапсырма Бос орындарды толтыр табиғатты пайдалану түрлері


ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚОРШАГАН



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата13.03.2024
өлшемі0.84 Mb.
#495435
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Практикалық сабақ Геоэкология

ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚОРШАГАН 
ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ 
Адамзат саны артқан сайын, жер ресурстарына сұраныс арта береді, яғни жарамды жерлерге жүктеме 
күшейеді. Қазіргі кезде әрбір Жер шары тұрғынына орташа есеппен 0,2 га жыртылатын жер тиесілі болса, 2050 
жылы 0,07 га болады деп күтілуде. Қазақстанда бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 1,3 га болып табылады. 
Жер ресурстарын пайдаланудағы басты мәселе – ___________________. Ол топырақ құнарлылығының 
төмендеуі, су және жел эрозиясы, топырақтың ластануы, су басу, қайтара тұздану мен батпақтану, 
жайылымдардың өнімділігінің төмендеуі әсерінен болады. Қазіргі кезде адамзат бұрын пайдаланып келген жер 
қорының 2 млрд гектардан осы факторлардың салдарынан айырылып қалған. Жыл сайын тек эрозия әсерінен 6-7 
млн га жер айналымнан шығып қалады. 
Орман ресурстары биологиялық ресурстардың маңызды түрі болып табылады. Ормандар мен бұталар 4 
млрд га жерді алып жатыр (құрылықтың ____________). Орманды кесу қарқыны оны қалпына келтіру 
қарқынынан асып түседі. 
Дүниежүзі аймақтарының орман ресурстарымен қамтамасыз етілуі (га/адам) мынадай көрсеткіштермен 
анықталады: Еуропа – 0,3, Азия – 0,2, Африка – 1,3, Солтүстік Америка – 2,5, Латын Америкасы – 2,2, 
Аустралия – 6,4, ТМД елдері – 3,0
Орман алқаптарының адамның шаруашылық әрекеті әсерінен қысқаруы өте ерте кезеңнен басталған. 
Орманның ең алғашқы жойылуы _________________________________________________________бөлігінде 
жерді ауылшаруашылық мақсатта пайдаланумен байланысты белең алды. 
Орман аумағының екінші рет қысқаруы ___________________ басталды, орта ғасырларға сәйкес келеді. 
Орманның үшінші жойылу кезеңі еуропалықтардың ___________________ байланысты, онда 
ормандардың орнын егіс алқаптарц жайылымдар, қалалар мен ондағы түрлі құрылыс орындары алмастырған 
болатын. 
Қазіргі заманғы орманның төртінші қысқару кезеңі XX ғасырдыд басынан басталды. Бұл жағдай, 
әсіресе, тропик маңайындағы ______________________________________ сияқты елдерде ерекше белен алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет